Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Сентября 2013 в 19:23, курсовая работа
Өрнектерді өңдеуде дәстүрлі Паскаль, Бейсик программалау тілдері жиі пайдаланылады.Қазіргі кезде кеңінен қолданылатын программалау жүйесінің бірі – Turbo Pascal. Turbo Pascal - жоғарғы деңгейлі программалау жүйесі.Оның тұңғыш нұсқасын 1970 жылы швейцария физигі Никлаус Вирт ұсынған.Автор тілді алғашқы арифметикалық есептеу машинасын жасаған французды ұлы ғалымы Блез Паскальдің құрметіне Паскаль деп атап,тіл атуын үнемі бас әріппен жазылуын сұраған.Кейіннен тілді көптеген нұсқалары жарық көрді.Солардың ішінде, 1983 жылы Борланд корпорациясының қызметкері Андерсон Хейлсбергтің қосқан үлесі өте зор болды.Оның жетекшілігімен құрылған программа үлгісі – Турбо Паскаль програмалаушыларының арасында үлкен сұранысқа ие. Андерсон Хейлсбергті жасаған нұсқасы СР / М операциялық жүйесіне негізделген. Турбо Паскаль-дің жоғарғы деңгейлі логикалық құрылымы әр түрлі есептерді дәл шешуге көмегін тигізеді.
Кіріспе............................................................................................................2
1.1.Турбо Паскаль туралы түсінік...............................................................2
1.2.ТП жүйесінің ерекшеліктері..................................................................2
1.3.ТП-да жұмыс істеу..................................................................................3
Негізгі бөлім.................................................................................................4
ТП-ғы типтердің жіктелуі..................................................................4
Массив.................................................................................................4
Массив элементтері үшін жазылатын өрнектер.............................8
Массивтерге мысал есептер...............................................................9
Екі өлшемді массивті сипаттау........................................................10
Екі өлшемді массивті енгізу және шығару....................................12
Екі өлшемді массивтерге мысал есептері.......................................13
Есеп 1................................................................................................................14
а) есептің берілгені......................................................................................14
ә) есептің алгоритімі...................................................................................14
б) программа бөлімі....................................................................................15
в)программа нәтитжесі ..............................................................................16
Есеп 2................................................................................................................17
а) есептің берілгені......................................................................................17
ә)есептің алгоритімі....................................................................................17
б) программа бөлімі....................................................................................18
в)программа нәтитжесі...............................................................................19
3. Қорытынды...................................................................................................20
4. Қолданылған әдебиеттер.............................................................................21
Мазмұны
1.1.Турбо Паскаль туралы
түсінік.......................
1.2.ТП жүйесінің
1.3.ТП-да
жұмыс істеу...................
Есеп 1.............................
а) есептің берілгені.....................
ә) есептің алгоритімі.........
б) программа бөлімі...........
в)программа нәтитжесі
..............................
Есеп 2.............................
а) есептің
берілгені.....................
ә)есептің
алгоритімі....................
б) программа
бөлімі........................
в)программа
нәтитжесі.....................
3. Қорытынды.....................
4. Қолданылған
әдебиеттер....................
Кіріспе
Өрнектерді өңдеуде дәстүрлі Паскаль, Бейсик программалау тілдері жиі пайдаланылады.Қазіргі кезде кеңінен қолданылатын программалау жүйесінің бірі – Turbo Pascal. Turbo Pascal - жоғарғы деңгейлі программалау жүйесі.Оның тұңғыш нұсқасын 1970 жылы швейцария физигі Никлаус Вирт ұсынған.Автор тілді алғашқы арифметикалық есептеу машинасын жасаған французды ұлы ғалымы Блез Паскальдің құрметіне Паскаль деп атап,тіл атуын үнемі бас әріппен жазылуын сұраған.Кейіннен тілді көптеген нұсқалары жарық көрді.Солардың ішінде, 1983 жылы Борланд корпорациясының қызметкері Андерсон Хейлсбергтің қосқан үлесі өте зор болды.Оның жетекшілігімен құрылған программа үлгісі – Турбо Паскаль програмалаушыларының арасында үлкен сұранысқа ие. Андерсон Хейлсбергті жасаған нұсқасы СР / М операциялық жүйесіне негізделген. Турбо Паскаль-дің жоғарғы деңгейлі логикалық құрылымы әр түрлі есептерді дәл шешуге көмегін тигізеді.
Turbo Pascal жүесінде қарапайым есептерді шешудің программасынан бастап, күрделі мәліметтер қорын құрудың сан қырлы жұмыстары жүргізіледі.Қарапайым тіл құралымының ережелері мен арифметикалық өрнектердің Паскаль тілінде жазылуы өте жеңіл.Паскаль тілі өзінің қарапайымдылығының және тиімділігінің арқасында дүние жүзіне өте тез таралды.Паскаль тілінде жазылған программаның дұрыстығы компьютерде жеңіл тексеріледі жіберілген қате тез түзетіледі.Қазіргі кезде Паскаль тілі кез келген күрделі есептерді шығара алатын, кең таралған стандартты оқып үйрену тіліне айналды.
Паскальді көп пайдаланылатын Турбо Паскаль нұсқасының басқа жоғары деңгейлі программалау тілдері сияқты, Паскальдің өз алфавиті, синтаксисі, семантикасы (яғни, жазу түсіндірмелерінің ережесі) бар.Алфавит - программада пайдаланылатын түрлі символдар (әріптер, сандар, табалар), синтаксис – машинаның іс-әрекеттерін анықтайтын нұсқауларды, функцияларды, деректер мен өрнектерді жазу ережелері.
Турбо Паскаль ерекшеліктері:
Турба Паскальда жұмысты орындау үшін:
Begin түйінді сөзінен басталып, барлық
атқарылатын операторлар
Турбо Паскаль тіліндегі программа жалпы мына түрде жазылады:
Программа тақырыбы;
Сипаттау бөлімі;
Begin;
Орындалатын бөлім;
End;
Негізгі бөлім
Turbo Pascal -да берілгендердің типтерін екі үлкен топтарға жіктеуге болады:
1.Қарапайым типтер (скалярлық);
2.Құрылымдық типтер (структуралық);
Скалярлық типтер екіге бөлінеді:
1.стандартты:бүтін, нақты, логикалық, символдық;
2.пайдаланушылар типтері;
Структуралық типтер 4-ке бөлінеді:
Массивтер
Алгоритмді құрастыруда
оған керекті деректерді қалай
ұйымдастырылғаны туралы: реттелген,
нөмірленген т.б. білуіміз
Мәліметтерді ұйымдастыру
тәсілдерінің кең тараған түрі
– кестелік тәсіл.Кестелік
Қарапайым типтер қатарына жататын стандартты және қолданушылар типтерінде бір айнымалыны сақтау үшін, негізінен копьютер жадысының бір ғана ұяшығы қолданылады.Бірақ көптеген программалау есептерінің шешімін табу барысында әрбір элемнтті деректерін жеке айнымалыға сақтау орнына оларды тізбектеп бір жерде сақтау анағұрлым тиімді болып табылады.
Мәліметтерді ұзындықтары бірдей бірнеше қатарлардан тұрғызып орналастыру тәсілін кестелік деп атайды.Кестеде бір ғана жол болуы мүмкін.Мұндай кесте сызықтық деп аталады.Бірнеше жолдардан тұратын кесте тіктөртбұрышты кесте деп аталады. Сызықтық және төртбұрыштық кесте элементтерімен жұмыс істеу үшін оларды бір ережеге сәйкес белгілеп алу керек.Кесте элементтерін белгілеуде латын әріптері қолданылады.Кесте жолдарын жоғарыдан төменге қарай,ал бағаналарды солдан оңға қарай белгілеу қабылданған.
А сызықтық кестесінің і- орнында тұрған элементі А[і] болып жазылады, ал тіктөртбұрышты Х кестенің i-ші жолы мен j-ші бағанасының қиылысында орналасқан элемент Х[і,j] болып белгіленеді.Мысалы,төмендегі А кестесінде:
7 2 3 34
4 5 0 -3
1 3 8 1,2
А[1,1]=7, А[2,3]=0, А[1,3]=3, А[2,4]=-3.
Программалау
тілдерінде кестелік
Бір типтес берілгендерден құралып, барлық элементтеріне бір ортақ атау берілген жиынды массив деп атаймыз.Массивтардың негізгі параметрлеріне оның типі : сандық, символдық, логикалық; өлшемі : бірөлшемді, екіөлшемді т.с.с.; және көлемі : жиымдардың әрбір өлшемдегі элементтерінің саны жатады.Массив элементтері нөмірленген айнымалылар болып табылады.Айнымалы аты массив атымен бірдей болады.Тұрмыста тізбектелген сандарды, кестелердің реттелген жолдарын, фамилия тізімін көп пайдаланамыз, оларды бір өлшемді, яғни бұл массивке мысал ретінде векторларды қарастыруға болады.Ал егер массивке кестелік берілгендер жазылса (матрица) , онда элементтері екі индекс бойынша нөмірленеді.
Паскаль тілінде қарапайым айнымалалармен қатар массив түрінде біріктірілген айнымалылар да кездеседі.мысалы, нақты сандардан құрылған төмендегі тізбекті
1.6, 14.9, -5, 8.5, 0.46, 2.25, -9.85, 6.27, 5.7, -3.2
бірөлшемді массив деп, оған А деп атау беруге болады.Массивтің әр элементі массивтің атымен белгіленеді де, тік жақша ішіне оның индексі қойылады, массив элементтері индекстері бойынша реттеліп жазылады.Математикада массив вектормен көрсетіледі .Массивтің кез келген элементін оның реттелген нөмірін, яғни индексін көрсету жолымен пайдаланамыз.Индекстер нақты типтен басқа кез келген скалярлық тұрақты немесе өрнек күйінде бола береді.Массив элементтерінің саны оны индексінің мәнімен және олардың өзгеру аралығымен анықталады. Массив типі – күрделі тип.Массивті бірқалыпты анықталатын регулярлық тип деп те атайды.Массив элементтері және оны атауын белгілеу алгоритмдегі белгілеумен бірдей.
Массив сипаттамалары:
Массивтер элементтерімен жұмыс жасау барысында, массив атаунан кейін міндетті түрде тік жақшаға алынған индекс көрсетіледі.Индекс ретінде сандар қолданылады.Массивтерді қолдану үшін оларды типтер (type) немесе айнымалыларды сипаттау (var) бөлімінде хабарлануы қажет.Массивті сипаттау үшін аrrау оf сөз тіркесі қолданылады.
Оның жазылу пішімі:
type <тип аты> = аrrау [ < индекс типі > ] оf < элемент типі > ;
var < идентификатор, ... > : <тип аты> ;
Мұндағы аrrау (массив), оf (-дан, -ден, -тан, -тен ) – түйінді сөздер;
[ < индекс типі > ] – real , integer базалық типтерінен өзге кез келген стандартты тип, яғни индекстің типі ретінде шектеулі саналатын,. Логикалық және литерлік типтер пайдаланылады; < элемент типі > - құраушылар (элемент) типі, яғни Паскаль тілінде пайдалануға болатын массив элементтерінің типі.
Бұдан программада массив пайдаланылатын болса, онда ол var айнымалы бөлігінде немесе type тип бөлігінде сипатталуы қажет.type бөлігінде массивтің типі көрсетіледі де, одан соң айнымалы var бөлігінде осы типке жататын массивтер немесе олардың тізімі көрсетіледі.Массивті type бөлігінде сипаттау программа көлемін үлкейтеді, бірақ программаны тез түзетудің, онда қате жібермеуді мүмкіндігі молдау болады.
Мысалы, программада нақты 40 элементтерден тұратын А массиві пайдаланылатын болса, онда оны тип бөлігінде былай сипаттайды: