Инфляция жағдайындағы баға белгілеу

Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Апреля 2012 в 00:12, реферат

Описание работы

Инфляция: мәні, турлері және себептері
Қазақстандағы баға саясатының дамуы
Қазақстанда монополистердің баға белгілеуі

Работа содержит 1 файл

8, 9 лекции.docx

— 41.28 Кб (Скачать)

    3. Бағаның негізгі элементі өзіндік  құн, ал оның құрылымының маңызды  бөлігін материалды шығындар  құрайды. 

    Нарықтық  экономика жағдайында сұраныс нарық  экономикасының өзгеруіне әсер ететін негізгі фактор. Баға мен нарықтық сұраныс арасында тығыз тәуелділік  бар. Ол бір-бірі мен кері пропорционал байланыста болады.Тұрғындардың сатып  алу қабілеттілігі олардың ақшалай  табысына байланысты Ақша өрісінің жағдайы. Бұған кіретіндер: ақша көлемі, инфляция деңгейі, оның серпіні, ұлттық ақша бірліктерінің  және валюталық бағамдарының қозғалысы  және т.б.жатады.Бәсеке. Ол бағалық және бағасыз болады.

    Бағалық бәсеке - тауардың бағасын өзгерту  арқылы бәсекелік күрес жүргізеді. Бағасыз бәсеке – тауар сапасын  оның ерекше қасиеттерін, қауіпсіздігін, қызметін, әсемділігімен және дизайны  тағы басқа сиапттарын жақстарту  арқылы жүргізеді.

    Бағаларды мемлекеттік  реттеу. Бұл реттеу тікелей (табиғи монополия бағасын  реттеу және келісімді бағалар белгілеу) және жанама түрде жүргізіледі.Табиғи монополияға:

    - құбыр арқылы газ және мұнай  тасмалдайтын;

    - газ өндейтін;

    - көмір өндіретін;

    - теміржол және байланыс;

    - электр қуаты;

    - су шаруашылығы жүйелері;

    - коммуналды шаруашылық саласында  қызмет ететін кәсіпорындар;

    Қазақстанда оларға ҚАЗ ТРАНСГАЗ, Қзақстан Теміржолы, ҚазақТелеком, Водаканал Әуежай, т.б  жатады.

    Табиғи  монополия бағаларын қалыптастырған кезде монополияға қарсы органдар өнімнің бірлігін шығаруға кететін  шикізаттардың материалдарының  және энергия шығындарының бекітілген мөлшерінің бар жоғы олардың дұрыс  қодлдануын,пайданың және бөліну тәртібін тексереді.

    Жанама  реттеуге: салық сомасын міндетті төлемдер және айыппұлдар мөлшерін белгілеу, мемлекеттік  бағаны белгілеу бір  элементерге әсер етеуі сонымен  қатар ақша- несие саясатын реттеуі  жатады. Тауар сапасы. Жоғары сапа - жоғары баға.Тасымалдау. Ол негізі жоғары болса,  тауардың әр данасына кететін  шығындар соғұрлым аз болғаны. Бағаны төмендетуге мүмкіндік береді.Сатушы мен стапы алушы арасындағы қарым-қатынас.

    Жеткізу шарттары. Транзиттік жеткізу кезінде  тауарларды жабдықтаушыдан тұтынушыға тікелей жеткізеді. Әрбір делдал тауар өндірушінің әрбір бағасына өзінің шығындарын қосады, Осылайша тауар  бағасының елеулі түрде өсуіне әсер етеді. Барлық факторларды бағалау  тауардың түпкілікті бағасымен оның түрін анықтайды.

    Баға  саясатын дұрыс таңдау өзінше қарапайым  жұмыс емес. Ең алдымен оны және басқада баға саясатын өндіріске  енгізу үшін бағаның қазіргі жағдайындағы деңгейін күнделікті қадағалау қажет. 

    Баға  – бұл экономикалық түсінік. Оның маңыздылығын түсіндіруді де, дәлелдеуді де қажет етпейді. Адам сатып алуға  жас кезінен қатысады және тұрмыстық  деңгейде бағаның өмірде қандай рөлі бар екеніні түсінеді. Жоғары баға – заттың қымбаттылығын және оған үлкен қаражат керектігін түсіндіреді. Ал төмен баға керісінше, заттың арзандығын көрсетеді. Баға, яғни бағалар жиынтығы тек жеке емес қоғамдық категория  болып табылады. Олар тек жеке сатулар  мен сатып алулардың ғана емес сонымен бірге толықтай экономикалық процесстерді оның ішінде өндіріс тауарды  бөлу, игіліктерді алмастыру және тұтыну қызмет көрсетуді қалыптастырып  отырады. Мұндағы барлық бағалар  бірдей бағалық механизмді, құралыд  монополиялық нарықта бағаның қалай  қалыптасатынын қарастырайық. Сұраныс  қисығына сәйкес келеді, ал ұсыныс қисығы ұсыныс заңының емес нарықтық монополистке тәуелді болады. Монополист берген сұраныс арқылы тауар сатудан  пайда түсіреді. және осыны негізге  ала отырып, ұсынысты қалыптастырады. Шығару көлемін және тауар сатуды қатаң бекіте  отырып монополсит тауар бағаларын өзі бекітеді. Өйткені ол өзінің шығаруы мен  сұраныс көлемін алдын-ала болжайды және сол мөлшерде тұтынушыны қағаттандырады.

    Жетілген  бәсекенің барлық даулы жақтарымен қатар оның елеулі кемшіліктері бар. Нарықтың процесстің дайындықсыз жүруі  шаруашылық секторларының кейбір салаларының  монополиялануына әкеліп соқтырады. Жетілген бәсеке жетілмеген бәсекеге айналады. Монополия бағаға деген белгілі  бір билікті білдіреді ал, әртүрлі  алғышарттарға негізделуі мүмкін басым  бөлігін басып алу (капиталмен өндірістің шоғырлануы мен орталықтандыруы) нарықты  және баға деңгейін  бөлу жасанды  тапшылықтар  жасау тағы басқа құпия және ашық келісімдер жасау.

    АҚШ-тың  монополияға қарсы заңдары бойынша  жетілдірілген деп есептелінеді. Оның бұрынан  келе жатқан тарихы бар. Ол  үш негізгі заңдар актілеріне бағындырылған:

    Шерман  заңы (1890 жыл.) – бұл заң сауданы  құпия монополияландыруға бір салады жалғыз үстемдік етуге баға жөнінде  келісімге келуге тиым салады.

    Клейтон заңы (1914 ж.) - өткізу саласындағы шектеу іс-әректіне баға алалаушылығына барлық жағдайда емес тек күнделікті бәсекенің  ерекшелігіне байланысты бірігудің  кейбір түрлеріне тиым салынады.

    Робинсон  Пэтман заңы (1936 ж.) – «баға алалаушылығы», «баға қайшысы» тағы басқа  сауда  сал

    1950 жылы Клейтон аңына Сэллер  Кефобер түзету іқабылданды. Заңсыз  бірігу ұғымы пысықталды. Активтерді  сатып алу арқылы бірігуге  тиым салынады. Егер Клейтон заңы  ірі фирмалдың көлбеу бірігуне  кедергі қойылса, Сэллер Кефобер  тікелей бірігуді шектеді. 

    Тресттерге  қарсы заңдарды жүзеге асырушы ұйымдардың алдында тұрған аса қиын міндетмынаған  саяды: монополиялық факті неден  тұрады?

    Бұл мәселені мемлекет тұрақты шешіп  отыру және қандай баға деңгейін есептеуге  болады.

    Демпинг бағаларын жоғары тиімділік жағдайында қалыптасқан төмен бағаларға  қарай асыруға болады. Жалпы төтенше  бағалармен стауға тиым сала отырып, тресттерге қарсы заңдар кімді қорғайды? Бәсекені ме, әлде бәсекелестер тобын ба?

    Мұның бәрі жай академиялқы сұрақтар емес, теориялық сұрақтар. Мысалы: Робинсон Пэтман заңы баға алалаушылығына тиым салады, сатып алушының  белгілі  бір тобына бағаны төмендететін  ірі бөлшек сауда дүкендері мен  супермаркеттеріне. Бірақ майда  сауда фирмалырна қарсы мұны істей  алмайды. Сонда бұл заң кімге  қарсы бағытталған және кімнің мүддесін қорғайды. Пол Самуэлсонның пікірінше, бұл заң  бәсекені шешуге көмектесті.

    Тұтынушылардың  пайдасына бағаны төмендетудің орнына ол тиімділіг төмн көптеген кәсіпорындарды сақтауға бағытталған. Тресттерге қарсы  заңдар өз тьауарын ірі кәсіпорынға  қарағанда жоғары бағамен сататын  майда фирмаларды қорғағанна не ұтты? Өйткені тұтынушылар супермаркеттерге баға алалаушылығына тиым салғанна кейін  жоғары баға  төлеуге мәжбүр болады.

    Монополияға қарсы заңды заңдарды жүзеге асырушы  мемелекеттік қызметтер 2 принципті  басшылыққа алады:

    - Заңды қатаң сақтап отыру

    - Парасаттылық ұстану 

    Өйткені көп жағдайда тресттерге қарсы заңдардың  ресми жалпы түрде жазылғаны  сонша, АҚШ федералдық соты осы заңның қолдану салалран іс іс істемекші  болған қандай да болсын келісімге  келуші 2 жақты жатқыза алады. Сондықтан  парасаттылық принципі бойынша тек  жөнсіз ақылға сыймайтын сауданы  шектеулер ғана Шерман заңдарының қолдану  саласына жатады. Бірақ ақылға сыймсыз  шектеулер деп нені есептеуге  болады. Бұл мәселелердің барлығы  тресттерге қарсы заңдарды жүзеге асырудың қандай қиын екенін көрсетеді.

    Мемлекет  қиратушы монполизм қауіптілігімен бәсекені шектеу қаупінің (мемлекеттің  қандай да болсын араласуы тіпті бәсекені қолдану мақсатымен әрбір бәсекелік  мүмкіндігінің шектеуге әкеліп соғады) арасындағы жіңішке соқпақ жолда  өзін тең ұстауға тиісті. Монполияға қарсы істер өндірушінің (тұтынушының) бір тобына басқа топтардың есебінен барынша жеңілдік жасаудың орнына бәсекені қолдауы керек. 

    9-тақырып. Нарықтық экономикаға көшу жағдайында бағаны мемлекеттік реттеу

    Негізгі сурақтар:

    1. Дүниежүзілік бағалар және олардың түсінігі

    2. АҚШ, Жапония, Франция елдеріндегі  бағаның қалыптасуы

    1. Экономикасы нарықтық экономикаға  негізделген жекелеген елдер  бағаларының қандай мемлакеттік  реттеуі  ережелері мен әдістері  көмегімен жүзеге асыратындығын  қарастырайық. АҚШ-та ішкі нарықтығы  көтерме және көрнекті  бағалардың  өсу қарқыны 70 жылдары байқалды.

    Сырғымалы инфляция қарқынды инфляцияға өтуі елдің  экономикалық стратегиясынын модификациялау қажеттілігі себеп болады. Мемлекеттің  инфляцияны жеңілдетіп төмендету, инфляцияны жеңулі бірінші бағаларға тікелей  бақылау әдісін қолданды. 1981 ж. АҚШ  президенті мұнай және мұнай өнімдері бағаларын ішкі бақылауда алып тастады.

    Дамыған нарықтық экономикалық елдерде бағаны қалыптастырудың жалпы қағидаттары  мен әдістері жасақталынған. Мемлекеттік  ұйымдар ұлттық экономика үшін шешуші маңызы бар тауарлар мен нақты  қызметтерге нақты баға белгілеу қызметін, сондай-ақ бағаны реттеу мен  оған бақылауды жүзеге асыруды өзі  атқарады. Әр түрлі елдерде өнімдер  мен қызметтерге бақыланатын  бағалар үлесі 10%- дан 30%-ға дейін  ауытқидыБағаны мемлекеттік реттеу өндірушілердің монополизмін, шикізат  пен отын - энергетика ресурстарына, алғашқы қажеттіліктегі (бірінші  қажетті) тауарларға бағаның бірден (күрт) өсуін болдырмау, қалыпты бәсекелестік үшін, жағдайлар жасау үшін жүзеге асырылады. Мемлекет тарапынан өндірушілерге  ықпал етудің шаралары тікелей (баға белгілеудің белгілі ережелерін анықтау жолымен), жанама (қаржы-несие  механизмі, еңбекақы төлеу салық салу сияқты экономикалық тұтқалар арқылы). Көптеген дамыған мемлекеттерде заңдар, жарлықтар, қаулылар түрінде бағаны мемлекеттік реттеудің құқықтық негізі жасалынған. Бағалар, олардың деңгейі мен динамикасы туралы статистикалық ақпараттар жариялау жолға қойылған. Бұл мәліметтер табыстар деңгейін реттеу мен оларды индексациялау пайдаланылады. Бірде-бір ел өнімдердің бағасын, соған орай негізгі азық-түлік өнімдердің бөлшек сауда бағасын мемлекеттік реттеусіз өз іс-әрекетін жүзеге асыра алмайды.

    Бағаны  мемлекет тарапынан реттеу фермерлік  бағаларды қолдау түрінде жүзеге асырылады, яғни ұлғаймалы ұдайы өндіріс үрдісін қамтамасыз ететіндей табыстар мен қор жинауды қамтамасыз етуі тиіс.

    Ұлттық  бағалардың әлемдік бағалардан пайыздық басым болуы түріндегі қолдау деңгейі жоғары болып табылады. Мысалы: Еуропа Одағы бойынша 23%-28%, Швейцария-50%, Швеция-30%-35%, АҚШ-40%, Жапония-40%.  Көптеген елдер сыртқы нарықтың әсерінен ішкі экономиканы қолдау саясатын жүргізеді, атап айтқанда, сыртқы және ішкі бағалардың деңгейі мен ара-қатынасының сейкестілігін  қадағалау жолымен, ішкі нарыққа  келіп түсетін тауарлар көлемін  реттеу арқылы жүзеге асырылады.  Негізінен  бағаларды бақылау бағаөзгерісін  және бағаға қатысты заңдардың сақталуын  қадағалау түрінде жүзеге асырылады. Бағаға қатысты заңдарды, баға белгілеу мен бәсекелестік мәселелерін реттейтін  басқа да нормативтік актілерді  бұзған жағдайда көптеген елдерде қатаң  экономикалық санкциялар қолданылады.  Ерекше әлеуметтік маңызы бар салалар  мемлекеттің бақылауында болады. Атап айтқанда, отын-энергетика кешеніңдегі  бағалар, дәрі-дәрмектердің, негізінен  азық-түлік тауарларының бағалары, темір жол, пошта, телеграф тарифтері. Азық-түлік бағаларының еркін  ауытқуына жоғары және төмеңгі шек  аралығындағы «коридор» шегінде  ғана жол беріледі.  Бағаны мемлекеттік  реттеу әдістеріне ұлттық ерекшелікте, шикізат ресурстарының болу-болмауы, саяси факторлар, әлемдік еңбек  бөлінісіндегі елдің орны әсер етеді.

    2) АҚШ. АҚШ-та 70-ші жылдардың басынан бастап инфляцияны ауыздықтау мақсатында бағаны тікелей реттеу әдістері қолданылады. Бағаны орталықтан бақылау жүзеге асырылады. Дегенмен баға мен еңбекақыны тоқтатып тастау капитализмнің салааралық ағылуын шектеді, инвестициялық белсенділікті бекітеді, іскерлік белсенділікке кері әсерін тигізді, табыстардың өсуін ұстап қалды. Осыған байланысты 70-ші жылдардың ортасынан бастап бағаны тікелей бақылау өзгертілді. Баға негізінен мұнай-газ секілді энергия көздеріне ғана тертелетін болды. Ал 80- ші жылдардан бастап мұнай мен мұнай өнімдеріне ішкі бағаны бақылау өзгертілді.  Қазіргі кезде АҚШ-та бағаны тікелей реттеу тауар топтарының шектелген түрлері бойынша ғана жүргізіледі. Барлық күш елдегі экономикалық жағдайларды жалпы жақсартуға ықпалын тигізетін нарықтық тұтқалар мен реттеудің жанама әдістерін белсенді пайдалануға жұмсалады.

    Франция. Бұл мемлекет өнеркәсібі дамыған елдердің ішінде 1947-1986 жылдарға дейін бағаны мемлекеттік реттеудің қатаң тәртібін қолданған бірегей мемлекет болып табылады. Қазіргі кезде баға белгілеудің еркін қағидаты қолданылады. Сонымен бірге мемлекет ауыл шаруашылық өнімдеріне: газға, электр энергиясына, транспорттық қызметтерге бағаны тікелей реттеу әдістерін қолданады немесе бәсекелестік жағдайда бағаларды бақылауды жүзеге асырады.   Францияда бағалардың 20%-ын мемлекет реттейді, ал қалған 80%-ын еркін нарықтық баға тәртібінде. 40-жылдарға жуық баға мемлекет тарапынан қатаң реттеліп келді. 1986 жылдан бастап мемлекеттік бақылаудан өндірілген өнімдердің бағасының 80%-дан астамы босатылды.

Информация о работе Инфляция жағдайындағы баға белгілеу