Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2013 в 17:03, реферат
Әкімшілік құқықтың құрамдас бір бөлігі мемлекеттік қызмет болып табылады. Мемлекеттік қызмет – мемлекет қызметінің бір саласы және мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік органдардағы биліктің міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған лауазымдық өкілеттілігін атқару жөніндегі қызметі болып табылады. Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық жағдайларын Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңы реттейді.
Негізгі бөлім
Мемлекеттік қызметтің ұғымы;
Мемлекеттік қызметтің принциптері;
Мемлекеттік лауазым;
4. Мемлекеттік қызметшілерді жүйелеу;
5 Мемлекеттік қызметті өткеру;
6. Мемлекеттік қызметшілердің қызметін ынталандыру.
Қорытынды
Азамат мемлекеттік қызметке мына жағдайларда қабылдануға тиіс емес:
а) егер ол соған әрекетке қабілетсіз немесе әрекет кабілеттілігі кем деп танылған болса;
ә) егер оны сотпен белгілі бір мерзімге мемлекеттік лауазымға орналасу кұқығынан айырған болса;
б) лауазымдық міндетгерін орындауға кедергі келтіретін медицина мекемесінің қорытындысымен анықталған науқасы болса;
в) мемлекеттік қызметке кірер алдында бір жыл ішінде сыбайлас жемқорлық кұқық бұзушылығы үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылған немесе қасақана құқық бұзушылығы үшін сот тәртібімен әкімшілік жаза қолданылған болса;
г) мемлекеттік қызметке кіру уақытына өтелмеген немесе заңда белгіленген тәртіппен алынбаған соттылығы бар болса.
Аталған мәліметтерді табыс еткен немесе бұрмалаған жағдайда мемлекеттік қызметке алуға жатпайды.
Мемлекеттік кызметке кіретін адамдар мынадай талаптарға сәйкес келуге:
1) Республиканың заңдарында тиісті лауазымдар жөнінде өзгеше жас белгіленбесе, жасы он сегізге толған Қазақстан Республикасының азаматы болуға;
2) тиісті біліктілік талаптарына сәйкес келетін қажетті білімі мен кәсіби даярлық деңгейі, сондай-ақ заңдарда көзделген жағдайларда жұмыс стажы болуға тиіс.
Мемлекеттік кызметке кірген кезде азамат салық қызметі органдарына өзінің алған табыстары мен өзіне меншік құқығымен тиесілі мүлік туралы мәліметтер тапсыруға міндетті.
Азаматтар міндетті арнайы тексеруден өткеннен кейін барып мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналаса алады.
Мемлекеттік қызметшілердің лауазымдарына орналасу сайлау, конкурс, контракт, тағайындау арқылы жүзеге асырылады.
Сайлау мемлекеттік лауазыаддарға орналасудың ең демократиялық нысаны ретінде сайланатын адамның келісімі болуымен катар кандидатурасын ұсынуды және сайлау актісін мезгейді. «Мемлекетті қызмет туралы» занда мемлекеттік саяси қызметшілердін мемлекеттік қызметке кіруі тағайындау не сайлау негізінде, сондай-ақ заңдарда белгіленген тәртіп пен шарттарға сәйкес басқа жағдайларда да жүзеге асырылады делінген.
Конкурс мемлекеттік қызметтегі бос лауазымға таңдау арқылы орналастырудың нақты нысаны болып табылады. Ол кон курсқа қатысушылар арасында мемлекеттік кызметшілерге қойылатын талаптарға неғұрлым сай келетін адамдарды анықтау үшін еткізіледі.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшінің мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасушы және қызметі бойынша жоғары тұрған санаттағы лауазымға жоғарылауы, «Мемлекеттік кызмет туралы» заңмен, өзгедей көзделген жағдайларды қоспағанда, тек конкурстык, негізде ғана жүзеге асырылады.
Әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға арналған конкурс Қазақстан Республикасы азаматтарының мемлекеттік қызметкетең қол жеткізу жөніндегі конституциялық құкығын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Мұндай конкурсты өткізудің шарттары мен тәртібі мемлекеттік қызмет туралы занның талабына сәйкес Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі төрағасының 1999 жылғы 24 қарашадағы А—202 бұйрығымен бекітілген «Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға конкурс өткізудің кағидасында қаралып бекітілген.
Бұл қағида бойынша конкурс ашық және жабық жағдайда өткізіледі. Ашық конкурсқа Қазақстан Республикасының барлық азаматтары қатысуға құқылы. Жабық конкурсқа тек әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің ғана қатысуға кұкығы болады.
Конкурстык комиссия конкурсқа қатысушылар берген мемлекеттік қызмет атқарғаны туралы және басқа қажетті құжаттарды қарап, соның нәтижесінде тестілеуге жіберілген үміткерлердін, білімі мен кабілетін, одан кейін әңгімелесу арқылы кәсіби және жеке касиеттерін әділ бағалаудың негізінде тиісті шешім қабылдайды.
Әңгімелесуден өткен үміткерлерді әрбір бос лауазымға біреуін ғана кадр резервін есепке алуға конкурс комиссиясының өкілетті органға ұсыныстама жасауға құқығы бар.
Конкурс комиссиясының дұрыс корытындысына ие болған үміткерді мемлекеттік органның басшысы жарияланған қызметке қабылдауға міндетті.
Кейбір санаттағы қызметшілерді
Контракт. Мемлекеттік лауазымға орналасу контрактісі мемлекеттік те, азаматтық та кызмет жүйесінде қолданылуы мүмкін. Контракт жасаудың тәртібі, оның шарттары, тараптардың міндеттері әртүрлі құқыктық актілермен, олардың ішінде еңбек зандарының актілерімен, Қазакстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 21 мамырдағы каулысымен бекітілген мемлекеттік қызметке қабылдаудың Үлгі контрактісімен белгіленген.
Мемлекеттік лауазымға тагайындау— осы лауазым бойынша белгіленген функцияларды, міндеттер мен құқықтарды жүзеге асыруды қызметшіге ресми түрде жүктеу кезін айқындайтын өкілетті мемлекеттік органның немесе лауазымды адамның заңдық актісі. Тағайындауды мемлекеттік өкіметтің органдары мен лауазымды адамдары өздерінін құзыретінің шеңберінде белгілі санаттьщ лауазымдарына орналасудың тәртібін сақтай отырып жүргізеді.
Мемлекеттік қызметтің ерекшеліктеріне байланысты және оның тиімді кызмет аткаруын камтамасыз ету мақсатында заңдармен мемлекетгік қызметшілерге құқықтық шектеулер каралған. Мемлекеттік қызмет мемлекеттік билікті жүзеге асырудың құралы. Сондықтан, бұл билікті қашан да теріс пайдалану мүмкін болатындықтан, оған белгілі, оның ішінде құқықтық тосқауылдар болу керек.
Мемлекеттік қызметте болуға байланысты мемлекеттік қызметшінің мыналарға:
1) өкілді органдардың депутаты және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшесі болуға;
2) педагогтік, ғылыми және өзге де шығармашылык, қызметті коспағанда, ақы төленетін басқа кызметпен айналысуға;
3) кәсіпкерлік қызметпен айналысуға, оньщ ішінде коммерциялық ұйымды басқаруға катысуға, егер коммерциялық теріс қылықтар жасауы оны кызметтен босатуға негіз болып табылады.
4) үшінші тұлғалардың
істері бойынша өзі қызмет
істейтін не өзіне тікелей
бағынышты немесе өзінің
Біліктілігін көтеру. Мемлекеттік қызметшілер біліктіліктерін әртүрлі оқу орындарда көтереді, қайта даярлаудан өтеді.
Іс сапар, сыныптық шен, рангі, формалф киім. Мемлекеттік қызмет атқару қызметтік іс сапарларды реттеуді, мемлекеттік қызметшілердің кейбір санаттарына ранайы атақтар, рангілер, формалы киімдер, айырықша белгілер енгізуді, табельдік қаруға құқығын, оны қолдану мен пайдаланудың тәртібін бекітуді т.с.с. қамтиды.
Мемлекеттік қызметті тоқтату. Мемлекеттік қызметті тоқтатудың негіздері мен тәртібі еңбек заңдарында және басқа актілермен белгіленген.
Аталған заңда (27-бап) мемлекеттік әкімшілік кызметшілердің мемлекеттік қызметті тоқтатудың негіздері ретінде бірнеше себептер белгіленген. Олардың ішінде, мысалы:
1) қызметшілердің өз тілегі бойынша қызметтен босату туралы арыз беруі;
2) келісім-шарт мерзімінін бітуі не заңдарда көзделген негіздер бойынша келісім-шарттың бұзылуы;
3) қызметшілердің өз табысы мен мүлкі туралы көрінуі жалған мәлімет беруі;
4) Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуы;
5) сыбайлас жемқорлык құкық бұзушылығын жасауы;
6) осы заңда белгіленген міндеттер мен шектеулерді сақтамауы және басқалар.
Бұлардың сыртында Қазақстан Республикасының енбек заңдарында көзделген өзге де себептер негіз болып табылады.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді мемлекеттік органның әкімшілік лауазымға кабылдауға құқығы бар тиісті лауазымды адамы заңдарда белгіленген тәртіппен қызметтен босатады.
6. МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ ҚЫЗМЕТІН ЫНТАЛАНДЫРУ
Оларды үш топқа бөлуге болады: а) жеңілдіктер; б) көтермелеу шаралары; в) құқыктық жауапкершілік шаралары.
Жеңілдіктер. Олар әртүрлі болады және әдетте, мемлекеттік қызметшілердің тиісті санаттарына қарай тағайындалады.
Мемлекеттік қызметшілер, мысалы, Заңдарда белгіленген тәртіп бойынша тұрғын үймен қамтамасыз етіледі; оларға жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесі тегін беріледі; өздері және отбасы мүшелері мемлекеттік денсаулық мекемелерінде медициналық қызмет көрсетуді пайдаланады; ерекше еңбектері, атақтары тағы басқалар үшін еңбекақыларына косымша ақшалай әртүрлі төлемдер төленеді.
Мемлекеттік орган таратылған немесе қайта ұйымдастырылған жағдайда кемінде үш жыл жұмыс стажы бар мемлекеттік әкімшілік қызметшілер не жұмыспен қамтамасыз етіледі, не орташа терт айлық жалақысы мөлшерінде шығу жәрдемақысы төленеді, ал штат саны қысқарған жағдайда мемлекеттік қызметшіге төрт орташа айлық жалақысы мөлшерінде шығу жәрдемақысы беріледі және басқалар.
Көтермелеу шаралары. Көтермелеудін жалпы шаралары еңбек туралы заңдармен, арнайылары—мемлекетгік кызметшілердің нақтылы санаттарының құқықтық мәртебесінің ерекшеліктерін қарайтын құкықтык актілермен тағайындалады.
Көтермелеудің жалпы шараларына ақшалай сыйлықтар, алғыстар, бағалы сыйлықтар, құрметті атақтар беру, ордендер және медальдармен марапаттау жатады.
Қорытынды:
Мемлекеттік қызмет - азаматтардың мемлекеттік органдар мен оның аппараттарындағы кәсіптік қызметі. Мемлекеттік қызмет әрқашан да мемлекет қаражат қорынан қаржыландырылады, мемлекеттік қызметшілердің еңбекақысы мен жолсапар шығындары бюджеттен өтеледі және қажет болған жағдайда арнайы баспанаға, ғимаратқа орналастырылып, өздеріне жүктелген өкілеттілікті атқаруға қажетті арнаулы керек-жарақпен жабдықталады. Сондай-ақ мемлекеттік қызметкердің айрықша мәртебесі болады. Қызмет мерзімі ішінде мемлекеттік қызметшілерге өз өкілеттігін жүзеге асыруға керекті міндеттер мен арнайы құқықтардан бөлек әлеуметтік артықшылықтар мен жеңілдіктер беріледі. Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясының 21-бабында әрбір адамның өз елін басқаруға қатысуға құқы танылған. ҚР сол декларацияға қосылушы мемлекет ретінде өзінің әрбір азаматының Мемлекеттік қызметке кіруге деген тең құқығын Конституцияда белгіледі. Мемлекеттік қызметке үміткерге қойылатын талаптар лауазымдық міндеттердің сипатына қарай әртүрлі болады. Соған орай азаматтың Мемлекеттік қызметке кіруіне кедергі болатын негіздер де заңдарда көрсетіледі. Басты негізге азаматтың қасақана қылмыс үшін сотталғандығы жатады. Шет ел азаматтарының ҚР-ның Мемлекеттік қызметіне кіруіне құқы жоқ. Конституцияға сәйкес, мемлекеттік қызметкердің жасы 60-тан, ерекше жағдайларда 65- тен аспауы тиіс екендігі көрсетілген.
Пайдаланылған әдебиеттер:
А. Ибраева, Г. Әлібаева, Қ.Айтхожин «Құқықтану» Алматы 2006 ж.
Баянов «Мемлекеттік құқық негіздері» Алматы 2003ж.
Е.Қуандықов, Ш. Маликова, С. Есетова «Құқықтану» 2007ж.