Тарих сабағында оқыту әдістерін тиімді пайдалану

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Января 2013 в 07:03, доклад

Описание работы

Сабақ - оқу жұмысын ұйымдастырудың басты түрі болғандықтан, оның атқаратын қызметі мен оқу жүйесінде алатын орны ерекше екенін білу қажет. Сабақта оқушыларға білім берумен қатар, олардың рухани касиеттері мен ақыл-ой қабілеттерін дамыту мақсаттары көзделеді. Сабақ - күрделі психологиялық және дидактикалық процесс, онда оқушылармен педагогикалық қарым-қатынас жасау және тәрбиелеу міндеттері іске асырылады . Оқыту жүйесінің негізгі компоненттері (құрылымдық бөліктері) мақсаты, мазмұны әдіс-тәсілдері, бақылау мен бағалауы - сабақта да орын алатыны зандылық. Дидактикада - Коменский, Ушинский, Алтынсарин, Байтұрсынов т.б. негізін салған оқыту теориясында - сабақтарды таптастыруға байланысты қалыптасқан көзқарас бар екенін белгілі.

Работа содержит 1 файл

колледж.doc

— 57.00 Кб (Скачать)

 

Тарих сабағында оқыту әдістерін тиімді пайдалану.


 

Сабақ - оқу жұмысын  ұйымдастырудың басты түрі болғандықтан, оның атқаратын қызметі мен оқу  жүйесінде алатын орны ерекше екенін білу қажет. Сабақта оқушыларға білім  берумен қатар, олардың рухани касиеттері мен ақыл-ой қабілеттерін дамыту мақсаттары көзделеді. Сабақ - күрделі психологиялық және дидактикалық процесс, онда оқушылармен педагогикалық қарым-қатынас жасау және тәрбиелеу міндеттері іске асырылады . Оқыту жүйесінің негізгі компоненттері (құрылымдық бөліктері) мақсаты, мазмұны әдіс-тәсілдері, бақылау мен бағалауы - сабақта да орын алатыны зандылық. Дидактикада - Коменский, Ушинский, Алтынсарин, Байтұрсынов т.б. негізін салған оқыту теориясында - сабақтарды таптастыруға байланысты қалыптасқан көзқарас бар екенін белгілі.

Сондай-ақ, кейінгі кездерде жарық көрген дидактикалық еңбектерде (оқулық, оқу құралдарда т.б.) сабақтарды топтастыру (классификациялау) жалпы алғанда мынадай критерилерге, яғни белгілерге негізделеді:

  1. Сабақтың дидактикалық мақсаты
  2. Сабақтың құрылымы (дидактикалық кезеңдері, этаптары);
  3. Сабақта қолданатын негізгі бір әдісі (метод)

Бірінші - белгілерге байланысты сабақтың мына түрлері (типтері) анықталады: кіріспе сабақ, жаңа білім беру сабағы, бекіту, қайталау, тексеру, бағалау т.б.

Екінші белгі бойынша - аралас сабақ, пәнаралық байланыс т.б.

Үшінші   белгі   бойынша -  сабақ-лекция,   пікірталас   (диспут-сабағы,  т.б. әрине, бүлардың жеке пәндерді оқыту ерекшеліктеріне  байланысты варианттары (нұсқалары), өзгермелі  түрлері болуы да мүмкін.

Бірақ, жоғарыда айтылған сабақтың дәстүрлі емес түрлері - ол сабақтың жаңа және жеке түрлеріне (типтеріне) жатпайды, оларды сабақтың мазмұнына (талдау, есеп шығару, шығарма жазу т.б.) немесе сабақта қолданатын жеке тәсіл -амалдарға жататын (конкурс, сайыс, жарыс, аукцион, ойын т.б.) - сабақтың түрлері (бөліктері) деп қарау керек.

Ойын дегеніміз не? Бір қарағанда ол қарапайым құбылыс  не әрекет іспетті. Ойын міндетті түрде ұжымдық әрекет. Ойынның ережелері ойнаушылардың қисынды ой қабілетінің дамуы, бір-біріне деген сыйластық қажеттіліктерімен санасуы әр ойыншының жеке әрекеттерінен туындайды. Ойынның басты шарты -жеңіске жету болса да, әр ойыншы өз қарсыласының мүмкіндігімен санасып, бір-біріне деген сенімін арттырады. Ойын арқылы оқушы өздігінен жұмыс істеуге үйренеді, ойлау қабілеті дамиды, сөздік қоры баийды. Ойынның негізгі мақсаты - баланы қызықтыра отырып, лексико-фонетикалық материалды берік меңгерту. Сондай-ақ ойын үстінде балалардың ойлау қабілеті, назары, байқампаздық әрекеті, зейіні жетіледі. Оқушылардың тілін дамытып, ойын жүйелі айта білуге үйрету - мұғалімнің басты парызы. Ойын үстінде оқушының түрлі қасиеттері дамып, қабілеті мен белсенділігі артатынын көрнекті педагог А.С.Макаренко кезінде атап көрсеткен. Модульдік технологияның өзіде әр топ мүмкіндіктерін ескереді, ал оның нәтижелілігін арттыру үшін ойын әдісі оқушының сабақ барысында еркіндігін шыңдайды. В.М.Кларин өз еңбектерінде ойын модельдерін мынадай бөліктерге бөлген:

  1. Ұғым (нені қатыстыру қажет)?
  2. Оқу процесін ұйымдастыру моделі (қалай атауға болады)?
  3. Оқу процесін ұйымдастырудың технологиялық тәсілдері (қалай құру керек)?
  4. Оқу процесіндегі ойынның нәтижесі (қалай бағалау керек)?
  5. Оқу процесіне қолайлы ойындардың белгілері (қалай айыру қажет)?

Бұл әдісті қолданудың өз ерекшеліктері бар ойын барысында мұғалім тек жетекшілік жасап, кеңесші, бағыт сілтеуші ғана болады. Ал оқушы сол ситуациядан қалай шығу жолын өз білімімен, көзқарасымен, қоршаған ортадан алған тәлім-тәрбиемен саралай отырып, ойыннан терең әсер алып, жеңімпаз болуға тырысады.

Тарих сабағында ойын технологияларын дидактикалық материал ретінде пайдаланудың маңызы зор. Ойын арқылы баланың бойына адамгершілік қасиеттерімен қатар білімге, өнерге құштарлығы қалыптасады. Тіпті нашар оқиды-ау деген оқушылардың өздері де ойын түрлері араласқан сабаққа зер салып, ынталана түседі. Ойын араласқан жерде жарыс болмай тұрмайды. Оқушылар жолдастарынан қалып қоймау үшін сабаққа белсенді қатысып, қойылған сұрақтарға жауап іздеп, ойлана бастайды. Сабақта ойын түрлерін пайдалану оқушылардың ой-өрісін дамытуға әсер етеді. Педагогика ғылымында баланың  адам ретінде дамуы үшін ойын ерекше орын алады. Ойын - бұл жас өспірімнің өзінше еңбегі. Жалпы өмірде ойынның қоғамдық мәні бар. Ойын сабағы барысында белгілі бір әрекет жасай отырып, жас өспірім қоғамдық өмірге қатысудың алғашқы үлгісін алады. Ойын арқылы өзі өмір сүріп отырған, дамып отырған белгілі бір әлеуметтік ортадағы норма мен әрекетті қабылдайды. Ойын сабағы белгілі бір ұстамдылық тәртіптің көрінісі болып табылады.

Бүгінгі таңда қазақ тарихында  салаларында зерттелген тың дүниелер жеткілікті салалардың бірі  Орыс географиялық қоғамының Семей бөлімшесінің қызметін тарихта оқыту әдістемесі. Орыс географиялық қоғамының Семей бөлімшесінің қызметінің тарихи маңызының мектепте түрлі әдіс тәсілдер арқылы оқыту олар туралы деректер мен мәліметтер беру, оқу бағдарламаларына еңгізу мәселелері осы жұмысының өзекті мәселесі болып табылады.

Аталған мақсатымды төмендегідей түрде талдап, көрсетуге болады:

    1. Орыс географиялық қоғамының Семей бөлімшесінің,  қызмет еткен ғалымдардың зерттеу жұмыстарын және олардың ғылыми еңбектерін өзекті тарихи материал ретінде қолдану.
    2. Бұл тақырыпты Қазақстан тарихы сабағында түрлі әдіс – тәсілдер арқылы аша түсу.
    3. Орыс геграфиялық қоғамының Семей бөлімшесінің  ғылыми зерттеу және мәдени ағартушылық қызметі мен қазақ қоғамының мәдени дамуына қосқан үлесі туралы мәселелерді іс - тәжірибеде қолдану.

Оқыту технологиясының  әдістемелік жүйеден айырмашылығы мақсатқа жеткізер нәтижиені алдын-ала  болжап, оны дәл тексерегін болжам бағдарламасын құрып, құрал таңдап, нақты жобаны жасаудан тұрады. Оқыту технология жүйелеуші элемент-мақсат. Мақсатқа байланысты құрал болжам таңдалады, оқушылардың керек қасиеттері болжанады. Оқыту технологиясының негізгі объектісі-оқу процесі, ол қайталану құрамын құрайды. Құрал-мазмұн, әдіс, форма. Болжам-оқыту технологиясының информациялық құрылымында кері байланыс функциясын атқарады. Мұғалім оқыту процесіндегі басқару функциясын атқарады. Мақсат оқушы, қоғам кұрал және болжамға байланысты құралған. Оқушы мақсатты мұғалім арқылы тікелей қабылдап жүзеге асырады.

Қазіргі әртүрлі әдіс - тәсілдердің жаңа технологиясын қолдана отырып, оқушыдардың Орыс географиялық қоғамының Семей бөлімшесінің құрылуы тарихы тақырыбындағы сабақ барысында танымдылық тапсырмалар арқылы белсенділіктерін дамытуға болады. Танымдылық топтардың бірінен айырмасы, оның бірі өз шешімін табуда белгілі бір деңгейді талап етеді. Мұғалім түрлі деңгейдегі тапсырмалармен жұмысты алғаш бастаған кезде, алдымен бірінші деңгейдегі тапсырмалар беріледі, содан кейін оқушылардың тапсырманы меңгеруіне қарай келесі деңгейдегі тапсырмаларға   көшеді. Топтағы оқушыларға мұғалім әр түрлі деңгейде жауап беретін тапсырмаларды ұсынады, сөйтіп барлык окушылар тапсырмалармен жұмыс істейді.

Қазақстан тарихында оқушыларға ұсынылған сұрақтар мен тапсырмалар біртіндіеп қорытудың логикалық операциясын меңгеру үшін а) алдымен дәлелдеу тәсілдерін көрсетіп беру және түсіндіру; ә) оқушыларға қалыптасқан ұғымдарға, түсініктерге сүйене отырып, әр түрлі сипаттағы бірнеше білім деректерден дәлелдерді іріктеп алу, қорытынды негіздеп беру; б) жинақтаудан білімдерге тарихи мәтін, оқулық дерек, көрнекті құралдар бұрын айтылған мағлұматтарға мұғалімнің айтқан әңгімесінен дәлелдерді іріктеп алу; в) болжам жасау және оны дәлелдеу ойын, пікірін білдіру және басқа әрекеттер жасалады. Сондықтан топтардың күрделілігі оның түрлеріне, оны дәлелдеу үшін пайдаланған нақты материалдардың көлеміне, пайдаланған ұғымның күрделілігіне байланысты болуы мүмкін.

Шығармашылық деңгейдегі тарихи ойлау таным тапсырмалардан ойдағыдай шешуді қажет етеді. Таным топтардың функциясы әр түрлі: олар білімді шығармашылықпен пайдалануға, шығармашылық тәжірибе қамтуға, материалдарды бекітуге т.б. мүмкіндік береді. Осыған сәйкес олар оқыту үрдісінің түрлі саласының нақты мақсатын анықтағанда, жаңа материалдарды оқып үйренгенде, оны бекітуге және үй тапсырмасын орындалғанда қолданылады. Таным топтарын шешу өздігінен шығармашылық  ойларының дамуына әкелмейді, түрлі ойлау біліктерінің қалыптасуына жағдай жасайды.

Оқушылардың таным белсендігін арттыру жолдары-дәстүрден тыс оқыту формалары болып табылады. Қазіргі кезде білім беру процессінде оқу әрекетінің жаңа түрлері, дәстүрлі емес сабақтар қолданылады. Олар қайталау, қорытындыға арналған баяндамалар әр түрлі тренингтер, оқу процесін бакылау сабағы, логикалық ойлауды дамытуға арналған сабақтар. Дәстүрлі емес оқыту мағынасы мынада:

а) оқушының таным белсенділігін  көтеру. Оқу сабақтарына қызығушылықтар арттыру.

ә)      оқушылардың  белсенділігін, шығармашылығын дамыту.

б)  болашақ ұстаздардың үнемі ізденуіне жол беріп, кәсіби шығармашылық әрекетін қалыптастыру.

в) болашақ ұстаздардың  шаршауын болдырмай, оқу-тәрбие процесінде оларға қолайлы жағдай жасау.

Дәстүрлі сабақ түрлері (баяндама, семинар, практикалық жұмыстар) оқушыларға өз бағытын өзгертуге мүмкіндік бермейді, себебі ол әрдайым оқытушы, оқушы ретінде болады. Дәстүрлі емес оқу әдістемелері оқушыларға әртүрлі позицияда болуға мүмкіндік береді; режиссер, ұстаз, кеңесші, ақын, суретші, оқушы, үйымдастырушы. Оқушылардың әр - түрлі рөлде болып, әр түрлі іс-әрекетті орындау оның жан-жақты дамыған қабілетінің болуына көмектеседі. Сондықтан дәстүрлі сабақ әдісін жандандыру үшін оқытудың жаңа әдістерін іздестіріп, өз еңбегімізде қолданып оқытуымыз қажет.

Дебат-қазіргі сөз додасы пікірсайыс оны әр пәннен пайдалануға болады. Әкімшілік басқару жүйесі жөнінде тақырыптағы проблема бойынша шара өткізіледі. Осыған сай жақтаушы, даттаушы жақ терең дайындалады. Көптеген әдебиеттер ғылыми-еңбектер қаралады. Дебат барысында нақты дәлел, аргументтер келтіріледі. Бұл оқушылардың өз бетімен ізденуіне мүмкіндік береді.

Мен жалпы оқушылардың өз беттерімен осындай әр түрлі ойындар (іскерлік, танымдық) құрастыруына үлкен көңіл бөлемін. Сонымен бірге, Қазақстан тарихы оқу әдістемесі арқылы оқушыларға білім беру жүйелері арқылы дамыта оқытуға болады. Мектеп орындарында білім беру жүйесінің негізгі міндетті-басқару орталықтарына жоғары және орта мектепке қоғамдық саяси орталықтар мен кәсіптерге қабілетті де ойшыл жаңашыл, бәсекелешіл, әлемдік интернет жүйесіне қосылып дербес компьютермен жұмыс істей алатын, еліміздің жарқын болашағын ойлайтын қадірлі талабына сай іріктелген таңдаушы болашақтағы мамандар дайындау. Соңғы кездері педагогика саласында білім беру процесінде жалпы танылған екі сөзден тұратын "оқу-тәрбие" деген сөз тіркесіне ерекше көңіл бөлініп жүр. Осы сөз тіркесін Л.В.Зенков жеке тұлғаға білім беруді дамыта-оқыта тәрбиелеу процесі деп атау керектігін айтады Енді білім, даму, оқу және тәрбие ұғымдарына тоқталатын болсақ: білім беру-тиісті оқу орыны арқылы ғылыми мағлұмат берудің жолдары. Білім алуының негізі -оқу. Білім беру ісі (жалпы және арнайы жүйесі) шеберлікке, дағдыға баулиды, белгілі бір кәсіпке мамандыққа үйретеді. Даму - санның сапаға, ескі сападан түбірлі жаңа сапаға өту. Оқу - табиғат дүниесіндегі өзгерістерді, қоғам өміріндегі әлеуметтік құбылыстарды, өнімді еңбекті, дамытудың объективтік заңдылықтарын түсіндіру әдістері.

Дидактика әдісі балалардың дарынды ойын, зейіні, мәнді сапалы оқуға бағыттайды. Тәрбие-қоғамдық, өндірістік және мәдени өмірдің белсенді қатысушысын даярлауды мақсат етіп қойған жеке адамды қалыптастыратын жүйелі процесі. Мектептерде дамыта оқытудың функцияларымен арттыруға бағытталған оқытудың жаңа формалары мен әдістерін қолдануда жоғарғы сынып оқушылары өзіндік жұмыстарын жандандыру, олардың шығармашылық қабілеттерін дамытудың өзекті мәселелерін айтуға болады. Дамыта оқыту-оқытудың интегралдық үлгісі ретінде құрылған біртұтас педагогтік жүйе, оны ізденіс іскерлігі басым болады да, ал әдістері мен принциптік жүйелері дамыта оқыту приициптерінің мәндігін ескеріліп құрылады: оқыту мен оқудың өзара әсер процесі білім алушының қалыптасқан дәстүрлі оқытуға қарағанда сыртқы әрекеті мен ішкі ойлау әрекеттеріне басқаруын, тек ғылыми танымдардың нәтижелерін ұғынып қана қоймай жаңа білімді игеру тәсілдерін, шығармашылық бейімділігі мен танымдық дербестігін, теориялық және практикалық ойларын қалыптастыруға бағытталған

Оқушы танымдылық әрекет субъектісінің ұстанымын қамтамасыз ету қажет, мұғалімнің басшылығымен оқушы белсенді әрекеттен өзін-өзі басқару негізгі әрекетке көшу үшін жағдайлар жасау міндетінен тұрады. Бұл міндетінің шешімі оқыту үрдісін жалпы қайта құру есебінен жүзеге асырылады. Егер оқушы сабақта белсенді ой-әрекетіне қосылса, күші жететін қиыншылықтарды жеңу қажеттілігі алдында қорытынды мен жалпылау жасауға әр түрлі сұрақтарға жауаптарды өздігінен табуға ұмтылса, танымдылық белсенділігінің осындай сипатын көрсететін қажетті шарт-дербесті таным әрекеті. Бұл ұзақ уақыт ішінде оқушылардың әр түрлі өзіндік жұмыстарын орындауымен көбірек байланысты болады. Өзіндік жұмыстарын өткізу мазмұны мен әдістемесін оқу материалын меңгерудің әртүрлі кезеңінде әртүрлі дидактикалық мақсатқа қол жеткізуге байланысты дайындауды талап етеді. Өзіндік шығармашылық жұмыстармен бірге оқушылар меңгерген білімді, білікті бекітетін және дағдыны қалыптастыратын өзіндік жұмыстар орындалуы тиіс.

 

Аягөз Политехникалық колледжінің оқытушысы.

Тарих магистрі   Имангалиева Гаухар Сайлауовна.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Тарих сабағында оқыту әдістерін тиімді пайдалану