Қазақстан Республикасының Евразиялық

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Декабря 2011 в 13:00, реферат

Описание работы

Қазақстан Республикасының Евразиялық аймаққа кіруі, ХХІ ғасырға аяқ басуы ел Президентінің «Қазақстан-2030» атты стратегиялық бағдарламасына сәйкес жаңа техника мен технология үдерістерінің дамуы келешекте кәсіби білім беру жүйесіндегі оқу үдерісін ұйымдастыру қандай бағытта өрбуі керек деген өзекті мәселе туғызады.

Работа содержит 1 файл

пед кириспе мугалим.docx

— 29.22 Кб (Скачать)

- шығармашылық белсенділік және шығармашылық іс-әрекетке сұраныс;

- оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту шарттары;

- оқушылардың шығармашылық қабілетін ынталандыру көздері;

- оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту әдістері;

- оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту құралдары;

- оқушылардың жас ерекшеліктері мен қызығушылықтары.

Сонымен, осы жоғарыда айтылғанның бәрі, бізге  болашақ мұғалімді оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға кәсіби даярлау - білім беру үдерісінің аясында студенттердің кәсіби-педагогикалық қызметке бағдарлануына және педагогикалық шығармашылық тәсілдерді меңгеруіне, білім беру барысында ізденіс танытып, жаңа шығармашылық шешімдер қабылдауына, оқушылар тұлғасының өзіндік және шығармашылық дамуына қол жеткізуде ұйымдастырушылық формаларды құру дағдыларын меңгерулеріне жағдай жасайтын оқу үдерісінің барлық құрылымдық компоненттерінің өзара ықпалдастық байланысын құруды көздейтін күрделі үдеріс деп анықтама беруімізге мүмкіндік береді.

      Мұғалімнің  кәсіби біліктілігі оның іс-әрекетінің тиімді болуының теориялық және жалпы әдіснамалық негізі болып табылады. Кәсіби біліктілікті меңгерту колледждерде студенттерді мұғалімдік мамандыққа даярлаудағы басты міндеттердің бірі. Мұғалімнің кәсіби білігі оның практикалық қызметінде іске асырылады, сондықтан ол, оның жалпыпедагогикалық, әдістемелік біліктілігімен, дағдысымен тығыз байланысты. Мысалы, болашақ ағылшын тілі мұғалімдерін кәсіби шеберлікке мақсатты даярлаумен қоса, педагогикалық шығармашылық қызметке даярлау оның кәсіби даярлығымен тікелей астарласуы тиіс. Ол болашақ мұғалімнің жалпы мәденимірге көзқарас), әдіснамалық (психологиялық-педагогикалық), пәндік блоктарды меңгеруімен қамтамасыз етіледі.

      Заманауи  ақпараттық қоғамға өздігінен дербес, сыни тұрғыда ойлайтын, туындаған проблемаларды көре білетін және оларды шығармашылықпен шеше алатын адам қажет. Ол өздігінен белсенді әрекет етуге, шешім қабылдауға, өмірдің өзгермелі жағдайларына икемді бейімделуге қабілетті болуына мүдделі. Сондықтан қазіргі қоғамдағы білім берудің мақсаты – адамды интеллектуалдық және адамгершілік тұрғыда дамыту. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін болашақ мұғалімге, мектепте қызмет ететін маман ретінде, білім беру жүйесінің стратегиялық бағыты айқын көрсетілуі тиіс. Оған оқу үдерісінің тиімділігі, сабақтардың жүйелілігі мен сапасы, бағдарламаның орындалу барысы, білімнің тереңдігі және бүкіл оқу-тәрбие жұмысының дұрыс жоспарлануы игі ықпал етеді.Сондай-ақ, болашақ мұғалімнің кәсіби бейімделу аясын да анықтаған жөн.

Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру- оқытушының кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және өзінзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Біліктіліктің кейбір түрлері, яғни ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды қолдану саласындағы сауаттылық бүгінгі таңдағы өзекті мәселелердің бірі. Осыған байланысты жаңа технологияларды қолдануда шетел тілін меңгеру бұрынғыға қарағанда маңызды болып отыр. Оқу, өзгерістерге ілесе оқу, ақпараттық ағынға ілесу- бұл әрбір маманның алуға тиіс кәсіби құзіреттілігі.

Қазіргі кезде жаңа білім жүйесі интернеттің пайда болуының арқасында дамығанын барлығы мойындайды. Көптеген әдіскерлер видеофильм, электрондық пошта (e-mail), мультимедиялық презентация, анимациялық суреттер және т.б. көмегімен шетел тілінде монолог және диалог түрінде сөйлеу қабілетін қалыптастыратын жаттығуларды құрастырумен айналысып жатыр. Ал шетелде болмай-ақ, сол елдің тілінде сөйлей алу қабілетіне ие болу оңай емес. Сондықтан, оқытушының маңызды тапсырмасының бірі шет тілі сабағында жаңа технологиялардың түрлі амалдарын қолдана отырып, сөйлеудің шын ситуацияларын құру болып табылады. Шет тілін үйрету процесінде компьютер технологияларын қолдану сабақты қызықты жолмен өткізуге көмектеседі. Мысалы, анимациялық суреттер, видео-көріністер, презентациялар және т.б. әртүрлі дыбыстар арқылы көрсетіледі. Компьютер мониторындағы көріністер оқушының іс-қимылының арқасында өзгеріп отырады. Бұл динамикалық және оқушының бар ойын өзіне бағыттайды, сонымен қатар, оқу процесінде оқушының белсенділігі оянады. Нәтижесінде, оқушы ақпаратты оңай әрі тез қабылдайды және окушының ынтасы мен қызығушылығы жоғарылайды.

      Қазіргі кездегі оқушыларды оқытудағы ең қажетті педагогикалық инновацияның бірі мультимедиялық компьютерлер. Себебі адам көру, есту арқылы тілді тезірек үйренеді. Есту арқылы тілінің шет тіліне дағдылануы тез әрі ешбір акцентсіз болады. Сондықтан қазіргі таңда шет тілін оқытуда мультимедиа, яғни жаңа ақпараттық технологиялар кеңінен пайдаланылады.

      Мультимедиа-дыбыс  және көру түріндегі ақпараттар жүзеге асырылатын бағдарламалық аппараттық кұралдар жиынтығы. Мультимедиа жергілікті, аймақтық және әлемдік желілер бойынша дыбыс, мәліметтер және көріністі беру үшін жоспарланған. Жұмыстың интерактивті режиміндегі графика, анимация, фото, бейне, дыбыс, мәтіндер ақпараттық орта қалыптастырады. Мұны пайдаланушыда сапалы жаңа мүмкіншіліктер болады.Мәдениетаралық қарыматынас білікгілігін дамыту процессінде оқытудың техникалық құралдары оңтайлы қолданылса онда ол оқытушы еңбегінің шарттарын шарықтандырумен қатар оқушының да оқу жағдайын өнімді етеді. Мүғалім оқытудың пәндік ерекшеліктеріне байланысты техникалық құралдар қолданудың негізгі принциптерін жетік меңгерумен қатар өзінің ақпараттық компетенттілігн дамытуы тиіс. Ол ең алдымен оқу-тәрбиелік істе оқытудьң техникалық құралдар колданысының ұтымдылығын түсіне алу; сабақ жоспарын жаңа технологиялық талаптарға сай кұра білу; интегративті түрде сабақ жоспарына кірістіре алу; техникалық құралдарды оқушының танымдық қажеттілігін өтей алатын және мұғалімнің өзіндік кәсіби құлшынысына сай түрлерін іріктей алу; қорыта келе оқытушы аталмыш техниканы пайдалану тетіктерін меңгеруі нәтижеге жетелейді. Тек осындай алғышарттардың орындалуы оқытудың техникалық құралдарының әдістемелік және дидактикалық мүмкіншіліктерін ашады.

      Соңғы жылдары окыту үдерісін ізгілендіру, оның практикалық бағыттылығын күшейту мақсатында пайдаланылып жүрген іс-шараларға, соның ішінде "инновациялық үдеріске", яғни педагогикалық жаңалықтарға жан-жақты сипаттама беріліп келеді, дегенмен әлі де жеткіліксіз.

      Білім беру саласындағы жаңалықтарды үш топқа бөліп қарастырамыз: ұйымдастырудағы жаңалықтар; технологиялардағы жаңалықтар; оқулықтар мен бағдарламалардың өзгерістеріндегі жаңалықтар. Аталған жаңалықтардың аясында болашақ мұғалімдерді оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға кәсіби даярлаудың да жаңашылдық бағыттары анықталады. Яғни, бүгінгі таңда ақпараттық қамтамасыз ету жүйесіне аса мән берілмейінше, білім берудің заманауи технологияларын, соның ішінде электрондық оқулық пен бейнефильмдерді, басқа да электрондық басылымдарды қашықтан оқытудың спутниктік арнасы арқылы ендірмейінше, бірде-бір әлеуметтік-экономикалық саланың алға басуы мүмкін емес

      Оқыту үдерісінде студенттердің кәсіби белсенділігін арттыру мәселесі соңғы кезде жалпы бағытта кең мағынада қарастырылып келеді. Арнайы пәндерді бұл әдіспен оқыту, ақпараттық-логикалық ойлаудың өзіндік ерекшеліктерін ескермей, жалпы белсенділікті қамтамасыз етуді оқыту екендігі белгілі. Сондықтан болашақ мұғалім пәндердің өзіндік ерекшелігін ескере отырып қамтамасыз етілетін белсенді оқыту білігін меңгеруі қажет. Белсенді оқытуды қамтамасыз ету мақсатында оның әдістемесін жасау үшін ақпараттық модельдеу іс-әрекетінің құрамын, құрылымын анықтау қажет.

      Қазақстан Республикасының Евразиялық аймаққа кіруі, ХХІ ғасырға аяқ басуы ел Президентінің «Қазақстан-2030» атты стратегиялық бағдарламасына сәйкес жаңа техника мен технология үдерістерінің дамуы келешекте кәсіби білім беру жүйесіндегі оқу үдерісін ұйымдастыру қандай бағытта өрбуі керек деген өзекті мәселе туғызады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Информация о работе Қазақстан Республикасының Евразиялық