Мәтінді безендіру тәсілдері

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Апреля 2012 в 11:43, курсовая работа

Описание работы

Қазіргі әлемде көптеген мамандық иелерінің өкілдеріне столүстілік баспа жүйесі және бейнелермен жұмыс істейтін тәсілдер өте қажет. Бұл тираждауға даярланып арналған баспа өнімдерін дайындау және үлгілерін құрудың аппараттық және бағдарламалық құралдар жиынтығы. Алғашқы столүстілік баспа жүйелері Apple Computer фирмасы алғашқы жоғарғы сапалы баспаға шығарылатын лазерлік принтер құрастырған кезде 1980 жылдары дербес компьютерлердің негізінде пайда болды.

Содержание

1.Кіріспе
2.Қарапайым және блоктік мәтін
3.Фигуралық мәтін
4.Фигуралық мәтіннің жиекке түрленуі
5.Еркін пішіндегі объектіде мәтінді орналастыру
6.Мәтінді жиектің бойында орналастыру
7.Символдар
8.Қаріптің өлшемін таңдау
9.Тік және көлденең ығысу
10.Фигура инструментiмен символдарды жылжытут
11.Фигуралық мәтiндi контурға айналдыру
12.Фигуралық мәтiннің абрисi мен бояуы
13.Мәтінді контур бойынша орналастыру
14.Тұйықталмаған контурдағы мәтiн
15.Мәтiндi контурда редакциялау
16.Мәтіндік жақтаулар мен мәтіндік жиектердің байлануы
17.Қолданылған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

курсовая работа.doc

— 297.50 Кб (Скачать)

   “Страна чудес” фирмасының кәсiбi жайлы мәтiндi оның логотипiне орналастыру үшiн  Согеl DRAW-тың осы функциясын қолданайық. Алдымызда жиi кездесетiн жай —  мәтiн эллипс бойымен орналасқан. Сондықтан, жұмыс бастау үшiн мәтiн және эллипс керек болатыны белгiлi.

   1. Эллипстi оның контуры бiздiң  логотиптiң жұлдызының сыртқы  ұштарына тиiп тұратындай етiп  салыңыздар. Кейiннен бiз эллипстi  жасырын түрге келтiремiз.

   2. Мәтiн  (Техt ТооI) инструментiн таңдаңыздар.

   З. Эллипстiң жоғарғы нүктесiне тiнтуiр  нұсқағышын алып келiңiздер. Нұсқағыш түрiн  өзгертедi — вертикалды сызықтың төменгi жағында керек сызық пайда  болады, ол сызықта “А” әрпi салынған. Бұл енгiзу кезiнде мәтiннiң таңдаған контур бойында орналасатынын бiлдiредi. Тiнтуiрдiң сол жақ батырмасын шертiңiздер. Фигуралық мәтiндi енгiзу кезiндегiдей, экранда пернетақта көмегiмен енгiзiлген символдардың орнын белгiлейтiн енгiзу нүктесi пайда болады. 

   

 

   4. Қасиеттер  панелiнде Агiаl қарпiн және 8 пункт қарiп (шрифт) өлшемін таңдаңыздар.

   5. «Акционерное общество по производству  детских игрушек» деген мәтiндi енгiзiңiздер. Мәтiн теру барысында  эллипс контурының бойында орналасады. 

   

 

   Нұсқағыш (Рiсk ТооI) инструментi активтi болғанда контур бойында орналасқан мәтiндi баптауға болады. Егер бұл инструментпен мәтiндi контурмен бiрге таңдасаң, онда қасиеттер панелi оның кез келген параметрлерiн баптауға мүмкiндiк бередi. 

     

   6. Нұсқағыш (Рiсk ТооI) инструментiн  таңдаңыздар.

   7. Мәтiнде тiнтуiр арқылы шертiп, мәтiндi эллипспен қоса белгiлеңiздер. Ендi қасиеттер панелiнде контур үстiнде орналасқан мәтiндi реттеуге арналған инструменттер орналасқан.

   Жол контурға қатысты орналасуымен сипатталады.

   Горизонтальное  смещение (Ноrisontal Offset) енгiзу өрiсiнде нөлдiк мән берiңiздер. Ендi мән эллипстiң жоғарғы нүктесiне қатысты дәл тураланды.

   Жолдың  базалық сызығынан контурға дейiнгi қашықтық Растояние от кривой (Distance from Path) енгiзу өрiсiнде анықталады. Оң мәндер жолды жоғарылатады, терiсi — төмендетедi. 2 мм мәнiн берiңiздер.

   Стрелканы қолданып қашықтықты екi жаққа тiзбектеп  мәндердi өзгерту үшiн енгiзу өрiсiнiң  оң жағында орналасқан стрелкаларда тiнтуiрмен шертуге болады. Осы тәсiлмен шегiнiстi өзгертiп көрiңiздер және мәтiннiң  орналасуын бақылаңыздар.

   Ориентация  (Техt Оrientation) тiзiмiнде символдардың контур бойында орналасу тәсiлдерi берiледi. Үнсiз келiсiм бойынша әрбiр символ оның базалық сызығы қисыққа жанамамен осы нүктеде түйiсетiндей болып орналасады.

   Бұл тәсiл басқаларға қарағанда жиi пайдаланылады.

   Тiзiмнiң  басқа элементтерiн таңдап көрiңiздер және мәтiннiң орналасуының өзгеруiн  бақылаңыздар. Орналастырудың бiрiншi тәсiлiне тоқталылыңыздар.

   Горизонтальное  расположение (Техt Рlacement) тiзiмi габариттi тiкбұрыштың төрт нүктесiнiң бiрiн таңдау мүмкiндiгiн бередi. Мәтiн сол нүктеге қатысты ортаға дәл келтiрiледi. Фигураны қоршайтын габарит тiкбұрыштың жоғарғы төменгi сол және оң қабырғаларының ортасына қатысты жүргiзiледi. Эллипстiң төменгi жағы бойынша орналастыру нұсқасын таңдаңыздар. 

   Тұйықталмаған контурдағы мәтiн 

   Егер  мәтiн тұйықталмаған (ажыратылмаған) контурда орналасқан болса, онда тiзiм  туралаудың үш нұсқасын ұсынар едi: қисық  сызықтық басынан, соңынан, ортасынан.

   С другой стороны (Рlасе Техt оn Оther Side) батырмасы әдетте мәтiндi эллипстiң төменгi ширегiне орналастырғанда қолданылады. Ол мәтiндi орналастыру бағытын керiсiнше өзгертуге мүмкiндiк бередi. “Солдан оңға” дегендi “оңнан солға” дегенге және керiсiнше. Бұл батырманы басыңыздар да нәтижесiн бағалаңыздар.

   Қасиеттер панелiнде қарастырылғандардан басқа да басқару элементтерi бар. Вертикальное расположение (Vertiса1 Р1асеment) тiзiмi мәтiн жолының контурдан шегiнiсiнiң — базалық сызығы бойынша, төменгi шығынқы элементтерiнiң сызығы бойынша бекiтiлген мәнiн таңдауды ұсынады. Образцы (Ргеsents) тiзiмiнiң бiрнеше дайын мәтiндi орналастыру нұсқасы бар. Үлгiнi таңдап алып тiнтуiрдi шертумен контурдағы мәтiнге үлгiде сақталынған сипаттамалар берiледi. Тiзiмге өздерiңiздiң меншiктi үлгiлерiңiздi орналастыру үшiн тiзiмнiң жанындағы “плюс” батырмасын шерту жеткiлiктi. Сохранить как (Save as) диалогтық терезесi ашылады, ендi оған үлгiнiң атауын енгiзу керек. ОК батырмасында шерткеннен кейiн жаңа үлгi тiзiмге кiредi. Бағдарламаның инструменттерiнiң көбi үлгi тiзiмдерiмен қамсыздандырылған.

   Орналастырғаннан  кейiн мәтiн мен контур өзара  қозғалмалы байланыста болады:

   1. Мәтiндi де, контурды да белгiлеңiздер. Ол үшiн мәтiнде Нұсқағыш (Рick ТооI) инструментiн шерту керек.

   2. Манипуляторды тасымалдап, белгiленген  күрделi объекттi масштабтаңыздар. Құрауыштың екеуi де пропорционалды түрде масштабталынады.

   З. Ендi контурсыз, тек қана мәтiндi белгiлеңiздер. Ол үшiн Сtrl пернесiн басып отырып, мәтiнде шерту керек. Мәтiн белгiлендi, ал контур белгiленген жоқ. Қасиеттер  панелiнде фигуралық мәтiндi басқару элементтерi пайда болғанына назар аударыңыздар.

   4. Мәтiннiң параметрлерiн өзгертiңiздер, мысалы, кегльдi кiшiрейтiңiздер, қарiптi ауыстырыңыздар. 

   Мәтiндi контурда редакциялау

   Мәтiн (Техt ТооI) инструментiн таңдаған соң контур бойында орналасқан мәтiндi кез келген басқа мәтiн сияқты редакциялауға болады.

   Ендi мәтiнсiз, контурды ғана белгiлеңiздер. Ол үшiн мәтiнде емес, дәл контурда шерту керек. Эллипстi масштабтаңыздар. Мәтiннiң символдарының пiшiмделуi өзгермейдi, бiрақ оның жолы эллипстi масштабтағаннан кейiн автоматты түрде өзгертiлген контур бойында орналасады.

   Мәтiндi контурда орналастыру операциясы, басқа  операциялардың көбi сияқты керiсiнше  де орындалады. Мәтiннiң қисайтылған  жолын одай үзуге болады, сондай-ақ қайтадан түзетуге де болады.

   1. Нұсқағыш (Рiсk ТооI) инструментiмен контур мен мәтiндi белгiлеңiздер.

   2. Монтаж (Arrange) менюiндегi Отделить текст (Вгеаk Техt Арагt) командасын тандаңыздар. Ендi мәтiн өз контурынан ажыратылды, оларды тәуелсiз түрде жылжытуға және өзгертуге болады. Мұны эллипстiң өлшемiн кiшiрейтiп, сонан соң оны басқа орынға жылжытып, тексерiңiздер

   З. Эллипстi масштабтауды және жылжытуды  болдырмау әрекетiн орындаңыздар.

   4. Нұсқагыш (Рiсk ТооI) инструментiмен мәтiн таңдаңыздар. Мәтiн (Техt) менюiндегi Выпрямить текст (Straighten Text) командасын таңдаңыздар. Мәтiннiң жолы түзетiлдi.

   Согеl DRAW-да жұмыс iстеу тәсiлдерi өте ыңғайлы  болып келедi. Мiне, контур үстiне мәтiндi орналастыру мәселесi де әр түрлi тәсiлдермен  орындалады.

   1. Түзетiлген мәтiн мен эллипстi  қатар белгiлеңiздер.

   2. Мәтiн (Техt) менюiндегi Расположить текст по контуру (Fit Техt То Раth) командасын таңдаңыздар. Мәтiн эллипстiң жоғарғы жағына қатысты ортаға дәлденген. Бұл логотиптiң қажеттi түрi болып табылады.

   Эскиздердi жасағанда, егер өлшемдердiң абсолюттi мәнi маңызды емес болғанда, мәтiндi интерактивтi түрде жылжыту мүмкiндiгi өте қолайлы болады.

   1. Нұсқағыш (Рiсk ТооI) инструментi активтi болуы керек. Мәтiннiң сол жағында шағын қызыл ромб бар, ол контурдағы мәтiннiц глифі. Глифтi тасымалдаңыздар. Мәтiн сәйкес жылжиды. Эксперименттеп көрiңiздер.

   2. Ендi контурсыз, тек қана мәтiндi белгiлеңiздер. Нұсқағышты мәтiннiң  символдарының бiрiне орналастырыңыз  да оны тасымалдаңыз. Мәтiн нұсқағыштың  артынан контурдың iшiне немесе  сыртына қарай ығысады. Осылай  контур мен жолдығ ара қашықтығы өзгертiледi. Егер мәтiндi контурға параллель түрде тасымалдаса, ол көлденең жылжиды. Бұл жұмыс тәсiлiн де сынап көрiңiздер.

   З. Мәтiннiц интерактивтi жылжуын болдырмау  әрекетiн орындаңыздар.

   Мәтiн  ағымдағы белгiленген объект болып  тұрғанда, онымен байланыстағы контурға тиiспей, бояу мен абрис тағайындауға болады.

   1. Түстер палитрасының көк түсiнде  тiнтуiрдiң сол жақ батырмасымен  шертiңiздер, мәтiн көк түске боялады.

   2. Логотип үлгiсiнде мәтiн эллипс  контуры бойында орналасқан, бiрақ  контурдың өзi көрiнбейдi. Ctrl батырмасын басып тұрып, эллипстi белгiлеңiздер. Түстер палитрасындағы қиғаш крестпен белгiленген үлгiде тiнтуiрдiң оң жақ батырмасымен шертiп, абристi алып тастаңыздар. Эллипс алдымызда жасырын күйде болып бейнеленедi, яғни көрiнбейдi. 
 

   

 

   Қызмет  объектiлерiн жою 

   Эллипстi мүлде жойып тастауға болады. Ол үшiн оны белгiлеп, сонан соң  Delete пернесiн басу керек. Дегенмен, редакциялауды аяқтағанына қызмет объектiлерiн жоюдың қажетi жоқ. 

Мәтіндік  жақтаулар мен  мәтіндік жиектердің байлануы

       Мәтіндік  жақтаулар мен жиектерді байланыстыру үшін абзацтық мәтіннің мәтіндік жиектің  жоғарғы және төменгі шекарасында  орналасқан белгілегішті қолдану қажет. Pick құралының көмегімен мәтіндік блокты ерекшелеу керек, содан соң белгілегішті шерткенде меңзерді «көрсеткіші бар бетке» айналдырады. Осындай меңзерді графикалық объектіге немесе ашық жиекке немесе басқа бір мәтіндік жақтауға орналастырғанда ол өзінің пішінін шертуі объектіні немесе байланысқан мәтіндік блок ретіндегі жиекті бекітетін көрсеткішке өзгертеді көрсеткішке өзгертеді.  Егер «көрсеткіші бар бет» түріндегі меңзерді беттің бос орнында шертсек, онда автоматты түрде ағымдағы беттің өлшеміндей жаңа теру аймағы құрылады. Осы меңзердің көмегімен қажетті өлшемде терудің жаңа жолағын сызуға болады.

       Байланысқан мәтіндік блокты ерекшелеу кезінде  экранда мәтінмен қиылысудың (перетекание) бағытын көрсететін көрсеткіш шығады. «Перетекание» функциясы мәтіндік блоктарды әр түрлі беттерде орналастыруда қолайлы. Жұмыс үрдісінде мәтін ағынының бағытын бір объектіден келесісіне өзгертуге болады. Абзацтық мәтіннің байланысқан блоктарын пайдалану кезінде бағдарламада мәтінді пішімдеудің ыңғайлы басқару қарастырылған. Байланысты үзу үшін Arrange (Басқару) менюінен Separate (Бөлектеу) командасын таңдау керек.

       Графикалық  объектілерді мәтінмен сүйірлеу. Объектіні сүйір түрінде объектіде орналастырып және тышқанның оң жақ батырмасын басып, Wrap Paragraph Text (Абзацтік мәтінмен сүйірлеу) командасын орындап сүйірленген түрінде белгілеуге болады. Және құралдық жолда тура сол сияқты команда бар. Объектілер  мен мәтіннің арасындағы қашықтықты өзгертуді төмендегідей етіп өзгертуге болады: объектіде тышқанның оң жақ батырмасын басу қажет, содан кейін Properties (Қасиет, Свойства)→ Object Property (Объектінің қасиеті, свойства объекта) тақтасында General (Жалпы, Общие) қосымшасын ашу және Text wrap offset (Мәтінмен сүйірлеуді ығыстыру) өрісінде қажетті мәнді орналастыру.  

         ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

              1. Панкратова Т.В. Настольная издательская система Adobe PageMaker /Т.В. Панкратова. – М.: Издательство «ЭЛИОТ» - «ПРИОР», Москва, 1998
              2. Миронов Д. CorelDraw 9: учебный курс/Д.Миронов. СПБ.: Издательство  ««Питер», 2000. -464с.: ил.
              3. Глушаков С. В., Кнабе Г.А. Adobe для дизайнера / Шеф-редактор С.В. Глушаков; Худож.-оформитель А.С. Юхтман. – Харьков: Фолио, 2002. – 696 с. – (Учебный курс).
              4. Апышева Х.К. Графический редактор «COREL DRAW 9» / Х.К.Апышева, З.З. Оразалина / ВКГУ. – Усть-Каменогорск: Издательство ВКГУ, 2003. – 93 с.
              5. Апышева Х.К. Первые шаги в PageMaker: учебно-методическое пособие, - Усть-Каменогорск, 2002. – 68 с.
              6. Журнал Информатика и образование, № 8-1999
              7. Кириленко А.П. Самоучитель по компьютерной верстке /А.П.Кириленко. – Киев: Издательская группа BHV, 2000. – 608 с., ил.
              8. Тайц А. Самоучитель CorelDraw9/А.Тайц, А.Тайц. СПБ.: БХВ - Санкт-Петербург, 1999.-688с.: ил.
              9. Понамаренко С.И. CorelDraw9/С.И.Понамаренко. СПБ.:БХВ-Санкт-Петербург, 2000. -560с.:ил.

Информация о работе Мәтінді безендіру тәсілдері