Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Января 2012 в 19:02, доклад
Жаңа заман мәдениетінде XIX ғасыр мәдениеті ерек-ше орын алады. «Классика ғасыры» деп аталатын бүл кезеңде буржуазиялық өркениет кемелдену шағына аяқ басумен қатар, тоқырау кезеңін де басынан кешірді. Мүндай әділ бағаның авторлары заманымыздың үлы ойшылдары: О. Шпенглер, Й. Хей-зинга, X. Ортега-и-Гассет және т.б. XIX ғасыр, мәдениеті — бүкіл жаңа заман мәдениетінен рухани нәр алып, көне дәуір мәдениетінін негізінде қалыптасты. Олар — рационализм, антропоцентризм, сциентизм, еуроцентризм және т.б. болды. Еуропа мәдениетінін тағдырына дәуірдің үш үлы уақиғасы: Англияда-ғы өнеркәсіп төңкерісі, Солтүстік Америка отарларының тәуелсіздік үшін күресі және Үлы Француз революциясы ерек-ше ықпал етті. Дәлірек айтқанда, бүл үлы тарихи уақиғалар еуропалық мәдени бетбүрыстың жүзеге асыру процесін одан әрі жылдамдата түсті. XIX ғасырдың бет-пердесі адамзат тағды-рының өзгерістерге үшырауына тығыз байланысты болды. Өз кезегінде жаңа дүниенің қалыптасуы да негізінен үш факторға байланысты болды. Олар: демократия, тәжірибелік ғылым және индустрияландыру. Екінші жөне үшінші факторларды бір сөзбен «техника» деп атауға да болады, ал бүл факторлар осыдан екі ғасыр бүрын пайда болды да, XIX ғасырда қоғамдық өмірдің барлық салаларына еркін ене бастады.