Қимақ қағанаты

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2013 в 11:20, контрольная работа

Описание работы

Қимақ қағанаты - Шығыс және Орталығы Қазақстанда 9 ғасырдың ақыры – 11 ғасырдың басында болған ертедегі мемлекет. Мемлекеттің орталығы Ертістің орта алабында болған. Қимақтар 7 ғасырда Алтайдың солтүстігіне, Ертіс жағалауына орналасып, Батыс түрік қағандығының құрамына кірген. 8 ғасырда қимақ тайпалары Ертістің орта ағысын мекендеді. 9 ғасырдың алғашқы жартысынан Жетісудың солтүстік-батысындағы Алакөл аймағына қоныстана бастады. О

Работа содержит 1 файл

Гулайым.doc

— 247.00 Кб (Скачать)

Оғыз мемлекеті өзінің саяси  және әлеуметтік табиғаты жағынан ертедегі феодалдық мемлекет болды. Онда әскери-демократиялық құрылыстың қойнауынан өсіп шыққан ел билеу институттары сақталды, ал жабғудың билігін ірі әскери-тайпалық ақсүйектердің кеңесі шектеп отырды. Ескі рулық-тайпалық институттардын тез ыдырауы жағдайында патриархаттық-феодалдық қатынастар дамыды. Басқару аппараты қалыптасты. X ғасырдың аяғында-ақ уақытылы алынып тұратын алым-салық жүйесі болды. Ханның салық жинаушылары мың адамға дейін жететін арнаулы атты отряд болып құрылды, ал алым-салық төлеуден бас тартқан «бүлікшілерге» жазалау отрядтары жіберіліп отырды.

Оғыздардың саясаты

Оғыздар мемлекеті Еуразияның саяси және әскери тарихында маңызды рөл атқарды. 965 жылы оғыз жабғуы мен Киев князіСвятославтың арасында хазарларға қарсы бағытталған әскери одақ жасалды. Мұның нәтижесінде Хазар қағанаты талқандалды.Киев Русінің оғыздармен әскери-саяси одағы олардың саяси және сауда-экономикалық мүдделерінің бір болуынан туындады. Хазариямен бәсекелес болған ежелгі орыс мемлекетіне одақтас керек болды; екінші жағынан, феодалданып келе жатқан көшпелі оғыз шонжарлары ездерінің малына жайылымға, Дон және Қара теңіз маңындағы далаларға өте мұқтаж болды, ал оған жетуге Хазария бөгет жасады. Оғыздарды Еділ бойынан, Маңғыстаудан, Үстірттен өтіп, Еуропаны Азиямен жалғастыратын аса маңызды жолдар барынша қызықтырды. Бұл сауда жолдарын өз бақылауында ұстауға ертедегі орыс мемлекеті де мүдделі болатын. Хазарияның талқандалуы орыс көпестеріне Шығыс елдерінің бай нарығына жол ашты. Осының бәрі оғыз жабғуларын сыртқы саяси бағытында орыс князьдерімен одақ жасасуға бағдар алуға итермеледі.

Оғыздардың құлдырауы

X — XI ғасырлар шегінде оғыз  мемлекеті құлдырай бастайды. Алым-салықтардың  жыртқыштықпен жиналуына наразы  болған оғыз тайпаларының көтерілістері  жиілей түседі. Оғыздардың тарихи  аңыздарына қарағанда, бұл көтерілістер өкімет басына X ғасырдың орта кезінде немесе оның екінші жартысының бас кезінде келген Әли ханның басқаруына қарсы жүргізіледі. Жабулардың өз қазыналарының қамын ойлаған саясатына наразылықты X ғасырдың орта кезінде-ақ Жентке жақын жерге келіп орын тепкен салжұқ көсемдері пайдаланды. Салжұқ көсемдері Жанкенттің оғыз билеушілеріне қарсы көтерілісті бастап,Жентті басып алады. Алайда олар, өздеріне артқан үмітті ақтай алмай, бұқараның қолдауынан айырылған болуы керек. Әйтпесе, олардың көп ұзамай-ақ Жент аймағынан кетуге мәжбүр болғанын түсіндіру қиын. Көтерілісшілер қозғалысы сәтсіздікке ұшырап, халық «ландары» жанышталды. Осының бәрі Әли ханның мұрагері және оның орнына тұрған Шахмәлік өкіметінің нығаюына себепші болды. Онын тұсында мемлекеттің күшейгені соншалық, 1041 жылы оғыздар Хорезмді басып алды. Алайда екі жылдан кейін Шахмәлік деректемелер бойынша, бізге белгілі огыз жабғуларының соңғысы — салжұқтардың қолына түсіп, өлтірілді. Көтерілісшілер қозғалысына қарсы күрес, салжұқтарға қарсы жылдар бойғы жүргізілген шайқастар мен соғыстар оғыз жабғуларының бірлестігін іштей үңгіп әлсіретті.

Оғыздар мемлекеті қыпшактайпаларының соққыларынан құлады. Оғыздардың бірсыпыра  топтары қыпшақтардын тегеурініненШығыс Еуропаға, Кіші Азияға кетті, енді біразы Мауараннахрдың Қарахан әулетінің және Хорасанның салжұқ билеушілерінің қол астына көшті. Қыпшактар XI ғасырдың ортасында талқандаған оғыздардың қалдықтары кейін келе Дешті Қыпшақтың түркі тілдес тайпаларына сіңісіп кетті.

Оғыздардың саяси бірлестігі – оғыздардың 9-11 ғасырдардағы феодал мемлекеті.[1]Шамамен 8 ғасырдың ортасында Оғыз тайпалары түп аталарының тобы Жетісудан кете бастады. Бұл, сірә, Батыс Түрік және Түркеш қағандықтары құлағаннан және Жетісуда Қарлұқ федерациясы тұрақтағаннан кейін арасындағы күреске байланысты болса керек. Жетісу түріктерінің бір бөлігі Қаратау бөктері мен Сырдарияның төменгі ағысы бойына қоныс аударды. Олар кенгар-печенек бірлестігімен ұзақ жылдар қақтығысып, соғысып (9-10 ғ.), Арал теңізінің батысы мен Каспий теңізінің солтүстігіндегі жерлерді басып алды. Бұл соғыстар Оғыз тайпаларының саяси жағынан топтасып қалыптасуына жағдай жасады. Оғыздар бірнеше тайпаға, ал тайпалар көптеген ру тармақтарына бөлінді. Махмуд Қашғари (11 ғ.) оғыздар алғашқыда 24 тайпадан құрады, ал Марвази (12 ғ.) 12 тайпадан құралды дейді.

  9 ғасырдың соңы – 11 ғасырдың 1-ширегінде Оғыз тайпалары Сырдарияның орта ағысынан Еділдің (Волга) төменгі ағысына дейінгі байтақ жерлерд мекендеді. Олар Ырғыз, Жайық, Ембі, Ойыл ө-дерінің алқабында, Аралсор көлінің жағалауы мен Сырдария Қаратауының бөктерінде көшіп-қонып жүрді. Арал теңізі маңында, Каспийдің солтүстігіндегі жерлер мен Сырдарияның төменгі ағысы алқабын мекендеді.

8 ғасырдың 2-жартысы мен 9-ғасырдың  соңында Оғыз тайпаларында мемлекет  ұйым нышандары пайда болып,  нығая түсті. Орта Азияға, Шығыс  Еуропаға, Шығыс Қазақстан мен  Монғолияға баратын керуен жолдарының тоғысқан жеріне орналасқан Янгикент қаласы 10 ғасырда Оғыздардың саяси бірлестігінің астанасы болды. Мемлекет басында жоғарғы әкім (билеуші, құрметті лауазымы «жабғу») тұрды. Олардың орынбасарлары күл-еркіндер деп аталды. Жабғу сөз жүзінде хан болып сайланғанымен, іс жүзінде мемлекет билігі атадан балаға мирас болып қалып отырды. Оғыздардың бас хандары әскери демократия кезіндегі халық жиналыстарының қайталанған түрі іспеттес кеңестерде сайланды. Жабғу мемлекетінде оғыз әскерлерінің бас жетекшісі (лауазымы «сюбашы») үлкен рөл атқарды. Ол мемлекеттің саяси өміріне араласып, кейде жоғары әкімге де қарсы шығып отырды. 9-10 ғасырдағы Оғыздардың саяси бірлестігі өзінің саяси және әлеуметтік құрылымы жағынан феодал қоғамға дейінгі дәуірден ертедегі феодал қоғамға өту дәуіріндегі мемлекет болды. Мұнда ескі ру-тайпалық институттар жойылып, патриархалды-феодал қатынастар дамыды. 10 ғасырдың аяғы – 11 ғасырдың басында Сырдария жабғулары мемлекетінде тұрақты салық жүйесі қолданылды. Бұл мемлекетте белгілі бір басқару аппараты қалыптасқанын көрсетеді. Сондықтан 11 ғасырдағы Оғыздардың саяси бірлестігін ертедегі қарапайым феодал мемлекет бірлестік деп атауға болады. 965 ж. оғыздар Киев Русымен одақтасып, Каспий теңізінің солтүстік-шығыс жағалауларындағы жерлерді иемденген Хазар қағандығын талқандады. 986 ж. оғыздардың Жабғуы орыс князьдарымен бірге Волга-Кама бұлғарларын күйрете жеңді. Мұның бәрі Оғыз мемлекеті саяси қуатының артуына жағдай жасады.[4] Алайда шамадан тыс ауыр салыққа наразы, тайпалар арасындағы көтерілісті және феодалдана бастаған ақсүйектердің езгісі мен зорлық-зомбылығына қарсы халық қозғалыстары нәтижесінде 10-11 ғасырда Оғыздардың саяси бірлестігі дағдарысқа ұшырап, төмен құлдырады. Ішкі қайшылықтар жегідей жеп, әлсіреген Жабғу мемлекеті Қыпшақ тайпалары көсемдерінің соққысынан біржолата құлады. Оғыздардың едәуір бөлігі қыпшақтардың қысымымен Шығыс Еуропа мен Кіші Азияға ығысты, енді бір бөлігі Мауараннахрдағы Қарахан әулеті мен Хорасандағы Салжұқ әкімдерінің билігіне көшті. 11 ғасырдың ортасында оғыздардың қыпшақтар талқандаған соңғы бөлігі Дешті Қыпшақтың түрік тілдес тайпаларына бірте-бірте сіңісіп кетті. Оғыздардың басым көпшілігі негіздерінен экстенсивті көшпелі мал шаруашылығымен (қой, жылқы, түйе, сиыр, ішінара ешкі) шұғылданды, аң аулады. Көшпелілермен қатар отырықшы және жартылай отырықшы оғыздар да болды. Олар Сырдария алқабындағы қалаларды (Махмуд Қашғаридың айтуынша – Қарнақ, Сүткент, Фараб, Сығнақ) мекендеді. Түрлі әлеуметтік-экономикалық себептерге байланысты малынан айырылған көшпелі оғыздар отырықшылардың қатарын толықтырды. Отырықшы оғыздар негізінен егіншілікпен және қолөнерімен айланысты. Түрлі аяқ киім тікті, ыдыс, әшекей бұйымдар жасады, оғыздардың шаруашылығында зат айырбасы мен сауда маңызды орын алды. Жетісу, Хорезм, Мауараннахрмен сауда жасауда Сырдария алабындағы қалалар (Янгикент, Сабран) елеулі рөл атқарды. Оғыздар шетке мал, ет, тері, аң терісін, малахит шығарып, соғыс кезінде қолға түскен адамдардан құл саудасын өрістетті. Оғыздармен жауласқан тайпалар мен халықтар өз кезегінде қолға түскен оғыздарды да құлға айналдырып, сатып отырды. 9 ғасырда Хорасан билеушілері жылма-жыл Бағдад халифтеріне 2000 құл (оғыз) жөнелтіп тұрды. Орта ғасырлардағы деректемелерде оғыздардың әлеуметтік жіктерге бөлінгені айтылады. Ибн Фатлах (10 ғ.) 10000 жылқысы бар оғыз ақсүйектерінің болғанын жазады. Байлар да, кедейлер де, құлдар мен қатардағы қауым мүшелері де болды. Оғыздардың көпшілігі – мәжусилер болды, бақсы-балгерлерге табынды. Сонымен бірге оғыздар арасында бірте-бірте ислам діні тарады. Сырдария алқабындағы, Арал теңізі, Каспий теңізінің солтүстігіндегі жерлерді мекендеген Оғыз тайпалары қазақтардың этникалық тарихында елеулі орын алды. Тарихи аңыздарда олар қазақ халқының арғы аталарының бірі ретінде аталады. Оғыздар – тарихи тұрғыда түрікмендердің, өзбектердің, қарақадпақтардың түпкі аталарының бірі. Оғыздардың солтүстік-батыс бөлігі кейін төменгі Еділ бойы татарлары мен Оңтүстік Орал башқұрттарының құрамына қосылды. 11-13 ғасырдарда Закавказье мен Кіші Азияға кеткен оғыздардың оңтүстік тобы әзербайжан және түрік халықтарының қалыптасуына үоес қосты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мемлекеттік билік

Мемлекеттік билік - тікелей мемлекеттің өзі жүргізетін немесе өзінің атынан жүргізуге өкілеттілік беріп, өз жәрдемімен өзге бір ұйым, мекеме арқылы жүргізетін қоғамдық биліктің бір түрі, мемлекеттік басқару органдарының жиынтығы.[1] Мемлекеттік билік өз қырын өзгелерге тану үшін мәжбүрлеу күштеріне арқа сүйейді. Мәжбүрлеу жоқ жерде Мемлекеттік билік те жоқ, мәжбүрлеу тек тарихи жағдайға және билік болмысына қарай басқа мазмұнда, әр түрлі нысанда көрініс береді. Сондай-ақ, Мемлекеттік билік қатынастары ырық жүргізу сипатында болады және өз құрылысына орай үстемдік пен бағыныштылық әрі жетекшілік пен мойынұсынушылықтан құрылады. Ол қызметіне қарай

  • заң шығарушы;
  • атқарушы;
  • сот билігі

болып бөлінеді. Билік объектісі  мен субъектісінің қарым- қатынасына қарай

  • авторитарлық;
  • тоталитарлық;
  • демократиялық

болып бөлінеді. Басқа қоғамдық билік  түрлерінен ажыратуға негіз болатын  Мемлекеттік биліктің белгілері  мыналар:

  • пәрменінің бүкіл қоғамға жүруі,
  • пәрменінің бүкіл қоғамға жүруі,
  • жария-саяси сипатта жүруі,

мемлекеттік мәжбүрлеуге сүйенуі  және арнайы адамдар - мемлекеттік қызметкерлер арқылы жүзеге асырылуы.

Қазақстан Республикасындағы  мемлекеттік билік органдарының жүйесі

Жоғарыда аталған өлшемдер негізінде  мемлекеттік билік органдарының мынадай төрт негізгі түрі ерекшеленеді: Қазақстан Республикасының Үкіметі және Қазақстан Республикасы соттарының жүйесі. Осы органдардың бәрі жинақтала келе Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік билік органдарының бірыңғай жүйесін құрайды. 
Қазақстан Республикасының Президенті — мемлекет басшысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін ең жоғары лауазымды тұлға. Республиканың Президенті — халык пен мемлекеттік билік бірлігінің, Конституцияның мызғымастығының, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрі кепілі. Президент мемлекеттік биліктің барлық тармағының келісіп жұмыс істеуін және өкімет органдарының халық алдындағы жауапкершілігін камтамасыз етеді (40-бап). 
Қазақстан Республикасынан тысқары жерде туған, 40 жасқа толмаған мемлекеттік тілді еркін меңгермеген, әрі Қазақстанда кемінде он бес жыл үнемі тұрмаған адам Президент болып сайлана алмайтынын атап көрсету қажет. Бұл лауазымды иеленуге қойылған өзге кедергілерге қатарынан екі реттен артық мерзімге сайлана алмайтындығы жатады. Президенттің мемлекеттік тідді еркін меңгеруі әрі Қазақстанда кемінде он бес жыл бойы тұруы және тумысынан сол елдің азаматы болуға тиіс. 
Президент өкілді органның депутаты болып қоса сайлана алмайды, өзге де ақы төленетін қызметтерді атқаруға және кәсіпкерлік қызметпен айналысуға құқығы жоқ. Республика Президенті өз өкілеттігін жүзеге асыру кезеңінде саяси партиядағы қызметін тоқтата түрады. Ол ешкім тиіспеу құқығына ие. 
Қазақстан Республикасының Парламенті—Қазақстан Республикасының заң шығару қызметін жүзеге асыратын Республиканың ең жоғары өкілді органы. тұрақты негізде жұмыс істейтін екі Палатадан — Сенаттан және Мәжілістен тұрады. 
Қазақстан Республикасы Парламентінің төменгі Палатасы — Мәжіліс жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құкығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы сайланады. Қазақстан Республикасы Парламентінің жоғары Палатасы — Сенат жанама сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру жолымен сайланады (51-бап). 
Қазақстан Республикасының Үкіметі — атқарушы биліктің маңызды тармағы болып табылады, аткарушы органдардын жүйесін басқарады және олардын, қызметіне басшылық жасайды. Оны Казақстан Республикасының Президенті құрады. 
Сот билігін — сотта іс жүргізудің азаматтық, қылмыстык және заңмен белгіленген өзге де нысандары арқылы тек сот қана жүзеге асырады. Заңмен құрылған Республиканың Жоғарғы Соты және Республиканың жергілікті соттары Республиканың соттары болып табылады. Қандай да бір атаумен арнаулы және төтенше соттар құруға жол берілмейді (75-бап). 
Судьялар сот төрелігін іске асыру кезінде тәуелсіз және тек Конституция мен Занға ғана бағынады. Сот төрелігін іске асыру жөніндегі сотіың қызметіне кандайда болсын араласуға жол берілмейді және ол заң бойынша жауапкершілікке әкеп соғады. Нақты істер бойынша судьялар есеп бермейді. Судьяның қызметі депутаттык мандатпен, окытушылық, ғылыми немесе өзге шығармашылык кызметтерді қоспағанда, өзге де ақы төленетін жұмысты атқарумен, кәсіпкерлікпен айналысумен, коммерциялық ұйымның басшы органының немесе байқаушы кенесінің құрамына кірумен сыйыспайды. 
Мемлекеттік биліктің бірынғай жүйесінде Қазақстан Республикасы Президентінің орны айрықша. Мемлекет басшысы ретінде нак Президент билік тармақтарынын әркайсысының кызметіне белсене араласады. 
Президент деген ұғым конституциялық құқылык мағынада мемлекет басшысы дегенді білдіреді. Бұл кызмет сол үшін елемдік тәжірибеде тағайындалған (АҚШ, Франция). 
Президент кызметі түнғыш рет Қазақстанда 1990 жылғы 24 сәуірде Жоғарғы Кеңес қабылдаған Заңмен тағайындалды, онда алғашқы Президентті Жоғарғы Кеңес алты жыл мерзімге сайлайды деп белгіленді. Н. Ә. Назарбаев тұңғыш Президент болып сайланды. Кейін 1991 жылғы 16 қазанда Президент сайлауы туралы Заң қабылданып, мұнда Президентті республика халкының жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құкығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзімге сайлауы көзделді. Осы Заңның негізінде Республика Президентінің сайлауы өткізіліп, онда Н. Ә. Назарбаев тағы да сайланды. 1991 жылғы 10 желтоқсанда Жоғарғы Кеңес одан ант кабылдады және осы сәттен бастап ол қызметіне кірісті деп есептеледі әрі сол күн оның Қазақстан Республикасы Президентінін қызметінде болу мерзімін есептеудің басы болып табылады Соңьшан, 1998 жылғы 7 қазандағы Конституцияға енгізілген өзгерістерге сәйкес Президенттік мерзім 7 жылға дейін ұзартылды. 
Демек, Президент мемлекеттік биліктің шыңы. Қазақстан Республикасынын Президентін биліктің төртінші тармағы ретівде қарауымыздың мәні мынадд. Шын мөнінде Президент барлык билік тармақтарынан окдіау тұр. Себебі конституциялық тұжырымдарға сәйкес ол — мемлекеттің басшысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық катынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін ен жоғарғы лауазымды тұлға. Атқарушы билікті тікелей жүзеге асырмаса да ол еліміздің билік құрамындағы ең ірі тұлға. Олай дейтініміз атқарушы билікті жүзеге асырушы Үкімет өзінің бүкіл қызметінде Республика Президентінің алдында жауапты және ол өз бастамасы бойынша Үкіметтің өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдауға және оның кез келген мүшесін кызметтен босатуға хақылы. Сонымен бірге Конституциянын 40-бабының 3-тармағына сәйкес Республика Президенті мешіекетгік биліктің барлық тармағьшың келісіп жұмыс істеуін және екімет органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етеді. Сөйтіп, ол—халық пен мемлекеттің билік бірлігінің, Конституцияның мызғымастығының адам және азамат кұкықтары мен бостандықтарынын нышаны әрі кепілі (40-баптың 2-тармағы). Бұл жорамалымыздың дұрыстығына Президенттің атқарушы өкілеттілігі айғақ. 
Президентке Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабында көрсетілген міңдеттерді орындауы үшін қажетті кең өкілеттіктер берілген. 
Президент атқарушы билік саласында: 
Парламенттің келісімімен Республика Премьер-министрін қызметке тағайындайды; оны кызметінен босатады; Премьер-министрдің ұсынуьшен Республика Үкіметінін кұрьтлымын белгілейді; оның мүшелеріы кызметке тағайындайды және қызметтен босатады; Республиканың Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдарын құрады, таратады, кайта құрады; Үкімет мүшелерінін антын қабылдайды; Үкіметтің аса маңызды мәселелер бойьшша отьфыстарында төрағалық етеді; Үкіметке Зан жобасын Парламент Мәжілісіне енгізуді тапсырады; Республика Үкіметінің және облысташ, республикалык маңызы бар қалалары мен астанасы әкімдерінің актілерінің күшін жояды не толық немесе ішінара тоқтата тұрады; Республика Премьер-министрінің ұсынуымен Республиканың мемлекеттік бюджеті есебінен ұсталатын барлык органдардың кызметкерлеріне арналған қаржыландыру мен еңбекақы төлеудін бірьщғай жүйесін бекітеді; Республика Президенті өз бастамасы бойынша Үкіметтің өкілеттігін токтатуға шешім қабылдауға және оның кез келген мүшесін қызметтен босатуға қақылы. Премьер-министрді кызметінен босату бүкіл Үкіметтің өкілеттігі тоқтатылғанын білдіреді. Сонымен қатар Президент Үкіметгің орнынан түсуі туралы шешімді Үкіметтің өз мәлімдемесі бойынша да, сондай-ақ Парламент Үкіметке сенімсіздік білдірген жағдайда да қабылдайды. 
Республика Парламентінің кезекті және кезектен тыс сайлауын тағайындайды; Парламенттің бірінші сессиясын шақырады және оның депутатгарының Қазакстан халкына беретін антьш қабылдайды; Парламент Палаталарының кезектен тыс бірлескен отырыстарын шақырады; 
Парламент Сенаты үсынған заңға он бес жұмыс күні ішінде қол кояды, занды халыққа жария етеді не занды немесе оның жекелеген баптарьш қайтадан талқылап, дауысқа салу үшін қайтарады; 
Парламенттің келісімімен Қазақстан Республикасы Үлттық Банкінің Төрағасын қызметке тағайындайды, оны қызметтен босатады; 
Парламент Сенатыныц келісімімен Республиканың Бас Прокурорын және Үлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасын қызметке тағайындайдьі, оларды қызметтен босатады. 
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін басқара отырьш, Президент Қарулы Күштердің жоғарғы қолбасшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады; жоғары әскери атақтар мен езге де атақтарды береді; Республикаға қарсы агрессия жасалған не оның қауіпсіздігіне сыртган тікелей қатер төнген ретте Республиканың бүкіл аумағында немесе оның жекелеген жерлерінде әскери жағдай енгізеді; ішінара немесе жалпы жұмылдыру жариялап, бұл туралы Республика Парламентіне дереу хабарлайды; Қауіпсіздік Кеңесін құрады. 
Президенттің басты міндеті — ел ішінде және халыкаралық қатынастарда Қазақстан атынан өкілдік ету. Әңгіме бұл жағдайда Президент елді халықаралық қатынастардың субъектісі ретінде, егеменді де тәуелсіз мемлекет ретінде танытады деген сөз. Президент бұл салада келіссөздер жүргізіп, Казақстан Республикасының халықаралық қатынастарына, бекіту грамоталарына қол қояды, елде тіркелген шет мемлекеттердің дипломатиялык, және өзге де өкілдіктері өкілдерінің сенім және кері шақырьш алу грамоталарын қабылдайды. 
Президент өкілеттіктерінін келесі топтамасын оған Қазақстан Республикасының Конституциясында белгіленген заң шығару өкілдіктерін құравды. Ол екі жолмен жүзеге асырылады: 
1) Заң шыгару. Қазақстан Республикасы Конституциясы 53-бабының 4-тармағына сәйкес Парламент Президентке оның бастамасы бойынша, әр Палата депутаттары жалпы санының үштен екісінің дауысымен бір жылдан аспайтын мерзімге заң шығару өкілеттігін беруге қақылы. 
2. Заң күші бар Жарлықтар шығару. Бұл тәртіп Қазақстан Республикасы Конституциясы 61-бабының 2-тармағымен белгіленген. Заң шығару құкуғының берілуі Қазақстан Республикасы Президентінің норма белгілеушілік кызметінін басты нысандары емес. 
Сонымен қоса Президент Конституция мен зандар негізінде және оларды орындау үшін Республиканъщ бүкіл аумағында міндетті күші бар жарлықтар мен өкімдер шығарады. 
Қазақстан Республикасы Президентінің кандидаттығына мынадай катаң талаптар койылады: Қазақстан Республикасының Президенті болып тумысынан Республика азаматы, 40 жасқа толған, мемлекеттік тілді еркін меңгерген әрі Қазақстанда кемінде он бес жыл бойы тұратын, әлде бір діннің қызметкері емес, заңмен белгіленген ретте өтелмеген соттылығы жоқ және сайлау құқығы: мемлекеттік органға және жергілікті өзін-өзі басқару органына сайлауға және сайлануға, сондай-ақ республикалық референдумға қатысуға құқығы бар азамат қана сайлана алады. Бір адам қатарынан екі реттен артық Президент болып сайлана алмайды. 
Қазақстан Республикасының Президентін конституциялық заңға сәйкес жалпыға бірдей, тен және төте сайлау кұқығы негізінде Республиканың кәмелетке толған азаматтары жасырын дауыс беру арқылы жеті жыл мерзімге сайлайды Бұл сияқты мөліметтерді Қазакстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 28 қыркүйектегі конституциялык заң күші бар «Қазакстан Республикасындағы Сайлау туралы» Жарлығынан, 1998 жылғы 7 қазандағы Конституцияға өзгерістер мен толыктырулар енгізу туралы Заңынан алуға болады. Демек, Президентті сайлау жалпы сайлау сияқты Республиканың Орталык сайлау комиссиясының басшылығымен жүргізіліп, өткізіледі. Дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың елу процентінен астамының дауысын алған кандидат сайланды деп есеіггелінеді. Егер кандидаттардың бірде бірі керсетілген дауыс санын ала алмаса, кдйтадан дауысқа салынады, оған кеп дауыс алған екі кандидат қатысады. Дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың көбісінің дауысын алған кандидат сайланды деп есептеледі (Конституцияның 41-бабының 5-тармағы). 
Президентке ешкімнін, тиісуіне болмайды, яғни оны қандай да бір жауапкершілік түріне тартуға, ұстауға, қамауға, тінтуге және т.с.с. болмайды. 
Республиканың Президенті өзінің міндеттерін аткару кезіндегі қылмыстық іс-әрекеті үшін тек қана мемлекетке опасыздық жасаған жағдайда жауап береді. Айып тағу және оны тексеру туралы шешім Мәжіліс депутатгарының кемінде үштен бірінін бастамасы бойынша депутаттардың жалпы санынын көпшілігімен қабылдануы мүмкін. Тағылған айыпты тексеруді Сенат ұйымдастырады. Бүл мәселе бойынша түіжілікті шешім айып тағудың негізділігі туралы Жоғарғы Сот қорытындысы және белгіленген конституциялық рәміздердің сакталғаны туралы Конституциялық Кеңестін қорытындысы болған жағдавда әр Палата депутаттары жалпы санының кемінде терттен үшінін көшпілік дауысымен Парламент Палаталарының бірлескен отырысында кабылданады. Республика Президентіне мемлекетке опасыздык жасады деп тағылған айьштың қабылданбауы оның кай кезеңінде де осы мәселенің қаралуына себепші болған. Мәжіліс депутаттарының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуына әкеліп соғады. Президент науқастығына байланысты өз міндеттерін жүзеге асыруға кабілетсіздігі дендеген жағдайда қызметінен мерзімінен бұрын босатылуы мүмкін. Бұл ретте Парламент әр Палата депутаттарының тең санынан және медицинаның тиісті салаларының мамандарынан тұратын комиссия құрады. Мерзімінен бұрын босату туралы шешім Парламент Палаталарының бірлескен отырысында комиссияның қорытындысы мен белгіленген конституциялық рәсімдердің сакталғаны туралы Конституциялық Кеңес корытындысы негізінде әр Палата депутаттары жалпы санының кемінде төртген үшінін көпшілігімен кабылданады. 
Парламент — Қазақстан Республикасының заң шығару қызметін жүзеге асыратын Республиканың ең жоғары өкілді органы. Парламент тұрақты негізде жұмыс істейтін екі Палатадан: Сенаттан және Мәжілістен тұрады. 
Сенат әр облыстан, республикалык, маңызы бар каладан және Қазақстан Республикасының астанасынан екі адамнан, тиісінше облыстьщ, республикалық маңызы бар қаланың және Республика астанасьшың барлық өкілді органдары депутаттарының бірлескен отырыстарьшда сайланатын депутаттардан құралады. Сенаттьщ жеті депутатын Сенат өкілеттігі мерзімше Республиканың Президенті тағайындайды. Сенат депутатгары жанама сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру жолымен сайланады. Қазақстан Республикасының кемінде бес жыл азаматы болған, жасы отызға толған, жоғары білімі және кемінде бес жыл жұмыс стажы бар, тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың не Республика астанасынын, аумағында кемінде ұш жыл тұрақты тұрған азаматы алты жыл өкілеттік мерзімге Сенат депутаты бола алады. 
Сенаттың ерекше қарауына: Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынуымен Республика Жоғарғы Сотының Төрағасын, Алқалар төрағаларын және Жоғарғы Соттын судьяларын сайлау және қызметтен босату, олардың антын қабылдау; Республика Президентінің Республиканың Бас Прокурорын және Үлттық Қауіпсіздік комитетінін Төрағасын тағайьшдауына келісім беру және Қазақстан Республикасы Конституциясының 55-бабында көзделген басқа да мәселелер жатады. 
Мәжіліс— Парламенттің төменгі палатасы. Ол жетпіс жеті депутаттан тұрады. Алпыс жеті депутат Республиканын әкімшілік-аумақтық бөлінісі ескеріле отырьш құрылатын және шамамен сайлаушылардың саны тең бір мандатты аумактык сайлау округтері бойынша сайланады. Он депутат бара-бар өкілдік жүйесі бойышпа және біртұтас Жалпыұлттық сайлау округінің аумағы бойынша партиялық тізімдер негізінде саиланады. Мәжіліс депутаттарын сайлау жалпыға бірдей тең және төте сайлау құқығы негізіңде жасырын дауыс беру арқылы жүзеге асырылады. Республиканың жасы жиырма беске толған азаматы бес жыл екілеттік мерзімге Мәжіліс депутаты бола алады. 
Парламент Палаталарының бөлек отырысында мәселелерді әуелі Мәжілісте, ал содан соң Сенатта өз кезегімен қарау арқылы: зандар қабылдайды; республикалық бюджетгі және оның атқарылуы туралы есептерді, бюджетке енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды талқылаиды, мемлекеттік салықтар мен алымдарды белгілейді және оларды алып тастайды; Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының мәселелерін шешу тәртібін белгілейді; азаматтарға рақымшылық жасау туралы актілер шығарады және Қазақстан Республикасы Конституциясының 54-бабында көзделген басқа да өзгерістерді жүзеге асырады. 
Мәжілістің ерекше қарауына: заддардың жобаларын қарауға кабылдау және қарау; Республика Парламенті кабылдаған заңдарға Қазақстан Республикасы Президентінің қарсылықтары бойынша ұсыныстар әзірлеу; және т.б. (Қазақстан Республикасы Конституциясьшың 56-бабы) жатады. 
Палаталардың бірлескен отырысында Парламент 
1) Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынысы бои-ынша Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізеді; Конституциялық заңдар кабылдайды, оларға өзгертулер мен толыктырулар енгізеді; 
2) Республикалық бюджетті және Үкімет пен Республикалық бюджеттің атқарылуын бакылау жөніндегі есеп комитетінін бюджеттің атқарылуы туралы есептерін бекітеді, бюджетке өзгертулер мен толықтырулар енгізеді; 
3) Республика Президентінің қарсылығын туғызған зандар немесе заңның баптары бойышпа ол қарсьтлық жіберген күннен бастап бір ай мерзім ішінде қайталап талқылау мен дауысқа салуды өткізеді. Бұл мерзімнің сақталмауы Президент қарсылығының қабылданғанын білдіреді. Егер Парламент әр Палата депутаттарының жалпы санының үштен екісінің көпшілік даусымен бұрын кабылданған шешімді қуаттайтын болса, Президент жеті күн ішінде заңға қол қояды. Егер Президенттің қарсылығы еңсерілмесе, заң қабылданбады немесе Президент ұсьшған редакцияда қабылданды деп есептеледі; 
4) Президентке оның бастамасы бойынша әр палата депутаттары жалпы санының үштен екісінің даусымен бір жылдан аспайтын мерзімге заң шығару өкілеттігін беруге хакылы; 
5) Президенттін. Республика Премьер-Министрін, Республика Ұлттық Банкінің Төрағасын тағайындауына келісім береді; 
6) Премьер-Министрдің Үкімет бағдарламасы туралы баяндамасын тындап, бағдарламаны мақұлдайды немесе қабылдамай тастайды, бағдарламаны кайтадан кабылдамаи тастау әр Палата депутаттарының жалпы санының үштен екісінің даусымен жүзеге асырыла алады және бұл Үкіметке сенімсіздік кәрсетілгенін білдіреді. Ондай көпшілік дауыстың болмауы Үкімет бағдарламасының мақұлданғанын білдіреді; 
7) Әр Палата депутаттары жалпы санының үштен екюінің көпшілік даусымен, Парламент депутаттары жалпы санының кемінде бестен бірінің бастамасы бойынша немесе Конституцияда белгіленген жағдайларда Үкіметке сенімсіздік білдіреді. 
Парламент бұдан басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады (Конституцияның 53-бабы). 
Парламент Республиканың бүкіл аумағында міндетті күші бар Қазакстан Республикасының Заңдары, Парламенттің Қаулылары, Сенат пен Мәжілістін, Қаулылары түрінде Заң актілерін қабылдайды. 
Зандар, аса маңызды қоғамдық қатынастарға реттейтш, мынадай мәселелер бойынша шығарылуы тиіс: 
1) жеке және занды түлғалардың құқық субъектілігіне, азаматтардын құқыктары мен бостандыктарына, жеке және заңды тұлғалардын міндеттері мен жауапкершілігіне; 
2) меншік режиміне және өзге де мүліктік құқықтарға; 
3) мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарын ұйымдастыру мен олардың қызметінің, мемлекеттік және әскери қызметтің негіздеріне; 
4) салық салуға, алымдар мен басқа да міндетті төлемдерді белгілеуге; 
5) республикалык бюджетке; 
6) сот қүрылысы мен сотта іс жүргізу мәселелеріне; 
7) білім беруге, денсаулык сақтауға және әлеуметтік камсыздандыруға; 
8) көсіпорындар мен олардың мүлкін жекешелендіруге; 
9) айналадағы ортаны қорғауға; 
10) Республиканың әкімшілік-аумақтық құрылысына; 
11) мемлекет қорғанысы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты негізгі принциптер мен нормаларды белгілеуге катысты. 
Өзге қатынастардың барлығы заңға тәуелді актілермен реттеледі. 
Республиканың мұндай заңдары Республика Президенті қол қойғаннан кейін күшіне енеді. Парламент пен оның Палаталарының Заң актілері, егер Конституцияда өзгеше көзделмесе, Палаталар депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады, ал конституциялық заңдар Конституцияда көзделген мәселелер бойынша әр Палата депутаттарының жалпы санының кемінде үштен екісінің көпшілік дауысымен қабылданады. 
Қазақстан Республикасының Президенті мынадаи жағдайларда: Парламент Үкіметке сенімсіздік білдіргенде, Парламент Премьер-Министрді тағайындауға екі мәрте келісім бермегенде, Парламенттің Палаталары арасындағы немесе Парламент пен мемлекеттік әкіметтін басқа тармақтары арасындағы еңсерілмейтін келіспеушілік салдарынан саяси дағдарыс болғанда Парламентті тарата алады. Бірақ, Парламентті төтенше жағдай немесе соғыс жағдайы кезеңінде, Президент өкілеттілігінін. сонғы алты айында, сондайақ осының алдындағы таратудан кейінгі бір жыл ішінде таратуға болмайды. 
Парламенттің ағымдағы қызметі тұрақты комитеттерде атқарылады, олардың саны әр Палатада жетеуден аспауы тиіс. Палаталардың бірлескен кызметіне катысты мәселелерді шешу үшін Сенат пен Мәжіліс тепетең негізде бірлескен комиссиялар құруға қақылы. Заңның Палата отырыстарында талкылануы окылым деп аталады. Заң жобасы Мәжілістің тұрақты комитетінде алдын ала қаралып, комитет ол бойынша қорытынды бергеннен кейін Мөжілістің жалпы отырысывда талқыланады. Әдетге, талқылау екі оқылымда өтеді. Конституцияға өзгерістер мен тольщтырулар енгізу және конституциялық заңдар қабылдау немесе оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселелері бойынша кемінде екі оқылым өткізу міндетті. 
Қаралған заң жобасы бойынша Сенаттың Президент сияқты қарсылық білдіру құқығы бар. Тұтас алғанда, Сенат депутаттары жалпы санының көпшілік дауысымен қабылданбаған жоба Мәжіліске қайтарылады. Егер Мәжіліс депутаттары жалпы санының үштен екісінін көшпілік дауысымен жобаны қаитадан мақұлдаса, ол Сенатқа қайта талқылауға және дауысқа салуға беріледі. Қайта қабылданбаған заң жобасын сол сессия барысында кайтадан енгізуге болмайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мәдениет пен өркениет

Мәдениет ұғымын тереңірек түсіну үшін, оған мағыналық жақындығы бар  кейбір басқа ұғымдармен арақатынасын қарастырып өтейік. Осы сипатта біздің зердемізге бірінші түсетін үғым — өркениет. Өркениет (цивилизация) семантикалық жағынан алғанда (латын тілінің — «civilis» сөзі) азаматтық дегенді білдіреді. Римдіктер бұл үғымды «варварлықтар» деп өздері атаған, басқа халықтар мен мемлекеттерден айырмашылықтарын көрсету мақсатында қолданған. Яғни, «өркениет» олардың түсініктері бойынша азаматтық қоғамы, қалалық мәдениеті, заңға негізделген басқару тәртібі бар Рим империясының даму дәрежесін білдіреді. 
Ғасырлар бойы қалыптасқан осы екі үғымның мағыналарын төмендегідей топтастыруға мүмкіндік бар: 
•    1. Мәдениет пен өркениет бір. Олар синонимдер (И. Гердер, Э.Б. Тайлор). 
•   2. Өркениет — мәдениеттің ақыры, оның кәрілік шағы, руханилықтың антиподы (Ж.Ж. Руссо, Ш. Фурье, О. Шпенглер). 
•   3. Өркениет — мәдениеттің прогресі, болашаққа бой сермеуі, қоғамның парасаттылық деңгейі (Ф. Вольтер, Д. Белл). 
•    4. Өркениет — тағылық пен варварлықтан кейінгі тарихи-мәдени саты (Л. Морган). 
•    5. Өркениет — этностар мен мемлекеттерге тән мәдениеттің оқшау түрі (А. Тойнби, Н.Я. Данилевский және т.б.).6. Өркениет мәдениеттің техникалық даму деңгейі, оның материалдық жағы. 
Бұдан көретініміз, мәдениет пен өркениет бір-бірімен байланысты ұғымдар екен. Мәдениеттанушы Г. Чайлдтың пікірінше, өркениетке еңбектің қоғамдық жолмен бөлінуі, қалалардың пайда болуы, жазбаша мәдениеттің дамуы, қолөнер мен сауданың өркендеуі, азаматтық қоғам мен мемлекеттің орнауы жатады. 
Мәдениетті тұлғалық сипатта қарастырғанда, бірнеше елеулі түсініктерге тоқтала кету қажет, олардың ішіндегі маңыздылары: мәдени әрекет, мәдени орта, мәдени игіліктер мен қажеттіліктер және мәдени ұйымдар мен ұжымдар. Бүлардың арасында ең түбегейлісі — мәдени әрекет. Әрекеттену — жалпы адам мен қоғамның өмір сүру тәсілі, тіршіліктің тірегі. Мәдени әрекет деп, әдетте, мәдениет игіліктерін өндіруге, таратуға, тұтынуға бағытталған мақсатқа сәйкес әлеуметтік іс-қимылдарды атайды. Мәдени игіліктерді толассыз жасау нәтижесінде адам өзінің де мәдени деңгейін көтереді. 
Осы әрекеттің қайнары, түпкі қозғаушы күші ретінде ғылым адамның талап-мұқтаждарын, мәдени қажеттіліктерді бөліп қарастырады. Осылардың қатарына біз мынандай адамдық қажеттіліктерді жатқызамыз: өмірдің мәні мен мағынасын іздеу, өмірден өз орнын табуға ұмтылу, шығармашылыққа талпыныс, альтруизм, гумандылық және тағы басқалары. 
Мәдени орта ұғымы мәдениеттің коммуникациялық (қатынастық) табиғатымен тығыз байланысты. Мәдени орта заттық-материалдық, әлеуметтік ұйымдар мен ұжымдардан, рухани қызмет орындарынан тұрады.       Оларға техника мен қүрал-жабдықтардың даму деңгейі, тұрмыстық мәдени дәрежесі, адамдардың білімділігі, кәсіптік шеберлігі, рухани мәдениетті сақтау және насихаттау ұйымдары (мұрағаттар, мұражайлар, кітапханалар, клубтар және тағы басқалар) жатады. 
Қайсыбір ұлттық мәдениетті алсақ та, ондағы салт-дәстүрлер жүйесіне бірден назарымыз ауады. «Салт-дәстүр, — дейді белгілі философ Гердер, — тіл мен мәдениет бастауларының анасы» (И.Г. Гердер. Идеи к философии истории человечества. Москва, 1977, с. 252). Мәдениет өзінің кең мағынасында бір ұрпақтың келесі ұрпаққа жолдаған өмір сүру тәсілі болғандықтан, осы жалғастықты, мұрагерлікті жүзеге асыратын салт-дәстүрлер жүйесі мәдениет өзегін қүрастырады. Әсіресе, жазу-сызу болмаған ерте заманда мәдениет ырымдар мен сәуегейлікке, . сенім-нанымдарға, дәстүрлі түсініктерге иек артқан. Ал салт-дәстүрлерге Ғұзыхан Ақпанбет мынандай баға береді: «Олар — терең философиялық ойдың, ғасырлар бойы жинақталған тәжірибенің сұрыпталған түжырымы, негізгі нәрі, қысқа да көркем бейнесі». (Қазақтың дүниетанымы. Алматы, 1993, 36-бет). 
Ғасырлар бойы күнделікті іс-тәжірибе негізінде сұрыпталған жазу-сызу мен азаматтық қоғам өлі жоқ кезде қалыптасқан салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар мәдени мирасқорлықтың жалғыз мүмкіндігі болды. Ескі ырымдар мен әдет-ғұрыптардан надандық, анайылықты емес, қазіргі үлттық мәдениеттердің архетипін аңғарған жөн. 
Кез келген ұлттық мәдениеттің негізі мен ділін, ондағы адамгершілік қасиеттер мен дүниетанымды үғыну үшін мәдениеттің тағы бір түп-тамыры дінге жүгіну қажет. Тоталитарлық жүйе ұлттық мәдениеттерді құрту мақсатында, дінді «апиын» деген марксизм қағидасын басшылыққа алып, ешқандай қасиетті тірліктері жоқ, шолақ белсенді мәңгүрттерді тәрбиелеуге тырысты. 
Ал шындығында діни Ренессанс («ренессанс» — француз сөзі — қайта жаңғыру) мәдени дамуда орасан зор роль атқарды. Дінге дейінгі дүниетаным ретіндегі мифте табиғат қасиетті күштерге баланса, ұлттық немесе дүниежүзілік діндерде адам мен қоғамның құдіреттілігіне басты назар аударылады. Осының нәтижесінде өркениет қалыптасады. Жалпы алғанда, дінтанусыз мәдениеттану жоқ. 
Мәдениеттің өзекті бөлігі — өнер. Таңбалы тастағы кескіндер мен тағы адамдардың ырым-билерінен бастап, Рафаэль мен Микеланджелоның мәңгілік туындыларымен жалғасқан, халықтың шығармашылық рухынан туған талай сұлу дүниелерсіз, өнер әлемінсіз, қандай мәдениеттің болсын рухын сезіне алмаймыз. 
Шынында да, өнер мөдениеттің алтын қазынасы, адамның ұлылығын білдіретін ғажап көріністердің бірі — оның әсемдікке, сұлулыққа үмтылуы. 
Осыған дейін қарастырылған анықтамалардан бір түйінді ой айтуға болады: мәдениет — адам әлемі. Мәдениет көріністерінде адамдық парасат, оқыл-ой, ізгілік пен әдемілік заттандырылып, игіліктер дүниесі құралған. Сонымен бірге мәдениет адамды тұлға деңгейіне көтеретін негізгі құрал. Әл-Фараби айтқандай, адам — «хайуани мадани», яғни, Мәдениетті жан. Адам — табиғат туьндысы және ол үшін табиғи орта мәңгілік қажеттілік болып қалады. Мәдениет адамнан табиғатты бөліп алады деген пікір қанша рет айтылса да, адамның табиғи шығармашылықтың ең жоғары үлгісі екендігіне күмән жоқ. И. Гердердің тілімен айтқанда, адам — табиғаттың бірінші азаттық алған пендесі. 
Ғасырлар — адамның мәдени дамуының куәсі. Бірақ осы алға қарай жылжу Жер-Анаға әр уақытта жайлы бола бермеді. Адам қоршаған ортаны өзіне ыңғайлы тұраққа айналдыруға тырысты, алайда осы белсенділік көп жағдайда табиғатты күйзелтіп, қүлдыратып жіберді. 
Мәдениет пен табиғатты қарама-қарсы қоюдың бір түрі адамның табиғи анти мәдениеттілігі жөніндегі ілімдер еді (киниктер, Ницше). Контрмәдениет атты XX ғасыр туындысы бұқаралық мәдениеттегі руханилықтың затқа, тауарға айналуына қарсы қозғалыс сипатында болды. Мәдениет пен табиғатты ұштастыруға тырысатын ілім — мәдени антропология. Оның негізін са-лушылардың бірі — Э. Уилсон. 
Әрине аталған ілімдер табиғи-биологиялық заңдылықтарды тым әсірелеп жібереді, әйткенмен оның қисыны бар сияқты. Өйткені, XX ғасыр мәдениет пен табиғат дилеммасының адам тағдыры үшін қауіпті екендігін көрсетіп, заман талабына сәйкес экологиялық мәдениет ілімін тудырды. Адамдық шовинизмді тежейтін бүл ілімнің негізі есебінде мынадай идеяларды атап өткен жөн: 
•    а) академик В.И. Вернадскийдің Ноосфера (парасатты орта) туралы ілімі; 
•    ә) Рим клубының экологиялық түжырымдары; 
•    б) Тейяр де Шарденнің адам жөніндегі гуманистік эволю-циялық теориясы; 
•    в) Л.Н. Толстой, М. Ганди, А. Швейцер, Э. Фромм т.б. дамытқан гуманистік этика т.б. 
Тағы айта кететін жайт, осы экология мәселелеріне байланысты Шығыс пен Батыстың арасындағы айырмашылық туралы. Интровертивтік Шығыс мәдениеті табиғатқа жақын, ол үстемдік етуге шақырған жоқ. 
Сонымен, мәдениет адам мен табиғатты бөліп тұрған «қытай қорғаны» емес, керісінше, олардың арасындағы нәзік үндестік және рухани қыл-көпір. Осы үндестікті (гармонияны) одан әрі жетілдіру — адамзаттың алдындағы келелі міндет. 
Адам және мәдениет мәселесін тереңдете түсетін тағы бір жайт адамның қабілеттілігіне, жан-жақтылығына, шексіздігіне байланысты. Американ ғалымы К. Поппер айтқандай, адам бірдей үш дүниеге: физикалық, ментальдық (психикалық) және идеалдыққа жатады. Сонда мәдениет осылардың қайсысымен көбірек анықталады деген заңды сұрақ туады. Егер біз мәдениетті тек материалдық және рухани бөліктерге бөлудің қарадүрсін шеңберінен шыға алсақ, онда мәдениеттің өзінің ішкі мағынасында идеалды екендігіне көзіміз жетеді. Себебі, адамды қоршаған заттар, дүние — бұл мәдениеттің сыртқы көрінісі ғана, оның мәні — руханилықты адам әрекетінің нәтижесінде заттандыруда жатыр. Мәдениеттің ішкі мәні қоғамдағы өмір сүріп жатқан адамдардың өзіндік санасында, парасаттылық сезімдерінде, рухани ізденістерінде айқындалады. 
Ж. П. Сартрлық көсемсөзді қайталасақ, адам әлемге еркін жіберілген, ол еріктілік жазасына кесілген. Осы сипатта мәдениеттің құпиясы — адамдағы «Мендік». Одан сыртқа ерекше бір нұр — азаттық, жауапкершілік, адамгершілік сәулесі нұр шашып түр. Мәдениетте адам ғажап биік деңгейге көтеріледі. Мәдениет дегеніміз менің өмірім, менен бөлінген, мен өлгеннен кейін де тірі болатын менің шығармашылығым. 
Енді мәдениеттің қоғамда атқаратын қызметтерін талқылайық. Алдымен қоғам және мәдениет ұғымдарында қаншама ұқсастық, үндестік болғанымен, олардың арасындағы мағыналық, айырмашылықты естен шығармаған жөн. 
Қоғам — әлемнің бір бөлігі, белгілі бір мақсаттарды іске асыру жолында әрекет етіп жатқан субъектілердің (тұлғалардың, топтардың, этностардың, мемлекеттердің) байланыс нысандары. Яғни, қоғам үғымындағы негізгі мәселе — адам және оның ұйымдасу нысандары, бұл ретте қоғамды зерттейтін басты ілімді әлеуметтану деп атайды. Ал мәдениет осы тұрғыдағы қоғамның белгілі бір қасиеті, көрінісі, сипаты мазмұнында қолданылады. Осыған дейін қарастырылған ұғымдарды негізге алып, қоғамдағы мәдениеттің төмендегідей қызметтерін айқындау мүмкіндігі бар: 
Адамды калыптастыру қызметі. 
Бұл — мәдениеттің қоғамдағы басқа қызметтерін бойына жинақтайтын және оның негізгі мазмұнымен тікелей байланысты нышан. Егер біз адамды әлде құдай, әлде табиғат, әлде еңбек жаратты деген пікірталастардан сәл көтерілсек, адам мәдениетті, ал мәдениет адамды қалыптастырғанына көзіміз жетеді. «Жеке адам өзі өмір сүріп жатқан қоғамның туындысы, төл перзенті» (С. Мырзалин, Ә. Әлпейісов. Қоғам және мәдениет. Алматы, 1992, 14-бет). Маугли — көркем бейне. Жануарлар арасында кездейсоқ өскен адам мәдениеттік қасиеттерден жұрдай болады. 
Адамға ең қиыны — адам болу. Ал оның негізгі шарттарының бірі ретінде ізгілік пен зұлымдық, ақиқат пен жалғандық, әділеттілік пен өктемдік, бодандық пен азаттық, сұлулық пен ұсқынсыздық арасындағы адамның таңдауын аламыз. Соның нәтижесінде жеке тұлғада өзіндік сана тұрақталады, ол озық мәдениет үлгілерін өз бойына сіңіреді. Жалпы алғанда, мәдениеттің алға басуы дегеніміз дүниежүзілік тарихтың адам үшін, оның мүдделері мен өзіндік мақсаттары бағытында толыққанды ашылуы болып табылады. 
Жалғастық, мәдениет мұрагерлік қызметі. 
Мәдениеттің бұл қызметі бір ұрпақтан екінші ұрпаққа берілетін бүкіл адамдық өмір тәсілдерінің өзіндік ерекшеліктеріне қатысты. Ақпараттық (информациялық) беріліс әлеуметтік жүйеде биологиялық тұқым қуалаушылықтан өзгеше жүреді. Шын мәнісінде қоғамда ұрпақтар жалғастығы мәдени мұраларды игеру, қабылдау және оны шығармашылықпен дамыту арқылы жүзеге асады. Мәдени ақпараттар — салт-дәстүр, әдет-ғүрып, рәсім-рәміз, діл мен тіл, дін және өнер, білім т.б. руханилықтың белгілі бір деңгейін меңгерудің нәтижесінде мәдениет субъектісінің өзіндік санасының жанды буынына айналады. 
 
Танымдық қызметі. 
Мәдениеттің қоғамдағы бүл қызметміндетінің сан алуан қыры бар. Бірден біздің назарымызды өзіне аударатын нәрсе — мәдениет пен білімнің ара қатынасы. «Табиғаттан қулығын асырып жіберуге» (Гегель) бағытталған адамдардың білімі, әрине мәдениеттің негізгі қүрамдас бөлігіне жатады. Ертедегі гректің «пайдейя», ислам Өркендеуіндегі «маариф», қазіргі өркениеттегі «интеллигенттілік» үғымдары мәдениет пен білімділіктің іштей туыстығын, үндестігін білдіреді. Осы сипатта, әсіресе зиялылар (интеллигенция) мәдениетті сақтау және дамыту ісінде үлкен қызмет атқарады. «Бүгінгі күнге лайық адамдық қарым-қатынас орнату — интеллигенцияның басты міндеті... Ал біздің өркениеттілігіміз жаппай компьютерге көшумен сипатталмауы керек, мәдени диалогтың түрін 
жасап, оны сақтай білу қабілетімізбен көрінуі керек» (Ә. Наурызбаева, Н. Скалон. Диалогтың мүмкіндігі. «Шаһар», 1993, № 1, 8-бет). Яғни білімділік мәдениеттіліктің маңызды алғышарты болғанымен, бұл екі ұғымның арасында елеулі айырмашылық, белгілі алшақтық, кейде тіпті қайшылық бар. Ғылымның бет алды дамуы, шектелмеген техникалық әрекет мәдениетке үлкен нұқсан келтіруі мүмкін. Тек жоғары деңгейде мәдениеті бар өркениет ғылым мен техниканың дамуындағы теріс салдарларды бейтараптандыра алады. Егер біз ғылым арқылы шындықты ашсақ, өнер арқылы әсемдікке ұмтыламыз, ал моральдық таным арқылы — жақсылық пен жамандықты айырамыз. 
Реттеу қызметі. 
Бұрынғы Кеңес Одағында шыққан кітаптарда «мәдениетті ғылыми жолмен басқару» атты сөз тіркесі кең етек алғанды. Бірақ адамның дүниеде өмір сүру тәсілі ретінде түсіндірілетін мәдениетті басқару мүмкін емес, әйтпегенде адамды тетікке, қуыршаққа айналдырған тоталитарлық айлашарғы үлгілерін көреміз. Айталық, Ертедегі Грекияда ешқандай шенеуніктер адам басына театрлар неше билет сатты деген ақпараттар жинаған жоқ. Солай болса да ол елдегі жоғары мәдениеттің және рухани ізденістің қандай деңгейде болғаны бәрімізге белгілі. 
, Алайда солай екен-ау деп мәдениетке сыртқы ықпал жасау мүмкіндігін жоққа шығара алмаймыз. Мәдениет — «жабулы қазан емес». Мәдениеттегі реттеушілік әрекеттерінің өзіндік ерекшеліктері бар. Мәдениетте күнделіктіден гөрі жоғарыға, идеалдыға, үлгіге көбірек көңіл бөлінеді. Мәдени үғымдарда нормативтік, ережелік талаптар басымырақ. Мысалы, «мәдениетті адам» дегенде оның адамдық жан-жақты белгілерді бойына толығырақ, тереңірек дарытқандығын көрсетеді. Ол — білімі ғылым деңгейіне, киімі сол кезде көп тараған сәнге, мінез-құлқы осы қоғамның адамгершілік талаптарына сай адам. 
Коммуникативтік, қарым-қатынастық қызмет. 
Бұл мәдениеттің қоғамдағы негізгі қызметтерінің бірі. Адамдардың қарым-қатынасы, мәдениеттер сұхбаттасуы — әлеуметтік шындықтың басым көрінісі. Адам ерекше бір өрісте — қарым-қатынас өрісінде болады. Руханилық пен ізгілік, әдемілік пен жақсылық тербелісі адамды нәзік тормен қоршаған; қоғамдық өмірде тек зат пен тауар ауысуы ғана емес, ең алдымен идеялар, мамандық, шеберлік тәжірибелерімен, сезімдік үлгілерімен ауысу толастамақ емес. Мәдениет игіліктерін жас нәресте анасының ақ сүтін еміп, оның әлди жырымен сезім дариясына шомылып қана адамдық қасиеттерді бойына сіңіре бастайды. 
Ғылымда социализация (әлеуметтену) деп аталатын процесс те мәдени қарым-қатынасқа негізделген. Мәдени қарым-қатынастың түрлері дегенде олардың әмбебаптығына және көп мағыналылығына көңіл бөлу қажет. Мәдени құндылықтарды оларды жасаушылар және тұтынушылар арасындағы қарым-қатынас ретінде алуға болады. Мәдени туынды қаншама асыл болғанымен, егер ол рухани азық ететіндері белгілі бір себептермен жетпей жатса, онда ол мәдени айналыстан шығып қалады. Адам тұрмайтын үй қаңырап бос тұрады, отарба жүрмейтін темір жол —жай темір мен ағаштың үйіндісі, ешкім оқымайтын кітап — шаң басып жатқан қағаз. Мәдени болмыстың тірегі деп қарым-қатынасты айтамыз. 
Мәдениеттің қоғамда атқаратын басқа да қызметтері жеткілікті. Зерттеушілер оның аксиологиялық, футурологиялық, герменевтикалық т.б. түрлерін атайды.


Информация о работе Қимақ қағанаты