Бала психологиясы

Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Марта 2013 в 14:58, реферат

Описание работы

Эксперименталдық әдістер – зертханалық, далалық, табиғи,
қалыптастырушы.
Психодиагностикалық
әдістер – стандартталған және проективті тесттер, анкета, сұрақнама, әңгіме.

Работа содержит 1 файл

Бала психологиясы.doc

— 153.50 Кб (Скачать)

Осы бағытта жүргізілген тәжірибе жұмыстары сәбилік кезендегі  баланың сөздің сырын ұрынуда  мұндай жаңалық аша алмайтын-дығын  растайды. Штерн теориясының олқылығы жөнінде мынадай жайтты атап өткен жөн: сәби заттың атын ешуақытга сұрамайды, бірақ оның не үшін қолданылатыны немесе оның мағынасы туралы сұрайды.

Штерн теориясындағы басты кемшілік, меніңше, ондағы ойлау жүйесіндегі  дәйектеу негізінде жіберілген қате. Бұл жайтты әсірелеп айтсақ, «арба аттын алдына жегіледі»; Істің мәні мынадай: сәбидің тіл туралы жалпы түсінігі қалай пайда болады деудің орнына ол әуел бастан сәбидің өзі шығарған деген түсінікке жол берілді. Мұның өзі тіл адамдардың өзара келісімінен пайда болады деген пікірге тіреледі. Бұл пікірді дөрекі түрде баяндасақ, адамдар «мынаны былай атайық, ананы олай атайық» деп келіскен сияқты. Бұл теорияның кемшілігі неде? ол тілдін мәні тілге дейін болған, тіл туралы және ол беретін пайда болғанға дейін бар деп топшылайды.

Штерн де дәл осыны айтады. Сәбидін  белгі мен мағына арасындағы байланысты түсінуі қалай пайда болатынан, өмірдің әр түрлі сатысында бұл  түсінік алуан турлі болатынын  түсіндіру орнына ол былай деп  қателік жіберді. Ең алдымен жаналық  жасалады, яғни тілі шықпаған сәби тіл деген түсінікті игері» үлгереді. Бұл теория бойынша тіл ол туралы түсініктен шығады ал бұл ретте іс жүзіндегі даму барысы былай өтеді: сөйлеу процесінде сәбидің тіл туралы белгілі түсінігі қалыптасады. Штерн көзқарасындағы тағы бір жайт бала тілінін, оның ұғымдық жа-ғының дамуы туралы мәселені мүлде жоққа шығарады, ягни мен бір жарым жасымда өз өмірімдегі ғаламат жаңалықты ашсам, одан кейін өзіме кажет қорытындылар жасағаннан басқа маған ещтеңе де қалмайды.

Бюлер күлдіргі мақаласында: Штерн сәбиді және оның тілінің дамуын бағалы қағаз капиталы ретінде санап, содан кейін оның қиығьш кесіп алатын есім ретінде бейнелейді, деп жазды. Осы пікіріне орай Штерннің іс жүзіндегі зерттеулерінін барлық деректері шындыққа жанаспайтьш өзара қарама-қарсы жағдайға түседі. Ол баланың даму ерекшеліктеріне арналған монографиялық еңбегінде бала 5 жасында-ақ тілі дамып аяқталады, ал одан әрі онда тек аздаған өзгерістер гана болады дейді. Шындығында, қазіргі зерттеулер көрсетіп отырған мәліметтерге қарағанда баланың бірқатар ұғымдарды мектеп жасына дейінгі кезенде меңгеретіні мәлім. Менің ойымша Штерн концепциясының негізгі келеңсіздігі бастапқы дамудың ең маңыздысын ысырып тастауға тырысушылық болып табылады. Штерннік басты идеясының мәні дәл мынада: сабақтан жапырақ өсіп шыққан сияқты бәрі дами береді. Бұл жолы да Штерн өзінін бастапқы теориясына қайта оралатын ниетін байқатты. Штерянің көзқарасын жақтау барыты К.Бюлер, АТезелл сияқты авторларда да кездеседі. Олар балалардың бүкіл даму мәні алғашқы жылғы өмірін айналып жүреді дейді.

Осының бәрі бізді Штерн көзқарасын қабылдамауға мәжбүр етеді. Оның көзқарасы  қазіргі кезде психологияда қолданылмайды  деуге де болады. Бізде сол көзқарастардан өзгеше бірқатар жаңа пікірлер бар. Енді соларға қысқаша тоқталып өтейін.

Бюлер көзқарасы Штерннің қас пен  көздің арасында аштым деп жүрген жаңалығы микроскопиялық қозғалыс, ол күннен күнге ұлғайып, бірнеше айға созылады, яғни бұл жаңалықты молекулдық құрылым деп көрсетуді көздейді. Бюлер теориясы Вена мектептеріндегі мылқау балаларға жүргізілген байқау нәтижелеріне негізделеді.

А.Валлон көзқарасы. Сәбилік кезенде  бала шын мәніңде жаңалық ашады. Бұл кездейсоқ нәрсе ме, жоқ  па – ол басқа мәселе. Бала ұрығындағы мұңдай «кёремет» қасиетті Валлон да теріске шығармайды. Оның айтуынша сәбидің жаңалық ашуы кездейсоқ емес, ол кез келген заттын аты болады деген ережені ашуға қабілеті жетпейді, бірақ ол тек заттпен шұғылдану тәсілін ойнау әрекетіңде ғана ашады. Егер сәби кейбір заттың қақпағын ашуға болатынын білсе, мысалы, сіз оған қорап қақпағын ашып көрсетсеңіз, ол барлық заттың, тіпті қақпағы жоқ заттың да қақпағын ашуға тырысады. Валлонның ойынша тілдің даму. Тарихының бүкіл негізгі сәбидің затты атай алу мүмкіндігі болатынын аңғаруы. Бұл затпен шүғылданудың жаңаша қызметі. Сөйтіп сәби бір затқа қатысты жаңалық ашқан соң бұл қызметін басқа да заттарға қолдана бастайды. Валлонның ұғындыруынша сәби логикалық пайымдау және белгі мен мағына арасындағы байланысты танудан бұрын затпен ойнаудың жаңа тәсілін, олар-мен айналысудың тын. әдісін ашьш біледі.

К.Коффка көзқарасы бүкіл құрылымдық психология тұрғысынан алғанда, сәбидің  бұл алғашқы жаңалығы құрылымдык әрекет түрінде көрінеді. Сәби зат  пен оны атау жөнінде өзіңдік  құрылымды ашады. Мұның өзі жеміс  қашықта жатқандай, тек қана оның таяқтың көмегі болмаса алынбайтын жағдайдары маймылдың әрекеті сияқты болып көрінетін жаңалық. Осы бағытта Коффка мен Валлон теориясы бірігіп кеткен сияқты.

Бюлер, Коффка, Валлон теориялары Штерн  теориясын қарағанда фактілерге тіректелгея. Өйткені олар Штерн теориясының олқылығы мен кемістігін байқап, оны сынау арқылы өсіп отыр. Бірақ олардың бәрінде құрылымдык теориядан ауысқан Штерн қателігі бар. Бұлардың бәрі де: сәби заттың құрылымын онымен шұғылдану әдісін ашады, бұл сөздердің мағынасы өзгермейді және олар дамымайды деген болжамға келеді.

Сонымен бұл теориялардың бәрі Штерн  теориясының интеллектуалдығы –  жұмсартқанымен оның бастапқы идеалистік тезисіне қарсы шығады да, тіл туралы түсінікті тілдің құбылыстан шығарып  тастайды. Сөйтіп олар біз баяғы  тілдің шығуы жайындағы Штерн теориясының қателігі маңынан ұзап шыға алмайды. Себебі, олар негізінен сәби сөзінің пайда болуы мен дамуының өзгермейтіндігін қуаттайды. Енді тілдің шыруы туралы қазіргі ілімді қысқаша ғана атап өтіп, сол арқылы сәбидің алғашқы дағдарысының негізгі себебін анықтайык.

Фактілерден бастайын. Бала тілінің  шыруын мұқият бақылаған адам окулықтарда  бұл мәселе өте аз жарияланғандығын аңғарады. Бала тілінін дамуындағы бұл маңызда кезең. Біз бала тілінің  дамуындағы осы кезеңді атадық. Тілі шықпаған нәресте әлеуметтік ортада үлкендермен «тіл табысу» сияқты аса қажеттіліктің мән-жайын ашып көрсетуді мақсат өттік. Нәресте өзінің нәзіктігіне сәйкес басқалардың көмегімен әрекет етуге мәжбүр. Өзге адамдардың көмегімен әрекет ету -сәби қызметінің негізгі түрі. Бұл кезеңде баланың былдырлап қана жүретін «тілсіз» кезеңінен тілді меңгеретін кезеңге өту кезі қалайша шешілетінін түсінуімізге көмектеседі. Дамудың «тілсіз! ‘кезеңінен тіл шыққан кезеңге өтуі баланың дербестік арқылы жүзеге асады. Бұл қандай кезең? Сұрақка дұрыс қайталу үшін бұл мәселенің тарихын түсіндіре кету орынды сияқты. Баланың дербестік тілін алғаш рет сипаттап, оның маңызын бағалаған атақты ғалым Ч.Дариин (1809-1882). Ол сәби дамуымен тікелей айналыспаса да, өзінің тамаша байқағыштық қабілеті арқасында немересінің дамуын қадағалап, онын өзіне тән ерскше тілде сөйлейтінің аңғарған. Ол ерекшілік мынадай: сәби қолданатын сөздердін дыбыстық құрамы біздің сөздеріміздің дыбыстық құрамынан ерекше. Бұл тіл артикуляциялық, фонетикалық жағынан біздін сөйлсу тілімізден бөлек. Олардың айтқан сөздері біздің сөздеріміздің үзіктері сияқты болып келеді. Бұлар – сыртқы, дыбыстау түрі бойынша біздік сөздерден айырмашылығы бар. Кейде олар біздің сөздерімізге еліктесе, кейде күрт өзгсріп, біздердің бұзып айтатын сөздерімізге ұқсайды.

Дарвин назар аударған екінші бір  ерекшелік баланың дербестік  тіліндегі сөздер біздін сөзімізден мағынасы жағынан айырмашылығын  Дарвин мысалдарынан оқулықтарда келтірілген  үзінділер арқылы берілген. Бірде  оның немересі суда жүзіп жүрген Үйректі көріп, оның дыбысына еліктедіме, кім білсін, оны «уа» деп атай бастаған. Бұл дыбысты сәби суда жүзіп жүрген үйректі көргсн ксзде щығарады. Бұдан кейін бала үстел үстінде төгілгсн сүтті де, сусындарды да, стақандардағы шырындарды да, тіпті бөтелкедегі сүтті де сол дыбыспен атаған. Сірә, бөтелкедс су, сұйық зат болған сок бұл дыбысты соларға танған болуы керек. Бірде сәби құстың бейнесі салынған ескі қара бақыр тиынмен ойнап жүреді. Вір кезде оны да «уа» деп атай бастайды. Бұдам кейіи тиынды еске салатын кішкентай дөңгелек жылтыр заттары да (түйме, медаль) «уа» дсп атайтын болды.

Сонымен, егер біз бұл сәбидің  «уа» деген сөзінің мағынасын  жазсақ, оңда оның өзі атаған атаулардын бастағы ұғымына (судағы үйректі) келіп  тірелср едік. Бұл ұғым әрқашанда күрделі болып келсді. Ол атаған сөзінін мәні жекелеген сипаттарға бөлініп жіктелмейді. Мұңдай ұғым тұтас бір көріністі біддіреді. Сәби бастапқы ұғымнан басқа бір ұғымдарға көшеді, адар көріністің жекелеген бөлшектерін білдіреді. Судың әсерінен көлшіктер, әр түрлі сұйықтар, ең соңында бөтелкені де солай атай бастайды. үйректің әсерінен бүркіт бейнесі бар тиын, ал онын әсерінен түйме, медаль т.б. нәрселер де солай аталды. «Пу-фу» дербестік сөзінің мағынасы туралы көптеген мысалдар келтіруге болады. Ол йод құйылған бөтелкені, йодты ысқырық арқылы дыбыс шығару, темекі тартушыдан шығатын түтін, оны өшірудың бәрі мағынасы жағынан бала үшін бірдей. Сонымен баланың айтқан бір сөзінің өзі талай мағыналы екенін көрсетеді. Бұл сөздер мағына жағынан біздің сөздерімізбен үйлеспейді және олардың біреуі де біздің тілімізге аударылмайды.

Сәбидік әр турлі заттардың қасиетін айтып, олардың тұрақты жүйемен  ажыратуы дербестік тілде айтылмай, од қырсығып өзінік «пу-фу» деген  сөзін айта беруі мүмкін. Ал біздің сөздеріміз бен түсінік жүйеміз сәбидің санасына ене қоймайды. Бұл мәселеге біз тағы да қайтып ораламыз. Енді осы фактіні тұжырымдайық. Бала сөзінің мағынасы біздікінен басқаша құрылған дегенге әркім-ақ. келіседі.

Сонымен, баланың, дербестік тілін, сәби тілінің жалпы даму ерекшелігіндегі екі түрлі қасиетті аңғардық. Бірінші ерекшелік – тілдің дыбыстық құрылымы, екіншісі – бала тілінің ұғымдық жағы.

Осыдан баланың дербестік тілінін  үшінші ерекшелігі келіп шығады, оны  Дарвин былай бағалайды, егер тілдің өзінің дыбыстық және ұғымдык жағынан біздің тілімізден айырмашылығы болса, онда осы тілдің көмегімен қатынас жасаудың да өзіндік айырмашылығы болуға тиіс. Сәби сөздерінің мағынасын оның маңындары жақын адамдары ғана түсінуі мүмкін. Бұған Дарвиннің немересімен жүргізген бақылауы дәлел. Сөйтіп баланың қатынас жасау мүмкіншілігі өзіндік сипатта болатындығын көрсетеді. Неміс авторлары бала сөйлеуіндегі мұндай сипатта жақтырмай, оны асыраушының не күтушінің тілі деп атады. Оның мәнісі бұл тілді тек сәбиді тәрбиелеуші адамдар ғана түсінеді деген сөз. Ересектер баланың сөйлеуіне ыңғайлануға тырысып, кәдімгі сөзді қалпынан бұзып сөйлеуге жол береді және ол сәбиге солай ықпал етеді. Егер күтуші ауырады деген сөздіқ орынан «ау-а» десе, біз баламен тілдескен ересектердің тілді бұзып сөйлегенін байқаймыз. Ересектер балаға қатысты біз әрқашанда мынадай қателікке жол береміз: бала кішкентай болғаңдықтан бізге бала үшін заттардың бәрі шашн болып көрінуге тиіс сияқты Сондықтан жас сәбилерге көк тіреген биік үйді нұсқап «үйшік» немесе ірі жылқыны көрсетіп «мынау құлыншақ» дейді. Дұрысында балаға әрбір нәрсенің өз аты мен түр-сипатын атап үйреткен дұрыс болмақ. Ал бұзып сөйлеу біздің өмірімізде кең орын алған, бірақ баланың бүкіл дәрбестік тілі ғой деп санап, асыраушы мен күтушінің тілді бұрмалал сөйлеуі пайдалы емес. Бала ересектердің йлеуімен сәйкес келмейтін ‘сөз жұрнақтары мен мағына жұрнақтарын біздің айтуымызбен дыбыстарды айқын игеруден бұрын меңгереді.

Біз бала сөзінің мағынасын оның нақтылы жағдаймен ұшырасқан  кезінде ғана түсінеміз. Егер сәбидің «уа» дегені түймені,’мені, сүтті, судағы үйректі, бақыр тиынды білдірсе, ал енді ол бақта серуендеп жүргенде «уа» дей айқайласа, онда біз оның мені көлшікке ертіп бар дегенін түсінеміз. Егер ол бөлмеде жүргенде «уа» десе, онда оның түймемен ойнағысы келгені.

Бұл жағдайда бала нақтылы нәрсемен қарым-қатынаста болады. Ол затпен тікелей  кездескенде ғана сөз қолдануы мүмкін. Егер зат оның көз алдында болса, онда оның сөзі де бізге түсінікті  болады.

Біз баламен түсінісіудің өте қиын екеніне көзіміз жетіп отыр. Менің ойымша аса қажетті болжамның бірі – сәбидің барлық әдеттен тыс көріністері өзара түсінісу қиындығынан келіп шығатынын дәлелдейтін болжам.

Яғни біз, баланың дербестік  тілін үшінші ерекшелігі деп таптық, онда қарым-қатынас туралы айтылады, бірақ ол басқа түрдегі, өзге сипаттағы қарым-қатынас екендігіне көзіміз жетеді. Сайып келгенде баланың дербестігін тіліндегі ерекшеліктердің ішінен олардың сөйлеу тлі грамматикалық нор.мадан ауытқығандығын байқаймыз. Балалардың сөйлеу ерекшелігінде маңызды мәселенің бірі болып саналатын олардың сөйлем құрауы тілдің синтаксистік және этимологиялық заңдарына байланысты түрде дамып отыратындығы мәлім. Алайда сәбилік кезеңде баланың сөйлеуінде мұндай заңдылықтар жайында сөз қозғау асыра сілтеу болар еді. Сәбилердің сөйлеу ерекшеліктерінің кейбір жақтары біздерді ашу-ыза қысқанда аффектік жағдайға ұшыраған кездегі жүйесіз, үзіп-жұлқып айтқан сөздеріміз сияқты болады.

Міне, біз баланың дербес тітін  зерттегенде кездесетін түрлі ерекшеліктер осылар. Тұңғыш рет өз немересінің тілінің шығуын зерттеген, Дарвин бұл мәселені нақты әрі дұрыс түсіне білген деп есептеймін. Бірак Дарвиннін бақылау нәтижелері дер кезінде шын мәнінде бағаланып, жете түсіндірілген жоқ. Оның бақылауынан көптеген мысалдар келтіріп, цитаталар алынса да, бала тілінің даму ерекшелігі туралы айтылған пікірлерін ешкім дұрыс қорытып, түсіндіре алмады. Сондықтан баланың дербестік тілінің дамуы жайындағы Дарвиннін ілімі өрістемей тұншығып қалды. Дегенмен бірқатар авторлар баланың алғашқы сөздерін жазып алып, тексеріп көргең кезде дербестік сипатгарьша қатысты материалдарды көптеп жинақтады. Істің мәні бала тілінін дамуында ерекше кезең болатынына ешкім жете түсіне бермейді. Белгілі неміс ғалымы К.Штумфтың байқау нәткжелері бойынша бұл мәселенін одан әрі зерттеу жандана түсті. Ол өзінік ерекше дамып келе жатқан баласын бақылаған. Оның баласы алғашқы жылдары (3- 4 жасында) осы тілдің көмегімен 1 және 2 сөйлегенімен әдетгегі өзге сәбилерге ұқсамайтын еді. Бала өзінің маңындағы адамдармен тілдесті, бірақ ол өзінің дербес тілінде жауап берді. Бұл кемелденен тіл болғандықтан (сәби бұлай сөйлеуге бірнеше жыл бойы машықтанады) ол жекелеген-сөздердің бірлігі мен құрылысының күрделі жағын басынан кешірді. Өз тілін пайдаланып жүрген сәби бір күні ата-анасы кешке үйге келгенде баланың күтушісі оның дербестік тілді тастап, кәдімгі неміс тілінде сөйлеп кеткенін хабарлады. Бұл оқиға әдет емес, өзіндік ерекшелік еді. Мұның өзі сәбидің дербестік тілімен сөйлеу кезеңінің бірнеше жыл бойы кешеуілдеп қалуы бала дамуындаға кемістік болатын. Бірнеше жыл бойы кешеулдеп қалу себебінен дербестік тілі енді бұрк етіп дамып кәдімгі қалыпты даму кезеңіне ауысты. Бала сөйлеуіндегі мұндай өзгеріс табиғи заңдылық екені бәрімізге белгілі жайт.

Информация о работе Бала психологиясы