Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2012 в 12:41, реферат
Өмірде көріп жүрміз, кейбір кісілердің өз бойындағы барлық кемшіліктеріне ата-анасы мен ұстаздарының дұрыс тәрбие бермеуі кінәлі деп санайтынын. Тіпті, олар оқуға түсе алмауын да, жақсы жарға кездеспеуін де, еңбек пен қызметте жолының болмауын да өзгелерден көреді.
Автор: Мақсұтбек СҮЛЕЙМЕН
Өмірде көріп жүрміз, кейбір кісілердің өз бойындағы барлық кемшіліктеріне ата-анасы мен ұстаздарының дұрыс тәрбие бермеуі кінәлі деп санайтынын. Тіпті, олар оқуға түсе алмауын да, жақсы жарға кездеспеуін де, еңбек пен қызметте жолының болмауын да өзгелерден көреді. Арақ ішіп, айқай-шу шығарып жүргеніне, ағайын, туған-туыс арасында беделінің жоқтығына, мінезіндегі мылжыңдық, өтірік -өсек айту, өмір салтындағы жалқаулық, жауапсыздық тәрізді жат қылықтарының бәріне де сылтау тауып, өзін сүттен ақ, судан таза етіп мізбақпайды. Бұл өзі дұрыс па?
інің жеке басы мәдениеті-нің төмендігіне, тәрбиесінің нәшарлығына ешкімді жаз-ғыруға қақысы жоқ. Мұның бәріне өзі де кінәлі. Өйткені адам жас кезінен-ақ өзін-өзі бағалай білуге, қатарынан қа- лып қоюға намыстанып, жақ-сылыққа қарай талпынуға, оңды мінез, ізгі ісімен ата-анасын қуантуға күш салуға тиісті. Адамның сана-сезімі күрт дами бастайтын осынау балғын шақтағы өзін-өзі тәр-биелеу айрықша маңызға ие.
Тек оған ата-анасының ыс- тық ықыласымен ықпал жасай білуі, сөйтіп, өзін-өзі жас- тай тәрбиелейтін дұрыс жол- ға салып жіберуі қажет. Ең бастысы, балада сана болсын. Осы орайда біздің да-нагөй бабаларымыз айтпайды ма: «Жаратқан Ием, бала бер. Бала берсең сана бер.
Сана бермесең, бір-бірлеп ала бер», -деп. Бәрі рас, бәрі дұ-рыс. Сана - әрбір жеке адамға тән дара қасиет, ол – пси-хиканың (жанның) ең жоғар-ғы түрі. Адам сана, ақыл-ойы арқылы дүниенің құпия сырларын ашады, оны танып-біледі. Сананың рухани қаси- еті өмір барысында қалып- тасып, нығаяды. Оған адам-ның өскен ортасы, қоғамдық қарым-қатынастар ықпал жа- сап отырады. Әлеуметтік – экономикалық, саяси жағдай- лардың өзгеруінен адамның санасы да біртіндеп жаңара- ды, әртүрлі күйге түседі, ең соңында өзгереді де. Сана- ның адам жанында басшы-лық жасамайтын құбылыс- тар жоқ. Тіпті, шығармашы-лық іс-әрекет те сананың қа- тысуымен жүзеге асырылады. Адамтану ғылымымен ай- налысушылардың пайымдау- ынша, адамның мінезін, ой- өрісін, сана-сезімін қалып-тастыратын үш жағдай бар. Олар: тұқымға тартушылық, қоршаған, өскен ортасы, өзін- өзі тәрбиелеуі. Алайда жа- маннан жақсының, жақсы-дан жаманның туатынын да, қандай ортада өмір сүрсе де, қандай азап-қайғы, мұқтаж-дықты тартса да өзінің ар-намысын жоғалтпайтын, мі- нез-құлқы өзгермейтін адам- дардың да болатынын мына өмірде көріп те, естіп те жүр-міз. Әйтеуір, адам жанының жұмбағы көп. Әрбір есі дұрыс, саналы адам – белгілі бір қоғамның мүшесі. Оның өзіндік ерекшеліктері дүние танымынан, түйсігінен, қабілеті мен мінез-қылығынан, талғам, талабы мен мақсат-мұратынан, ұстанған бағыт-бағдарынан, қоғамдық өмірге араласуы- нан айқын аңғарылады. Ол айналасындағы адамдармен қарым-қатынаста болу арқы-лы ғана жеке тұлға болып өсіп, шыңдалады, азаматтық парызы мен қарызын өтей алады. Тек оған жету жолы бұралаң, соқпақты. Жас нә-рестенің адам болып өсіп, жетілуі қызығу, еліктеу, талпыныс – тартысқа толы. Ол туралы ұлтымыздың ұлы ұс-тазы Ахмет Байтұрсыноа былай деген: «... Адам бала күнін- де тысқы ғаламдағы көз- ге көрініп, денеге сезіліп тұрған нәрселерді ғана танумен болады. Есі әбден кіргенше, өзгеден өзін айырмайды. Өзгенің істегенін істеп, дегенімен бо- лады. Есейген сайын өзі-нің өзгеден басқалығын біліп, өзіне ұнағанын іс- теп, ұнамағанын істемей, қиықтық шығара бастай- ды. Ержеткен сайын дү-ниенің ісіне өзінше сүйі-ніп, өзінше күйініп, өзінше жол тұтып, өзінше өмірі- не жол белгілеп, жақсы-лық, жамандыққа өз көзі-мен қарап, өзінше сынап, өзінше бағалап, өзінше пі- кірлейтін болады. Өз ал- дына мұңы, мұраты, мүд-десі болып, сол мұрат-мақ- сатына жету талабына кі- ріскен жерде тысқы ға-ламға тиісті жердің шегіне келіп, ішкі ғалам мен тысқы ғалам екеуі кездеседі. Сонда ішкі ғалам- ның ниетіне тысқы ға-ламның шарттары тура келмей, екеуі ілінісіп ұс-таса кетеді. Задында, тіпті мүддесі жоқ адам болмайды. Адам болған соң оның көңілі бір нәрсені тілемей тұрмай-ды; көңіл тілеуіне қарай бірнәрсе істемей тағы да тұрмайды. Көңілінің тіле-уі де, тілеуінің жолындағы ғамалы да адамына қа-рай түрлі болады. Ұсақ адамның мақсаты да ұсақ болады. Аз болсын, көп болсын, әркімнің мүддесі бар. Ұлы болсын, ұсақ болсын әр-кімнің мұраты бар».
Ахаң айтқан есейіп, ержету кезеңінен өткеннен кейін адам әртүрлі мақсат-мүддесі бар, әр қилы адам болып қа-лыптасады. Солардың ішінде жақсысы болу үшін адамға қойылатын басты талап: кісілік кілтін табу, ол үшін өзін-өзі тәрбиелей білу. Негізінен, әрбір адам өзін-өзі тәрбиелеу ісін дамытуы үшін жеке ба-сындағы түрлі қасиеттері мен қылықтарын талдап, таразы- лай алатын, қоғам мен еңбек ұжымы, туған-туыстары қоя-тын, талап ететін шарттарды, оған өз жауапкершілігін терең түсінетін және олардың қай-қайсына да ақыл-парасат кө-зімен қарауға өресі жететін деңгейде болуға тиісті.
Әлеуметтік көзқарас тұрғы-сында кәмелетке толған әр-бір ұл-қызға қойылатын бас- ты талаптардың бірі: олар өз кемшіліктерін, жеке басы мә-дениетінің төмендігін ата-анасынан, ұстаздарынан көруге, барлық кінә мен күнәні, жа-уапкершілікті оларға үйіп-тө- гуге, өзін жазықсыз пақыр етіп көрсетуге, жолы болмай жүргенін, адамгершілік қаси- еттерінің таяздығын (егер мо-йындай алса), ашуланшақ, қа- тал, ұрысқақ, бұзықтығын өмір жолында көрген қиындықта-рынан, отбасында болған тұр- мыстық жағдайдың ауыртпа-лығынан іздеуге, содан көру-ге қақысы жоқ. Себебі, әр- бір адам өзінің жан-дүниесі-нің, сана–сезімінің даму жолы- мен өз бетінше жүріп өтуге, оның күрделі соқпақтарында кездесетін қиындықтарды өз бетінше жеңуге тиісті, сол ар- қылы өзін-өзі тәрбиелеуге мін- детті. Әрине, бұлай өзін-өзі тәрбиелейтіндер: жақын адам- дарына бақыт сыйлағысы, оқу-да, еңбекте, шығармашылық жұмыста, ғылымда табыстан-табысқа жеткісі, отбасылық өмірде абыройлы, сенімді, ба= қытты жан болғысы келетін адамдар. Адам өзін-өзі тәрбиелеу, ал- дына биік мақсат-мүдде қою арқылы жеке басын, рухани байлығын, адамгершілік қаси- еттерін жетілдіре түседі. Сон- дықтан да өзін-өзі үнемі тәр-биелеуді әрбір адам өзінің өмірлік мұраты деп түсінгені абзал. Өзін-өзі тәрбиелеу ар- қылы жан-дүниесін жетілдіру оңай емес. Оған ұлы Конфу-цийдің өмірі, ұстанған бағыт-бағдары айғақ. Данагөй бұл орайда былай деп айтып кет- кен-ді: «Мен 15 жасымда пейілімді ілімге аудардым; 30 жа- сымда - өмірдің берік негізі- не ие болдым; 40 жасымда – күдіктен арыла алдым; 50 жа- сымда – Тағдыр жазуын та- ныдым; 60 жасымда – шын-дықты жалғаннан айыруды үйрендім; 70 жасымда жүрек қалауымен өмір кешіп, дәс-түр рәсімін сақтауды және қа- дірлеуді үйрендім». Ал, біздер – қазіргі заманның зиялы қауымы, аға-апа, іні-қарын-дастар Конфуций тәрізді тарихи тұлғалардай ұлы болмасақ та, соларға ұқсап тірлік кешу-ді мақсат-мүдде санаймыз ба? Әлде, ішкен-жегенімізге мәз болып, бейбақ пендешіліктен арыла алмай жүрміз бе?! Адам санасының қауырт дами бастайтын шағы оның өрімтал, балалық дәуренінде. Мінеки, өзін-өзі тәрбиелеуді үйрету, үлгі ету, қалыптастыру осы кезден басталғаны ләзім. Өзін-өзі тәрбиелеуде адамның өзін-өзі бағалай білуі, өзінің өз қадір-қасиетін тани білуі өте маңызды. Тек адамның өзін-өзі бағалауы мен талаптану күш-қайраты бір-бірімен тығыз байланыста екендігін ұмытпаған жөн. Рас, кейбір адамдар алғашқы сәтсіздік-тен соң, талаптанған ісін жол-жөнекей тастап та кетеді. Ал өзін-өзі бағалай білетін, алға қойған мақсат-мүддесіне жетуге ақыл-ой, күш-қайраты-ның жететіндігіне сенімді адам мұндай күйректік танытпайды. Олар қиындықтарды көрген сайын шарболаттай шыңдала түседі. Мұндай қасиет-негізінен, адамның өзін - өзі дұрыс тәрбиелей білуінің жемісі.
Қызғаныштан, күндеуден емес, қызығудан, таң қалудан айтамыз: өзін-өзі дамытуға құштарлық, өзінің кемшілікте- рін, әлсіз жақтарын жойып, жетпей жатқан қабілетін то- лықтыруға барлық ынта-ықы- ласын, қайраты мен төзімді- лігін сарп ету, сөйтіп, көзде-ген мақсатына қол жеткізу – туғанынан жарық дүниені көріп, дыбысты ес- туден мақұрым қал-ған кемтар адамдарда өте күшті. Оған атақ-ты шешен Демосфеннің өмірі нақты дәлел. Ол жас кезінде бір көрнекті шешеннің сөзін тыңдап, өзі де сондай болуды армандағанымен, бастапқыда халықтың күлкісіне қалады. Алайда оған жабырқап, жасымайды. Ол өзінің сөйлегенде дауысының ақырын шығаты-нын, сөзді дұрыс айтпайты- нын, денесін қалай болса, солай ұстайтынын сезіп, сол кемшіліктерінен құтылу мақ- сатында мынандай іс - әрекет-тер жасайды: дауысын күшей-ту үшін, демді терең алу үшін жүгіріп тауға шығады, ұзақ сөйлеуге жаттығады. Сөзді та- за, ашық айтып, үйрену үшін аузына ұсақ тас салып алады да, сол күйінде таза, анық ай- туға машықтанады. Жер астын- дағы ұрада ұзақ отырып, екі – үш ай шықпай, сөз өнерін үй- ренеді. Ұрадан шықпау үшін шашының жартысын алып тас- тайды. Мұндай күйде сыртқа шықса, өзін жұрттың масқа- ралайтынын, күлкіге қалаты-нын біледі. Осылай өзін-өзі тәрбиелеудің нәтижесінде Демосфен кейін атақты шешенге айналды.
Туғанынан соқыр, керең, мылқау Ольга Скороходова дейтін орыс қызының өзін-өзі тәрбиелеуі де таң қаларлық-тай. Өзін арнайы емханаға әкеліп жатқызғаннан кейін ол өз алдына мынандай мақ- сат қояды: «Мен сөйлеуге, оқи, жаза алатын сауатты болу- ға тиістімін». Үнемі өзін-өзі жігерлендіріп, еңбектенгендік-тен, қатты құштарлық таныт- қандықтан ол мақсат – мүд-десіне жетеді. Тіпті өлең, қы- зықты ғылыми еңбек, әңгіме-лер де жазады. Ольга Скороходова өзінің сөйлеп кеткенін, сауатты болғанын өзін-өзі тәрбиелей алғандығынан деп түсінеді. М.Горький оның әде-би қабілетін жоғары бағалап, хат жазысып тұрған. Көрмей, естімей қалай өлең жазуға болады деген сұраққа кезінде Ольга Скороходова тіпті өз өлеңімен былайша жауап қайтарыпты:
Басқаша ойлар, дыбыс ести білсе бұрын, Кім көрсе, күн – ай, жұлдыз төккен нұрын: - Көрмей қалай суреттер сұлулықты, Қалай ұғар естімей көктем сырын!?
Сеземін салқын менен шық түскенін, Сыбдырын жапырақтың ұс-тап білем. Кешқұрым бақты аралап мен жүремін, Қиялдауға даярмын, сөзді сүйем...
Ақылым – көрер көзім, сөзім – құлақ, Қиялыма еркін өмір сиып тұрад. Суреттесе көзі барлар сұлу- лықты, Күлімдей ме сәуледен ай-қынырақ.
Естімеймін, көрмеймін, мен де бірақ, Ұлы сезім жайлауы тұр жар-қырап. Икемді, сезімді, ұшқыр шабытпенен, Тоқыдым өмірге әсем өрнек құрап...
Ал енді Мересьевтің өмірін көз алдымызға елестетіп кө-рейікші. «Ол сағаттар бойына еңкейеді, шалқаяды, кеудесін жазып керіледі, екі бүйірін таянып алып, кеудесін бұ- райды, басын қозғайды. Оның аянбай жасаған қимылынан омыртқалары сытыр-сытыр етеді». Екі аяғы тізеден ке- сіліп, қозғалуы мұң болып жатқан ұшқыштың бұл қай- сар қылығы нағыз өмірсүр-гіштік, алдына қойған мақ-сат-мүддесіне жетуге деген құштарлық қой. Бұл да - өзін-өзі тәрбиелеп, ерік күшін шыңдаудың жемісі. Осыны ойлағанда, тепсе темір үзе-тіндей денсаулығы мықты, тұрмысы жақсы көптеген қа- зақ жігіттерінің мақсатсыз – мәнсіз өмір сүретініне, олар- дың маскүнемдіктен, шылым- қорлықтан, есірткіқұмарлық-тан арылуға ерік күшінің жетпейтініне, намыстанбайтынына, өзін-өзі тәрбиелеп, дұрыс жолға сала алмайтын дәрменсіздігіне қатты қина-ласың. Олардың мылқау, со-қыр, керең мүгедектер құр- лы қайрат таныта алмайты- нына намыстанасың, түңіле-сің... Алты алаштың арысы Жү-сіпбек Аймауытов былай де- ген ғой: «... Кісі іштен ту- ғаннан-ақ белгілі бір өнерге, қызметке икем болып туады; басқаша айтқанда, әр адамда бір нәрсеге талап, ыңғай, қа-білет, яки зеректік болады. Кімде-кім өзіне біткен ыңғайына қарай өз жолымен жүріп, қызмет етсе, өз басына да, әлеуметке де үлкен пайда келтірмек. «Өз орнында» істеген адамның жұмысы да өнімді, берекелі болмақ. Қайғы сол: өз жолын шу дегеннен тауып алатын адамдар сирек болады. Адамның көбі ана жолға бір, мына жолға бір тү- сіп, өмір бойы өз соқпа-ғын таба алмай, сенде- лумен күні өтеді. Өз жолымен қызмет істемеген адамның жұмысы бере- кесіз болғаны өз алдына, ондай адам ісіне көңілі жарымағандықтан өмір- ге, тағдырға налып, зар- ланып, бақсыз жан болып күнелтеді». Иә, ащы да болса шындық. Тек адам өмірде өз орнын таба білуі үшін Аллаһ Тағала өзін қан-дай жақсы іске, кәсіпке арнап жаратса, соны атқарып, соған өзін-өзі тәрбиелей білуі қажет.
Осы орайда әркім дана- гөйлердің мына бір ұлағат-ты сөздерін естерінен шы-ғармағаны абзал: «Егер ес-тілердің қатарында болғың келсе, күнінде бір мәртебе, болмаса жұмасында бір, ең болмаса айында бір өзіңнен-өзің есеп ал: Сол алдағы есеп алғаннан бергі өмірді қалай өткіздің екен... өзің өкінбестей қылықпен өткі-зіпсің бе? Жоқ болмаса, не қып өткізгеніңді өзің де білмей қалыппысың? » (Абай). «Өзіңді - өзің бағындыруға, өзіңе-өзің билік көрсетуге кішкентайыңнан үйрен. Құл-қың соқпаған, бірақ қажетті істі атқаруға өзіңді көндіре біл. Тиістіні тындыру – ерік, қайраттың бірінші қайнар бұлағы» (В. Сухомлинский). «Өзіңді-өзің тәрбиелеу үшін алдымен өзіңді-өзің қатал, әрі әділ сотыңа тарта білуің керек» (Н. Островский). «Адам өзіне-өзі бағынып, өзінің шешімдеріне бой ұсынып үйренуге тиіс» (Цицерон). «... адамның өзін-өзі тексеруі оның жан тұрмысының өркендеуіне түзу жолға тү- суіне бірінші шарт» (М. Жұ-мабаев). «Бақыт - әрбір адам ұмтылатын мақсат. Бақыт-тың мәні – парасаттылықта, әркімнің өз алдына игілікті мақсат қоя білуінде... адам-ның өз мінез–құлқын, іс-әре-кетін ерікті түрде өзгертіп, игілікке бағыттап отыруында» (Әл - Фараби).
Әрбір адам жарық дүние есігін ашып, «өмір» атты үлкен өзенге аяқ басады. Тіпті, ананың құрсағында жатқанда-ақ «тәрбие» атты кеме өмірдің тереңдігін түйсініп, өз жолыңды табуға септігін тигізеді. Халықта «ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда көмектесе алмайсың» деп бекерге айтылмаған. Өмірдің алғашқы баспалдағынан бастап әр адам отбасынан, қоғамнан, қоршаған ортадан тәрбие алады: жақсысын алып, жаманынан жиренеді.
Адамтану ғылымымен айналысатын ғалымдардың пайымдауынша, адамның мінезін, ой-өрісін, сана-сезімін қалыптастыратын үш жағдай бар екен: тұқымға тартушылық, қоршаған, өскен ортасы және өзін-өзі тәрбиелеу.
Адамның өзін-өзі тәрбиелеуі оңайлықпен қолға түспейді. Жеткіншек санасының оянуы, оның өзіндік «менін» сезіне бастауы Абай тілімен айтқанда, кісінің өзіне-өзі ұдайы есеп беруінен, өзін-өзі аңғара, байқай алу қабілетінен көрінеді.
Адамның өзін-өзі тәрбиелеуі жан мен тәнді үнемі шынықтырып, жаттықтырып отыруды тілейді. Өзіңнің жан дүниеңе терең үңіліп, дұрыс-бұрыстың аражігін ажыратудың өзі, меніңше, үлкен өнер. Сол өнерді игеріп, ерекше табандылық, шыдамдылық пен төзімділік таныта білген адамдар тарихта да көптеп кездеседі: ескі заманның аты шулы шешені Демосфен, америкалық соқыр, мылқау, керең Эллен Келлер, француз суретшісі Анри Ренуар, атақты композитор Бетховен, украин жазушысы Леся Украинка, керең, соқыр, мылқау ғалым Олеся Скороходова..тізе берсең мұндай тұлғалар жетерлік.
Сухомлинский: «Өзіңді-өзің бағындыруға, өзіңе-өзің билік көрсетуге кішкентайыңнан үйрен. Құлқың соқпаған, бірақ қажетті істі атқаруға өзіңді көндіре біл. Тиістіні тындыру – ерік, қайраттың бірінші қайнар бұлағы», – деген екен. Ал біз қазіргі қоғамда сол бұлақтың тамшысынан қаншалықты нәр алудамыз?!
Әр адамның жан дүниесі – ерекше сырлы, жұмбақ әлем. Біздің рухани байлығымызды жетілдіріп, бойымыздағы кемшіліктерден арылтатын ең күшті қару да тек адамның өз ерік-жігері екені сөзсіз.
Әдетте, өзін-өзі тәрбиелеуді көбіне ұнамсыз жайды сезініп, сонымен күресуден бастайды. Біреуі – бойындағы берекесіздіктен, екіншісі – дөрекіліктен, үшіншілер – бойындағы тұйықтықтан, ұялшақтықтан арылғысы келеді. Бұл тізімді жалғастыра берсек, шегіне жетуіміз екіталай сияқты.
Өзіңді тәрбиелеу үшін алдымен мақсат қойып, күш-жігер жұмсап, өзіңді-өзің бақылап, өз ісімізге талдау жасап отырғанымыз абзал. Ал психолог мамандар өз кезегінде өзін-өзі тәрбиелеудің бірнеше әдістерін көрсеткен. Олар – өзін-өзі сендіру, тексеру, жазалау. Осы мәселе төңірегінде М.Жұмабаев: «Адамның өзін-өзі тексеруі оның жан тұрмысының өркендеуіне, түзу жолға түсуіне бірінші шарт», – деп те айтып өткен екен.
Ғылым әдіс-тәсілдерді зерттеп көрсеткенімен, әр адам өз ыңғайына қарай жүгінеді. Тіпті, көре білген, түсіне білген адамға кез-келген оқиға сабақ болып, тәрбие беретініне ешкім күман келтіре қоймас.
Өмірде кемшіліксіз адам жоқ! Бұл – дәлелдеуді қажет етпейтін аксиома. Алайда, өз кем-кетігіне басқаларды кәналап, алдында таңдау тұрса да, «тағдырға» өкпе артатындар баршылық. Қадыр Мырза Али «Берерің болмаса да, беделің болсын»» деген екен. Ал оған талпыну да, жету де өзіміздің қолымызда. өзің жақсы болсаң, жалғыз бола қоймассың. Құдай бізді «жақсы», «жаман» қылып емес, «адам» қылып жаратқанын ұмытпағанымыз абзал! Адамның таңдаған жолы ұлы болмайды, оны ұлы ету де тек адамның өз қолында екенін естен шығармай, жақсы-жаман қасиеттерімізді таразылай білгеніміз жөн.
Информация о работе Адамның өзін - өзі тәрбиелеуі Бала кезінен бастау алуға тиісті