Жаңа замандағы саяси ой

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2012 в 22:24, лекция

Описание работы

XVII ғасырда буржуазиялық революция Еуропа көлемінде ең бірінші Англияда болды. Ол феодализмге күйрете соққы беріп, капиталистік қатынастардың тез дамуына жол ашты.
Бұл дәуірдің көрнекті өкілдерінің бірі ағылшын ойшылы Томас Гоббс (1588 – 1679) еді. Оның ойынша, мемлекет қоғамдық келісімнің негізінде жалпыға бірдей бейбіт өмір мен қауіпсіздікті сақтау үшін пайда болды. Қоғамдық келісім бойынша патшаға (не мемлекет ұйымдарына) жеке адамдардың құқы тапсырылады. Адамдар өз тілектері мен еріктерін шектеп, барлық билікті мемлекетке берді. Ол монархиялық мемлекетті ұнатты.

Работа содержит 1 файл

Жаңа замандағы саяси ой.doc

— 46.50 Кб (Скачать)


Жаңа замандағы саяси ой

XVII ғасырда буржуазиялық революция Еуропа көлемінде ең бірінші Англияда болды. Ол феодализмге күйрете соққы беріп, капиталистік қатынастардың тез дамуына жол ашты.
Бұл дәуірдің көрнекті өкілдерінің бірі ағылшын ойшылы Томас Гоббс (1588 – 1679) еді. Оның ойынша, мемлекет қоғамдық келісімнің негізінде жалпыға бірдей бейбіт өмір мен қауіпсіздікті сақтау үшін пайда болды. Қоғамдық келісім бойынша патшаға (не мемлекет ұйымдарына) жеке адамдардың құқы тапсырылады. Адамдар өз тілектері мен еріктерін шектеп, барлық билікті мемлекетке берді. Ол монархиялық мемлекетті ұнатты.
        Франциядағы буржуазиялық революцияның көрнекті өкілі Шарль Луи Монтескье (1689 – 1775) әр халықтың адамгершілік бейнесін, оның заңдарының айырмашылығын, қоғамның дамуын географиялық ортаға (ауа райына, топырағына, жер бедеріне, көлеміне, т.б.) байланыстырды. Бостандық – заң неге ерік берсе, соны істеу. Саяси бостандық экономиканың, өндірістің сауданың дамуына әсер етеді. Ол сөз, баспасөз, ұждан бостандығын жақтады. Мемлекет азаматтарды өмірге қажетті қаражаттармен қамтамасыз етуге міндетті. Бостандықты баянды ету мақсатында және төңкерістерге жол бермеу үшін билікті заң шығаратын, атқарушы және сот билігі етіп бөлу керек деді.
          Францияның ойшыл – ағартушысы Жан Жак Руссо (1712 – 1778) ұсақ буржуазияның, шаруалардың мүддесін қорғады. Ол еркіндік пен теңдікті ең жоғарғы игілік деп санады. Еркіндіктің кепілі теңдік, ал теңдік саясатта ғана емес, мүлікте де болуға тиіс. Мемлекет шектен тыс байлық пен кедейлікке жібермей, адамдар арасында теңдікті сақтауы керек.
Руссо тікелей халық билігін ұсынды. Егер елдің жері үлкен болса, халықтың өкілдігін қолдануға болады. Бірақ бұл ретте депутат халық қызметшісі болуға тиіс. Руссо оқтын – оқтын халық жиналысын өткізіп, онда үкімет есеп беруін талап етті.
         Жаңа заманды сөз еткенде ең алдымен Америка Құрама Штаттарындағы тәуелсіздік үшін күрес кезіндегі саяси ілімнің алатын орны зор.
         XVII – XVIII ғасырларда Солтүстік Американың Атлантикалық жағалауы Британия колонияларына айналды. Колониялар метрополиялардан толық тәуелді болатын. 1775 – 1783 жылдары Америка халқының ағылшындарға қарсы тәуелсіздік үшін азаматтық соғысы болды.
АҚШ – тағы қиян – кескі таптық күрес идеологияда да жаңғырық тапты. Алдыңғы қатарлы саяси пікірді Т.Джефферсон, Т.Пейн жақтаса, ірі буржуазияның саяси көзқарасын А.Гамильтон қорғады.
          Америка халқының демократия жолында азаттық күресі Томас Джефферсонның (1743 – 1826) атына байланысты. Ол сол кездегі ұлы революциялық құжат – Америка Құрама Штаттарының “Тәуелсіздік Декларациясын” жазды. Мемлекеттік өкіметті құрап, оны бақылау құқынан еш адамды шеттетуге болмайды. Егер өкімет халық құқын қорласа, ондай үкіметті ауыстырып, өзінің қалауына сай өзгертуіне болады. Мұнда Джефферсон рақымсыз билеушіге қарсы халықтың көтеріліс жасауға құқы барлығын дәлелдеп, халық егемендігі жақтады. Бұл дүниежүзілік прогрестің рөлі АҚШ – тың Тәуелсіздік декларациясында одан әрі дамытылды. Онда теңдік, бостандық, көтеріліс құқы деп есептелді. Адамдардың табиғи құқы мемлекет белгілеген заңдардан жоғары тұруы керек. Декларацияда жаратушы барлық адамдардың тең етіп жаратты және олардың өмірге. Бостандыққа, бақытқа тырысуына құқы бар делінген.
            Джефферсон үкімет тарапынын жеке адамның құқын бұзу қаупі тумауы үшін мемлекеттік биліктің міндеттерін шектеуді талап етті. Ол ұсақ өндірушілердің мақсатын көздпе, фермерлердің демократиялық республикасын аңсады.
           Тәуелсіздік үшін күрес кезінде өзінің батыл идеяларымен Томас Пейн (1737 – 1809) көзге түсті. Ол Америка халқын азаттық күреске, отаршылдардан бөлініп шығуға шақырды. Адамның табиғи құқына еркіндікті, теңдікті, сөз, баспасөз, дінге сену бостандығын, рақатқа, бақытқа жету, т.б. жатқызды.
           Пейн бірінші болып қоғам мен мемлекетті ажыратты. Мемлекетті қоғам тудырады. Үкіметтің мақсаты – қауіпсіздік пен бостандықты қамтамасыз ету. Оның саяси мұраты – жалпыға бірдей сайлау құқы, тең өкілдігі бар демократиялық республика.
Пейн соғысқа қарсы болды, бейбітшілікке шақырды. Бейцбітшілікті сақтамайтын үкімет құлатылуы керек. Бірақ ол әділетті соғысты, азаттық үшін соғысты қолдады.
          Т.Джефферсон мен Т.Пейннің қажырлы еңбегінің арқасында жазылып, 1776 жылы 4 шілдеде бекітілген Америка Құрама Штаттарының Тәуелсіздік Декларациясының негізгі қағидалары мынадай: барлық адамдардың жаратылысынан өмір сүруге, бостандыққа, меншікке, бақытқа және қауіпсіздікке құқы бар; халық - өкіметтің қайнар көзі және егемендік соған тән, үкімет – халықтың қызметшісі; барлық мемлекеттік билік халықтың пайдасына жұмыс істеу керек, егер олай болмаса халық өзіне ұнамыз үкіметті жоюға еркі бар; билік заң шығаратын, атқарушы және сот үкіметі болу керек және т.б.
           Жаңа эаманда саяси санада айтарлықтай із қалдырған немістің класскалық философиясының негізін салушы Иммануил Кант (1724 – 1804). Оның саяси пікірлері “Космополиттік көзқарас жөніндегі жалпы тарихтың идеялары”, “Өмірлік бейбітшілікке” деген еңбектерінде баяндалған.
         Канттың әлеуметтік көзқарасының негізгі қағидалары: әрбір адам ар – намысының, шексіз құндылықтың иесі; қандай игілікті жоспар болмасын адам оны жүзеге асыруы жолында әдіс, айла, құрал болуға тиіс емес. Адам бір іс істегенде өнегелік, адамгершілік заңын басшылыққа алу керек. Кант мұны “категориялық императив” деп айтады. Оның мәні - әрбір адамның іс - әрекеті басқаға үлгі боларлықтай болуға тиіс.
          Кант басып алушы, тонаушылық соғысты, оған дайындықты әшкерелейді. Ол әр түрлі мемлекеттер үшін өзара пайдалы халықаралық сауда мен өзара қарым – қатынасты, бейбітшілікті орнату мен сақтаудың құралы деп біледі.
       XVIII ғ. аяғы – XIX ғ. бірінші жартысында Батыс Еуропада капиталистік мәдениет заманалық екі қозғаушы күштің әсерімен дамыды. Оның біріншісі – капиталистік қатынастарға жол ашқан Ұлы Француз революциясы. Екіншісі – алдымен Англияда, сосын Франция және басқа Батыс Еуропа елдеріндегі күрделі өнеркәсіп өзгерістері (ірі машиналы индустрияның мануфактуралық өндірісті алмастыруы) капитализмді одан әрі нығайтты. Бұған орай жаңа қоғамдық құрылыс пайда болды. Өсіп келе жатқан буржуазия еркіндікке, жылдам алға дамуға, заңдылыққа тырысты. Сондықтан бұл кездегі буржуазиялық саяси идеалогияның бас бағыты либерализм (ерікті, азат деген латын сөзінен шыққан) болды. Сонымен қатар капиталистер мен пролетариаттың арасындағы таптық күрестің үдеуіне байланысты кертартпалық пікірлер де туа бастады.
            Пролетариат күресінің алғашқы кезеңінде өз үмітін Сен – Симон, Оуэн сияқты утопиялық социалистердің іліміне артты. Олар буржуазиялық орнатқан тәртіптерді қатты санады. Жұмысшы табының өмірі қаншалықты ауыр екенін сипаттады. Сен – Симон бірінші болып әркім қабілетіне қарай жұмыс істейтінін және еңбегіне қарай ақы алатын қоғамдық құрлымның болу мүмкіндігі туралы пікір айтты. Фурьеге дейін еңбекті адамға жіберілген қарғыс, жаза деп санайтын. Ал Фурье еңбекті адам үшін рақатқа айнала алатыны және айналуға тиіс екені жайында мәселе көтерді. Ол еңбек етуқұқын бірінші орынға қойды. Оуэн өнеркәсіп революциясының маңызын жоғары бағалады. Утопист – социалисетр қала мен деревня арасындағы, дене еңбегі мен ой еңбегі арасындағы қарама – қарсылықты жоюдың қажеттілігі ұсынды. Олар материалдық игіліктерді әділ бөлу мәселесіне баса назар аударды.
Утопист – социалисетрдің озық ойларымен қатар кемшіліктері де болды. Олар қоғамдық дамудың заңдылықтарын түсіңбуді, қоғамдық өмірді қайта құрудың шынайы жолдарын көрмеді, жұмысшы табына тек жапа шегуші тап деп қарады.

 



Информация о работе Жаңа замандағы саяси ой