Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2012 в 21:55, реферат
Адам қызметінің әртүрлі саласында теорияның маңыздылығын ежелгі ойшылдарда айтып кеткен. Грек философы Анаксагор ''Практикалық іс-әрекеттің еркін өрістеуі мен үнемді болуы тек қана теориялық танымнан'', -деген. ''Әркім жақсы білгенінен данышпан'',- деп Сократ та текке айтпаған.
Жеке адам өмір шарттары мен қоғамдағы мінез-құлықты игерген адамның нәтижесі екендігі туралы ой необихевиоризмде пайда болған, мұнда тұлға ретті түрде талданған және әлеуметтік стимулдар жиынтығына деген әлеуметтік қолайлы жауаптар жиынтығы деп түсіндірілген. Жеке адам кейбір аралық, әлеуметтік емес сипаттағы айнымалылармен байланысты болатындығы мүмкін болды, бірақ олар шынайы ғылыми талдау пәні ретінде мойындалмады.
Ұстанымдар теориясында жеке адам индивидке күнделікті ықпал жасау арқылы қоғамды тудыратын, кейде саналы емес ұстанымдар түрінде қарастырылады. Түрлі ұстанымдарды жинақтай отырып, адам жеке адам болуға әдеттенеді. Оның санасында жеке адам болу қағидалы ұстанымы пайда болады.
Жеке адамның әлеуметтік концепцияларының бір тобы жеке адамға социогендік қажеттіліктер жиынтығы және қоғам тудыратын бағыттар түрінде қараумен байланысты. Қоғам жеке адамның дамуына әсерін тигізетін әртүрлі қажеттіліктерді тудыра отырып, дамиды.
Жеке адамға деген көзқарастардың даму диалектикасы жеке адамды ықшамдайтын схемаларын жеңу, оның жүйелік түсінуге өту жолымен іске асады.
Құндылықты бағыттар жеке адамның әлуметтік ұстанымы бола отырып, оның мінез-құлқын реттейді. Әлуметтік ұстамдар – бұл жеке адамның әлуметтік белгілі әрекеті нысанына сәйкес әрекет етуі. Құндылықтық бағыттар жоғары деңгейдегі әлуметтік ұстанымдар бола отырып, жеке адамның өмір сүру жағдайымен, құндылықтарымен, индивдтің жеке әлуметтік объектке және жағдайға деген ұстанамдарымен, жеке іс-әрекеттің реттейтіндігімен ерекшеленеді. Құндылықты бағыттар жеке адамның негізгі әлуметтік мүдделерін көздеп, оның қызметінің стратегиялық бағытын анықтайды. Құндылықты бағыттар индивидтің өмірлік позициясы, оның көзқарасы, адамгершілік қағидалары түрінде болады.
Адамға жеке
адам қызметін атқару бір жағынан аурытпалық
туғызса, екінші жағынан – бұл бақыт. Ауртпалық
болады, себебі, әлеуметтік қызметтерді
орындау оңай емес. Мысалға, жауапкершілік
қызметін алайық. Қайсібір әлуметтік қауымдастықтың
мүшесі бола тұрып жеке адамның бұл функцияны
орындамауы мүмкін емес. Ол дегеніміз,
индивидтің арасында байланыс орнату,
және екі жақты міндеттер қабылдау. Басқаға
деген жауапкершілігі бар жеке адам қауымдастықтың
өзіне де осы талапты қоюға құқылы. Бірақ
жауапты болу адамның көптеген қоғамдық
міндеттерді орындауында талап етеді.
Соның нәтижесінде өз қызметін, қажеттіліктерін
және мүдделерін шектеу.талаптарына сай
болуға мәжбүр.
Информация о работе Адам қызметінің әртүрлі саласында теорияның маңыздылығы