Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Февраля 2011 в 15:38, доклад
Қоғам әркашан өзгеріп, дамып, жылжып отыратындығы белгілі. Соған орай саяси жүйелер деөзгеріп, бір жәй-күйден екінші қалыпқа келіп, жетіліп жатады. Саяси өшу деп саяси іс-қимылдар, саяси мәдениетте және жалпы саяси жүйеде өзгерістерге әкелетін процесті айтады. Соның нәтижесінде саяси жүйе әлеуметтік мақсат мүдделердің жаңа үлгілеріне бейімделеді және жаңа жағдайларға икемделген институттар пайда болады.
Саяси даму мен бейімделудің мәні
Қоғам
әркашан өзгеріп, дамып, жылжып отыратындығы
белгілі. Соған орай саяси жүйелер
деөзгеріп, бір жәй-күйден екінші қалыпқа
келіп, жетіліп жатады. Саяси өшу деп саяси
іс-қимылдар, саяси мәдениетте және жалпы
Саяси дамуды саяси прогреспен шатастырмаған жөн. Себебі, соңғысы қоғамдық-саяси дамудың барысында бір нәтижеге жетуді, бір кезеңнен екіншісіне өтуді білдіреді. Ал саяси даму бейтарапұғым, ол тек даму процесін, өзгерісті ғана бейнелейді.
Саяси
дамудың эволюциялық және революциялық
түрлері бар. Эволюциялықта қоғамдык-саяси
Әлеуметтану біздің заманымыздағы қоғам дамуын дәстүрлік және қазіргі етіп екі түрге беледі.Дәстүрлік дегенде әдетте рулық, феодалдық қоғамдарды айтады. Оның экономикасы жалпы алғанда әлсіз. Негізінен, аграрлық шаруашылықпен айналысады. Өндірісте қазба байлықтарын өндіріп, оларды алғашқы өндеуден өткізеді. Әлеуметтік құрылымында отбасылық, рулық, тайпалық байланыстар қатты дамыған. Халықтың көпшілігі сауатсыз немесе шала сауатты, жол қатынасының, сауда-саттықтың дәстүрлі түрі кең тараған.
Бұл
қоғамның саяси жүйесі де ескіше. Қандық,
діни, әдет-ғұрыпқа негізделген
Қазіргі қоғам индустриалды, жоғары индустриалды (постиндустриалды) қоғам болып есептеледі. Ол рационализмге, акыл-парасатқа, баяндылыққа негізделеді. Бүгінгі адам өзінің іс-әрекетінде алдына саналы мақсат қойып, соған жетер жолды, әдіс-тәсілдерді таңдап, табанды түрде оларды іске асыруға тырысады. Бұрынғы дәстүрлік қоғамда адамның әлеуметтік, саяси іс-қимылына заңдық, идеологиялық, діни шектеулер қойылатын. Қазір ондай жоқ. Бұрынғы адамдардың іс-қимылдарын олардың әлеуметтік мәртебесіне байланысты бағалайтын. Қазір өркениетті елдерде қызметтің, жұмыстың нақтылы нәтижесіне қарай бағаланады.
Саяси даму тұжырымдамасында басты рөлді саяси бейімделу (модернизация) теориясы атқарады. Ол осы ғасырдың 50 жылдарында пайда болған. Батыс елдері алғашында бұл ұғымды отарлық езгіден құтылып, азаттық алған елдердің одан кейінгі жерде қалай дамуына байланысты пайдаланған. Кейін ол өркениеттілікке өтудегі әлемдік процестің жалпы үлгісінің негізіне айналды. Оның мәні дәстүрлік қоғамнан қазіргі қоғамға өтудің сипатын және бағытын бейнелеу болатын.
Дәстүрлік қоғамнан қазіргі қоғамға өтудің, соған бейімделудің әр түрлі қыры бар.
1. Құрылымдық
бейімделу. Ол қазіргі
2. Азаматтық. Жаңғыру барысында дәстүрлік қоғамның саяси жүйесі де құрылымдықөзгерістерге ұшырайды. Солардың ішінде елеулі саяси көрінісі — азаматтылық, азаматтыққұқықтар. Бұл принцип барлық ересек адамдарды мемлекет басқару ісіне тартып, қатынастыруға бағытталған. Мұндай тәжірибе бұрын да тарихта кездескен. Мысалы, афинылық демократия кезінде Ежелгі Гректерде, содан кейін Ертедегі Римде кездеседі. Бірақ бұл елдердегі азаматтық, біріншіден, тарихи мөлшерде ұзаққа созылған жоқ. Екіншіден, ол халықтың бәрін қамтыған жоқ. Азамат болып тек сол жерде бұрыннан тұрған, сол жерде туған ерікті азаматтар саналатын, басқалар (құлдар, басқа жерден кешіп келгендер) бұл есепке кірмеді. Бірақ олардың тәжірибесі бос кеткен жоқ. Әсіресе, азаматтық құқықтар, оның ішінде мемлекеттік билікке қатысу тендігі, заң алдындағы теңдік, әлеуметтік мәртебенің жалпы негізі мен мүмкіншіліктер тендігі және т. б. Бұлқұқықтар адам өмірінде ең маңызды, шешуші рөл атқарады. Кейін келе азаматтық құқықтар одан әрі дамытылған, саяси құқықтар пайда болған.
3. Саяси қатынасу. Жоғарыда көрсетілген азаматтық принциптің негізінде азаматтарға қоғамның саяси өміріне белсене қатынасуына кең жол ашылады. Солардың ішінде ең маңыздыларының бірі — сайлау жасына келген азаматтардың сайлауға және сайлануға құқығы. Көпшілік саяси партиялар қалыптасады. Олар халықтың саяси өмірге қатынасуына көмектесіп, тәртіптеп, іс-қимылына бағыт-бағдар береді. Саяси ұйымдар жұмыста қазыналық негіз болатын саяси идеология сомдалып, шындалады. Қазіргідей саяси қызметтерге қатынасатын мемлекеттік және жергілікті басқару жүйесі құрылады.
4. Қазіргі адам. Мемлекеттік, қоғамдық жұмыстарға белсене араласатын жаңа адам қалыптасады. Ол бұрынғыдай қандық бірлікке негізделген ру-ру, тайпа-тайпаның шенберінде ғана іс-әрекет етпейді. Мемлекеттік, ұлттық көлемде солардың мүшесі ретінде міндеттерді атқарып, өз құқықтары мен бостандықтарын толық пайдалана алады. Бүгінгі танда ұйымдар мен мекемелерде қызмет атқару үшін құжаттарда көрсетілген талаптарға сай істеу керек. Бұрынғыдай әдет-ғұрып, салт-дәстүрді, діни қағидаларды басшылыққа алмайды, өмірдің өркениетті талабына сай, іскерлік көрсетіп, білімді қорытындылар жасап, іс істеуге тура келеді.
Бұл мәселемен көптен айналысатын американың белгілі зерттеушісі А. Инкельс қазіргі адамды сипаттай келіп, мынадай ерекшеліктерін атайды:
а) қазіргі адам жаңа өмір тәжірибесінің барлық саласына ашық. Ол қандай жаңа идеялар болсынқабылдауға, қарсы алуға іштей дайын. Дүниені, айналадағы ортаны танып біле алады және соған орай іс-әрекетте жасай алады;
ә) қазіргі адам айналасындағы өзгерістерге байланысты үрейленіп қорықпайды, психологиялық жайсыздыққа онша бас ұрмайды. Жалпы қоғам түбегейлі өзгерістерге ұшырап жатқанда сол әлеумеітік, мәдени жағдайда өмір сүруге дайын;
б) қазіргі
адам қандай мәселе болмасын оған әр түрлі
қарауға болатынын, соншалықты
в) қазіргі адам қоғамдық өмірді түсініп, ұғынғанда өткенге, бұрынғыға бағдар ұстамайды, қазіргі мен болашақты ойлайды;
г) қазіргі адам индустриалды технологияның қисының біледі, белгілі бір мағлұматы бар. Мысалы, өндіріс мекемелері қалай қызмет ететіні, тұрмысқа қажет техникалық құралдардың жұмысістеуінің және т.с.с. негізгі принциптерін біледі.