Мемлекетсаяси институт ретінде

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Октября 2011 в 13:01, реферат

Описание работы

Мен - Құдайдың құлымын
Мен - ата анамның перзентімін
Мен - болашақ анамын
Мен - мұсылманмын
Мен - болашақ кепілімін
Мен - шәкіртпін
Мен - болашақ педагогпын
Мен- табиғат бөлшегімін
Мен - Алматы қаласының тұрғынымын
Мен - өзіндік пікірі бар қоғам мүшесімін

Работа содержит 1 файл

Мен.docx

— 31.58 Кб (Скачать)

                            

 
 
 

              

    1. Мен - Құдайдың құлымын
    2. Мен - ата анамның перзентімін
    3. Мен - болашақ анамын
    4. Мен - мұсылманмын
    5. Мен - болашақ кепілімін
    6. Мен - шәкіртпін
    7. Мен - болашақ педагогпын
    8. Мен- табиғат бөлшегімін
    9. Мен - Алматы қаласының тұрғынымын
    10. Мен - өзіндік пікірі бар қоғам мүшесімін
 
 
 

    Ниязәліқызы Ләйла

    Әлеуметтік  педагогикка және

    өзін - өзі тану 3 топ 
     
     
     
     

ӘЛЕУМЕТТАНУ ҒЫЛЫМНЫҢ НЕГІЗГІ  ТАРИХИ ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ 

XX ғасырдаң екінші  жартысы мен ХХ  ғасырдың бірінші  жартысындағы Қазақстанда  әлеуметтік ой-пікірлердің  дамуы. 

Бәрімізге мәлім, қазақ  елі XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың бірінші жартысында феодалдық  қоғамдық қатынастар дәуірінде болды. Қазақ халқы, бір жағынан, жергілікті феодалдардың, екінші жағынан, Ресей  Патшасының зор қанауының, езгісінде  болды. Еңбекші бұқараның хал-жағдайы  өте нашар болды, өйткені олар әр уақытта алуан түрлі ауыр салықтар төлеп отыруға мәжбүр болды. Қанаушылар олардың құңарлы-шұрайлы жерлерін тартып алып, өздерін шөл және шөлейт жерлерге ығыстырды. Ресей патшасы  байырғы ұлтты одан әрі жаныштап, езуді күшейтті. Ал, жергілікті үстем  тап, қалыптасып келе жатқан буржуазия, дін басылары, патшалық ресей үкіметі  халықты революциялық күрестен аулақ  ұстауға тырысты, қазақ бұқара халқын орсытың жұмысшы-шаруа табынан, алдынғы  қатарлы интеллегенциясынан алыс ұстауға  әрекет жасады, араға іріткі салды, ұлтаралық дау-дамайды, жанжалды насихаттады. Осылардың салдарынан Қазақстанда  бұқара халықтың  патшалық ресей  үкіметіне, жергілікті хандарға, байларға қарсы әлденеше стихиялық ереуіл-көтерілістері  болды, бірақ олардың бәрі күшпен басылып отырды.  

Осындай ауыр жағдайлардың нәтижесінде және орыс демократиясының, мәдениеті мен ғылымының игілікті әсерінің негізінде Қазақстанда  алдыңғы қатарлы философиялық, әлеуметтік-саяси  ой-пікірлер қалыптаса бастады.  

Қазақ халқы ұлттық мәдениетінің тарихына жаңа жол ашушы  бір топ ұлы ойшылар мен  прогрессивті ағартушылар, қоғамдық-саяси  қайраткерлері шықты. Олардың қатарында  Шоқан Уәлиханов (1835-1865жж.), Ыбырай Алтынсарин (1841-1889жж.), Абай Құнанбаев (1845-1904жж.) сияқты қоғамдық-саяси қайраткерлер, Әлихан Бөкейханов (18870-1937жзж.), Ахмет Байтұрсынов (1873-1937жж.) т.б. оқымыстылар болды.  

Енді осы ұлы  ойшылар мен ғалымдардың, әлеуметтік-саяси  қайраткерлердің көзқарастарына қысқаша  тоқталайық. 

Шоқан Уәлихановтың әлеуметтік-ғылыми көзқарастары, оның демократиялық, гуманистік ой-пікірлері Петербургте және Сібір  Кадет корпусында оқып жүргенде, сонымен  бірге сол кездегі орыстың  ұлы демократиялық өкілдерінің  шығармаларын оқып, олардың кейбіреулерімен  жақындасып, кездесіп, араласып жүргенде қалыптасты. Ол қазақты орыс мәдениетіне  жақындату, орыс ғылымына идеясын жақтаған адам. Оның аққан жұлдаздай қысқа  өмірі ғылым үшін өте құнды  жылдар болғпн еді.  

Терең білімді, ғылымға  берілген Шоқан өз қызметін халық  тағдырымен байланыстыра қараған. Сондықтан  ол тек ғалым ғана емес, қоғам  қайраткері де болды. Осы тұрғыдан келгенде Шоқанның қоғамдық көзқарастарына талдау жасау қызғылықты болып табылады.  

Бұл мәселені тарихшылар, әдебиетшілер, соның ішінде Ә.Х. Марғұлан, С. Мұқанов сияқты белгілі авторлар біраз зерттеген. Жеке мақалалар  мен монографиялар да бар.  

Әрине, бұл еңбектердің  бәрінде олар Шоқанның қоғамдық көзқарастарының  көп қырына бір ғана көзқарас тұрғысынан қарады деп үстірт ұғуға болмайды. Ғылымның мақсаты – объективтік  ақиқатқа ұмтылу. Ол ақиқатқа жету үшін, сансыз ізденістерді, талпыныстарды  қажет етеді.   

Міне, осы орайда Шоқан  көзқарастарына қатысты бірнеше  пікірлер айтылып жүр. Бұл негізінен  Шоқанның орыстың революцияшыл демократтарының  идеясын қанша дәрежеде қабылдағаны  және халқы үшін қандай істер істегені туралы байламдар. Академик С. Зимановтың монографиясында /1965ж./ Уәлихановтың саяси  көзқарастары жайлы пікірлер үш топқа  бөлініп қарастырылады. Шоқанды бағалау үшін үш ұдай пікірге бөліну мәселенің күрделілігін көрсетеді.  

Бірақ, ғалымдардың  бәрі негізгі мәселеде бір ауыздан, атап айтқанда, Шоқанның орыстың ұлы  революцияшыл демократтарының шығармаларымен етене таныс болып, оларды іштей  жақтағанын, өз халқын сүйгенін, оны  шамасы келгенше қорғауға, орыс мәдениетін үйретуге тырысқанан мойындайды.  

Ш. Уәлихановтың қоғамдық-әлеуметтік және саяси мәселелерді сөзқ ететін «Записка о судебной реформе», «Очерки  Джунгарии», «о мусульманстве в степи», «Следы шаманства у киргизов», «Тенгри» сияқты еңбектерінде және достарына  жазған хаттарында біз оның көзқарастары көп жағдайда озық идеялармен  ұштасып, үндесіп жатқанын байқай аламыз. Ескерте  кететін бір жайт, Ш. Уәлиханов  өзінің саяси көзқарасын жан-жақты, жүйелі көрсететін үлкен еңбектер жазбаған. Бірақ, бұл оның халықтың болашағы үшін күрескен, орыс өнер-білімін үндеген  алдыңғы қатарлы адам болғандығын  анықтауға кедергі келтіре алмайды.  

Айталық, Сібір казактарына  арналған сот реформасы туралы мақаласында /жазбаларында/ ол ресми үкіметке көптеген талаптар қояды. Бұл талаптар негізінен  халық өмірін жақсартуға, оның сот  мәселесі жөнінде дербестігін сақтай отырып, орыстармен араласуға мүмкіндік  алуға бағытталған.  

Патша үкіметі Сібірдегі  қазақтардың билігін заң жүзінде  өзінің қолына алуды мақсат етті. Осы  қитұрқы саясатқа тікелей қатысы болған 1860-шы жылдары жүргізіле бастаған сол реформадан Ш. Уәлиханов жақсы  хабарбар етті. Халықтың әдет-ғұрпын, дәстүрін жақсы білетін ол реформаны даындаған  облыстық басқарманы халық тағдырына  немқұрайдылығы үшін сынға алады, халыққа  тиімді өзгерістерді талап етеді. Атап айтқанда, біріншіден, Ш. Уәлиханов  өз халқының өзіндік ерекшклігін  ескеру реформа даындау барысында  ерекше маңызды фактор екенін айтады. Ш. Уәлиханов осы сот реформасы  жайындағы хатында қазақ даласында  жүргізілуге тиісті реформа халықтың мүддесіне, оның материалдық мұқтажына  сай келуі, әрі сол қоғамның ұлттық мінез-құлқына сәйкестендірілуі  қажеттігін терең талдап, қорытты. 

Ал, бұл жағдайдан  тыс жасалған өзгерістердің бәрі де зиянды, жағымсыз құбылыс, деп түсінді  Ш. Уәлиханов. Қоғамның дамуына не залал, не пайда екендігі жайында ұғымдар  әр дәуірде әр түрлі болған, ал, халыққа  ең маңыздысы, оның мұқтажын өтейтін  нақты іс-шаралар. Реформа – ол экономикалық және әлеуметтік реформа. Ал, саяси реформа экономикалық істерді  іске асыратын құрал ретінде көрінеді – олар халықтың материалдық әл-ауқатын  жақсартуға бағытталып отырады. Прогресс дегеніміз өзі деп тұжырымдайды.  

Адам - әрқашан да өз ортасының презенті. Ендеше Ш. Уәлихановқа  берер бағамыз нақты тарихи жағдайларға  байланысты болмақ.  

Ш. Уәлиханов 1864-ші жылы жазған еңбегінде реформаны іске асыру барысында халықтық ерекшелігін  ескеруі жайлы пікірін тереңдете  түсіп, реформалардың сәтті болуы  халықтың тұрмыс-салты мен әдет-ғұрпын, заңдарын жан-жақты зерттеуге байланысты екенін айтады.  

Міне, осыдан кейін: «В наше время нет общественного вопроса, который был бы так важен, как вопрос о народных реформах. От неудачных и удачных реформ зависит вся будущность народа, в них заключается его быть или не быть. Реформы бывают только тогда удачными, когда они правильны т.е. тогда когда они основаны на тех неизбежных законах, прогресса при которых только и возможно здоровое развитие общественного организации» деген шешімге келді. Бұл жерде ерекше бөліп айтар мәселе – Шоқанның прогресс деген ұғымға халықты ағарту, отандастарының саяси-экономикалық жағдайын жақсарту деген мағыналарды сиғызады.  

Пікрімізге дәлел ретінде Шоқанның осы тектес басқа да ойларын келтіре алар едік. Мысалы, «Жонғария очерктерінде» Құлжада көне заман ескерткіштерінің қиратылып жатқанына байланысты күйінішті, орыстың, еуропаның мәдениетін жақсы білуі Шоқанның прогресс үшін күресін белгілі мөлшерде сипаттай алады.  

Шоқанның прогресшілділігі халықты мәдениетпен, алдыңғы қатарлы ұлттық ғылымынан бөліп тастауға қарсы бағытталған.  

Таптардың қазақ қоғамында  орын алып отырғанына Ш. Уәлиханов талай рет тоқталды.  

«Алатау қырғыздары өздерін  жай қырғыз» деп қана атайды. Тек қащақтар ғана оларды ақ, не қара қалмақ деп атайды. Кейбір аңыз-деректер бойынша, қырғыз-қайсақтар екі түрлі нәсілден таралған. Бірі – күн нұрынан жаралған асыл текті ақсүйектер де, екіншісі – құдая тобасы жоқ, басы жұмыр пендеден туған құл-құтандар, деп аталатын қара халық.  

Бұл ойларды А.И. Майковқа, Ф.М. Достоевскийге жазған (1862-жылғы) хаттарында айтқан. Ш. Уәлиханов әдет-ғұрыпты өте жақсы білген, билердің сотындағы кейбір жайттар бітімгершілік /мировой/ сотқа қарағанда, әділдікке әлдеқайда жақын деп көрсетті. Мысалы, би болу үшін халық арасында әділдік, шешендік жағынан танылған адам болуы керектігі, бдің билігі ұнамаған адамның екінші бидің төрелігіне жүгінуге құқы барлығын және тағы басқа фактілерге сүйене отырып, Шоқан осы кезеңде билер сотын сақтау керек, деген тұжырымға келеді.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

АТЫ-ЖӨНІ ИЯ ЖОҚ ҚОСЫНДЫСЫ
Замзинова Назира 4/5=0,8 4/5=0,8 1,6
Сейдаханова Нурсулу 5/5=1 3/5=0,6 1,6
Турғынбекова  Балжан 3/5=0,6 5/5=1 1,6
Қаракулова  Гүлнұр 6/5=1,2 2/5=0,4 1,6
Солтыбай  Айгул 5/5=1 3/5=0,6 1,6
ОРТАҚ  ШЕШІМ 23/5=4,6 17/5=3,4 8

Информация о работе Мемлекетсаяси институт ретінде