Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Октября 2011 в 16:12, статья

Описание работы

Бағдарлама Қазақстан Республикасы Конституциясының 7, 93-баптарына; «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» 1997 жылғы
11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына; Қазақстан Республикасы Президентінің
2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының
2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарына; «Мемлекеттік бағдарламалардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы

Работа содержит 1 файл

Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011.doc

— 56.50 Кб (Скачать)

Қазақстан Республикасында  тілдерді дамыту мен  қолданудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік  бағдарламасы 

Әзірлеу үшін негіз

Бағдарлама  Қазақстан Республикасы Конституциясының 7, 93-баптарына; «Қазақстан Республикасындағы  тіл туралы» 1997 жылғы 

11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына; Қазақстан Республикасы Президентінің

2010 жылғы  1 ақпандағы № 922 Жарлығымен бекітілген  Қазақстан Республикасының 

2020 жылға  дейінгі Стратегиялық даму жоспарына;  «Мемлекеттік бағдарламалардың  тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы

 №  957 Жарлығына, Қазақстан Республикасының  Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан  халқы Ассамблеясының XV сессиясында  берген тапсырмаларын орындау  жөніндегі Іс-шаралар жоспарының 3-тармағына; Ел бірлігі доктринасына; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 қарашадағы № 1122 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейтудің, оның бәсекеге қабілеттілігін арттырудың 2007 – 2010 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес әзірленді 

Бағдарламаны  әзірлеу үшін жауапты  мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі 

Бағдарламаны  жүзеге асыру  үшін жауапты мемлекеттік  органдар

Орталық және жергілікті атқарушы органдар 

Бағдарламаның мақсаты

Қазақстанда тұратын барлық этностардың тілдерін сақтай отырып, ұлт бірлігін нығайтудың аса маңызды факторы ретінде мемлекеттік тілдің кең ауқымды  қолданысын қамтамасыз ететін үйлесімді  тіл саясаты 

Міндеттері

  • Мемлекеттік тілді оқытудың әдіснамасын жетілдіру және стандарттау;
 
  • мемлекеттік тілді оқытудың инфрақұрылымын дамыту;
 
  • мемлекеттік тілді оқыту процесін ынталандыру;
 
  • мемлекеттік тілді қолданудың мәртебесін арттыру;
 
  • мемлекеттік тілге сұранысты арттыру;
 
  • қазақ тілінің  лексикалық қорын жетілдіру және жүйелеу;
 
  • тіл мәдениетін жетілдіру;
 
  • коммуникативтік-тілдік кеңістіктегі орыс тілінің қызмет етуі;
 
  • Қазақстандағы тілдік әралуандықты сақтау;
 
  • ағылшын және басқа да шет тілдерін оқып-үйрену
 
 

Іске  асыру мерзімі

         2011 – 2020 жылдар 

  • бірінші кезең: 2011 –  2013 жылдар
 
  • екінші  кезең: 2014 – 2016 жылдар
 
  • үшінші  кезең: 2017 – 2020 жылдар
 

 

Нысаналы  индикаторлар

         Мыналарды: 

  • мемлекеттік тілді меңгерген ересек тұрғындардың үлесін («Қазтест» тапсырудың нәтижесі бойынша 2014 жылға қарай – 20%, 2017 жылға  қарай – 80%, 2020 жылға қарай – 95 %);
 
  • мемлекеттік тілді В1 деңгейінде меңгерген мектеп түлектерінің үлесін (2017 жылға қарай  – 70%, 2020 жылға қарай – 100%);
 
  • мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарындағы қазақ тіліндегі контенттің үлесін (2014 жылға қарай – 53%, 2017 жылға қарай – 60%, 2020 жылға қарай – 70%);
 
  • тұрғындардың  ономастикалық комиссиялардың жұмысындағы  шешім қабылдау процесін талқылау кезінде  қоғамдық қолжетімділік пен ашықтық  қағидаттарының сақталуына қанағаттанушылық дәрежесін (2014 жылға қарай – 60%, 2017 жылға қарай – 75%, 2020 жылға қарай – 90%);
 
  • қазақ тілінің  реттелген терминологиялық қорының  үлесін (2014 жылға қарай – 20%,                 2017 жылға қарай – 60%, 2020 жылға қарай  – 100%);
 
  • республикадағы  орыс тілін меңгерген ересек тұрғындардың үлесін (2020 жылға қарай – 90%);
 
  • ұлттық-мәдени бірлестіктер жанындағы ана тілдерін оқытатын курстармен қамтылған этностардың  үлесін (2014 жылға қарай – 60%, 2017 жылға  қарай – 80%,  2020 жылға қарай  – 90%);
 
  • республикадағы  ағылшын тілін меңгерген тұрғындардың үлесін (2014 жылға қарай – 10%,  2017 жылға қарай – 15%, 2020 жылға қарай –20%);
 
  • үш тілді (мемлекеттік, орыс және ағылшын) меңгерген  тұрғындардың үлесін (2014 жылға қарай  – 10%, 2017 жылға қарай – 12%,           2020 жылға қарай –  15%-ға дейін) ұлғайту.
 

 

Қаржыландыру  көздері мен көлемі

   2011 – 2020 жылдары Бағдарламаны іске асыруға республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа да қаражат жұмсалатын болады. Бағдарламаның бірінші кезеңін іске асыруға арналған мемлекеттік бюджеттің жалпы шығыны 19 134 946 мың теңгені құрайды. 2011 – 2020 жылдарға арналған Бағдарламаны қаржыландыру көлемі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті қаржы жылдарына арналған республикалық және жергілікті бюджеттерді қалыптастыру кезінде нақтыланатын болады. 

  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Бағдарламаның негізгі бағыттары, алға қойылған мақсаттарға  қол жеткізу жолдары  және тиісті шаралар 

Бірінші бағыт – мемлекеттік  тілді меңгеру 

Мақсаты: «Мемлекеттік тіл – ұлт бірлігінің басты факторы» 

Нысаналы  индикаторлар: 

  • мемлекеттік тілді меңгерген ересек тұрғындардың үлесі («Қазтест» бағдарламасы бойынша  қазақ тілін білу деңгейін бағалау  бойынша емтихан тапсыру нәтижелері бойынша, Қазақстан Республикасы азаматтары 2014 жылға қарай – 20%, 2017 жылға қарай – 80%, 2020 жылға қарай – 95%);
 
  • мемлекеттік тілді В1 деңгейінде меңгерген мектеп түлектерінің үлесі (2017 жылға қарай  – 70 %, 2020 жылға қарай – 100%).
 

   Бағдарламаның бірінші бағытын  іске асыру арқылы Қазақстанның барша азаматтарының мемлекеттік тілді меңгеру жүйесін құру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру көзделеді. Бұл жүйенің өзегінде үшқұрамды негіз бар – мемлекеттік тілді оқыту әдіснамасын жетілдіру, оқытудың инфрақұрылымын кеңейту және мемлекеттік тілді меңгеру процесін ынталандыру. Аталған тәсіл бірінші бағыттың үш міндетін айқындайды.

Мемлекеттік тілді оқыту әдіснамасын жетілдіру және стандарттау  

   Қазақ тілін оқыту әдіснамасын жетілдіру үшін ең алдымен, оқытудың тиісті стандарттарын жетілдіру және үздіксіз білім беру моделін жасау арқылы мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін бағалау жүйесін енгізу қарастырылып отыр. 

   Көпдеңгейлі стандарт арқылы тілді А1-А2 деңгейлері бойынша қарапайым түрде пайдалану, тілді В1-В2 деңгейлері бойынша өз бетінше пайдалану және тілді С1-С2 деңгейлері бойынша біліктілікпен пайдалану көзделуге тиіс. 

   Құрылған стандартты жүйенің негізінде мемлекеттік тілді оқытудың әдіснамалық негізін дайындау, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін де әзірлеу көзделеді. 

   Осы шаралар мемлекеттік тілді бастауыш сыныптарындағы оқушылардың А1 деңгейінде, орта буындағы оқушылардың А2 деңгейінде,  мектептің жоғары сынып, сондай-ақ техникалық және кәсіптік білім беру мекемелері оқушыларының В1 деңгейінде, жоғары оқу орны студенттерінің В2 деңгейінде, жоғары оқу орнынан кейін білім алатындардың С1 деңгейінде игеруін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. 

   Бұған қоса, тілді меңгеру үлгілерін жетілдіру мен жаңғырту көзделеді. Қазақ тілі толыққанды күнделікті қызметтік және кәсіптік қарым-қатынас  тіліне айналуға тиіс. 

   Үздіксіз білім беру моделі арқылы қазақ тілін оқытудың стандарты негізінде шығармашылық педагогикалық ізденістің және оқытудың жаңа әдістемелерін әзірлеудің тұрақты процесі сөзсіз қажеттілікке айналатын болады. 

   Қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес қазақ тілі оқытушыларын оқыту және олардың біліктілігін арттыру құрылатын жүйенің қажетті құрамдас бөлігі болып табылады. 

   Мамандарды жоғары сапалы деңгейде оқыту ісін жүргізуге ұйымдастырушылық және әдістемелік мүмкіндігі бар ғылыми-білім беру орталықтары санының аздығына байланысты  қашықтан оқыту жүйесін кеңінен енгізу көзделеді. 

Екінші  бағыт - Мемлекеттік тілді оқытудың инфрақұрылымын дамыту 

   Қазақстанның барша азаматтарының мемлекеттік тілді меңгеру жүйесінің ең қажетті екінші құрамдас бөлігі – қазақ тілін оқыту орталықтарының аккредиттелген желісін құру болып табылады.

 Қазақ тілін оқытуға арналған осы орталықтар оқу орындарын бітірген Қазақстанның ересек азаматтарының мемлекеттік тілді меңгеруінің инфрақұрылымдық базасына айналуға тиіс. 

   Аталған бағытты жүзеге асыру Мемлекеттік тілді оқыту орталықтарының білім беру қызметіне міндетті талаптарды енгізуді көздейді. 

   Бұл үшін, ең алдымен, орталықтардың білім беру қызметіне қойылатын талаптарды енгізу үшін құқықтық базаны, сондай-ақ мемлекеттік тілді оқыту орталықтарын осы талаптарға сәйкес аккредиттеуді жүзеге асыру үшін құқықтық негізді жетілдіру жөнінде шаралар қабылдау. 

   Сонымен қатар, мемлекеттік тілді оқыту орталықтарының қызметін рейтингтік бағалау жүйесін енгізу қарастырылады. 

   Орталықтардың рейтингін жасауға орталық тыңдаушыларының «Қазтест» бағдарламасы бойынша емтихан тапсыру нәтижелері туралы шынайы мәліметтер негіз болады. Рейтинг мәліметтері қоғам үшін де, бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен жариялау үшін де қолжетімді болмақ. 

   Рейтинг жүйесін енгізу үшін мемлекеттік тілді оқыту орталықтары қызметіне рейтингтік бағалау жүргізудің құқықтық негізі мен әдіснамасын әзірлеу қажет. 

Үшінші  бағыт - Мемлекеттік тілді оқыту процесін ынталандыру 

   Қойылған мақсатқа қол жеткізудің үшінші міндетті құрамдас бөлігі мемлекеттік тілді оқыту процесін ынталандыру және мониторинг жүргізу жүйесін құру болып табылады. 

  Аталған міндетті мемлекеттік қызметшілердің, мемлекеттік қызмет көрсету, сондай-ақ халыққа қызмет ұсыну саласындағы ұйымдардың қызметкерлерінің (банктер, сауда ұйымдары, қызмет көрсету саласы және тағы басқалары) қазақ тілін білу деңгейіне қойылатын ең төменгі талаптарды айқындау арқылы іске асыру көзделеді. Аталған шара мемлекеттік тілді меңгеру деңгейіне қойылатын талаптарды бекітетін құқықтық базаны әзірлеуді, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілерге қазақ тілін оқыту жүйесін ұйымдастыруды қажет етеді. 

   Сонымен қоса «Қазтест» бағдарламасының негізінде білім деңгейін жыл сайын бақылаудың жыл сыйынғы  жүйесін енгізу көзделеді. 

   Білім беру жүйесінің барлық сатыларында мемлекеттік тілді білу деңгейін бағалау және бақылау жүйесін жетілдіру мәселесін пысықтау көзделеді. Қазақ тілі мемлекеттік аралық бақылау (МАБ) мен ұлттық бірыңғай тестілеудің (ҰБТ) қажетті және міндетті құрамдас бөлігіне айналуға тиіс. 

   Қазақ тілін үйренуге мүдделі барлық тұлғаларға кеңінен мемлекеттік қолдау көрсету көзделген. Осы шаралардың қатарында мемлекеттік тілді оқыту орталықтарының жанынан білім деңгейі бойынша тегін курстар ұйымдастыру, сондай-ақ осы жұмысқа мемлекеттік-жекеше серіктестік әдістерін қолдану қарастырылған. 

   Сонымен қатар, оқытудың инновациялық түрлері мен әдістемелерін әзірлеу арқылы қазақ тілін қашықтан оқытуды кеңінен енгізу көзделеді

Информация о работе Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы