Саясаттану ғылымының зерттеу әдістері мен қызметтері

Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Сентября 2011 в 18:51, реферат

Описание работы

Саясаттанудың пәні жөнінде алыс, жақын шетелдік болсын, біздің елдін ғалымдарының арасында болсын бірыңғай, жалпы жұрт танып, мойындаған анықтама, тоқтам жоқ. Оның аукымы мен мазмұны, қарастыратын мәселелер шеңбері, жеке ғылыми пән ретінде ерекшелендіретін белгісі, өлшемі не болуы керек деген сауалдар төңірегінде бірталай көзқарастар бар. Кейбір ғалымдар оған қоғамда билікті жүргізетін немесе оған әсер ететін мемлекет, партиялар және басқа саяси институттар туралы ғылым ретінде қарайды.

Содержание

Кіріспе

1.Саясаттану ғылымының зерттеу әдістері

2.Саясаттану ғылымының қызметтері

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

Саясаттану!.docx

— 37.07 Кб (Скачать)

          Саясаттану зерттеулерінде басқа қоғамдық және гуманитарлық ғылымдардың  әдістері қолданылады.

          Саясаттануда анализ және синтез, абстракциялық қорытынды, индукция және дедукция, аналогия және үлгілеу сияқты жалпы қисындық әдіс қолданылады.

          Теориялық әдістерге  келгенде ойлау эксперименті, математикалық  формализация, аксиомалық әдіс, абстракциядан  тарихи нақтылы баяндаудың гипотетикалық-дедуктивті әдісіне өту пайдаланылады.  
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       

              2.Саясаттану ғылымының қызметтері

          Қай ғылым болмасын белгілі бір қызметтерді (функцияларды) атқарады. Саясаттануда да ондай міндеттер  бар. Оған ең алдымен танымдық (гносеологиялық) қызметтер жатады. Олай дейтініміз саяси білім қоғамдағы оқиғаларды танып білуге олардың саяси мәнін  түсінуге және болашақты болжауға мүмкіндік  береді.

          Ғасырлар бойы Рессей империясы, одан кейін кеңестік тоталитарлық тәртіп саясат пен билік сырын  бүгіп келді. Қазірдің өзінде де халқымымыздың  саясат пен саяси жетекшілердің  іс-әрекеттері жөнінде хабарлары  аз. Көбіміз саяси қайраткерлердің  сөздерінің, ұрандарының, бағдарламаларының  сырында не жатқанын байқамаймыз. Оларды білмей демократиялық жолмен алға басу қиын. Ондай білімді тек саясаттану ғана бере алады.

          Саясаттану бағалау (аксеологиялық) қызметін атқарады. Ол саяси құрылысқа, институттарға, іс-әрекеттерге  және оқиғаларға саяси баға береді.

          Демократиялық мемлекеттерде  саясаттану саяси әлеуметтену міндетін атқарады. Ол азаматтықты, халықтың демократиялық  саяси мәдениеттілігін қалыптастырады.

          Саясаттану реттеушілік  басқару қызметін атқарады. Оның ерекшелігі — қоғамның саяси өмірімен тығыз  байланысында. Соған орай ол адамдардың саяси өмірінде өзін-өзі ұстауына, іс-әрекетіне тікелей әсер етеді. Саяси дамудың үрдіс, бағдарын бақылай  отырып, саясаттану қоғамдық оқиғаларды тиімді басқару үшін нақтылы мәлімет, мағлұматтар береді. Саяси білімдер, хаттамалар, кеңестер адамдардың күнделікті практикалық іс-әрекеттері басшылыққа алынады.

          Саясаттану саяси  өмірді жетілдіру міндетін атқарады. Бұл ғылым саяси институттар  мен қатынастарда, басқаруда реформалар жасап, оларды қайта қарауда теориялық  негіз болады. Оның көмегімен заң  шығарушы және атқарушы органдар қабылдайтын құқықтық жарғылар мен саяси-басқарушылық шешімдер алдын ала сарапқа салынып, зерттеледі, қоғамда немесе оның жеке аймақтарында қалыптасып жатқан нақтылы жағдайлар саяси тұрғыдан талданады. Солардың негізінде ол кейбір саяси институттардың жойылып, оның орнына бүгінгі талапқа сай басқалары келу керектігін негіздейді, мемлекетті басқарудың қолайлы үлгілерін іздестіреді, әлеуметтік-саяси шиеленістерді ауыртпалықсыз шешу жолдары мен әдістерін көрсетеді.

          Ең соңында саясаттанудың  болжау қызметін атаған жөн. Саяси зерттеулердің  құндылығы саяси процестердің үрдісін  айнытпай бейнелеумен ғана тынбайды. Ол белгілі бір саяси жағдайларда  алдыңғы қатарлы, озық саяси өзгерістер жасауға бағытталған ғылыми негізделген  болжаумен аяқталуы тиіс. Саяси ғылымның түпкілікті мақсаты да сонда. 
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       

          Қорытынды

          Қорытындылай келгенде, саясаттану дегеніміз - саясат туралы, саясаттың адам және қоғам арасындағы қарым-қатынастары туралы жинақталған ғылым. Ол саяси биліктің қалыптасуымен даму заңдылықтарын, оның жұмыс істеуі мен пайдалануын, түрлері мен әдіс-тәсілдерін зерттейді.

          Жоғарыда аттары аталған әдістермен қатар басқа  да әдіс-тәсілдер бар. Бұлардың бәрі де саяси процестер мен олардың  дамуы жөнінде шынайы мағлұматтар  алуға тырысады. Сондықтан қазіргі  демократиялық мемлекеттерде саясатқа байланысты жағдайларды зерттегенде  сан түрлі әдістемелерді пайдаланады.

           Саясаттанулық зерттеу  әдістері мен қағидаларының молдығы  саясаттың күрделі феноменінің  теориялық көрінісін және саяси  оқиғаларды сараптау, болжау сияқты праксеологиялық (нәтижелік) стратегияларды қамтамасыз етеді.

          Ол бұрынғы және қазіргі саяси жүйелерді, адамның  санасындағы, көзқарасындағы, мақсат-мүддесіндегі және мінез-құлық, іс-әрекетіндегі саяси  өзгерістерді қарастырады. Ол, бір жағынан, жиналған деректерді қорытады, екінші жағынан, құбылыстардың өзара ұқсастығы  бойынша болашаққа болжам жасайды. 
       

 

          Қолданылған әдебиеттер тізімі

        1. М.Кенжебаев - «Саясаттану негіздері»  Алматы «Санат», 1995 ж. – 10-15 б.
        2. Д.Жамбылов –«Саясаттану» Алматы «Жеті жарғы» 2008 ж. 8-13 б.
        3. Р.Әбсатттаров – «Саясаттану және оның проблемалары» «Тоғанай Т» Алматы 2007 ж. 12-15 б.
        4. А.С.Рахымбаева – «Саясаттану» Астана 2006 ж. «Фолиант» баспасы 8-10 б.
        5. Қуандық Есенғазы Сләмғазыұлы – «Саясаттану негіздері» Алматы 2005 ж. 6-11б.
        6. Қ.Ж.Рахметов, А.Н.Болатова, З.Н.Исмағамбетова «Саясаттану» Алматы 2005 ж. 22-25 б.
        7. Google, Яндекс беттері – «Саясаттану ғылымының әдістері»

Информация о работе Саясаттану ғылымының зерттеу әдістері мен қызметтері