Б.Момышұлының психологиялық көзқарасы

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2013 в 10:24, реферат

Описание работы

Психология ғылымының шет елдерде кең өріс алған салаларының бірі - әскери психология. Қазақстанда осы саланың іргесін қалаушы Б.Момышұлы болды. Өкінішке орай, осы кезге дейін Бауыржантанушылар қазақ қолбасшысының бай ғылыми мұрасына жөнді көңіл бөлмей келеді. Сондықтан да біз осы кітапта біршама кеңірек тоқталуды жөн көрдік. Шын мәнінде ол ірі әскери теоретик, қазақтаннан шыққан алғашқы әскери ғалым.

Работа содержит 1 файл

момышұлы псих көзқарасы.docx

— 25.05 Кб (Скачать)

 

Психология ғылымының шет елдерде  кең өріс алған салаларының бірі - әскери психология. Қазақстанда осы  саланың іргесін қалаушы Б.Момышұлы болды. Өкінішке орай, осы кезге дейін  Бауыржантанушылар қазақ қолбасшысының  бай ғылыми мұрасына жөнді көңіл  бөлмей келеді. Сондықтан да біз  осы кітапта біршама кеңірек  тоқталуды жөн көрдік. Шын мәнінде  ол ірі әскери теоретик, қазақтаннан  шыққан алғашқы әскери ғалым.

Қазақ халқының жауынгерлік психологиясы, жау жүрек батырлығы мен ерлігі, қаһармандығы, қолбасшылық қабілет-қарымы, әскерлерді ерлік жасауға жұмылдыра  білу қасиеті, шешендігі мен әмір ете білушілік сипаты бұрын-соңды  дәл Момышұлындай ешбір тұлғадан көрініс таба алған жоқ.

Ол өзін сұрапыл шайқастарда  творчестволық тұрғыдан терең ойлай  білетін, солдат жанын терең түсінетін  психолог командир ретінде таныта алды. Момышұлы өзінің еңбектерінде, ең алдымен, ұрыс кезіндегі солдат психологиясына жан-жақты талдау жасай келіп, ұрыс дегеніміз дұшпанға ұйымдасқан түрде  техникамен, қару-жарақ күшімен, психикамен, ақылмен әсер ету деп түйеді. Ол солдатқа ықпал ету құралдары  түрлерінің ішінен ақыл-айламен әсер етуге ерекше мән берді. Оның пікірінше, ұрыс тек соғыс құралдарының шайқасы  емес, ол сондай-ақ бір-бірімен жауласқан  екі жақтың ақыл-парасатының, жауынгер рухының, оның ерік-жігер, қажыр-қайрат, сезім дүниесінің де шайқасы. Кімде  рухани күш басым болса, көбіне жеңіс  тізгіні де соның қолына көшеді. Дұшпанға атыс құралдарымен ықпал етуден ақылмен ықпал ету кем түспейді. Адам бойындағы бүкіл жақсы жаман-қасиеттер, алған тәлім-тәрбие, үлгі-өнеге, Отанға, елге, туған жерге деген сүйіспеншілік, батылдық пен ерлік, қорқақтық пен  қоян жүректіліктің нағыз сынға  түсер жері де осы ұрыс, қоян-қолтық шайқас. «Тек ұрыста ғана, - деп жазды  ол, - адамның барлық қасиеті сынға  түседі... ұрыс психологиясы сан қырлы... Ұрыс жалған батырлықтың бет пердесін сыпырып тастайды». Ұрыс үстінде  алдымен сынға түсетін жаяу әскер. Сондықтан басқа әскер түрлерімен (авияция, танк, теңіз, мотоатқыштар, т.б.) салыстырғанда жаяу әскер ұрыста бетпе-бет, қоян-қолтық соғысқа алғаш  кіреді, ол жауды атып, тықсырып, найзасымен жаншып, жауды жаһаннамаға жіберетін, дұшпан шебін басып алып, ұстап  тұруға бірден-бір қабілетті күш. Бұл жөнінде ол «...Ұрыстың моральдық-психологиялық  және мойынға түскен ауыртпалығын, сұрапылдығын ешкім де дәл жаяу әскердей қатты сезініп басынан өткере алмас», - деп жазды.

Ұрыс ауқымы өте кең ұғым. Оған кісінің ұлттық мінез-құлық ерекшеліктері, ұлттық мақтаныш, намыс, адамгершілік сезімдері, ерік-жігер, қажыр-қайрат, батырлық секілді жан-дүниесінің компоненттері  енеді. Осы айтылғандардың бәрі бірде-бір  әскер түрінде дәл жаяу әскер  бойындағындай айқын көрініс  тапқан емес... Момышұлының жаяу әскер  жауынгерлерінің психологиялық  ерекшеліктерін ұлттық мінез-құлықпен, әдет-ғұрып, салт-сана, дәстүрлермен ұштастыра  талдап ашуының танымдық мәні терең, һәм өміршең. Жаяу әскердің психологиялық  бет-бейнесі мен рухы қандай болу керек? дейтін сауалға ол былай жауап  берді: солдаттың жаны нәзік, рухы граниттей берік те мығым. Дұшпанға ең қауіпті қару бұл – солдаттың рухы. «Жаяу әскердің бейнесін лайықты сомдап шығара алған адамды нағыз бақытты, бағы бар жазушы дер едім», деп бүкіл жан дүниесімен құлай ақтарыла сөйлеуінде үлкен тағылым болатын. Қазақ халқының жауынгерлік тарихында қолбасшыларымыздың әскер басқару әдістері мен ұрыс жүргізу тактикасының мол болғанын Шапырашты Қазыбек Тауасарұлының «Түп-тұқианнан өзіме шейін» деген кітабынан да айқын байқаймыз. Осы еңбегінде Тауасарұлы жоңғар қалмақтарына қарсы ұрыс салудың оннан аса әдістерін баяндайды. Олар: «үлкәр жәрік», «түтіс дода», «құйрық жеу», «айқорланды», «ошақ соғысы», «қаша ұрыс салу», «жүре соғыс», «жекпе-жек соғыс», «қоян-қолтық соғыс», «екі аша соғысы», «аламан соғысы», «үш тоғыс соғысы», «хилар соғысы» және т.б. Халқымыздың мұндай жауынгерлік дәстүрлері із-түзсіз кетпегені белгілі. Бұл кешегі Ұлы Отан соғысында Б.Момышұлы секілді біртуар дара тұлғалардың бойынан, ұрыс жағдайына сәйкес, жаңаша жағдайда қолданған тактикалық әдістерінен де көрініс тапқандай. Қазақ қолбасшысының соғыс тәсілдеріне, соғыс психологиясына жасаған пайымдауларына ерекше зер салып, Куба Әскери академиясында оқытылуы, тіпті Фидель Кастроның бұған айрықша мән беріп, оқып-зерттеуі көп нәрсені аңғартса керек.

Б.Момышұлының өз еңбектерінде қатардағы  жауынгер мен оның ұстазы болып есептелетін  командирдің психологиялық бейнесін шыншылдықпен сомдап көрсетіп берді. Өйткені, әскер өмірінде осы екі тұлғаның бір-бірімен қарым-қатынасының ішкі мәнінде өте нәзік психологиялық  астар жатқаны белгілі. Солдат үнемі  ұрыста болсын, мейлі басқа жерде  де басшысына яғни, командирін сыйлап, оның бұйрықтарына бағынған кезде ғана жеңіске жетеді. Командир тек басшылық жасай бермей, солдаттың психологиясына да әсер ететіндей ақылды әрекет етуі керек деп ойлаймын.

Өзінің «Жауынгерлік тәрбие туралы»  жазбаларында ол ерлік, ұят, масқара  болушылық сияқты жауынгер бойындағы  сезімдерге, батылдық, айлакерлік, ептілік  сияқты қасиеттерді тәрбиелеуге  айрықша назар аудара келіп, мына төмендегі ұғымдарға талдау жасайды: 1) ерік дегеніміз не? 2) парасат дегеніміз  не? 3) сезім дегеніміз не? 4) шеберлік дегеніміз не? 5) ұят дегеніміз  не? 6) абырой дегеніміз не? т.б.

Қорғаныс жағдайында талай-талай  ұрыс жүргізуді батальон командирі  ретінде өз басынан өткізген Момышұлы жауынгер сезімін екі топқа жіктеп қарастыруы оның сезімтал байқағыштығын, ірі тұжырымдар жасай алатындығын  жақсы аңғартады. Солдат сезімін  Момышұлы былайша топтастырады:

  1. Жоғарғы сезімдер (высшие чувства): парыз (долг), ержүректілік (мужества), адамгершілік (благородства), ерлік (отвага), батырлық (храбрость), қаһармандық (героизм).
  2. Төменгі сезімдер (низшие чувства): опасыздық (измена), ұждансыздық (низость), үрей (боязнь), қорқыныш (страх), шошу (ужас) және т.б.

Ол жоғарғы сезімдерге жауынгер бойындағы ең жақсы сезімдерді жатқызса, төменгі сезімдерге адам бойындағы  ең бір жаман, ұнамсыз сезім-эмоцияларды  жинақтайды. Солдаттың жан-дүниесіндегі ішкі күрес те осы сезімдердің  арпалысынан туады.

Ұлы Абай үш-ақ нәрсе адамның қасиеті  дегенде ол нұрлы ақыл, қайрат, жылы жүрек деп осы үшеуін айтыс-таласқа  түсіретіні бар. Ақын осы үшеуінің билік  қайсысына тиісті болу керек дегенде  ақыл да, күш-қуат та екі жақты, олардың  пайдалы да, зиянды жақтары бар  деп, билік жылы жүрекке тиесілі  дейді. Ол жүрекке айрықша орын беріп, гуманизмнің, инабаттылық пен имандылықтың бәрі жүректен таралатынына ден қойған болатын. Бір кезде ұлы ойшыл  түйіндеген ақыл, жүрек, қайрат – осы  үш ұғым Момышұлының психологиялық  ойларында жаңа қырынан, яғни ұрыс жағдайындағы жауынгер психологиясымен сабақтастырыла қарастырылады. Сөйтіп, Момышұлы Ақыл, Сезім, Ерік сияқты солдат бойындағы  қасиетке арнайы тоқталып, бұл жөнінде  өзінің мәні терең ой қорытындысын ұсынады.

Командир, офицер солдаттың жәй  тәрбиешісі ғана емес, ол ең алдымен  ұрысты ұйымдастырушы басты тұлға, әскердің миы. Ол қарамағындағыларды ортақ  мақсатқа жұмылдырып, олардың бойында  ұжымдық сезім, жауынгерлік игі  дәстүрлерді дарыта білуі қажет. «Солдаттың сезіміне, - деп жазды  Момышұлы, - бөлімшенің әлсіздігі –  оның әлсіздігі, бөлімшенің масқара  болуы – оның масқара болуы, бөлімшенің даңқы – оның даңқы, бөлімшенің намысы – оның намысы, бөлімшенің сәтсіздігі – оның сәтсіздігі, табыс – оның табысы екендігіне жеткізу қажет». Ол жауынгер мен командирдің ара-қатынасын, жауынгерлік семьяның байланысын, міндеті  мен парызын терең психологиялық  тұрғыдан талдайды. Момышұлы командирді өнер адамдары сияқты творчестволық  еңбектің адамы деп біледі. Ол әбден  байыпталған ойын тайсалмай жүзеге асыратын адам. Дұрыс шешім шасау  үшін командир де қаншама іштей ойланып-толғанады, уайым-қайғы жейді, қиналады, сөйтіп, түпкі шешім жасайды. Командирдің  бұйрығы мен шешімінің жауынгерлерге  ететін психологиялық ықпалы да зор. Солдат жанында командир тұрғанын сезсе, көрсе батыл да сенімді әрекет етеді. Ал командир толқи бастаса, жауынгерлері де толқып, команир қорықса –  солдаттарды әп-сәтте үрей билей  алатынына назар аудартады. Командир ең алдымен өзінің ішкі қорқынышын жеңіп, толқуын басып алмай ұрысқа басшылық жасауға қақысы жоқ. Өзі  табандылық көрсете алмай тұрған командир жауынгерлерін ерлікке  жұмылдыра алмайды. Командир сәтсіздіктен қорқып, тайсақтамауы керек, ол қатал  әрі қарамағындағыларға әділ болуға тиіс. Міне, сонда ғана солдат одан әділ мемлекет өкілін көреді, оған күдіксіз сенеді. Командир жауынгерлеріне жеке үлгі көрсетіп те, сондай-ақ мәжбір ету  арқылы да ықпал етіп отырады. Ол солдатты үнемі тынымсыз бақылап, олардың  жай-күйін қадағалап отыруға міндетті, өйткені командир бүкіл ұрыстың  сәтті аяқталуын қамтамассыз  етуші, жеңістің атасы. Офицер басшылық ету психологиясын әбден меңгерген  парасатты адам болуы шарт. Офицердің болмысын түсінбей ұрыс пен шайқастың мән-мағынасын терең түсініп ұға алу қиын.

Осы жерде командир мен солдаттың  орнына оқытушы мен оқушы немесе студентті қойсақ та болатын секілді. Себебі: оқытушы сабақ берерде  ең алдымен өзінің ішкі қорқынышын жеңіп, толқуын басып алмай сабақ  беруге болмайды. Өзі табандылық көрсете  алмай тұрған оқытушы білім алушыларын білім алуға шақыра алмайды. Оқытушы  сәтсіздіктен қорқып, тайсақтамауы керек, ол қатал әрі білім алушыларға әділ болуға тиіс. Міне сонда ғана білім  алушылар оқытушының яғни, ұстазының  жігерлігіне, білімділігіне бас  иіп, сыйлайтын болады. Ол үнемі білім  алушыларды тынымсыз бақылап, олардың  жай-күйін қадағалап отыруға міндетті, өйткені оқытушы сабақтың қызықты, түсінікті және сәтті аяқталуын  қамтамассыз етуші, жеңістің атасы  десек те болады. Жеңіс дегеннің өзі менің ойымша -  мәреге абыроймен  жету. Оқытушы басшылық жасау психологиясын  әбден меңгерген парасатты адам болуы шарт.

Әскери психологиялық ой-пікірлер тарихында сирек ұшырасатын Момышұлы қолданған кейбір ұғымдар мен  түсініктерге тоқталып өтейік. Олар төмендегідей: ойлау (мышление), ес (память), назар (внимание), мінез (характер), сезім (чувство), парыз (долг) , ар (совесть), абырой (гордость), ұят (стыд), масқара болу (позор), жігерлендіру (воодушевление), өзара көмек көрсету  және коллектившілдік сезім (взаимная выручка или чувство коллективизма), үрей (боязнь), қорқыныш (страх), зәресі, үрейі ұшу (ужас), сасу (паника), үміт үзу (отчаяние), өжеттілік, қайсарлық (дерзновение), ұлттық рух (национальный дух), ұлттық патриотизм (национальный патриотизм), күншілдік (зависть), зерігу (скука), қулық (притворство), екіжүзділік (лицемерие), күдік (сомнение), тобыр (толпа), ерік (воля), ынтасыздық (невнимательность), салақтық (неакуратность), күш-қайрат (энергия), табандылық (настойчивость), өзін-өзі  ұстай білу (самообладание), бастаманы  қолға алу (инициатива), мінезсіздік (бесхарактерность), т.б. Батыр қырықтан астам психологиялық  ұғымдар  мен түсініктерге тоқталып, оларға нақты да дәл әрі айқын, қанатты  сөздей қысқа анықтама беріп отырады. Б.Момышұлы талдаған психологиялық  терминдердің ауқымы мен аясы, мазмұны  мен ғылыми астары өте кең. Қарамағындағы  жауынгерлердің тыныс-тіршілігін, мінез-құлқын, қабілет-қарымын, өз міндетін тамыршыдай тап басатын командир ретінде  ол солдат психологиясына соншалықты зейін салып, терең үңіле білгендігі ерекше байқалады. Мәселен, күдік –  қорқыныштың бір түрі, ойдың толқуы деген анықтама беріп, күдіктене  бастаған командирдің өз міндетін орынбасарына арта салып, жауапкершіліктен қашқақтайтынына  ерекше тоқталып, дивизия командирі  генерал Черниговтың тұрлаусыздығынан өзінің бір емес, үш рет ажал қақпанына  түсіп қала жаздағанын, осы жағдай «күдік» деген ұғымды тереңірек  зерттеуіне себеп болғанын ашына  жазады. Оның күдік, қорқыныш, зәресі ұшу  сияқты психологиялық мәселелерге  үнемі қайта-қайта оралып отыруында  зер сала қараған жанға мұнда  үлкен мән бар екендігі байқалады. Мәселен, Александр Бек повесінің  бір тарауы «Қорқыныш» деп аталатыны белгілі. Адам баласына, жалпы тірі нәрселердің бәрінің де табиғатына қорқыныш, өзін-өзі аман сақтау сезімі тән. Ал ұрыс жағдайында қорқыныш сезімі бойды билеп алса – ең қауіпті жау сол. Батырдың жазбаларында қорқыныштың бірнеше түрлері сипатталады: Олар: әскери қызметтің қорқынышы, әскери жорық қорқынышы, ұрыс алдындағы қорқыныш. т.б. Ұрыс кезінде солдаттың бойын екі түрлі сезім билейді: ол парыз және қорқыныш сезімі. Ұрысқа дейін, сондай-ақ ұрыс үстінде бұл екі сезім үнемі жауынгер бойын билеп, оны арпалысты күйге түсіреді. Жауынгердің ішкі әлемі алай-түлей күй кешеді. Егер осындай күресте жауынгер бойындағы парыз сезімі, оның дұшпанға деген өшпенділік сезімі жеңсе – онда жауынгер батылдықпен шебер шайқаса алады, ол әрбір қадам басқан сайын тапқырлық танытып, ең қауіпті сәтердің өзінде темірдей тегеуірінділік көрсетеді.

Қорқыныш адам бойындағы жақсы  да жаман сезімдердің бірі дегім  келеді. Қорқыныш болған кезде кейбір адамдар берілген тапсырмаларды  орындайды. Бұл әсіресе мектеп оқушыларында кездеседі. Оқушылар нашар баға алып қалмас үшін, мұғалімдерінен қорыққандықтан тапсырмаларды орындайды. Ал батыр  оқушыларға барлығы немқұрайлы. Олар мұғалімінен де, нашар баға алудан да қорықпайды. Осы жерде қорқыныш сезімі керек секілді.

Қорқыныш сезімінің жаман жағына келетін болсақ, адам қорқыныштан  еш нәрсе тындырмауы да мүмкін. Қорқыныштын  салдарынан мақсатына жете алмайды, әр нәрседен қалыс қалып отырады. Қорқыныш мақсатқа жетуде, ұрыс кезінде  қажет емес сезімдердің бірі. Леоневтің  айтуынша: «Барлық нәрсе өзінді-өзін жеңе білуден басталады», - дейді. Бұл  пікірімен толық келісемін және бұл шыңдық.

Жауынгер тәрбиесінде ол ұлттық салт-сана, әдет-ғұрып, дәстүрлердің, яғни этнопсихологиялық ерекшеліктердің  маңызын Ұлы Отан соғысы тәжірибелері арқылы айқын көрсетіп берді. Ол мұны терең ұғынып, оның ерекше маңыздылығын түсіне білді. Б.Момышұлы ұлттық рух, ұлттық патриотизм сияқты ұғымдарға аса  назар аударып, әртүрлі этностар (қырғыз, өзбек, тәжік, түрікмен, украин, беларус, т.б.) бойындағы жақсы қасиеттерді  көре біліп, оларды ортақ мақсатқа, жеңіске жұмылдыра білуге үнемі  зор мән беріп отырды.

Әскери тәрбиедегі басты әдіске жауынгерлердің көзін жеткізе білуді жатқызып, оны мәжбүр етуге қосалқы  құрал ретінде қарайтынын, өйткені  солдатты еріксіз мәжбүр етіп, өз ықтиярына  көндіргеннен гөрі көз жеткізудің пәрменділігіне, ал көзі жеткен адам өз міндеті мен  борышын саналы түрде ғана емес, зор шабыт, творчестволықпен орындайтынына  асқан білімділікпен назар аудартады, сондықтан ол бас июшілдікке, көнбістілікке  тәрбиелеуді – адамды моральдық  тұрғыдан толық езіп-шаншу деп  білді.

Б.Момышұлы жалпы Шығыс халықтарына  ежелден тән намысқойлық, үлкенді  сыйлау, ар-ұят, парыз, имандылық, Отанға, ата-мекенге деген сүйіспеншілік, үлгі-өнегеге мойын ұсынушылық сияқты ана сүтімен қанға сіңіп, дағдыға айналатын жауынгерлік қасиеттердің психологиялық астарларына тоқталады. Мәселен, қазақтың ұлттық ойындарының (көкпар, аударыспақ, сайыс, асық ойнау, т.б.) солдаттарды ептілікке, ширақтыққа үйрететініне, ал мұның өзі жауынгерге ұрыс жағдайында ауадай қажет екендігін түсіндіреді.

Бауыржан Момышұлының психологиялық  пікірлерінің кесектігі мен ірілігі, терең талдаулары мен тұжырымдарының сонылығы – оның қолбасшылық қасиетінің даралығы мен жан дүниесінің кеңдігін, асқан жаңашылдығын байқатады. Осынау психологиялық ой-пікірлер мен толғаныс-тұжырымдар тек жауынгерлерді тәрбиелеуде  ғана емес, қазіргі әскери психология ғылымы үшін де маңызы зор.

Информация о работе Б.Момышұлының психологиялық көзқарасы