Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2012 в 21:54, доклад
Қазақ халқының саяси тарихы саяси өмірді реформалауға бағытталған ой-пікірлерге кенде емес. Саяси шешімдерге тірек болған, тағдырлық мазмұндағы құжаттар қатарына көне дәуірдегі күлтегін жазуларын, орта ғасырлар кезеңіндегі «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы», «Жеті жарғы» заңдар жинағын жатқызуға болады. Қазақ халқының саяси өмірде бұл құжаттардың қолданылуы рулық-тайпалық ала-ауыздықты тыйды, қазақ мемлекеттілігін күшейтті, елдің саяси тұрақтылығымен біртұтастығын нығайтты.
Сондықтан Қазақстан басшылығы
және Қазақстан халқы елдің
Елдегі саяси партиялардың мемлекет өмірін демократияландыруға қатысуын эволюциялық үрдіс ретінде зерттеуді дұрыс деп есептейміз. Себебі, саяси партиялардың қалыптасуы мен дамуының объективті жағдайы бұл үрдіске биліктің белесіне араласумен сипатталады. Қазақстанның саяси партиялары «жұмсақ авторитаризм» жағдайында қалыптасып дамығаны ақиқат.
Саяси шындықта Саяси шындықта авторитаризм мен демократияның қос қабат жүруі ақылға сыимсыз сияқты болуы мүмкін. Саяси ғылым дәстүрінде авторитаризм мен демократия дихотомиялық құбылыстар болып есептеледі. Бірақта, ТМД елдерінде, қалыптасқан саяси - әлеуметтік ахуал жас мемлекеттердің бірден демократияны таңдауына мүмкіндік бермеді. Авторитарлық билік ел бірлігін, тұтастығын сақтай отыра демократиялық институттар біртіндеп енуіне өзі көмектесті. Бұл құбылысты ТМД сарапшылары «басқарылатын демократия» деп те атады. Қазақстан басшылығы қоғамды реформалауды объективті дайындауды мақсат тұтты. Саяси биліктің аралық сипатта болуы саяси партиялар қызметіне әсер етпей қойған жоқ. Біріншіден, саяси партиялар өркениетті елдердегідей жалпыхалықтық сипат алып экономикалық, ұлттық және әлеуметтік саясатта шешуші рөлге ие бола алмады.
Екіншіден, вертикалды президенттік билік пен атқарушы биліктің аймақтардың барлығындағы басымдылығы саяси плюрализмді ғана емес, митингілік демократияны да тежеді. Халық негізінен ресми билік айқындаған саяси экономикалық басымдылықтарды ғана жақтаумен болды.
Үшіншіден, басқарылатын демократия, немесе транзиттік демократия жағдайында ел халқының саяси белсенділігі, саяси мәдениті мен саяси санасы әлсіз болды. Соның нәтижесінде халық үлкен саясатқа белсене араласқан жоқ. Шындығында қарапайым қазақ халқы мен қазақстандықтар өз тағдырын ресми мемлекеттік билікке тапсырды. Олардың саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстарға белсене қатыспауының, саяси индеференттілігінің негізгі себебі де осында болатын.
Төртіншіден, Қазақстандағы билік Президенттің маңында шоғырланған аз санды саяси элитаның қолында болды. Өтпелі кезеңде шешуші мемлекеттік мәселелерге бизнес элитада ықпал ете алмады. Саяси элита Президенттің тікелей басшылығымен қызмет ете отыра Қазақстанның тағдырлық мәселелерін шешуде басым болды. Кейінірек осы аз санды элита Қазақстанның негізгі бөлгімен бірге негізгі байлықтарына ие болып оның саяси - әлеуметтік дамуын айқындаушы күшке айналды.
Бесіншіден, Қазақстанның саяси элитасы өз тағдырын Қазақстан тағдырымен толық байланыстыра алды. Ол өзінің саяси билігін және экономикалық қуатын мемлекеттік мүдделері шешуге бетбұрыс жасата білді. Билік өзінің эгоистік мүддесін жалпыұлттық мүдделерге біртіндеп бағындра бастады. Бұл іске Президентің саяси еркі мен талапкерлігі шешуші рөл атқарды. Саяси элита экономикалық модернизацияны саяси модернизацияға трансфармациялады. Қазақстан «жұмсақ авторитаризмнен» демократияға бетбұрыс жасауды қолға алды.
Алтыншы, Қазақстандағы бизнес элитаның бизнес олигархияға айналуы процесі анық байқалады. Бизнес олигархтар өз мүдделерін жақтайтын БАҚ-ты ғана емес саяси партияларды да құруға тырысты. Олигархтар Қазақстанның табиғат, кен байлықтарын, еңбек ресурстарын еркін пайдаланғанымен қоймай саяси билікті де өз ықпалдарымен шығармауды көздеді. Бірақта, ресми мемлекетік билік жалпыұлттық және жалпымемлекеттік мүдделерді бірінші кезекке қоя алды.
Жетіншіден, Қазақстанның түрлі аймақтарындағы этносаяси және этнодемократиялық ахуал саяси партиялар құрылысына өз ықпалын тигізді. Солтүстік пен Шығыс аймақтарында славян тектес орыс тілді халықтардың басым болуы сепаратистік пиғылдағы саяси топтардың болуына әкелді. Орталық пен жергілікті билік сеспаратистік топтардың бұқаралық сеспаратистік партияларға айналып кетпеуі үшін күресті. Оңтүстік аймақта керсінше қазақтың ұлтшыл топтарының ықпалы зор болды. «Азат», «Алаш» сияқты қозғалыстар ұлтшылдық идеологиясы мен платформасындағы партияларды құра алды. Алайда қарапайым халық саясат акторларының сеспаратистік пиғылдарын да, ұлшылдық ұрандарын да қолдамады. Қазақстан халқына қажетті татулық, тыныштық жағдайында болатын экономикалық реформалар нәтижесінде әлеуметтік, этникалық және тілдік мәселелердің шешілетініне сенді.
Сегізіншіден, 70 жылдан астам үстемдік еткен этатистік социализм құрылысы Қазақстан халқының санасы мен саяси мәдениетіне өз ықпалын бірден жойған жоқ. Ел халқы бір партиялық коммунистік идеология жағдайында тәрбиеленді. Коммунистік партия мен кеңес өкіметіне халық өзінің ең қасиетті арман, мақсаттары байланыстырды. КОКП-ның халық мүддесін ақтамауы оның партияларға деген жалпы сенімін нашарлатты.
Қазақстан халқы санасы тоталитарлық, коммунистік идеологияның нәтижесінде қалыптасты. Коллективтік, ұжымның сана, қоғамның дамуының перспективалары туралы біркелкі ойлау, адамның жеке мүдделерінен мемлекеттік ортақ мүдделері бірінші қою, ұлттық өмірдің мақсат – мұраттарын біріккен Кеңес халқының мақсат – мұраттарына бағындыру, коммунистік партия көрсетіп берген ортақ линиядан ауытқымау сияқты догмалардан құтылмайынша Қазақстанда өркениетті елдерге тән көппартиялық жүйені жасау қиын болатын. Маркстік – лениндік социализм теориясында көптүрлі әлеуметтік мүдделерге негізделген партиялық жүйенің мәселелері мүлдем қарастырылмайтын.
Өтпелі кезеңдегі Қазақстан халқының саяси мәдениеті мен дүниетанымы Қазақстанда партиялық құрылыстың жылдам бел алып, күшейіп кетуіне бөгет болды. Жаңадан құрылған саяси партиялар өмірге жылдам келіп, жылдам тарап жатты. Оның себебі халықтың басым көпшілігі жас партиялар қызметтеріне қатыспады. Бұрынғы көпсанды партия КОКП-ның мүшелері Кеңес Одағы тарағаннан кейін партиялық жұмысқа жаңа жағдайда араласуға ниет білдіре қойған жоқ. Партиялар құрылысының елдегі экономикалық даму басымдылықтарына, психологиялық ахуалға, саяси дүниетаным мен этнодемократиялық ахуалға қатысты дамитындығын Қазақстанның саяси шындығы толықтай дәлелдеді. Жас партиялардың әлеуметтік базасы әлсіз болғандықтан демократиялық қоғам принциптерін Қазақстанда тез мерзімде қалыптастыруға шамалары жетпеді.
Информация о работе Саяси партиялар – Қазақстанда демократиялық қоғам құру жолында