Қазақстандағы этнопсихологиялық ойлардың дамуы

Автор: Пользователь скрыл имя, 08 Января 2012 в 13:12, реферат

Описание работы

1.Кіріспе

2. Шетел және Ресей этнопсихологиясының дамуы

3. Қазақстандағы этнопсихологиялық ойлар

4. Қазақ халқының ұлттық ерекшеліктері

5.Қорытынды

Работа содержит 1 файл

Документ Microsoft Office Word.docx

— 32.82 Кб (Скачать)

     Қазақстанда психология ғылымы, әсіресе соғыстан кейінгі жылдары елеулі қарқынмен  дами бастады. Оған бірнеше сәтті  жағдайлар себеп болды. 1946 жылы орта мектептерде логика мен психология оқытыла бастады. Осы кездері  қазақ университетінде логика мен  психология пәні мұғалімдерін дайындайтын  бөлім ашылды.

     Соғыстан  кейінгі жылдарда психология саласында  ұлттық кадрларды даярлауда академик Төлеген Тәжібаевтің (1910-1964) еңбегі айтарлықтай еді. Осы ғалымның жетекшілігімен елуінші жылдары Е.Суфиев, М.Мұқанов, Т.Темірбековтар диссертация қорғады.

     Республикада  алғаш рет диссертация қорғаған – Е.Суфиев болды. Ол 1952 жылы Қазақ  университетінің кеңесінде «Қазақ мектептерінің бастауыш сыныптарындағы оқушылардың орыс тілін меңгеруінің  психологиясы» деген тақырыпта  диссертация қорғады.  Мұнда автор  қазақ оқушыларының орыс тілін меңгеруін, шәкірттердің ауызекі  сөйлеуінің даму ерекшеліктерін психологиялық тұрғыдан талдайды. Автор оқушылардың ұғынуына қиындық келтіретін орыс тіліндегі  кейбір атауларына тоқталып, мұның  табиғи-ғылыми жағынан И.П.Павловтың  жоғары жүйке қызметі туралы іліміне  негіздей түсіндіріледі, оқушылардың  кейбір психикалық функцияларын ( қабылдау, зейін, ойлау және т.б.) дамыту, орыс тілін оқыту әдістерін жетілдіру  жөнінде біраз ұсыныс – кеңестер береді.

     М.Мұқанов  « Совет жауынгерлерінің ерлік  істерінің психологиялық ерекшеліктері» (1953) атты диссертациясында көптеген жергілікті әскери – архивтік материалдарға  сүйеніп, Ұлы Отан соғысында қазақстандықтар  көрсеткен ерлік істеріне психологиялық  талдау жасады. 50-60 жылдары республика тақырыбына арналған басқа да ондаған  зерттеу жұмыстары психологияның  түрлі салалары бойынша  (жалпы, жас, педагогикалық, заң-сот, этникалық, спорт  және т.б.) жүргізілді. Ұлттық тілде  біраз еңбектер жарық көрді.

      Н. Елікбаевтың  «Ұлттық психология»  еңбегіндегі пікірінше, ұлттық психологияның  құрылымдық элементтерінің бірі ұлттық мінез-құлық болып саналады. Ұлттық мінез-құлық ұрпақтан-ұрпаққа беріліп  қалған биологиялық психикалық құбылыс  емес, географиялық ортаның жемісі немесе нәсілдік белгісімен байланысты ұлттық субстанцияның туындысына да жатпайды. Негізгі шындықты ұлт өмірінің өзінен, оны қоршаған табиғи өзгешеліктен қарастыру шарт. Ұлттық мінез-құлықты  халықтардың өзі жасаған тарихтағы  материалдық және рухани тіршілігінің бейнеленген көрінісі деп түсінеміз.  Тарихи жағдай мен географиялық орта мәңгілік нәрсе емес, сондықтан ұлттық мінез-құлық та белгілі өзгерістерге ұшырап отырады. Ұлттардың мінез-құлқы олардың тарихи даму нәтижесі.

     Халықтардың мінез-құлқының белгілері: еңбекті  сүю, бостандықты аңсау, қайырымдылық, қонақжайлылық, селқостық, қаталдық, ерлік  т.б. қасиеттер барлық ұлттарда болатыны белгілі. Әрбір ұлттың өзіндік өмір ерекшелігіне сәйкес түрлі формада, көріністе анықталып отырады  [1, 11 б.].

     Ұлттық  мінез-құлық тарихи жағдайлардың, объективті процестердің себептерінен әрі тәрбиенің  ықпалымен қалыптасады.

     Сонымен, ұлттық мінез – құлық дегеніміз  халықтың қоғамдық - өндірістік тәжірибесі арқылы тарихи тұрғыда қалыптасқан  машығы мен әдетінің жиынтығы, әрі  жалпы (барлық халыққа тән) және ерекше қасиеттердің бірлігі деп ұғамыз.  Еліміздегі ұлттардың мінез-құлқын, мәдениет пен тұрмыстан, әдет – ғұрыптар мен дәстүрлерден байқай аламыз [1, 13 б.].  
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                             ҚОРЫТЫНДЫ

Сонымен, бүгінгі полиэтникалық Қазақстанда этностардың даму динамикасын, ұлттық ерекшеліктерді зерттеу өте өзекті мәселелердің бірі. Қазіргі кезге дейін қарастырылып келе жатқан этнопсихологиялық тұжырымдамалардың барлығы дерлік жеке сипатқа ие.

Л.Н.Гумелев  этногенез теориясында «этнос», «этностың» дамуы, оның толығымен жоғалуы  мәселелерін қарастырды. Теориясының  негізі ретінде этностың табиғи-биологиялық  сипатын алып, белгілі бір ұлттың қалыптасып, өсіп-өркендеуіне әсер ететін факторына географиялық және климаттық жағдайларды шарттады. Оның пікірінше, биосфераның негізгі  бөлігі бола отырып, этностар ондағы болатын  процестерге араласып, оның заңдылықтарына бағынуы керек.

Этнопсихологиялық зерттеулердің бүгінгі күнгі  жетістіктері  сол салада ғылыми жүмыстар жүргізген ғалымдар еңбегімен  байланысты. Этнопсихологиялық ойлар  ерте антикалық кезеңнен бастау алып, қазіргі кезге дейін зертеу өзектілігене ие тақырыптардың бірі. Этнопсихологияның  дербес ғылым ретінде дамып, жетілуіне  үлес қосқандар: Гиппократ, Платон, Тацит, Плиния, Страбон, Ш.Монтескье, Д.Юм, Г.Гегель, Х.Штейнталь, М.Лацарус, В.Вунд, Г.Лебон, Дж.Хониман және т.б.

Этнопсихология  жеке ғылым ретінде ХІХ ғасырдың орта шенінде Ресейде, кейінірек  Батыс Еуропа  елдерінде пайда  болды. Қазақ топырағында этнопсихология мәселелері Шоқан Уалиханов еңбектерінен бастау алады. Қазіргі тәуелсіз елімізде қазақ ұлтының өзіне тән ерекшеліктерін жан-жақты зерттеумен көптеген ғалымдар айналысуда. Олардың ішінде: Қ.Жарықбаев, С.Жақыпов, С.Бердібаева, Н.Елікбаев және т.б.  
 

Қазақ халқының ұлттық ерекшеліктері

Н. Назарбаев: «Менің ойымша қазақтардың қайталанбас  этикалық,

психологиялық әлемі әлі жете зерттелмей, зерделенбей  жатқан тылым 

дүние». Ғасырлар бойы көшіп-қонып жүрген халық өзі өмір сүрген ортаның

әлеуметтік-экономикалық жағдайларына, мәдениеті мен тарихына,

табиғатына орайлас  жас буынға тәлім-тәрбие берудің  айрықша талап-

тілектерін дүниеге  әкелді. Мәселен: бұлар жас адамның, жұртқа танымал

моральдық-психологиялық  нормасын « сегіз қырлы, бір сырлы» делінетін 

қалатты нақыл  сөздермен қисындады. Осынау аталы сөздің мән-мағынасы

мыналар еді:көшпелі  мал шаруашылығынжете игеру; еңбек 

сүйгіштікпенқиыншылыққа төзе білу; ел намысын қорғау; жаудан беті

қайтпау; ата  тегін жадыеда сақтау; сөз асылын қастерлеу;тапқырлық пен 

алғырлық; ат құлағында  ойнау; ата салтын бұзбау; жасы үлкенді сыйлау;

құдайы қонақтың мәселін қайтармау,көрші хақын  жемеу.) Аң аулап, мал

бағып, күнделікті күйбең тіршілікпен жүрсе де жас  өскін ақынның сөзін,

жыраудың жырын, әншінің әні мен әуенін қалт жібермей тыңдап, ел

аузындағы ұтымды мақал мен мәтелді, ертек пен  жұмбақты, терме мен 

шежірені жадында  сақтап, халық даналығын өзіне  рухани азық етіп отырды.

Әрдайым көшіп-қонуға дайын отырған қазақтар үшін ақ-құс  аулау, мал 

күзету, жау түсіру-тұрмыстың  даңғылы машығына айналды. Осы 

айтқанымыздың дәлелі болып табылатын  кейіннен мақал болып кеткен

«Өнерді үйрен  де, жирен», «Жігітке жетпіс өнер де аз», «Шебердің қолы

ортақ», « Жауда  жүрсе ат ойнатқан батырым, үйде жүрсе құрт қайнатқан

батырым» сияқты бес аспап адамның психологиясы жайлы қанатты сөздер

біздің заманымызға  дейін жетті.                                    

                                 Отансүйгіштік

Халқымыз кір  жуып, кіндік кескен атамекенін аялап, елінің тілі мен 

мәдениетін, әдеьиеті мен тарихын, біртуар аяулы перзенттерін

мақтан тұтып, қадірлеп-қастерлеуді ұрпағына аманат еткен. Бізде

қай жүзге жататынымды , қай рудан екенімді білу ес жиып,

есейгеннің белгісіндей  дей отыра, мұның түпкі мақсат мұраты

біреу, ло ынтымақты  ел болуға бағытталған. Ер азамат үшін туған

халқын жан-тәнімен  сүю, оның шаруашылығы мен мәдениетінің

өркендеп, көркеюіне  бар күш-жігерімен білімін, еңбегінжұмсап,

үлес қосу перзенттік парыз болған. Қаз дауысты Қазыбек би: «

Алтын ұяң-Отан қымбат... туып-өскен елің қымбат, кіндік кесі, кір 

жуған жерің  қымьат» - деп тәбіренгенғой қазақ  елі-біздің

отанымыз, атмекеніміз, қастерлеп келе жатқан туған жеріміз.

                                             

                                                     Намысқойлық

Бұл – әр этностың өз халқының ар-ожданын, имандылық қадір-қасиетін

көздің қарашағындай сақтай білуінен, қажетті жеоінде  бұл үшін жанын пида

етуден көрінетін  қасиет. Қазақ халқы өзінің ұлы мен қызын қаршадайынан

намысқойлыққа баулып, Отанына, кір жуып, кіндік кескен жеріне дақ 

түсірмеуді қатты  ескерткен, « арым жанымның садағасы» -деп, ар-намысты 

бәрінен де жоғары бағалаған. Өз ұрпағын ата-баба рухында тәрбиелеп,

ұлттық намысты  ту етіп ұстаған халқымыз «қоянды қамыс өлтіреді, ерді

намыс өлтіреді дегенді үнемі еске салып келді. Қазақ жесірін өгейсітпеген

жетімін шеттетпеген  аса бауырмал халық

                                   Шешендік

Халқымыздың жайсацпсихологиясын  аса биіктен бірі-суырып салма 

шешендік.Бейнелі, астарлы, тұспалдап үйір халық екендігімізжайлы ғулама-

ғалым Шоқан  Уәлиханов: « қазақ шешендікке құмар, сөз өнерін, әзіл-өспақты 

жаны сүйеді» -деп, кезінде айтқан еді. Халқымыз « Тіл тас жарады, тас

жармаса бас  жарады», «жылы-жылы сөйлесең, жылан  іннен шығады»-деп,

сөз құдіретінің  психологиялық астарын жақсы  аңғарған. Шебер де, шешен

сөйлей білу-адамның  асыл қасиеттерінің бірі есептелініп, мұны олар

өзгелерге психологиялық  жағынан әсер етудің ерекше құралы, тәсілі деп те

санаған.

                                

                                    Әдептілік

Бұл-халқымыздың  ұлттық психологиясының өзегі имандылық  пен 

адамгершілігінің  басты белгісі, оның ,ғасырлар бойы қалыптасқан қоғамдық

санасының практикалық  көрінісібарлық кісілік қасиеттердің жиынтығы.

«Тауна қарай  аңы, заманына қарай заңы».  Әдеп сақтау отбасында, ауыл-

аймақ, ел-жұртта қалыптасқан мінез-құлық нормаларын бұзбауға

міндеттейді. Мұны бұзған адамға қауымдастық атынан сол  ұжымның өкілі өз

пікірін айтуға тіпті тыйым салуға да ерікті, өйткені  әдеп сақтау-әлеуметтік

дәстүр.

                                 

                                  Қонақ жайлылық

Бұл-қазақ халқының әлеуметтік, географиялық, тұрмыстықжағдайына

байланысты, қалыптасқан  ерекше қастерлі қасиеті. Бізде «қонақ десе, қой 

етін кесіп  беретінқазақпыз» дейтін  аталы сөз бар

                         ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 

  1. Елікбаев  Н. Ұлттық психология.   - Алматы, 1992.
  2. Еликбаев Н. Социализм и национальная психология.- Алматы, 1988
  3. Жарықпаев К.Б. Некоторые черты казахского национального характера. Алматы, 1997
  4. Крысько В.Г., Деркач А.А. Этнопсихология: В 2 ч. – М., 1992
  5. Платонов Ю.П. Этническая психология.СПб, 2001
  6. Платонов Ю.П. Основы этнической психологии СПб, 2003

Информация о работе Қазақстандағы этнопсихологиялық ойлардың дамуы