Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2013 в 17:49, реферат
Қазіргі кезеңдегі Қазақстанның саяси партиялары атты анықтамада ҚР Әділет министрлігінде тіркелген саяси партиялар қызметі туралы 2009 жылдың 31-қарашасына дейінгі мәліметтер, құжаттар жинақталып берілген. Анықтама екі бөлімнен, ресми тіркелген саяси партиялардың бағдарламалары, жарғылары мен партия жетекшілерінің өмірбаяндық мәліметтері берілген қосымшадан тұрады. Анықтама партия қызметкерлеріне, мемлекеттік қызметкерлерге, сонымен қатар жалпы саяси өмірге қызығушылық танытатын оқырмандарға арналады. Әсіресе, «Саяси партиялар және партиялық жүйе» курсы арнайы мемлекеттік білім беру стандарты бойынша оқытылатын «Саясаттану» мамандығының студенттері, магистранттары үшін пайдалы.
Саяси партиялар – Қазақстанда демократиялық қоғам құру жолында |
Қазақ халқының саяси тарихы саяси өмірді реформалауға бағытталған ой-пікірлерге кенде емес. Саяси шешімдерге тірек болған, тағдырлық мазмұндағы құжаттар қатарына көне дәуірдегі күлтегін жазуларын, орта ғасырлар кезеңіндегі «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы», «Жеті жарғы» заңдар жинағын жатқызуға болады. Қазақ халқының саяси өмірде бұл құжаттардың қолданылуы рулық-тайпалық ала-ауыздықты тыйды, қазақ мемлекеттілігін күшейтті, елдің саяси тұрақтылығымен біртұтастығын нығайтты. Ал Қазақстан тәуелсіздік алғаннан соң егемен ел болған Қазақстан халқын жаңа жасампаздық істерге бастаған, азаматтардың зор құлшынысын тудырған саяси маңыздағы құжат «Қазақстан 2030: барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» атты ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына 1997 жылы жасаған Жолдауы болды /1/.
«Қазақстан 2030» Жолдауында
Президент Қазақстанның алдындағы
7 басымдылықты атап көрсетті. Солардың
қатарындағы 1,2,4, және 7-ші басымдылықтардың
іске асуы елдегі саяси партиялардың
да ат салысып, араласуына қатысты болды.
Қазақстандағы саяси партиялар
«Қазақстан 2030» стратегиясындағы ұлттық
қауіпсіздік мәселесін
Аталып өтілген 2030 жылға
дейінгі Қазақстанның даму стратегиясының
бағыттары елдегі саяси партиялардың
басым көпшілігінің саяси бағдарламаларын
ортақ міндеттер аясында
Қазақстан халқы үшін тағдырлық маңызы бар мемлекеттік ортақ міндеттерді елдегі оппозициялық партиялар мен қозғалыстар да жоққа шығарған жоқ. Мысалы, 2003 жылы желтоқсанда құрылған Қазақстанның демократиялық таңдауы «(ҚДТ) партиясының бағдарламасында билік партиясы күн тәртібіне қойып отырған мәселелер өзінше орын алды. ҚДТ партиясы Біріккен демократиялық қозғалыс «Азат» негізінде құрылған. ҚДТ-ның мақсаттары: Биліктің үш тармағының бөлінуі; Азаматтың және азаматтар бірлестіктерінің құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету; Экономиканың дамуына сай халықтың әл-ауқатын көтеру; Ұлттық байланыстарды қоғам мүддесіне сәйкес игеру; Корупция мен қылмыскерлікке қарсы тиімді күрес; Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету»/5/.
Аталған міндеттерді, құндылықтарды ресми билік те демократиялық қоғам құрудағы басымдылықтар ретінде белгіледі. Саяси партиялардың биліктің мақсаттарын айқындауға көзқарастары бірдей болғанымен сол мақсаттарды орындау әдіс-тәсілдерін басқаша түсінеді. Оппозициялық партиялар биліктің халық алдында толық ашықтығын және есептілігін жақтаса билік партиялары мемлекеттік міндеттерді өз күшімен, өздерінің саяси шараларымен шешкенді дұрыс көреді. Билік партиялары Қазақстан халқы алдындағы ашықтықты және толық есептелікті міндетті емес деп санады. Билік көптеген мәселелерді өз бетімен шешуге құштар болды. Халыққа есеп формалды жағдайға қалды. Билік партияларының халық алдында нақты есеп бере бастауы, әкімдердің есебі, министрлер кабинетінің есебі саяси практикада 2000-ші жылдардың басында «Отан» және «Нұр Отан» партияларының қызметіне қатысты кірді.
Қазақстаның саяси партияларының демократиялық мемлекет құруға қатысуы мәселесін зеттегенде естен шығарылмайтын маңызды мәселе мемлекеттің мүдделі топтардан елдің конституциясы мен заңдары шеңберінде ғана қызмет етуін талап етуі болды. Бұл талап өз бастауын 1990 жылы 25 қазанда қабылданған Қазақ ССР Мемлекеттің егемендігі туралы Декларациядан алады. Кеңес Одағы күйреуі жағдайында қабылданған бұл тарихи құжатта «Саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар, бұқаралық бірлестіктер, өзге де топтар немесе жекелеген адамдар тарапынан Қазақ ССР-нің конституциялық құрлысына қарсы жасалатын кез келген күштеу әрееттері, оның территориясының тұтастығын бұзуға шақыратын, сондай-ақ ұлт азадығын қоздыратын жария ұрандар заң бойынша жазаланады» /6/,- деп көрсетеді.
Қазақстандағы басқарушы билік ел егемендікке қол жеткізе салысымен түрлі полярлық позициядағы саяси күштердің жас мемлекеттің тәуелсіздігін шайқалтпауын назарға ерекше ұстады. Себебі, саяси партиялар қызметінің заң шеңберінен шығуы сол жылдарда белсенділік көрсеткен сеспаратистік қозғалыстарға дем берген болар еді. Әсіресе Қазақстанның солтүстігі мен шығыс региондарындағы сеспаратистік, шовинистік пиғылдағы орыс тілді топтар белсенділік көрсете бастаған болатын. Сонымен бірге саяси тұрақтылыққа тым ұраншыл ұлтшыл- патриоттық партиялар да кері ықпал етті. Бұл жағдайда мемлекет саяси партиялардың өзара күресін заңмен қатал реттеуді дұрыс деп тапты.
Бұл талап Қазақстан Републикасының 1993 жылы 28 қаңтарда қабылдаған тұңғыш Конституциясынан көрініс тапты. Онда «партиялар азаматтардың саяси еркін қалыптастыруға және іске асыруға ықпал етеді. Саяси партиялардың құрылуы, қызыметі және тоқтатылуы заңмен белгіленеді. Қазақстан Республикасы аумағында басқа мемлекеттердің саяси партияларының құрылуына жол берілмейді»- делінген /7/.
Мемлекет саяси партиялар қызметіне ерекше мән береді. Демократиялық қоғамның қалыптасуының міндетті сегменті ретінде көппартиялық дамытылды. Бірақта Қазақстан олардың қызметіндегі қоғамдық келісімге және этникалық татулыққа жат пиғылдардың бірден жолын кесті. Мемлекеттік саяси тұрақтылық саясаты шеңберінде қызмет ететін саяси партиялар ғана ресми танылды. Қазақстанда ұлтшылдық, сеспаратистік, экстремистік саяси бағыттағы партиялар өз қызметтерін бастай да алмады.
1995 жылғы Конституция
Қазақстандағы саяси партиялар
қызметін нақты белгілері. «
Осы талаптардан 1995 жылғы Конституция елдегі саяси реформаларға ғана емес, саяси партияларда да заңдық кеңістікте қызмет етуіне жағдай туғызғандығын көреміз. Конституциялық ережелер аз ғана мерзім ішінде саяси партиялардың қазақстандық ішкі саяси ахуалға байланысты құрылуын және дамуын қамтамасыз етті. Жас мемлекеттің жаңа саяси партиялары жүйелі өмірге келді. Олар елдің экономикасына, саясатына және әлеуметтік қатынастарына ықпал жасай бастады.Ірі саяси партиялар билік үшін күресіп қана қойған жоқ. Олар елдегі саяси тұрақтылықтың және этносаралық келісімнің берік бола түсуіне жағдай жасады.
Екінші 1995 жылы қабылдаған Конституция ел өмірінің саяси реформалауы үшін және демократия эволюциясына жол ашты. Көзқарастардың әр-алуандығына, саяси дискуссияларға жағдай туғызатын, саяси мүдделі топтардың заңнамалық шеңберде еркін жұмыс істеуіне қажетті құқықтық-нормативтік алаң қалыптаса бастады. Конституция әр азаматтың саяси көзқарасын білдіруіне, саяси партиялар қызметіне қатысуға және өз құқықтары үшін күресе білуіне тең жағдай жасап кепілдік берді. Азаматтардың заң алдында теңдігіне конституциялық кепілдіктердің берілуі олардың саяси белсенділігін арттырды. Осындай саяси құқықтық ахуал елдегі саяси жүйенің демократиялануының теңдігіне және көппартиялықтың саяси шындыққа айналуына әкелді. Саяси партиялар жүйесінде оппозициялық партиялар да өз орнын алды. Алайда үшінші шақырылымдағы Парламент депутаты Н. Жылқышиев айтқандай «Оппозиция бұқарадан алыс. Уақытында Ленин айтқандай, бұл қозғалыс ел талабынан өте алыс. Сосын демократиялық партиялар бірнешеге бөлініп кетті. Атаулары да және өзгеріске ұшырайды. Жаңа атаумен халыққа танылып, сеніміне ие болғанша да ұзақ уақыт керек. Бұл оппозициялық күштерді одан сайын әлсірете түсуде» /10/.
Қазақстандағы саяси партиялардың дамуы 1995 жылдан елде қалыптасқан президенттік республика жағдайында жүргенін естен шығармау керек. Саяси партиялардың елдегі қызметіне президенттік биліктің ықпалы күшті болады. Сондықтан Қазақстандағы саяси партиялар құбылысын зерттегенде бұл жүйеге президенттік билік әсерін, президенттің жеке басының және оның дүниетанымының ықпалын назардан сырт қалдыра алмаймыз. Себебі, бүкіл саяси реформаның негізгі бағыттары, Қазақстан қоғамын демократияландыру үрдістері, саяси партиялардың қызметтерінің заңдық негіздерін анықтау, азаматтық қоғам институттарына мемлекеттің көзқарасы және қатынасы сияқты келелі мәселелерде президенттің позициясының өте ықпалы болғаны ақиқат. Н.Ә. Назарбаев бұл жағдаят туралы «1995 жылы шынайы президенттік республиканы құруға бара отырып, мен дамудың осындай нұсқасында елді басқару мүмкіндігі күшейетіндігін және жанға бататын реформалар нәтижесінің көп күттірмейтіндігін түсіндім. Реформаны жүзеге асыру барысында президенттің тікелей жауапкершілігінің артуы, сол сияқты оның бірқатар өкілеттілігін арттыруды да талап етті», - деп жазады /11/.
Экономикалық реформаларды пәрменді жүргізу талаптарынан туған президенттік вертикалды биліктің күшеюі жергілікті жерлердегі әкімшілік-атқарушылық билігінің күшеюіне әкелді. Бұл шаралар экономикалық даму талаптарынан туғызғанымен елдегі саяси жүйенің демократиялану үрдісін біршама кідіртті. Саяси партиялардың аймақтарда еркін дамуына жергілікті әкімшіліктер мүдделі болған жоқ. ХХ ғасырдың 90-шы жылдарында саяси партиялар тек ірі мегаполистер Алматы, Астана, Шымкент, Қарағанды, Өскемен сияқты қалаларда ғана дами алды. Саяси өмірдің белсенді ортадығы ретінде Алматы қаласының орны ерекше болды. Елдегі 90-жылдарда ресми тіркеуден өткен жиырмаға тарта саяси партиялардың барлығының орталық аппараты Алматы қаласында орналасты. Алматы саяси дискуссиялардың, саяси күрестің және саяси партиялардың бәсекелесуінің орталығына айналды. Қазақстандағы демократияландыру үрдісінің локомотиві Алматы қаласы болды,- деп батыл айтуға болады. Сондықтан саяси партиялардың Қазақстан қоғамын демократияландыру үрдісін зерттегенде Алматы қаласының саяси тартыстардың негізгі аренасына айналғанын атап өтеміз.
Қазақстандағы саяси реформалар Батыс демократиясының негізгі бағыттары мен стандарттарын қабылдады. Алайда олар сол қалпында қайталанылған жоқ. Қазақстанның демократияға жылжуының және саяси партиялары құрылысының өз жолы болды. Осыны елбасы Н. Назарбаев жақсы түсінді. Ол өзінің «Ғасырлар тоғысында» кітабында «Қазақстан тәжірибесі мені қоғамның жаңа жағдайына барлық есікті ашатын әмбебап кілт іздеуден бас тарту қажеттігіне көз жеткізді. Демократияландыру – түбегейлі соңғы қалпы жоқ, ұзақ процесс. Ол қоғам мен адам өмірінің барлық сфералараныдағы кешенді міндеттерді үздіксіз шешу демократия декреттермен орнатылмайды, оны өмір жасайды»,-деп ескертеді /12/.
Президенттік биліктің демократиясының эволюциялық жолын таңдағанын анық көреміз. Саяси партиялардың кейбірі Батыс демократиясына тән шектеусіз сөз бостандығын, ереуілдер мен жиналыстар бостандығын, дін бостандығын талап етуі Қазақстанның жас демократиясы үшін қауіпті екендігін басқарушы элита біледі. Ғасырларға созылған тоталитарлық саяси жүйе мемлекеттің жеке адам өмірін реттеуі әкімшілдік-әміршілдік ойлауға бейімділік қазақстандықтар үшін із түссіз кеткен жоқ. Ел басшылығы мен электорат саяси қызметтің әкімшілдік әдістеріне бейім болады. Биліктің демократиялық тетіктерінен гөрі, әкімшілдік тетіктері басым жұмыс істеді. Тоталитарлық, әкімшілдік ойлауға бейімділік Қазақстандағы саяси партиялар құрылысына міндетті түрде өзінің кері ықпалын жасады. Партиялар Қазақстанда халықтық әлеуметтік тамырлардан қарағанда, әкімшілдік жүйемен көбірек қатыста болды.
Өтпелі кезеңдегі саяси және әлеуметтік шындықтарға адекватты прзиденттік билік күшейе түсті. ТМД мемлекеттерінің транзиттік қоғамдарын зерттеушілер пікірінше Қазақстандағы әкімшілдік жүйенің осы жылдарда нығаюы өзін ақтады. Ал демократиялық әдістерге барлық есіктерін ашып тастаған Қырғызстан, Грузия, Украина сияқты мемлекеттер саяси тартыстардың перманентті күресу алаңына айналды. Осындай құбылыстар Ресейде, Молдавада да байқалды. Демократияның эволюциялық дамуын әкімшілдік жүйенің сақталуымен оңтайлы ұштастыра білген Қазақстанда саяси тұрақтылық сақталып, экономикалық модернизация саясатының құлаш жаюына қолайлы ахуал туды. Қазақстандағы саяси партиялардың пайда болуы мен дамуындағы ерекшеліктер ретінде оған президенттік биліктің ықпалының күшті болуын және партиялық құрылыстың атқарушы әкімшілдік биліктің басымдылығы жағдайында жүргенін атаған жөн. Қазақстан авторитризмнен демократияның аралығында тұрды. Сол себепті, сарапшылар елдегі демократиялану үрдістеріне транзиттік демократия немесе өтпелі демократия деген атау берді. Шындығында тәуелсіз дамудың бастапқы кезеңінде 1991-1995 және одан кейінгі 1995-2000 жылдарда елде толыққанды демократиялық мемлекет болған жоқ. Бұл құбылыс саяси партиялардың әлсіздігінен де байқалады. Әлеуметтік базасы ұлттық сипатталған, бағдарламасын жалпы халық мойындаған, мемлекеттік билікке ықпалы бар бірде-бір саяси партия тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында болған жоқ.
90-шы жылдардың ортасына
дейін Қазақстандағы саяси
Сондықтан Қазақстан басшылығы
және Қазақстан халқы елдің
Елдегі саяси партиялардың мемлекет өмірін демократияландыруға қатысуын эволюциялық үрдіс ретінде зерттеуді дұрыс деп есептейміз. Себебі, саяси партиялардың қалыптасуы мен дамуының объективті жағдайы бұл үрдіске биліктің белесіне араласумен сипатталады. Қазақстанның саяси партиялары «жұмсақ авторитаризм» жағдайында қалыптасып дамығаны ақиқат.
Саяси шындықта Саяси шындықта авторитаризм мен демократияның қос қабат жүруі ақылға сыимсыз сияқты болуы мүмкін. Саяси ғылым дәстүрінде авторитаризм мен демократия дихотомиялық құбылыстар болып есептеледі. Бірақта, ТМД елдерінде, қалыптасқан саяси - әлеуметтік ахуал жас мемлекеттердің бірден демократияны таңдауына мүмкіндік бермеді. Авторитарлық билік ел бірлігін, тұтастығын сақтай отыра демократиялық институттар біртіндеп енуіне өзі көмектесті. Бұл құбылысты ТМД сарапшылары «басқарылатын демократия» деп те атады. Қазақстан басшылығы қоғамды реформалауды объективті дайындауды мақсат тұтты.
Саяси биліктің аралық сипатта
болуы саяси партиялар
Екіншіден, вертикалды президенттік билік пен атқарушы биліктің аймақтардың барлығындағы басымдылығы саяси плюрализмді ғана емес, митингілік демократияны да тежеді. Халық негізінен ресми билік айқындаған саяси экономикалық басымдылықтарды ғана жақтаумен болды.
Үшіншіден, басқарылатын демократия, немесе транзиттік демократия жағдайында ел халқының саяси белсенділігі, саяси мәдениті мен саяси санасы әлсіз болды. Соның нәтижесінде халық үлкен саясатқа белсене араласқан жоқ. Шындығында қарапайым қазақ халқы мен қазақстандықтар өз тағдырын ресми мемлекеттік билікке тапсырды. Олардың саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстарға белсене қатыспауының, саяси индеференттілігінің негізгі себебі де осында болатын. Төртіншіден, Қазақстандағы билік Президенттің маңында шоғырланған аз санды саяси элитаның қолында болды. Өтпелі кезеңде шешуші мемлекеттік мәселелерге бизнес элитада ықпал ете алмады. Саяси элита Президенттің тікелей басшылығымен қызмет ете отыра Қазақстанның тағдырлық мәселелерін шешуде басым болды. Кейінірек осы аз санды элита Қазақстанның негізгі бөлгімен бірге негізгі байлықтарына ие болып оның саяси - әлеуметтік дамуын айқындаушы күшке айналды.
Бесіншіден, Қазақстанның саяси элитасы өз тағдырын Қазақстан тағдырымен толық байланыстыра алды. Ол өзінің саяси билігін және экономикалық қуатын мемлекеттік мүдделері шешуге бетбұрыс жасата білді. Билік өзінің эгоистік мүддесін жалпыұлттық мүдделерге біртіндеп бағындра бастады. Бұл іске Президентің саяси еркі мен талапкерлігі шешуші рөл атқарды. Саяси элита экономикалық модернизацияны саяси модернизацияға трансфармациялады. Қазақстан «жұмсақ авторитаризмнен» демократияға бетбұрыс жасауды қолға алды.
Алтыншы, Қазақстандағы бизнес элитаның бизнес олигархияға айналуы процесі анық байқалады. Бизнес олигархтар өз мүдделерін жақтайтын БАҚ-ты ғана емес саяси партияларды да құруға тырысты. Олигархтар Қазақстанның табиғат, кен байлықтарын, еңбек ресурстарын еркін пайдаланғанымен қоймай саяси билікті де өз ықпалдарымен шығармауды көздеді. Бірақта, ресми мемлекетік билік жалпыұлттық және жалпымемлекеттік мүдделерді бірінші кезекке қоя алды.
Жетіншіден, Қазақстанның түрлі
аймақтарындағы этносаяси және этнодемократиялық
ахуал саяси партиялар
Сегізіншіден, 70 жылдан астам үстемдік еткен этатистік социализм құрылысы Қазақстан халқының санасы мен саяси мәдениетіне өз ықпалын бірден жойған жоқ. Ел халқы бір партиялық коммунистік идеология жағдайында тәрбиеленді. Коммунистік партия мен кеңес өкіметіне халық өзінің ең қасиетті арман, мақсаттары байланыстырды. КОКП-ның халық мүддесін ақтамауы оның партияларға деген жалпы сенімін нашарлатты.
Қазақстан халқы санасы тоталитарлық, коммунистік идеологияның нәтижесінде қалыптасты. Коллективтік, ұжымның сана, қоғамның дамуының перспективалары туралы біркелкі ойлау, адамның жеке мүдделерінен мемлекеттік ортақ мүдделері бірінші қою, ұлттық өмірдің мақсат – мұраттарын біріккен Кеңес халқының мақсат – мұраттарына бағындыру, коммунистік партия көрсетіп берген ортақ линиядан ауытқымау сияқты догмалардан құтылмайынша Қазақстанда өркениетті елдерге тән көппартиялық жүйені жасау қиын болатын. Маркстік – лениндік социализм теориясында көптүрлі әлеуметтік мүдделерге негізделген партиялық жүйенің мәселелері мүлдем қарастырылмайтын.
Өтпелі кезеңдегі Қазақстан
халқының саяси мәдениеті мен
дүниетанымы Қазақстанда
Пайдаланған әдебиеттер:
Борбасов С.М. Демократияға дем берген саяси реформалар // Ақиқат. 2008. №1. Б.15-19. (15) Назарбаев Н.Ә. Қазақстан-2030: Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқаттың артуы: Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. Алматы, 2002. Б. 96. (32) Бұл да сонда. Б. 32 Бұл да сонда. Б. 33 Дәрімбетов Б. Құл болу оңай, ал одан құтылу-қиямет. Алматы, 2006.- Б. 320. (26) Қазақ Советтік Социалистік Республикасының Мемлекеттік егемендігі туралы Декларация. Алматы: Жеті жарғы, 2006. Б. 108. Конституция Республики Казахстан.- Алматы: Казахстан, 1993.- С.32. (13). Қазақстан Республикасының Конституциясы. Астана, 2007.-Б. 86. (6). Бұл да сонда. Б. 6. Жылқышиев Н. Бір партиялық жүйеге, және басқа табынушылыққа қарсымын // Жас қазақ. 2008. 29 шелде. Б.7. Назарбаев Н. Қазақстан жолы.- Астана, 2007. Б. 93. Назарбаев Н.А. На пороге ХХІ века. Алматы: Өнер, 1996.- С. 288. (151). Бұл да сонда. Б. 159.
08.092009 ж
Алияров Есенжол Қаниұлы Қазақстан гуманитарлық-саяси
конъюнктура орталығының |
1
ЖОСПАРЫ :
І.КІРІСПЕ
ІІ.НЕГІЗГІ БӨЛІМ
І.САЯСИ ПАРТИЯЛАРДЫҢ ТҮСІНІГІ, ҚҰРЫЛЫМЫ
ЖӘНЕ ҚОҒАМДА АЛАТЫН ОРНЫ..........................
1.1Қазақстандағы саяси партиялар, олардың
құрылу тарихы...................8
ІІ.ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ САЯСИ ПАРТИЯЛАР ТУРАЛЫ
ЗАҢ..................17
2.2 Саяси партиялар туралы ғалымдардың
ой-пікірлері………....….......38
ІІІ.ҚОРЫТЫНДЫ………………………….......
Пайдаланған әдебиеттер тізімі…………....................
Қосымша.......................
Жоспар
Кіріспе. 3
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ САЯСИ ПАРТИЯЛАР МЕН ҚОҒАМДЫҚ
ҚОЗҒАЛЫСТАР 3
Партиялардың құрылуы мен дамуы 5
Партиялар мен қозғалыстар 8
Қазақстан социалистік партиясы (ҚСП)
8
“Қазақстан халық конгресі” партиясы
(ҚХКП) 9
“Қазақстан халық бірлігі партиясы”
(ҚХБП) 9
“Қазақстан Республикалық партиясы”
(ҚРП) 10
“Алаш” партиясы. 12
“Қазақстан социал – демократиялық партиясы”
(ҚСДП) 12
“Қазақстан коммунистік партиясы” (ҚКП)
12
“Қазақстан демократиялық прогресс”
партиясы (ҚДПП) 14
Қорытынды 19
Пайдаланған әдебиеттер: 20
Информация о работе Саяси партиялар – Қазақстанда демократиялық қоғам құру жолында