Жастар – әлеуметтік-демографиялық топ

Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Декабря 2011 в 15:05, реферат

Описание работы

Адамзат қоғамы түрлі кезеңдерде қоғамның жастар проблемалары ретінде айқындауға болатын ерекше проблемаларды шешу қажеттілігіне тап болды. Осы проблеманың ерекшелігі мен өзектілігі барлық қоғамды бірктіреді қоғам жастар арқылы биологиялық және сол сияқты рухани жаңғырады.

Коғамда демографиялық топтың осы санатын айқындаудың әр түрлі әдістері бар.

Работа содержит 1 файл

Жастар.docx

— 15.99 Кб (Скачать)

Жастар –  әлеуметтік-демографиялық топ 

Жастар –  әлеуметтік-демографиялық топ.

Қылмыстың жасалу проблемалары.

Адамзат қоғамы түрлі кезеңдерде қоғамның жастар проблемалары ретінде айқындауға болатын ерекше проблемаларды шешу қажеттілігіне  тап болды. Осы проблеманың ерекшелігі мен өзектілігі барлық қоғамды бірктіреді қоғам жастар арқылы биологиялық  және сол сияқты рухани жаңғырады.

Коғамда демографиялық  топтың осы санатын айқындаудың  әр түрлі әдістері бар. Маркстік теорияның  жақтастары жастарды ұқсас антропологиялық  ерекшелжтері және психологиялық қасиет бар жастық топ ретінде ғана қарамау  қажеттілігін талап етеді. Бұл жерде  жастардың мәні олардың қоғамдық катынастардың тарихи айқындалған  сипатына негізделген әлеуметтік ерекшеліктері  мен белгілерінде болады.

Басқа көзқарастың  жақтастары жастар социологиялық мағынада ол жас баланың ролін аса көп  ойнамайтын және де сонымен қатар  үлкендердің ролін толық құқықты  тасымалдаушы больш табылатын адамдар  өміріндегі мінез-құлық базасы болып  табылады деп санайды. Жастардың  барлық проблемалары кедейшілік құрылымды  «бейтарап аумақтың» мәртебесіндегі үздіксіздік үзілсінде құрылады деп санайтын американ социологы  Г.Сиболд та осы көзқарасты ұстанады.

Көптеген батыстық социологтар жастарды «жаца тап» деп айтады, олардың өмірге деген  көзқарасы бірдей, талғамдары, мүдделері  және қажеттіліктері дәл келеді. Жастар «біз» деген сезім күшінде  социологиялық тұтастықты білдіреді. Осылайша, бұл жерде жастардың  әлеуметтік-психологиялық құрамы және сапасы дербес және қоғамдық өмірдің  сипатына қатысты емес ерекшелік  ретінде қарастырылады.

Жастардың социологиялық  теориясында «ұрпақ», «жас ерекшелік  табы», «жастық, жақ», «жастар», «әлеуметтік  жасы келгендік» «қарттық» деген  ұғымдар жоқ.

Демографияда  жобамен бірдей уақытта туған  адамдардыц жиынтығын ұрпақ деп  санайды.

Антропологтар мен заңгерлер жалпы ата-бабадан  шыққан сатылықты ұрпақ деп айтады.

Социологиялық түсінікте жастық шақ қашан басталды? Әртүрлі авторлар, жастарды ерекше әлеуметтік-демографиялық топ ретінде  сипаттай отырып бұл ұғымды біржақты қолданады. Мысалы, австриялық социолог Л.Розенмайер жастық кезең 13 жастан басталып 24 жаста аяқталады деп санайды. Ғалым осы кезеңнің ішкі жас ерекшелігін  және әлеуметтік дифференциациясын  баса айта отырып, қандай да болмасын нақты  негіз бермейді.

13 пен 18 жыл  аралығындағы жас «жасөспірім  шақ» ұғымымен біріктіріледі  және біршама дәрежеде жаңа  белгілерге және әлеуметтік тәртіптің  нысандарына әкелетін биопсихологиялық  дамумен сипатталады. Бірақ адамды  балалық шақтан бөлетін демаркациялық  сызық 18 жаста өтеді. Бұл жас  көптеген елдерде құқықтық дербестіктің  басталуымен сипатталады, яғни  ересектермен қалыпты теңестірумен  және занды құқықтарды алумен: еңбек үшін тең ақы төлеу,  армияда қызмет ету, некеге  отыру, сайлауға қатысу.

Жастық шақта  әлеуметтік рөлдерді белсенді игеру  процесі болады. Олардың саны олар бәсең игерілетін немесе тоқтатылатын белгілі бір «толығу» шегіне жылдам жақындайды.

Социолог В.Н. Боряз «толығу» шегі жастық шақ деп  түсінуге болатын жас ерекшелік  кезеңдерінің шеңберіне жатады деп  есептейді. Ал одан әрі -әлеуметтік есею кезеңіне кіру. В.Н. Боряз жастар санатын  айқындауға арналған аса кең шекараларды  ұсынады, ол осы топқа 14-33 жас аралығындағы адамдарды кигізеді.

Көптеген социологгар  адам жасы тек «есептегіш», өмір сүрген жылдың көрсеткіші ретінде ғана қаралуы  мүмкін еместігі туралы көзқарасты жақтайды. Оның жеке адамның даму процесінің динамикасын зерттеуде елеулі «мәні  бар. Әлеуметтік құрам, қажеттілік пен  мүдде, мақсаттар мен өмір сүру жоспарлары, іс-әрекеттің нәтижелері мен перспективалар әрбір алдыңғы кезеңде дайындалады. Сондықтан зерттеушілер жеке тұлғаны бүкіл өмір бойындағы тұтастықта зерттеуді үсынады.

Адам жасының  қоғамдық функциялармен байланыс идеясы ғылымда бірнеше рет атап көрсетілді. Ол адамның өмір циклін әлеуметтік кезеңдендіру негізінде жатты. Адамның  барлық өмір циклін біртұтас етіп байланыстыруға ұмтылыс А. Шопенгауэрдің «Адамның жастары туралы» еңбегінде нақты  көрсетілген, онда ғалым өмір жолын  екі қатарлы кезеңге бөледі, ал олардың әрқайсының өзіндік ерекшеліктері  және белгілері бар.

Қазіргі қоғам  жүз, екі жүз жыл бұрынғыдай жастарға, оның мүдделеріне, құндылықтарына, іс-қимыл  тәртібіне киім үлгісіне бір жақты  қарамайды. Үлкен ұрпақ жастардың  пікіріне, оның өзіне және оның проблемаларына тереңірек қарайды. Ал олар бүгін  мүлдем қарапайым емес.

Экономикалық  белсенді тұрғындардың халықтың жалпы  құрамындағы үлесінің төмендеуі  неғұрлым қарқынды бөлігі – жастар есебінен болады. Бүгін жұмыспен қамту  қызметіне өтініш жасайтындардың әрбір  екіншісі жастардың өкілі. Олардың  жартысынан азы ғана жұмыспен қамтылады. Сондықтан жастардың экономикалық іс-әрекеттегі үлесі халық шаруашылығында жұмыс істейтіндердің жалпы санының 24 процентін ғана құрайды. Жұмыссыз жастардьщ саны 1993 жылдың басында  жұмыссыздардың жалпы санының 54 процентін  құрадыі.

Проблеманы зерттеушілер 1990 жылдан бастап қылмыскерлер қатарының  жасарғанын атап көрсетеді. Мысалы, бүгінгі  күні Ресейде қылмыскерлердің жартысы  – 14 пен 30 жас арасьшдағы жастар, барлық қылмыскерлердің жетіден бір  бөлігін 14-18 жастағы кәмелетке толмағандар  ққрайды, Қазақстанда тиісінше – 50,9 және 6,9 процент. 1999 жылы ҚР полиция  қызметкерлері 148 мыңға жуық кәмелетке  толмаған қылмыскерлерді ұстаған, бұл 1998 жылға қарағанда 10 мыңға көп. Жоғары оқу орындарының қылмыс жасаған  студенттері 40 процентке жуық, ал мектеп, лицей және гимназиялардың оқушылары  – 23 процентке көбейді.

Жасөспірімдер және жастар жасаған қылмыстың айрықша  ерекшелігі соңғы жылдары жеке бас  мақсатында болып отыр. Ұрлық, автокөлікті  айдап кету, тонау, ұрып кету, бұзақылық  – бұлар кәмелетке толмағандар  жасаған қылмыстың өзіндік «жиынтығы». Ең қорқыныштысы қылмыс өте аяусыздықпен жасалады. Мүндағы барынша «еңбек»  электрондық бүқаралық ақпарат  құралдарына тиесілі, олардың арналары бойынша жауыздық пен қатыгездік жаппай ағынмен беріледі. «Ең басты  батырдың» жүйелі түрде гүлденуі өмірдің жетістіктеріне күшпен ғана қол жеткізетін жастардың сенімін  қалыптастырады.

Өзінің міяез-құлқына  осылайша қарау біршама дәрежеде зандық практиканың және құқықтық тәрбиенің  ерекшеліктерімен негізделеді, бұл  жасөспірім қылмыскерлерде өзіне жаза қолданылмайтыны туралы түсінікті  қалыптастыруға жиі әкеп соғады және бұл қылмыстың «жасару» себептерінің бірі болып табылады. Рецидивтер ықтималдығы  өсуде. «Жазаңызды өтеп келгеннен кейін  қылмыс жасайсыз ба?» деген сүрақтың жауабы да қарапайым: «Жоқ» - деп сұралғандардың тек 45% ғана жауап берді, «Қалай боларын  білмеймін» - деп кәмелетке толмаған қылмыскерлердің 32% жауап берді.

Нашақорлықпен күресті күшейту мақсатында 2000 жылғы 17 ақпанда ҚР Президенті нашақорлықпен  және есірткі бизнесімен күрес жөніндегі  агенттік құру туралы жарлыққа қол  қойды.

Сонымен қатар  мектепке бармайтын балалар саны өсіп келеді. 1998 жылғы қаңтарда ҚР Білім, денсаулық сақтау және мәдениет министрлігі  мектеп жасындағы 17 мың баланың сабаққа  қатыспайтынын, сонымен қатар Қызыл  Крест және Қызыл Жарты ай Қоғамы халықаралық ұйымы 400 мың баланың  мектептен қол үзгені жөнінде  айтады.

Қазақстанның  қазіргі жастарының үлкен бөлігінде  қандай құндылықтар бар, олар неменеге ұмтылады? Алматы жастарының арасында сұрау жүргізген зерттеушілер мынадай  жауап береді: сұралғандардың үштен  екісі банктік ірі шот, сәтті  тұрмысқа шығу, дискотекалар, казино және жағажай, сондай-ақ білім алу, инфляцияға да, деноминацияға да илікпейтін тұрақты капитал туралы армандайды. Олардың өз елінде осы капиталға ие болуы көрнекті. Зертгеушілер тұтас алғанда жастардың субмәдениетінщ өзінің дүниетанымын, аға ұрпақтың оппозициялық дүниетанымын міндетті қалыптастыру әрекетімен сипатталатын атап көрсетеді. Жастар субмәдениеті мінез-құлықтьщ өзіндік үлгісін, демалысты өткізу нысандарын, киімнің, шаш қою үлгісін ұсынады.

Жастардың сәні – бұл жеке әңгіме, себебі ол жастардың  әлеуметтенуіне оның әсерін біржақты бағалауға болмайтынын көрсетеді. Осы феноменді жақынырақ ойласақ  сәннің тарихта дәлелденген мынадай  дефиницияларын табуға болады: сән  – бұл құрдастарға «эксаумақтық»  сипаты бар еліктеу,

сән – бұл  өзін-өзі көрсету және Менді нығайту; сән – бұл жақын арадағы  өткенмен ажырасу мүмкіндігі және жақын  арадағы болашаққа дайындалу. Қазіргі  замандағы жастар субмәдениетінің  маңызды элементі, мысалы,

рок-мәдениет.

Информация о работе Жастар – әлеуметтік-демографиялық топ