Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Ноября 2011 в 20:55, реферат
Иделогия дегеніміз не? Идеология – ілім, қоғамдық сана (грекше – ідса – ой, пікір, идея + логос – сөз). Идеолог – таптың немесе қоғамдық топтастықтың ойын білдіруші, идеялық мүддесін қоғаушы деген түсінік. Қазақ совет Энциклопедиясының 4 – томында ол «таптың, әлеуметтік топтардың мүддесін білдіретін, қоғамдық сана, философиялық, моральдық, эстетикалық және діни көзқарастар мен теориялардың жиынтығы» деген анықтама берілген.
ИДЕОЛОГИЯ
– ҚОҒАМДЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ҚҰРАМДАС
БӨЛІГІ
Иделогия дегеніміз не? Идеология – ілім, қоғамдық сана (грекше – ідса – ой, пікір, идея + логос – сөз). Идеолог – таптың немесе қоғамдық топтастықтың ойын білдіруші, идеялық мүддесін қоғаушы деген түсінік. Қазақ совет Энциклопедиясының 4 – томында ол «таптың, әлеуметтік топтардың мүддесін білдіретін, қоғамдық сана, философиялық, моральдық, эстетикалық және діни көзқарастар мен теориялардың жиынтығы» деген анықтама берілген. Алғаш рет «идеология» деген терминді француз философы және экономисі Де Гресси (1754-1836) қолданды. Ол «Идеологияның элементтері» деген төрт томдық еңбек жазған. Оның пікірінше, идеология идеялар туралы ғылым, ол барлық табиғат және қоғам туралы ғылымдардың, саясат, этика және тағы басқа әлеуметтік құбылыстардың негізіне жатуға тиіс. Бірақ «идеология» деген сөздің кең тарауына себепкер болған адам – Наполеон Бонапарт. Ол либерал журналистерді, саясатшыларды «идеологтар» деп атап, оларды жаратылыстанумен айналысатын ғалымдарға және шынайы әрекет иесі белсенді адамдарға қарсы қойды. Фрнацуз императоры саяси сайқалдыққа тұрақсыз және алдамшы қоғамдық пікірге көп көңіл аударатын мемлекеттік қайраткерлерге жиіркенішпен келемеждеп қарайтын. Осы
кезде қоғамның күнделікті өмірінен,
алдында тұрған көкейтесті мәселелерден
және мемлекеттің шынайы саясатына
алшақ идеяларды қоштап таратушы
адамдарды «идеологтар» деп атады.
К.Маркс пен Ф.Энгельстің 1845 жылға
дейінгі жазылған еңбектерінде де «идеология»
деген термин осы мағанада қолданылады.
Бұл кезде Германияда Гегельдің
философиялық мектебі ыдырап, тұрпай
социалистік теориялар пайда
болды. Маркс пен Энгельс осындай
идея, түсініктердің жиынтығын 1845
жылдан бастап олар идеология
туралы өз түсініктерін Идеологияның мәнін пайдаланудың екінші кезеңі К.Маркстің «Капиталды» жазуымен (1857) байланысты. Бұл кезде идеология тілек, мақсат (топтық, таптық және т.б.) тұрғысынан шындықты бейнелейтін сана ретінде түсіндірілді. Осылайша идеология дегеніміз жеке тілек, мақсатты ғылым, көркемөнер, мораль, саясат, құқық тілінде көтермелеп өткізу, жұртшылықтың санасына арбап құю. Осы мақсатта ғылым тілінде, ғылыми терминологияға көп жүгінеді. Идеологияландыру саналы түрде және санасыз түрде де жүзеге асырылады. К.Маркс бұл кезде идеологияны тек ғылымға ғана емес, жалпы еркін рухани өндіріске, яғни барынша объективті, сондықтан да жалпы (жеке емес) тілек, мақсатты білдіруге бағытталған танымдық, көркемдік және басқа қызметке қарсы қояды. Экономикалық теория саласында К.Марск а) экономикалық шындықты объективті түрде танып білуге ұмтылған классикалық саяси экономияны және ә) осы теория құралдарын пайдаланып, таптық мүддені анықтап, шындықты танып білуге ұмтылатын тұрпайы саяси экономияны ажыратып көрсетеді. Сол сияқты К.Маркс ғылым мен идеологияны бір-біріне жалпы, абстракты түрде қарсы қоюға болмайтындығын, ғылымының өзінде идеологияландыру кезеңі, сәті кездесе беретіндігіне көңіл аударады. Осы жайды ол физиократтардың, А.Смит, Д.Рикардо еңбектерін талдау үстінде байқап көрсетеді. Идеологияның
бұл түсінігі бірінші кезеңде
қалыптасқан түсініктен ерекше, сонымен
бірге оның негізгі сәттерін де ұмыт
қалдырмай қабыл алған. Өз ілімдерін
Маркс пен Энгельс жалған сана
ретінде идеологияға қарсы Сонымен, иделогия бүгін ғана қалыптасқан ұғым емес. Қоғамдық-экономикалық формациялармен, мемлекеттік құрылыспен қатар туып, байланысты дамып келе жатқан табиғи да толассыз қоғамдық құбылыс. Идея, идеология дегеніміз тек қалыптасып қалған қасаң түсінік емес, даму барысында күн тәртібіне қойылып отыратын мақсат-мүдде. Болмаса – идеология дегеніміз белгілі бір мақсатқа бағытталған идеялар жүйесі. Осы идеяларды жүзеге асыру арқылы ұлттық немесе әлеуметтік топтың түпкілікті мақсатқа жетуі көзделеді. Сонымен идеология жеке мүддені қолпаштайтын белгілі бір жүйеге келтіріліп, өңделген көзқарастардың жинтығы болып табылады. Мұндай жүйелерді арнай идеологиялық қызметкерлер жасайды. Көп
партиялық қоғамда айқын анық
бірнеше идеология өмір сүреді. Олардан
мемлекеттік идеология жоғары тұрады.
Мемлекеттік идеология – Унитарлық
мемлекетте жалыз ресми идеология
болады. Ал басқа идеологиялар болса
олар қалтарыста өмір сүреді. Егер үкімет
қатаң тәртіпті ұстанса, мемлекеттік
идеология міндетті, оның идеялары,
қағидалары, ұрандары жұттың барлығы
бұлжытпай орындайтын заңға айналады.
Мұндай тәртіп орнаған елдерде мемлекеттік
идеология екі дәрежеде кездесуі
мүмкін. Мысалы, нацистік Германияда мемлекеттік
идеология, біріншіден, халық бұқарасына
бір талап қойса, екіншіден, элита,
ел басшыларына басқа міндет жүктейді.
Ал И.В.Сталиннің диктатурасы Сонымен идеология адамдарды саяси және экономикалық міндеттерді шешуге топтастыру мен жұмылдырудың уақыт таразысынан өткен тәсілі, әлеуметтік мінез-құлыққа қалыптастыру механизмі. Осы тұста бір-екі жанама мәселерге назар аударған жөн. Оның бірі – түсініксіз қоғамдық пікір қалыптасып қалғандай: кешегі коммунистік идеология мен бүгінгі тәуелсіз еліміздің идеологиясы арасында бір бос кеңістік, қуыс (вакуум) пайда болды, қоғам бір кезең идеологиясыз қалды деген қағида. Осының өзі ақиқатқа жата ма деген сұрақ туады. Қарсы
пікіршілеріміз сол идеологиялық қуыстың
дәлелі ретінде – империялық идеологияның
«қазасын», оның өзімен бірге ала
кеткен идеологиялық мекемелерін уәж
етеді. Идеологияны тек оны Қазіргі
таңда Қазақстан Кешегі
коммунистік идеологиядан мезі болған
Ресей жұрты ешқандай да идеологияның
қажеті жоқ, мемлекеттің құдіретін
адам құқығын сақтауға бағыттап, белгілі
бір реттеушілік қызметтерді
атқарумен шектеу керек деп жатқанда,
біз Қазақтанда өз идеологиямызды қалыптастыруды
қолға алғанымыз қалай деген
заңды сұрақ көкейге оралары
сөзсіз. Мұның өзі Ресей мен
Қазақстанның қазіргі өміріндегі айырмашылықтардан
– еліміздің демографиялық, геосаяси
ерекшеліктерінен – туындап отыр.
Ұлтаралық келісім, олардың белгілі
бір дүниетанымдық идеялар Тәуелсіздік
жолына жаңа түсіп, өзінің көп ұлтты
еліне, бай да кең байтақ жеріне,
басқа да ерекшеліктеріне орай және
демокартиялық жолымен тез Бұл орайда Назарбаевтың өз сөзімен келтірсек, - қоғамда өзгерістерге сай келетін рухани ахуал туғызу, мұның өзі мемлекеттің барлық салаларында, соның ішінде идеология сияқты ерекше, салада, тек байсалды саясат арқылы ғана қолдау табады. Бүгінгі заманғы үлгідегі қоғам идеологиялық деп айқындайтын жүйе болмайынша өмір сүре алмаса керек. Қазақстандағы жаңа идеологияның бағдарлары. Қазақстан елінің қазір өткен мен болашақ ортасындағы өпелі кезеңде тұрағндығы белгілі. Ондай қоғамның ішінара да, түбегейлі өзгерістерге де көп ұшырап жатуы ықтимал. Демек, теориялық пайымдауда да қалыптаса бастаған қағидаларды оқтын-оқтын қайта қарауға тура келетін тұстар да болуы мүмкін. Оның ешқандай айыбы жоқ. Қайта қасандыққа ұрынбауға, бұрыстыққа жол бермеуге оң ықпал тигізері сөзсіз. Мәселен қоғамның бір сападан екінші сапаға өтуін революциялық жолмен емес, эволюциялық жолмен қамтасыз етуге баса мән беруде жатыр. Ол тек әлеуметтік жарастық жағдайында ғана мүмкін болды. Ендеше қоғамдағы ынтымақ – жас тәуелсіз мемлекет үшін ең басты саяси құндылық болып табылады. Мелекет тоталитаризм жолына түсіп, бір идеологияны ұстанса, көп өмір сүре алмайды. Нацизмді ту етіп көтерген Германия, марксизмді теория емес, идеология деп таныған КСРО соның айқын айғағы. Енді халықтың көзі ашылып, дүниеге, өзін қоршаған ортаға байыпты да парасатты қарайтын болды. Ал тәуелсіз Қазақстан үшін қолайлы даңғыл жол – демократиялық мемлекетке жету мүмкіндігі туды. Ондай мемлекеттің артықшылығы адамдар бір идеология, бір сүрлеулі жол үшін жанын пида етпейді, өзгеріске, жаңалыққа мол мүмкіндік қалдырады. Жалпы бір идеология жолында адам құрбан болмауға тиісті. Керісінше, бұл адамға қызмет етпейтін идеология. Болашақтан үміті бар мемлекет ғылымға, бар күшін шынайы өзгерістерді, реформаларды ғылымға және философиялық тұрғыдан негіздейтін модельді, үлгі, сүлбіні жасауға және халықтың санасына құюға жұмсау керек. Біздегі
мемлекеттік идеология – ұлттық
мұраттардан туындай отыра Егер
біздің мемлекеттіміз ұлттық мемлекет
екен, идеологиямызда ұлттық қатынас
сипаты, ұлттық рухы болу керек. Одан «Қазақстанның
идеологиясы түгел ұлттық болсын,
біз ұлтшыл болайық» деген ой тумауы
керек. Басқа ұлтта да жақсы құбылыстар,
элементтер бар, оны қабылаудан бас
тартпағандығымыз жөн. Сондықтан идеология
дегеннің өзі - өте күрделі құрылым,
ғылыми таным, көзқарас мәселесі. Бұл
мәселе бір емес, көптеген фактор бола
алады. Мәселе осы идеологияны Жаңа
буын жаңа идеология әкеле жатыр.
Жаңа буынның өзіндік идеологиясы
– Қазақстанның тәуелсіздігі, қазақ
тілінің мемлекеттік тіл Қоғамдық дамудың басты мақсаты – жеке адамның рухани тұрғыдан өзін-өзі жүзеге асыруын қамтамасыз ету. Дарын, қабылет – ұлттық игілік, оның иелері қоғам, мемлекет көзінен таса қалуға тиісті емес. Америка Құрама Штаттары, Жапония өз елдерінде балаларды бүлдіршін кезінен бастап, өсіп ержеткенге дейін қайта-қайта тексеріп, сынап, дарындыларын іріктеп алатын тәрбие, оқу жүйесін жасады. Бұл елдерде баланың болашағы ата-ананың қымет дәрежесі, қалтасының қалыңдығына емес, жеке басының қасиеттеріне байланысты. Осы тұрғыдан келер болсақ, тәуелсіздікке, құқықтық мемлекетке, демократияға және нарықтық экономикаға жету прогрессивтік дамудың жолындағы қажетті, бірақ, өтпелі сатылары болып табылады. Ал мұның өзі тәуелсіздіктің, құқықтық мемлекеттің, демократияның жақсы жақтары мен жаман жақтарын саралап, мезгілімен байқап, реттеп отыруды қажет етеді. Тарихи дамудың түбегейлі мақсаты – адам, оның өсіп-өнуі, гүлденіп, дамуы, жан-жақты жетілуіне жол ашу, жағдай жасау. Экономикалық, саяси өзгерістер осы мақсатқа жетудің құралдары ғана. Егер, осы тарих тәлімін мемлекет басшылары түсініп, ұғып, өз қызметінің көрсеткіші, критерийі ретінде қабылдаса, көптеген әлеуметтік мәселелер өз шешімін оп-оңай табар еді. Шын мәнінде, идология дегеніміз – адамдардың қоғамдастығын саяси және экономикалық міндеттерді шешуге топтастыру мен жұмылдырудың уақыт тезінен өткен тәсілі, бұл әлеуметтік мінез-құлықты қалыптастыру механизімі, бірақ бұл күштер – зорлау тәсілі емес, қайта мемлекеттік және оның тұғырнамасын қолдайтын партиялардың, қоғамдық қозғалыстардың адамдардың ақыл-ойына өркениетті түрде ықпал ету тәсілі. Ал осы анықтамаға үңіле көз салсақ, ол – жай ғана идеология мақсаттары туралы ой тастау емес, жаңа мемлекеттік идкеологияның тұжырымдамасы екенін айқын сезінеміз. Ішкі саясат жәйлі сөз болғанда, ішкі саяси тұрақтылықтан кейінгі тағы бір мәселе – ол саяси партиялар мен қозғалыстар, олардың саяси мақсаттары мен істері қандай, халықтың басым көпшілігінің мүддесіне, конституцияға, заңдарға сәйкес келеді ме, халықты жасампаз еңбекке жұмылдыра ма, жоқ, қит етсе көшеге, алаңға, митингіге, жұмысқа шықпауға шақыра ма, осы жағын реттегеніміз жөн. Бұл ретте үкімет те, Президент те белгілі бір саяси парияға арқа сүйеп, иек артқаны жөн сияқты. Ішкі саясаттағы егемендікке жеткізетін басты бағыттың бірі – сөз бен істің алшақ, екі басқа болмауы. Әрине, ел басының, үкімет басшыларының сөзі де жиі өзгере бермеуі керек. Кейінгі кезде сөз бен істің алшақтығы айқын көріне бастағаны шындық. Мұндай жағдайда Президенттің де, үкіметтің де халық алдындағы беделі тез түсетіндігі даусыз. Президенттің Жоғарғы Кеңеске жолдауына: «Министрлер Кабинеті өз алдына, обылстар өз алдына қызмет атқарып жатыр... Үкіметтің өзі, ... бірнеше блокқа бөлініп отыр. Микроэконмикалық, сыртқы экономикалық, әлеуметтік және салалық блоктар арасындағы ауыз бірліктің жоқтығы айқын көрінуде» - деді, («Ақиқат» 8, 1994, 24 бет). Бұл елдің көбіне белгілі және шын егемендікке жетудегі бегеттің бірі. Бұл кемшілік таяу мерзімді түзеледі деп ойлаймыз. Мемлекеттік идеологияның қызметі қаншалық кең көлемді болғанымен ол Президенттің ойынша үш түрлі бағыттарды қатар ұстауы идеологиясы болу керек: - адамдардың қоғамдастығын топтастыру; - әлеуметтік мінез – құлықты қалыптастыру; - адамдардың ақыл-ойына өркениетті түрде ықпал ету; («Ақиқат», 8 1994, 6 бет). Қазақстанның экономикалық кеңістік пен мерзімде суырылып алға шығуына орай экономика саласындағы идеологиясының негізігі принциптерін тұжырымдау қажет. Ол принциптердің бағыттары мыналар: - өзіміздің кәсіпкерлікті қолдау; - өндірісті құрылымдық жағынан қайта құру; - халықты әлеуметтік қорғау; - мемлекеттік байланыстар үшін экономикалық саяси серіктестіктер таңдауда байыптылық таныту; - бұдан туындайтын қортынды, өтпелі кезеңде тұрған Қазақстан Ресаубликасының, басқа да қоғамдық қатынастары мен идеология аралығынада – осындай диалектикалық тығыз байланыс жатқандығы болу керек. Қорыта
келгенде, идеологияға екі тұрғыдан
қаруға болады. Біріншіден, сөздің кең
мағанасында – идеологиялық экономикалық,
әлеуметтік және саяси қоғамдық қатынастармен
диалектикалық байланысы, екіншіден,
идологияны – қоғамдық қатынастардың
өзіне ғана тән қасиеттері мен
ерекшеліктері бар нақтылы сала
ретінде пайымдау. Идеологияның тағы
бір міндеті – қоғамның көп
ұлттылығын тұрақты бірлесуші факторға
айналадыру. Ұлтаралық жарастықты нығайтумен
қатар Қазақстан қоғамының Қазақстан
Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев:
- біз, - бүгін таңда дәуірлік идеологиялық
құрылымды орнатып жатқан жоқпыз,
- дей тұрса да, мемлекеттік идеологияның
негізгі бағдарларын жүйеге түсіріп
бергені күмәнсіз.
|