Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Февраля 2013 в 09:51, реферат
Адам қоғамы қалай қалыптасты, оның себептері қандай - бұл туралы бір қорытынды пікір жоқ. Бірақ бұл түсінікті ең бірінші ғылымға енгізген Адам Смит, Давид Рикардо, оған саяси сипаттама берген Гегель. Дүниежүзілік ғылыми, саяси қайраткерлердің, ойшылдардың айтуынша қоғам саналы адамдардың ерікті түрде бірігіп өмір сүруі. Бұл бірігүдің негізгі себебі адамдардың бір мүдделігі, бір тілектестігі. Мұнсыз бірігу мүмкін емес.
1. Азаматтық қоғам, оның мазмұны мен белгілері 3
2. Қоғамның саяси жүйесі, оның мазмұны 4
3. Саяси жүйедегі мемлекеттің орны 8
4. Азаматтық қоғамның саяси жүйесіндегі мемлекет 10
Қолданылған әдебиеттер 11
Сонымен жүйенің даму зандылықгары дегеніміз - қоғам өмірінің әр кезеңінде саяси - әлеуметтік құбылыстардың бірлесіп саяси жүйесінің объективтік, түрақгы даму процесінің зандылықгарына айналуы.
Қоғамның саяси жүйесіндегі мемлекеттің алатын орны өте зор, өте жауапты. Мемлекет саяси партиялармен бірігіп қоғамның барлық саласының дұрыс, жағымды дамуына жауапты және сол жауапты жұмыстың басым ауыртпалығын мемлекет өз мойнына алады. Әрине, бұл тоталитарлық мемлекеттің түсінігі емес, демократиялық мемлекеттің сипаттамасы, мазмұны. Мемлекеттің қоғам-дық саясатты орындаудағы ерекшеліктері:
- мемлекет саяси жұмысын қоғам көлемінде занды күші бар қүқықтық нормалар арқылы жүргізеді;
- мемлекет барлық
қоғамдық жүмыстың негізгі
- мемлекет ішкі-сыртқы істерді атқаруға, егеменді тәуелсіз аппарат.
Мемлекет қоғамның саяси жүйесіне кіретін барлық үйымдарды, бірлестіктерді, одақтарды, ұжымдарды біріктіріп, көмек жасап отырады. Мемлекеттің бұл бағыттағы жұмыстарының түрлері:
1. Мемлекет Конституция арқылы барлық азаматтарға өздерінің бірлестіктерін, ұйымдарын құруға толық мүмкіншілік береді; қоғам-дағы демократияны дамытуға міндетті.
2. Мемлекет қоғамдық ұйымдардың құқықтық құзыретінің көлемін, шеңберін анықтайды.
3. Мемлекет қоғамдық ұйымдардың дербес жұмыс жасауына толық мүмкіншілік беріп, оларды қорғап отырады.
Сөйтіп, мемлекет қоғамдағы барлық ұйымдарды, үжымдарды біріктіріп, қоғамның саясатын, мүдде-мақсатын дұрыс, жақсы орындауын, демократияның дамуын қамтамасыз етіп, саяси жүйенің жан-жақты нығаюына мүмкіншілік жасайды.
Саяси жүйенің барлық саласы өздерінің жұмысын әлеуметтік нормалар, оның ішінде басым түрде құқықтық нормалар арқылы жүргізеді. Мемлекет, барлық саяси партиялар, ұйымдар, ұжымдар зандылықты, құқықгық тәртіпті қатаң сақтап, қорғайды.
Мемлекет қоғамдық және саяси жүйенің құрамындағы басқарушы, реттеуші, ұйымдастырушы ең маңызды бірлестік. Оның себептері;
1. Мемлекет қоғамдағы қайшылықтарды өршітпей, дамытпай дұрыс келісімге келтірудің арбитры, әділ қазысы. Ф.Энгельс бұл жөнінде өте қысқаша былай деген: "Егерде мемлекет пен қүқық өмірге келмегенде, адам қоғамы көне дәуірде ақыр заманға тап болатын еді". Қандай тамаша айтылған пікір...!
2. Мемлекет қоғамдағы сан қырлы қайшылықгарды, ретсіз жағдайларды халықпен, бірлестіктермен, ұйымдармен, одақтармен, саяси ағымдармен, партиялармен, еңбек ұжымдарымен бірлесіп, оларды бір келісімге келтіріп, сол келісімді бәрі бірігіп іске асырушы күш.
3. Мемлекет басында қоғамды басқарушы, қанаушы үстемдік таптың құралы ретінде өмірге келді. Кейін қоғам дамыған сайын, мемлекет демократияны жақтап, қоғамдық мүдде-мақсатты басым түрде реттеп, басқарып отырады. Қазіргі заманда да осылай.
4. Мемлекет адамдардың, саяси-әлеуметтік күштердің үздіксіз күрестерінің нәтижесінде қоғамдағы үзіліссіз қайшылықтарды келісімге келтірудің әділ қазысы болып отыр.
5. Мемлекеттің қоғамдағы
барлық мәселені шешудегі
6. Қоғамның саяси-экономикалық,
мәдени-әлеуметтік жағдайы
Мемлекет өзінің билігін саяси партияларға, қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктерге, еңбек ұжымдарына, жергілікті өзін-өзі басқару үйымдарына, азаматтарға сүйене отырып іске асырады. Енді осы байланыстарға қысқаша тоқтап өтейік.
Мемлекет және саяси партиялар - бұл екеуі бірігіп қоғамды басқарудағы ең шешуші күш. Басқарудың сапалы немесе сапасыз болуы осы екі бірлестіктің қызметіне байланысты. Сондықтан олардың іс-әрекеті халықтың, үкіметтің үнемі бақылауында болады.
Мемлекет және қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер - қазіргі за-манда халықтың мүдде-мақсатын орындайтын тек мемлекет пен саяси партиялар емес. Ол мүдде-мақсаттың басым көпшілігі қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктердің қолында. Сондықтан мемлекет оларға көмек көрсетіп, іс әрекеттерін, жұмыстарын бақылап отырады.
Мемлекет және еңбек ұжымдары өндірісте, шаруашылықта мәселенің басым көпшілігі еңбек ұжымдарының құзыретінде: шаруашылықтың нәтижелі жұмыс жасауы, тәртіптің жақсы дәрежеде болуы, адамдардың бірлігі, достығы, мәдени, рухани білімі, денсаулығы т.б. Осы бағытта ұжымның атқаратын қызметінің маңызы, құндылығы ежелеп айтпаса да белгілі. Бұл мәселені ұжым мемлекетпен бірігіп іске асырады.
Мемлекет пен жергілікті өзін-өзі басқару мекемелерінің қызметі. жергілікті басқару мекемелері өзінің әкімшілік территориясында мемлекеттік билікті жүргізуге құзіреті болады және ол үшін жауапты. Бұл жұмысқа сол территориядағы азаматтар белсенді қатысып, барлық мәселені реттеп, басқаруға міндетті. Жергілікті мемлекеттік басқару органы оларға жан-жақты көмек көрсетуге міндетті. Осы екі орган тығыз байланыста қызмет жасауға тиіс. Сонда ғана нәтиже болады.
Мемлекет пен азаматтар — азаматтар мемлекеттің жұмысына тікелей қатысып немесе өздерінің өкілдері арқылы өз ой-пікірлерін білдіріп отыруға құқықтары бар және ақпарат, радио, теледидар да өздерінің тілектерін, талаптарын, сын-пікірлерін айтуға құзыреті бар. Мемлекеттік органдар көмек көрсетіп, толық бостандық беруге міндетті. Егерде бүл іс-әрекет екі жақты сапалы жүргізілсе қоғамға, халыққа тиетін жақсылығы көп болады деуге болады.
Мемлекет пен дін. Мемлекеттің дінмен қарым-қатынасына сәйкес үш түрлі мемлекеттер болады: зайырлы, теократиялық, клерикалдық:
- зайырлы мемлекеттің
дінмен тікелей байланысы
- теократиялық мемлекетті басқару шіркеу құзыретінде. 1921 жылға дейін Монғолия осындай мемлекетке жатты. Қазір — Ватикан осы жүйедегі мемлекет.
- клерикалдық мемлекет зайырлы және теократиялық мемлекеттерінің ортасындағы мемлекет. Олар мемлекетпен бірікпейді, бірақ заң шығару процесіне қатысып, мемлекеттің саясатына ықпал жасайды. Бұл мемлекеттерге жататындар: Ұлыбритания, Дания, Норвегия, Швеция, Израиль, Италия және 20 шақ-ты ислам мемлекеттері.
Қорыта келе адам қоғамы қалай қалыптасты, оның себептері қандай - бұл туралы бір қорытынды пікір жоқ. Бірақ бұл түсінікті ең бірінші ғылымға енгізген Адам Смит, Давид Рикардо, оған саяси сипаттама берген Гегель. Дүниежүзілік ғылыми, саяси қайраткерлердің, ойшылдардың айтуынша қоғам саналы адамдардың ерікті түрде бірігіп өмір сүруі. Бұл бірігүдің негізгі себебі адамдардың бір мүдделігі, бір тілектестігі. Мұнсыз бірігу мүмкін емес.
Міне, осы қоғамдық заңдылыкқа сүйене отырып, саясат қоғам мен бірге өзгеріп, ескіріп, жаңарып, дамып келеді. Саясаттың қоғамда атқаратын жұмысы үшан-теңіз. Қоғамдағы барлық мәселені реттеп, басқарып отыратын саясат пен мемлекет.
1 Жамбылов Диас Саясаттану Алматы 2005
2 Қуандық Б. Саясаттану негіздері
3 Нысанбаев Политология Алматы 1998