Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Ноября 2012 в 08:23, доклад
Windows стандартты программалары құрамына бір топ программалар жиыны кіреді. Олар әр адамға қажетті операциялық жүйе орындай алмайтын жұмыстардың орындалуын қамтамасыз етеді мысалы:
мәтіндік құжаттар дайындау;
графикалық бейне - көріністерді даярлау және оларды өңдеу, түзету;
жұмыс уақытын жоспарлау және ұйымдастыру;
Windows стандартты программалары құрамына бір топ программалар жиыны кіреді. Олар әр адамға қажетті операциялық жүйе орындай алмайтын жұмыстардың орындалуын қамтамасыз етеді мысалы:
Әдетте, бұл қосымша программалар «Стандартты» тобында орналасады.
Word Pad мәтіндік редакторы
Word Pad, Write – редакторлары күрделі мәтіндік құжаттарды дайындауға мүмкіндік береді. Алайда кейінгі шығып жатқан мамандандырылған мәтіндік редакторға қарағанда оның мүмкіндігі төмендеу болып келеді.
Қазіргі кезде кеңінен қолданылып, ең қуатты мүмкіншілігі мол деп тынылып жүрген мәтіндік редактордың жаңа түрлерімен кейінірек жұмыс жүргізетін боламыз. Word Pad редакторы мәтіндік құжатты пернелерде теріп, дискілерде сақтауға, оларды өңдеуге ішкі көрінісі мен қаріпін өзгертуге, құжат ішінде символдарды іздеу және ауыстыру әдістерін іскеасыруға, графиктік суреттерді қосуға, оның беттерінің параметрлерін өзгертуге және қағазға басып шығаруға мүмкіндік береді.
Блокнот
Блокнот - кішігірім мәтіндік файлдармен жұмыс істеуге арналған редактор. Оның мүмкіндігі көптеген қарапайым мәтіндік редакторлар мүмкіндіктеріне қарағанда төмендеу. Блокнот мәтінді форматтамай тек қана оның сөздерінен тұратын файлдарды дайындауды және дискіде сақтайды.
Калькулятор
Калькулятор - программасы бүгінгі күндері тіпті төменгі сынып оқушылары да кеңінен пайдаланатын компьютерлік калькулятор болып табылады.