Саясаттану ғылымының зерттеу әдістері

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Сентября 2013 в 19:07, лекция

Описание работы

Саясаттанудың пәні жөнінде алыс, жақын шетелдік болсын, біздің елдің ғалымдарының арасында болсын бірыңғай, жалпы жұрт танып, мойындаған анықтама, тоқтам жоқ. Оның аукымы мен мазмұны, қарастыратын мәселелер шеңбері, жеке ғылыми пән ретінде ерекшелендіретін белгісі, өлшемі не болуы керек деген сауалдар төңірегінде бірталай көзқарастар бар. Кейбір ғалымдар оған қоғамда билікті жүргізетін немесе оған әсер ететін мемлекет, партиялар және басқа саяси институттар туралы ғылым ретінде қарайдық. Әлбетте, саясаттанудың бұл мәселелер мен айналысатынында дау жоқ. Дегенмен, оның өрісін тек солармен шектеуге әсте болмайды, Себебі, ол солармен қатар жалпы, саяси теориялар мен нақтылы саяси іс-әрекеттерді, саяси процестер мен жүйелерді, халықаралық қатынастарды да зерттейді, еларалық салыстырмалар да жүргізеді. Сондықтан мұндай көзқарас саясаттануға тар мағынасында қараған болып шығады.

Содержание

Кіріспе 3
Саясаттану ғылым ретінде 4
Саясаттанудың қызметі 7
Саясаттану нені зерттейді? 7
Саясаттанудың қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар жүйесіндегі
орны және ерекшелігі 12
Қорытынды 14
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 15

Работа содержит 1 файл

sayasattanu.docx

— 59.63 Кб (Скачать)

Алматы энергетика және байланыс университеті

Жылуэнергетика факультеті

 

 

Әлеуметтік пәндер кафедрасы

 

 

 

 

Саясаттану

 

№1 семестрлік жұмыс

 

 Тақырыбы:       Саясаттану ғылымы

 

 

 

 

 

 

Орындаған:

Абдуллахан С.А.

Тобы:

БАУк-12-02

Сынақ кітапшасының №121181

Тексерген:

 

 

 

 

 

 

Алматы, 2013

Мазмұны

 

Кіріспе           3

Саясаттану ғылым ретінде         4

Саясаттанудың қызметі        7

Саясаттану нені зерттейді?        7

Саясаттанудың қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар жүйесіндегі 

 орны және ерекшелігі         12

Қорытынды          14

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі       15    

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Саясаттанудың пәні жөнінде алыс, жақын шетелдік болсын, біздің елдің ғалымдарының арасында болсын бірыңғай, жалпы жұрт танып, мойындаған анықтама, тоқтам жоқ. Оның аукымы мен мазмұны, қарастыратын мәселелер шеңбері, жеке ғылыми пән ретінде ерекшелендіретін белгісі, өлшемі не болуы керек деген сауалдар төңірегінде бірталай көзқарастар бар. Кейбір ғалымдар оған қоғамда билікті жүргізетін немесе оған әсер ететін мемлекет, партиялар және басқа саяси институттар туралы ғылым ретінде қарайдық. Әлбетте, саясаттанудың бұл мәселелер мен айналысатынында дау жоқ. Дегенмен, оның өрісін тек солармен шектеуге әсте болмайды, Себебі, ол солармен қатар жалпы, саяси теориялар мен нақтылы саяси іс-әрекеттерді, саяси процестер мен жүйелерді, халықаралық қатынастарды да зерттейді, еларалық салыстырмалар да жүргізеді. Сондықтан мұндай көзқарас саясаттануға тар мағынасында қараған болып шығады. 

Саясаттану сөзі ("политология") гректін, «политика" және "логос" деген сөздерінен шыққан, саясат туралы ғылым деген мағынаны білдіреді.   

Қазақстан Республикасында  саясаттану пәні жоғары оқу орындарында  ерекше ғылым ретінде 1989 жылдан оқытыла  бастады.

Ғылым ретінде саясаттану – саясатты , яғни мүдделер мен институттардың қоғамдағы билікті жеңіп алу , ұйымдастыру және іске қосу жөніндегі  қарым-қатынастарды зерттейді. Ол саясаттағы барлық жеке зерттеулерге байланысты әдістемелік міндетін атқарады. Саясаттану – дүниетанымдық ғылым. Өйткені ол өз пәні арқылы қоғамның дамуына , оны іске асыратын механизмдерге , саяси түрленген қоғамның және дүниенің ісінде ұйымдастырылған өзара қарым-қатынастарға , саяси жағынан қалыптасқан дүниедегі – адамның алатын орнына белгілі бір көзқарасты қалыптастырады.

Саясаттану саяси- практикалық  маңызы бар қызмет атқарады, саяси  бағдарлама жасауға және қалыптастыруға , саяси процесстердің ағымымен саяси  институттардың арасындағы өзара қатынастардың  мәнін табу арқылы , саяси институттардың мейлінше ұйымды қызмет атқаруына көмектеседі. Саясаттану алда болатын саяси процесстерді утопиялық емес , ғылыми жолмен алдын  ала болжайды.

Мен өз жұмысымның негізгі  бөлімінде саясаттану пәні , ол нені зерттейді және басқа ғылымдардан  айырмашылығы жөнінде толығырақ  тоқтала кетемін.                                                           

  

 

 

 

 

Саясаттану ғылымы. Саясаттану сөзі ("политология") гректін, «политика" және "логос" деген сөздерінен шыққан, саясат туралы ғылым деген мағынаны білдіреді.                                                                      
          Басқа қоғамдық ғылымдардың ішінде саясаттанудың орны ерекше. Себебі, адамзат тарихында саясат негізгі рөл аткарды. Оның дұрыс-бұрыстығы, сайып келгенде, адамдардын, халықтардың тағдырымен тығыз байланысты. Мысалы, мемлекет агрессиялық, яғни басқыншылық соғыс саясатын жүргізсе, оның салдары бірнеше жылдарға созылатын қайғы-қасіретке соқтыратыны даусыз. Керісінше, мемлекет ғылыми дәлелденген тиімді бейбіт саясат жүргізсе, еліне қолайлы, халқына жайлы болары да белгілі. 
           Aдамзат саясаттың сиқырлы сырын, құбылмалы кұбылысын өте ерте заманнан түсініп-білгісі келді. Ежелгі Шығыс, антикалық дәуірдін ойшылдары мемлекеттің, саяси биліктің мән-мағынасы неде және кімге қызмет етеді, қоғамдық құрылыстық қандай түрлері бар және олардың ең жақсысы, халыққа ең қолайлысы қайсысы деген сияқты сауалдарға жауап іздеген. Бірақ ол кездегі пайымдаулар негізінен діни-мифологиялық сарында болатын. Себебі, ертедегі адамдар жер бетіндегі өмірге құдайдың құдіретінен туған жалпы әлемдік космостық тәртіптің ажырамас бөлігі ретінде қарадық. Мысалы, Мысырда (Египетте), Вавилонда (қазіргі Ирак), Үндістанда, сол кездегі мифтарға сүйенсек, басқарушының билік көзі құдайда және ол жер бетіндегі істерді реттеп, тындырып отырады. Көне Кытай мифы бойынша билік құдайдың құдіретімен жүргізіледі де, ал іске асырушы онымем байланысты император болып есептелген. Ежелгі гректерде ен алғашқы билікті жүргізуші құдайлардың өздері болыпты-мыс. 
Кейінірек адамзаттың іс-тәжірибесінің, ақыл-ойының, мәдениетінің дамуына  
байланысты саясаттың ұғымдары, түсініктері,  тұжырымдамалары пайда бола бастады. Қоғамдық - әлеуметтік және саяси құрылымы мен қатынастарының одан әрі күрделіленуі, материалдық өндірістің, халық санының өсуі оның өміріне мемлекеттің тікелей араласуына әкеліп соқтырды. Мұндай жағдайда ұлы ойшылдар саясатты ғылыми тұрғыдан түрініп, оны орынды пайдаланудың, мемлекетті тиімді басқарудың жолдарын іздестіре бастады.   Бұдан келіп саяси теориялар туды. 

Біздің з.б. бірінші мыңжылдықтың ортасында саясаты діни-мифологиялық танудың орнына философиялық-этикалық түсіну түрі келеді. Мұнда аса зор еңбек еткендер — Конфуций, Платон, Аристотель сияқты ғұлама ғалымдар. Бұл ойшылдар саясатты теориялық тұрғыдан зерттеп, оны этикамен тығыз байланыста қарады. Олар саясатты адамдардың мақсат-мүддесіне сай келуге, адамгершілікке негізделуге тиіс деп ұқты. 
Әдетте, саясаттанудың негізін қалаушы деп данышпан ғалым Аристотельді атайды. Өйткені ол өз заманында лицей ашып, сонда саяси ғылымды жеке пән ретінде оқытып, өзі жүргізді. «Саясат»  деген еңбек жазып, онда ежелгі грек мемлекеттерінің (онда әрбір қала мемлекет болып есептелетін) саяси жүйесін зерттеді. Дегенмен, ұлы ғалым саясаттанудың пәнін қазіргі біздің - түсінігіміздей басын ашып бере алмады. Ол саясаттың негізі адамның өзімшіл, хайуандық табиғатында жатыр деп ұқты. Жеке адам көзсіз құмарлыққа берілгіш келеді. Сондықтан оның соқыр сезімін тежеп, жалпыға ортақ игілікке, әділеттілікке жетуді жеңілдету, адамның адамгершілік қасиетін арттыру үшін саясат жүргізу керек деп түсінді. Сонымең қатар ол саясаттану мәселелерін, фәлсафа (философия) мәселелерімен бірге қарады. 
Орта ғасырда саясаттың діни-этикалық түрі қалыптасады. Оның негізін салушы Фома Аквинский саяси билікті құдай орнатады, бірақ мемлекет басшылары кұдайдың калауына қарсы шықса, халықтың оларды құлатуына болады деген байлам айтты.

Саясатты қазіргідей түсінуге мол үлес қосқан Италияның XVI ғасырда өмір сүрген ойшылы Никколо Макиавелли болды. Ол саясатты теологиялық (құдайшылдық) түсіндіруден саяси ойды қоғамдағы табиғи өмірден туған мәселелерді шешуге бейімдеді. Саяси зерттеулердің өзегі етіп мемлекеттік билікті қойды және оны қалай қолға түйрудің, пайдаланудың неше түрлі әдіс-тәсілдерін керсетті. Соның арқасында саясаттануды біздің казіргідей түсінуімізге жол ашылды.

Феодализмнің ыдырап, капиталистік қатынастардың қалыптасу қоғамды демократияландырып, жалпыға бірдей сайлау құқығын кіргізуге; көпшілік саяси партиялар мен қазыналардың кеңінен қанат жаюына, акпарат кұралдарының өрістеуіне, ауқымы кеңейді, саясаттың қызметтері мен міндеттері күрделігіне түсті. Сондықтан саяси құбылыстар мен процестерді арнайы зерттеуге, саясаттану теорияларын жасауға тура келді. Бұл ретте Дж. Локк, Ш.Л.Монтескье, Ж.Ж. Руссо, Т. Джефферсон, Т. Пейн, И. Кант, Гегель сынды көрнекті ғалымдар көп еңбек сіңірді.

Саясаттану XIX ғасырдың екінші жартысында өз алдына жеке пән ретінде калыптасты.Оған бұл кезде бихевиористік, тәжірибелік (эмпирикалық) әдістердің кеңінен пайдаланыла бастауы зор ықпалын тигізді 1857 жылы АҚШ-тың Колумбия колледжінде (кейін Колумбия университетіне айналды) профессор Фрэнсис Либер "Тарих және саяси ғылым" деген кафедра ашты. Соның негізінде онда 1880 жылы саяси ғылымның жоғары мектебі құрылды. АҚШ-тағы сияқты 1872 жылы Францияда мемлекеттік аппаратқа арнайы қызметкерлер дайындайтын саяси ғылымдар мектебі жұмыс істей бастады. 1889 жылы Американың Саяси және әлеуметтік ғылымдар академиясы, 1903 жылы Америкалық саяси ғылымдар ассоциациясы құрылды.

XX ғасырдың басында саясаттану бөлек академиялық пән ретінде толық бөлініп шықты. Бұл ғылымның халықаралық мәртебе алып, толыққанды қалыптасуына ЮНЕСКО-ның басшылығымен 1949 жылы құрылған саяси ғылымдардың халықаралық ассоциациясы зор рөл атқарды. Ол саяси зерттеудің белсенділігін арттыру жолында казір де жемісті еңбек етуде.

Бүгінгі таңда АҚШ-тың, Шығыс елдерінің барлық жоғары оқу орындарында саясаттану жеке пән ретінде барлық факультеттерде міндетті түрде оқытылады, әлемнін ең ірі университеттері оған мамандар дайындайды. Мысалы, АҚШ-та саясаттанудың мамандандырылған 26 саласы бойынша білім береді. Шетелдерде, әсіресе, бұл ғылымның қолданбалы түрі кең өріс алған. Оны бітірген маман саясатшылар маңызды саяси шешімдердің жобаларын сараптауға, партиялар немесе басқа бірлестіктердің сайлау алдындағы бағдарламаларын талдауға, үкіметтік дағдарыстар мен халықаралық қатынастардағы шиеленіс жағдайларының себебін ашуға кеңінен пайдаланады.

Бұрынғы Кеңес елінде бұл ғылымды партияға, халыққа қарсы, буржуазиялық ғылым деп айдар тағып, оқытлаған болатын. Себебі, Кеңес өкіметі, шын мәнінде, саяси сауалы адамдарды даярлауға мүдделі болмады. Ондай жағдайда тоталитарлық жүйе 70 жылдаи артық дәуренін құра алмаған да болар еді.

Бірақ бұдан ол кезде саяси ғылымға еш көңіл бөлінбеген екен деген ой тумауға тиіс. Саясат мәселелері қаралып, зерттеліп жатты. Алайда, олар ғылыми коммунизм, тарихи материализм, Коммунистік партия тарихы сияқты коммунистік  идеологияға негізделген пәндердін шеңберінен шықпайтын және ең алдымен қандай әлеуметтік-саяси процестер социализм мен коммунизмі әкелуі мүмкін, соның жолдарын іздейтін. 
Саясаттануға деген көзқарас 80 жылдардын екінші жартысында бұрынғы Кеңес Одағындағы түбегейлі реформаларға қоғамнын демократиялануына, тоталитарлық жүйенің күйреуі не байланысты өзгерді. 1989 жылдан Жоғары Аттестациялау Комиссиясында саясаттанудан эксперттік кеңес жұмыс істей бастады. 1990 жылы КСРО-ның ғылым және техника бойынша мемлекеттік комитеті "Саяси ғылымдар" деген атпен саяси ғылым қызметкерлерінің тізімін ресми түрде бекітті. 1989-1990 оқу жылдарында Балтық бойы елдеріңде, 1990 жылдан бастап ТМД-ның басқа елдерінде саясаттану оқытыла бастады. Қазір Қазақстанның барлық жоғары оқу орындарында дерлік бұл ғылым жеке пән ретінде өтілуде. Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Ұлттық университеті және Абай атындағы Алматы Мемлекеттік педагогикалық университетт бұл салада арнаулы мамандар даярлайды. 
Саяси билік пен қоғамның саяси жүйесі – саясаттанудың негізгі зерттеу объектісі мен пәніне жатады. Осылар арқылы қоғамның саяси өмірін анықтауға болады. Сондықтан саясаттану қоғам өмірінің өте  қажетті қызмет саласы туралы  білімді, түсінікті қалыптастырады.. Оған жүктелген міндет әрі күрделі, әрі маңызды,. 

Дегенмен, ғылыми әдебиеттерде ортақ қорытындыға келіп, оны пән ретінде мойындаған пікір әлі толық тиянақталған жоқ. Сондықтан бұл пән туралы түсініктер алуан түрлі бір біріне сай келмейтін зерттеулер, бағыттар, саяси мектептер баршылық.

1-ден . Саясаттануды пән ретінде анықтағанда оның тікелей мемлекетпен немесе саяси билікпен, қоғамдық немесе саяси партиялар мен ұйымдар проблемаларымен байланыстыра қарайтын шектеулі шеңбердегі көзқарастарды атау қажет.

2-ден. Бұл пәнге саяси мәселелер мен саясат туралы білімді ғана жатқызып қоймай, онымен  мәндес келетін табиғаты жақын кейбір қоғамдық ғылымдардың мәселелерін де жатқызуға болады.

Саясаттанудың қызметі. Саясаттанудың қызметі - қай ғылым болмасын белгілі бір қызметтерді (функцияларды) атқарады. Оған ең алдымен танымдық қызметіжатады. Саяси білім қоғамдағы оқиғаларды танып-білуғе, олардың саяси мәнін түсінуге және болашақты болжауға мүмкіндік береді. 
Келесі қызметі - бағалау. Ол саяси құрылысқа, институттарға, іс-әрекеттерге және оқиғаларға саяси баға береді. Демократиялықмемлекеттерде саясаттану саяси әлеуметтену міндетін атқарады. Ол азаматтықты, халықтың демократиялық саяси мәдениеттілігін қалыптастырады.

Саясаттану реттеушілік, басқару қызметін атқарады. Оның ерекшелігі - қоғамның саяси өмірімен тығыз байланысында. Соған орай ол адамдардың саяси өмірінде өзін-өзі ұстауына, іс-әрекетіне тікелей әсер етеді. Саяси дамудың үрдіс, бағдарын бақылай отырып, саясаттану қоғамдық оқиғаларды тиімді басқару үшін нақтылы мәлімет, мағлұматтар береді.

Саясаттану саяси өмірді жетілдіру міндетін де атқарады. Бұл ғылым саяси институттар мен қатынастарда, басқаруда реформалар жасап, оларды қайта қарауда теориялық негіз болады. Оның көмегімен заң шығарушы және атқарушы органдар қабылдайтын құқықтық жарғылар мен саяси-басқарушылық шешімдер алдын ала сарапқа салынып, зерттеледі, қоғамда немесе оның жеке аймақтарында қалыптасып жатқан нақтылы жағдайлар саяси тұрғыдан талданады. Солардың негізінде ол кейбір саяси институттардың жойылып, оның орнына бүгінгі талапқа сай басқалары келу керектігін негіздейді, мемлекеттік басқарудың қолайлы үлгілерін іздестіреді, әлеуметтік-саяси шиеленістерді ауыртпалықсыз шешу жолдары мен әдістерін көрсетеді.

Ең соңында саясаттанудың болжау қызметін атаған жөн. Саяси зерттеулердің құндылығы саяси процестердің үрдісін айнытпай бейнелеумен ғана тынбайды. Ол белгілі бір саяси жағдайларда алдыңғы қатарлы, озық саяси өзгерістер жасауға бағытталған ғылыми негізделген болжаумен аяқталуы тиіс. Саяси ғылымның түпкілікті мақсаты да сонда.

Информация о работе Саясаттану ғылымының зерттеу әдістері