Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2012 в 17:07, реферат
Әділетті басқару органдарының жүйесі: ҚР Президенті – ҚР Үкіметі – ҚР Әділет Министрлігі - Әділет министрліктерінің комитеттері (қылмыстық –атқару жүйесінің мекемелері және Қылмыстық – атқару жүйесінің органдарын қамтитын әділет органдары) – аумақтық әділет органдары.
Әділетті басқару
Әділетті басқару органдарының жүйесі: ҚР Президенті – ҚР Үкіметі – ҚР Әділет Министрлігі - Әділет министрліктерінің комитеттері (қылмыстық –атқару жүйесінің мекемелері және Қылмыстық – атқару жүйесінің органдарын қамтитын әділет органдары) – аумақтық әділет органдары.
ҚР Әділет министрлігі - бұл ҚР Үкіметінің құрылымына кіретін, мемлекеттік басқару мен бақылау функцияларын орындауға өкілетті мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы мемлекеттік орган. Министрлік қызметі ҚР Конституциясына, заңдарына, ҚР Президентінің, Үкіметінің актілеріне және өзге де нормативтік-құқықтық актілерге және Министрлік туралы Ережеге сай жүзеге асырылады.
ҚР Әділет министрлігінің құрылымы мынадай бөлімдерден тұрады:
1) департаменттерден:
а) заңдар және халықаралық құқық департаменті;
б) нормативтік-құқықтық актілерді тіркеу;
в) соттардың қызметін ұйымдастыру департаменті;
г) ішкі әкімшілік департаменті;
2) басқармалардан:
а) қаржы-экономика мәселелері жөніндегі басқарма;
б) бухгалтерлік есеп;
в) кадр жұмысы;
г) заң қызметін ұйымдастыру басқармасы;
3) комитеттерден:
а) сот қаудлыларын орындау комитеті;
б) тіркеу қызметі комитеті;
в) авторлық құқықтар жөніндегі комитет;
4) әділет біліктілік алқасының қызметін ұйымдастыруды қамтамасыз ету бөлімі;
5) құпия құжаттармен ұйымдастыру секторы;
Әділет органдарының міндеттері:
- жалпы мемлекеттік даму стратегиясын әзірлеу мен іске асыруға қатысу, заң жобасы жұмысын жүргізу, заңдарды талдау, жетілдіру, жүйелеу, нормативті – құқықтық актілердің жобаларына заң сараптамасын жүргізу арқылы адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының үстемдгін, ҚР егемендігін, Қазақстан қоғамы мен мемлекетінің тұрақты және қарқынды дамуын қамтамасыз етуге бағытталған ұлттық заңдарды қалыптастыруға қатысу;
- Қазақстанның ұлттық мүдделерін қорғау және дүниежүзілік қоғамдастықтағы беделін нығайту мақсатында, соның ішінде ҚР халықаралық шарттарын дайындау мен жасасу жолымен оның халықаралық аренадағы қызметін құқықтық жағынан қамтамасыз ету;
- заңды тұлғаларды, қозғалмайтын мүлікке, құқықтарды және олармен жасалатын мәмілелерді, қозғалмайтын мүліктің жекеленген түрлерінің кепілдерін, орталық мемлекеттік органдардың, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың нормативті – құқықтық актілерін, азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру, ҚР нормативтік актілерінің мемлекеттік есебін жүргізуді және оларға бақылау жасауды жүзеге асыру;
- құқықтық көмекті және заң қызметін көрсетуді ұйымдастыру және құқықтық насихатты қамтамасыз ету;
-сот сараптама қызметін ұйымдастыру және жүзеге асыру;
-қылмыстық жазаларды атқару, қылмыстық жаза органдары мен мекемелерінде құқықтық тәртіп пен заңдылықты
қамтамасыз ету;
-санаткерлік меншік құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;
-есірткі құралдары, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру
және олардың заңсыз айналымы мен оларды теріс пайдалануға қарсы іс - әрекеттерді жасау.