Шпаргалка по "Программированию"

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2013 в 05:08, шпаргалка

Описание работы

1 Информатика ұғымы және оны қолданудың негізгі бағыттары
2 Информация мен мәліметтер ұғымдары
3 Информация түрлері мен информацияны тасымалдау
...
49.Қашықтан оқытудың білім саласындағы мақсаты мен міндеті.
50.Электрондық цифрлық қолтаңба ұғымы

Работа содержит 1 файл

1 bloook.docx

— 103.34 Кб (Скачать)

енгізілетін.

 

 

25.Операциялық жүйелердің түрлеріАтқаратын жұмыстарына қарай екіге бөлінеді:

1. Біртапсырмалы (однозадачная) - DOS2.  Көптапсырмалы (многозадачная) - Windows

Тұтынушы санына қарай  екіге бөлінеді:1. Біртұтынушылы (однопользовательский) - DOS

2.  Көптұтынушылы (многопользовательский) -Windows

Разрядтылығына қарай:1. 16-разрядты (DOS, Windows 3.1)2. 32-разрядты (Windows 98/ME)

Disk Operating System – 1981 ж. Microsoft жасап шығарды, оған дейін СР/M жүйесі болған. Ол біртапсырмалы, 16-разрядты тек мәтіндік командалармен істейтін. Ол кезде тышқан, сурет(иконка) болмаған. Сурет шықса да, DOS мәтіндік ОС болып қала берді.

Кемшілігі:1. Тек 640 Кб жад  көлемін пайдаланды.2. Бір ғана тапсырма орындалды.3. Графикалық (суреттерді) режимді  пайдаланбады. Windows 3.1/3.11/NT жүйелері1992 ж. Windows 3.0,1994 ж. Windows

3.1/3.11 шықты. Бұлар DOS жүйесінің негізінде жасалды. Бірақ көптапсырмалы, әрі графиканы пайдаланды. Кемшілігі: жиі тұрып қалатын еді.  1992 ж. Windows NT (New Technology)

шықты, ол желімен жұмыс  істеді. Бұл 32-разрядты тоқтамай, дұрыс  істейтін жүйе болды. Windows 95/98/2000/MEжүйелеріWin 95 - алғашқы мультимедиялық жүйе болды (дыбыс картасы, бейнетақшасы бар). Ол сыртқы, ішкі құрылғыларды өзі автоматты түрде анықтады. Бірақ бұл да тұрып қалатын.

Win 98 – Интернетпен өте жақсы жұмыс істеді. Батырмалар әдемі болды, мұнда өте көп драйверлер мен утилиттер жасалды.Win 2000 – желілерге және дербес компьютерлерге деп арналып жасалды. Мұның серверлік, клиенттік версиялары болды, мұнда Internet Explorer 5.0 жасалды.. Win ME (Millennium Edition) мұнда Internet Explorer 5.5 жасалды. DOS элементтері қолданылмайтын болды. Дискідегі көлемі 300-500 Мб, Win 98-ден 3 есе көлемді. Үй компьютерлерінде өте жақсы жұмыс істеді..

Win ХР (experience) ішкі дауыс ажырататын, командаларды дауыспен беретін мүмкіндік үшін жасалды. Мұнда интерфейс бапталады, яғни толығынан өзгертіле алады. Пуск менюі өзгертілді, тек жиі орындалатын командалар ғана шығады. Қалғандарын Басқа программалар (More programs)

деген жол арқылы шығарамыз. Басқару тақтасы басқаша жасалды. Компакт-дискілермен жай диск сыяқты жақсы жұмыс істейді. Қажетті  жедел жады көлемі – 128 Мб, 700-800 МГц  процессор және диск 1 Гбайттан артық  болуы тиіс.

26.ОС-тің ортақ  ұғымдары: бума,файл түсініктері Файл (file - бума, десте) белгілі бір атпен магниттік дискіде жазылған біртектес информациялар жиыны.Файл программадан немесе оларға қажетті берілген сандар тобынан, мәтіннен, суреттен тұруы мүмкін. Дискіде аттары әртүрлі көптеген файлдар болады. Файлдың толық атауы екі бөліктен қүралады: аты және типі. Файлдың аты – MS DOS жүйесінде 8 таңбаға дейінгі әріптен басталатын сандар мен латын әріптері жиыны (Windoows-те ол 255-ке дейін ұзартылған

және орыс, қазақ әріптері де қолданыста), ал оның 3 таңбадан аспайтын екінші бөлігі типі болып саналады,

типті файл атының кеңейтілуі деп те айтады. Windows-те файл типі суреттік белгішемен (значок) беріледі. Каталог  немесе бума (папка, folder)  – белгілі  бір ортақ қасиеттеріне қарай  бір магниттік дискіде орналастырылған  файлдар тобына қойылған атау, яғни бума аты. Каталогты компьютердің сыртқы жадының бір бөлігі немесе тарауы деп қарауға болады. Windows жүйесінде  каталог бума деп аталады, бұл  атау оның мән- мағынасын толығырақ  ашады. Әрбір каталогтың өзіндік  белгілі бір аты бар. Бір каталог  басқа каталогқа кіруі мүмкін, оңда ол басқа каталогқа бағынышты  каталог болады. Дискілерді форматтағанда,  онда автоматты түрде әртүрлі  мәліметтер жазылатын басты немесе түпкі каталогы (корневой каталог) ашылады.Бір  каталогқа аттары бірдей екі файлды орналастыруға болмайды,  оның соңғысы  жазыларда алдыңғысы бірден жойылып  кетеді,  бірақ аттас файлдар  әртүрлі каталогтарда орналаса береді.

 

27.ОС-тің ортақ  ұғымдары: Файл атрибуттары деп дискіде сақталып тұратынфайлдың сипаттамаларын айтады. Жалпы атрибут файл қасиеттерiн анықтайтын параметрлер, олар төртеу:Файл аты мен типі;

Файлдың жазылған немесе соңғы  өзгертілген мерзімі(дата мен уақыт);Файлдың  байтпен берілген көлемі; Файлдың  қорғаныс деңгейлері,  маңыздылығы:  Архивтi (Archive) файл – өзгертуге, өшіруге  болады;

Тек оқу үшiн (Read only) қолданылатын файл; Жасырын (Hidden) сақталатын, көрсетілмейтін файл;

Жүйелік (System) тек оқылатын, әрі жасырын сақталатын файлдар, ОСфайлдары. Файлдық құрылым

Компьютер дискiсiнде файлдарды  сақтау тәсiлiн файлдық жүйе деп  атайды. Диск бумасымен файлдарды  операциялық жүйенiң иерархиялық (сатылы) құрылым түрiнде кескiнделуiн  файлдық құрылым деп

немесе файлдардың бұтақ  тәріздес құрылымы деп атайды.

 

 

28.ОС-тің ортақ ұғымдары: Файлдар маршруты Файлдар бұтақ тәрізді күрделі түрде құрылса,  онда оның

тек өз атын ғана емес,  сонымен  қатар тұрған каталогын, оның басты  каталогпен байланысын,  дискісін көрсету  қажет.  Мұндай файлдың нақты тұрағын (адресін)  көрсететін ката-логтар тізбегін – маршрут немесе жол деп те атайды.  Сонымен,  файл толық түрде  мынадай элементтермен беріледі:1) дискінің аты, ол бірақ кейде көрсетілмей  де кетеді;2) бірінің ішіне бірі кіретін  каталогтар тізбегінің аттарынан

тұратын маршрут (ол да кейде  көрсетілмей кетеді);3) тізбекті аяқтайтын  файлдың өз аты (файл тізімдегі ең

соңғы каталогта орналасады). Файлдар маршруты атының көрсетілуі.Мысалы:С:\DEMO\VICTOR   немесе С:\SYS\AZAT \ALMA Сонымен файлдың  маршрутын немесе адресін  толық  көрсету үшін дискінің атын,  каталог  аттарының тізбегін, ең соңында файлдың  атын және типін толық көрсету  қажет. Жалпы ереже бойынша файлдың  толық аты төмендегідей болады.[дискінің аты:\] [маршрут\] файлдың аты[.типі] Файлдардың стандартты типтері Файлдың аты  немесе типі (Windows-те суреті,  белгішесі)

онда сақталынатын информацияның  тегіне,  мазмұнына, типіне қарап  беріледі. Файлдарды толық аттары бойынша айырып тануға мүмкіндік  беретін мына төмендегідей стандартты типттері бар:

.ASM - ассемблер тіліндегі  программа;.BAS - BASIC тіліндегі программа;.СОМ  - тікелей атқарылуға арналған  командалық файл;.DАТ - мәліметтер  файлы;.DОС - Word программасында дайындалған  құжат;

.ЕХЕ - ОС басқаруымен  атқарылатын файл;.РАS - Паскаль тілінде  жазылған программалық файл;

.ТХТ – Блокнот программасында  дайындалған мәтін.

 

29.Менің компьютерім (Мой компьютер) программасының қызметі мен құрылымы.Менің компьютерім программасында бүкіл компьютер көрініс табады. Оны ашып, пайдаланушылардың файлдары мен қапшықтарын, қатқыл дисктерді, алмалы -салмалы ақпарат тасушы құрылғыларды (Диск 3,5 (А),CD-дисковод), жүйе туралы мәліметтерді қарауға, жаңа программаны орнату, бар программаларды өзгерту немесе жоюға, баптаудың параметрлері мен басқару тақтасының көмегімен жүйенің мүмкіндіктерін өзгертуге, желінің басқа жерлеріне тез өтуге болады.

 

30.Сілтеуіш (Проводник) программасының қызметі мен құрылымы. Оны іске қосу жолдары.   Сілтеуіш – Windows-тың сатылы түрде ұсынылған дискілермен,компьютерлермен, файлдар және қапшықтармен жұмыс істеуге арналған арнаулы программасы.Оны іске қосу үшін Пуск–Программы–Стандартные–Проводник командасын орындаймыз. Сонымен бірге оны Жұмыс үстеліндегі кез келген бумада тышқанның оң батырмасын шертіп, ашылған жанама менюден Сілтеуішті (Проводник) таңдап іске қосуға болады. Сілтеуіш программасының жұмыс аймағы екі жаққа бөлінген: сол жағында –бумалар тақтасы дискілер мен бумаларды көрсетеді; оң жағы–сол жақтағы таңдалған бума не болмаса дискінің ішіндегісін көрсетеді. Сілтеуіштің көмегімен:

1.Дискідегі файлдардың  көшірмесін алуға, оларды басқа  орынға жылжытуға, өшіруге;

2.Компьютер желілерінде  байланыс ұйымдастыруға;

2.Таңдалған диск немесе  буманың ішіндегісін қарауға;

3.Файл–Создать–Папку/Ярлык  меню командасының көмегімен  жаңа бума немесе жарлықша  жасауға;

5.Программалық файлдарды  іске қосуға;

6.Дискеттерді форматтауға  және т.б. әрекеттерді іске  асыруға болады.

@ Word-ты іске қосу жолдары 1. Бас менюдің Іске қосу – Программалар – Mіcrosoft WORD  (Start  – Programs  – Microsoft Word) қатарында тышқанды шерту арқылы; 2. Wіndows жүйесінің Менің компьютерім немесе Сілтеуіш (Проводник)  терезелерінің бірін пайдалану арқылы (C:\Program Files\Microsoft Office\Office\Wіnword.exe) негізгі қолданбалы программа (Application) атын шерту.

3. WORD  редакторына бұрын дайындалған құжаттың белгішесінде тышқанды екі шерту арқылы – алдымен WORD программасы жүктеліп,  сонан соң көрсетілген құжат терезеге оқылады.4. Жұмыс үстеліндегі WORD  редакторының жарлығында тышқанды екі рет шерту арқылы (жарлық болмаса,  басқа

тәсілді қолдану керек), т.б.

 

 

 

 

31.Мәтін даярлайтын программалар Мәтіндік редакторлар – басқа программалар құрамына қосы-

лып, символдар тізбектерін  енгізу, түзету және сақтау жұмыстарын орындайтын программалар. Бұлардың мүмкіндігі шектеулі болады. Мәтіндік редакторлар: Блокнот, WordStar,Multiedit, NortonEditor, т.б.  Мәтіндік процессорлар – мәтіндерді енгізу, түзету және де оларды форматтау операцияларын  орындап, сурет, кесте салып, қате тексеретін, автоматты түрде тасымалдау іс-

терін атқаратын, мәтін мазмұнын жасайтын, т.б. іс-әрекеттер тізбегін орындай алатын программалар тобы. Бұларға Лексикон, Word, WordPerfect программалары  жатады. WordPad

программасы процессорлар мен  редакторлар аралығында орналасқан программа деуге болады. Мәтіндік процессорлар қуатты программа болғанмен  кітап, журнал жасауға ыңғайлы

емес. Мұндай мақсатта баспа  жүйелері қолданылады. Баспа жүйелерінің  негізгі жұмысы - кітаптағы мәтіндер мен суреттердің тігілетін беттері  есепке алынып, электрондық оригинал-макеттер жасау. Оригинал-макеттер лазерлік принтерлерде түссіз пленкаларға басылып, типографияға

беріледі. Үстелдегі баспа  жүйелері – мәтіндерге қоса графикалық бейнелермен толықтырылған, жоғары сапалы оригинал-макеттер жасап, типографияда кітаптар шығаруға арналған программа-

лар тобы. Бұларға PageMaker, QuarkXpress, Ventura Publicher тәрізді программалар жатады. Блокнот (NotePad) мәтіндік редакторы мен  болашақ кітап жасауға қажет  кез келген форматталған жазба құжат  даярлайтын қуатты Word мәтіндік процессорларының жұмыс ерекшелік-

терімен танысамыз.

 

32. Блокнот – кішігірім мәтіндік файлдармен жұмыс істеуге ар-налған редактор. Блокнотта көлемі 64 Кб-қа дейінгі ASCII кодтар форматында терілген мәтіндер даярланады. Оның мүмкіндігі төмендеу, бірақ қысқа хат жазып жөнелтуге өте ыңғайлы. Оның бір жақсы жағы – жедел жадта тіптен ешқандай орын алмайды десе де болады және басқа программалардың қатарласа жұмыс істеуіне ешбір кедергісін тигізбейді. Блокноттың жұмыс істеу принципі жалпы редакторлар жұмысына ұқсас, сондықтан оның кейбір командаларын қарастырып жалпы Windows программаларының мәтіндерді жасау, түзету және сақтау істерін үйренуге болады. Блокнот ерекшеліктері:бір ғана құжатпен жұмыс істейді; бар құжат бір ғана қаріп (шрифт) түрін және бір ғана көлемдегі символдарды пайдаланады; күнделік жүргізуге ыңғайлы (дата мен уақыт автоматты түрде енгізіледі). Блокнотта орындалатын іс-әрекеттер: 1. Пернетақтаның қалып көрсеткіші (раскладка клавиатуры)    Ru, En, Kk   Олардың бірінен біріне ауысу:   тышқанмен көрсеткіште (индикаторда) керектісін шерту;  Ctrl + Shift немесе Alt + Shift қос пернелерін басу.2. Мәтін бойынша тез жылжу:   керекті орынға көшу – тышқан сілтемесін сол орында шерту;

мәтін басына көшу – Ctrl + Home;  мәтін соңына көшу – Ctrl + End; көрсетілген  бағытта бір орынға жылжу –           бірін басу ;  бір сөз солға  – Ctrl +   ;  бір сөз оңға – Ctrl +   ; бір бет жоғары – PageUp немесе сырғытпа үстін шерту ;  бір  бет төмен – PagеDown немесе сырғытпа астын шерту;

осы жол басына – Home ;  осы жол соңына – End ; Қаріптерді (шрифтерді) таңдау Қаріп түрін (тип), сызылымын (начертание) және көлемін (рамер) таңдау үшін:  Правка – Шрифт командасымен Шрифт сұхбат терезесін ашамыз, Қаріп (Шрифт не Font) түрлерінің көбісінде  қазақ

әріптері жоқ. Қазақ әрпі бар қаріп түрі: Arial Unicode MS  Қаріп  стилі немесе сызылымы: Кәдімгі, Курсив (қисайтылған), Қалыңдатылған; Қаріп көлемі немесе мөлшері: 10 -12 пункт.    1 пункт = 1/72дюйм немесе 0,353 мм

 

 

33.Компьютерлік графика ұғымдары Графика – нақты немесе көзге елестетуге болатын объектілерді бейнелеу түрі.  Графика жасау процесі – суретшінің салған туындысы, инженердің сызған схемасы, баланың асфальтқа салған суреті, т.б. Компьютерлік графика – есептеу техникасы құралдарымен өңделіп көрсетілетін графика түрі. Графиканы бейнелеу үшін монитор, принтер және плоттер қолданылады. Компьютерлік графика үшін оны жасау және көру (визуализация) процестерін бөліп айтуға болады. Оны салғаннан кейін дискіге жазып сақтап қояды, көрер кезде экранға шығарады. Ал суретші салған суретте бұл екі процесс қатар орындалады, суретші сурет салады, әрі оны көріп отырады.  Суреттер бір форматқа сәйкес графикалық файлға жазылады. Графикалық формат – суреттік файлдарды ұйымдастыру тәсілі. Графикалық файл көлемі форматқа сәйкес өзгеріп отырады. Графикалық файл форматтары:   Растрлық формат - суреттердің жеке нүктелерден – түрлі түсті пиксельдерден тұрғызылуы. Пиксельдер экран жолдары бойынша реттеліп орналасады. Растрлық графикада экранның, принтердің айқындау қабілетінің (разрешающая способность) рөлі зор. Ол ұзындық  бірлігіндегі пиксельдер санымен – dpi (dots per inch) арқылы өлшенеді. Экранда 72 немесе 96 dpi қолданылады, ал лазерлік принтерде 100-200 dpi

(600-ге дейін) бола береді. Растрлық құрылғылар: сканер, бейнекамера,  цифрлық фотоаппарат.

Paint растрлық графика негізінде жасалған редактор. Кең тараған растрлық форматтар: BMP (Bit Map Picture), GIF, PCX, TIFF, JPEG Суреттерде векторлық формат жиі қолданылады Векторлық

формат – суреттер мен  схемалар матема-тикалық өрнекпен берілген шағын фигуралар арқылы тұрғызылады. Шағын фигуралар (примитивы) – сызық, эллипс, шеңбер, жұлдызша, көпбұрыш, т.б. Кең тараған векторлық форматтар: CDR (CorelDraw), DXF (AutoCad). Метафайлдық форматтар – растрлық және векторлық мәліметтерді сақтай алады. Олар әр түрлі типтегі программалар мен компьютерлер (IBM PC мен Macintoch) арасында суреттерді тасымалдау үшін қажет. Кең тараған метафайлдық форматтар: WPG, CGM. Растрлық суреттерді растрлық редакторлар, ал векторлық суреттерді векторлық редакторлар өңдейді. Растрлық редакторлар: Adobe Photoshop, Corel PhotoPfint . Векторлық редакторлар: CorelDraw, Adobe Illustrator, Xara.

Информация о работе Шпаргалка по "Программированию"