Демократия

Автор: Пользователь скрыл имя, 30 Октября 2011 в 10:33, реферат

Описание работы

Демократия теңдік болған жерде ғана болады. Мұнда барлық салада – заң шығару, оны орындауда, т.с.с. теңдік болады. Демократияда әділеттілік болуы керек. Мұнда да қоғамның барлық саласында әділеттілік болуы тиіс. Демократияда сонымен қатар бостандық, еркіндік болуы керек. Сонымен, демократия деп халық билігі, теңдік, құқық, әділдік, еркіндік принциптеріне негізделген мемлекеттік құрылысты айтады.

Содержание

1.Демократияның жалпы сипаттамасы.
2. Демократияның артықшылықтары.
3. Демократияның кемшіліктері.

Работа содержит 1 файл

Демократия.doc

— 45.50 Кб (Скачать)

                 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 

                БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

                   Л.Н.ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ

                 ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     Өзіндік жұмыс

    

         Тақырыбы:Демократияның артықшылықтары мен кемшіліктері 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                                                            Орындаған:Төлеу Н.М МЖБ-11қ

                                                                             Қабылдаған:Жолдыбалина А.С 
 
 

                                         Астана 2011

             

                                      Жоспар:

1.Демократияның  жалпы сипаттамасы. 

2. Демократияның артықшылықтары. 

3. Демократияның кемшіліктері. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

       Демократия – сөзі грекше аударғанда “халық билігі” деген мағынаны білдіреді. Бұл сөз бірнеше мағынада қолданылады:

1.Мемлекет түрі.

2.Тендік, сайлау, көпшілік дауыспен шешім қабылдау принциптеріне негізделген ұйымның ұйымдастырылу түрі.

3.Қоғамдық құрылымның мұраты.

Әр жерде демократия әртүрлі рең алған. Олар мынандай мемлекетті демократиялық деп түсінген. Халықтың заң жүзінде мемлекеттік  билікті басқаруы. Мұнда конституция  билік халықтың қолында екендігіне дәлел болады. Халық жоғары билікке  өз өкілдерін сайлау арқылы тағайындап, өзгертіп отырады.

       Демократия теңдік болған жерде ғана болады. Мұнда барлық салада – заң шығару, оны орындауда, т.с.с. теңдік болады. Демократияда әділеттілік болуы керек. Мұнда да қоғамның барлық саласында әділеттілік болуы тиіс. Демократияда сонымен қатар бостандық, еркіндік болуы керек. Сонымен, демократия деп халық билігі, теңдік, құқық, әділдік, еркіндік принциптеріне негізделген мемлекеттік құрылысты айтады.

      Демократиялық қоғамның белгілерін  экономикалық, саяси, рухани, әлеуметтік салаларына қарай бөлуге болады.

       Демократияның артықшылықтары:

   Мемлекеттегі  билік халықтың қолында болады,елде бостандық,теңдік,заң алдында барлығының құқығы тең болады,қоғам құрылымына бағынады.Демократия-осындай ел бақаруды жақсартуға бағытталған ой саралық тұжырымдамалармен жоғары бағаланатын құрылым.

Демократияның негізгі принципі-әділдік.Әділдікті-адамдардың көріп,есту түсінігімен,айналада болып жатқан құбылысты сезінумен байқалады.Әділдіктің негізі-теңдікте.Теңдік бұзылса,қоғамда әділетсіздік жайлайды.Халықтың қоғам ретінде біртұтастығы бірліктің арқасында жүзеге асады.Қазақтың “Бірлік болмай-тірлік болмас”-деген мақалы осы жағдайларға дәлме-дәл келеді.Әрине,ең бірінші,ауызбірлік,татулық болмаса,халықтың қоғамда бір-бірімен қатынасы қиындайды.

Және осы теңдік,бірлік,татулық,әділеттікті  қалыптастыру демократияның ең негігі мақсаттары болып табылады.

 ●Халықты саясаттан шеттетпейді, саяси жүйенің тұрақтылығын және басқарудың ұтымдылығын арттырады;

 ●халықтың белсенділігін дамытып, тұлғаның өзін-өзі көрсетуіне, танытуына жол ашады;

 ●саяси институттар мен қызмет адамдарын бақылаудың ықпалдылығын қамтамасыз етеді, билік мұратын теріс пайдаланудан сақтайды, басқарушы төбе топтың халықтан алшақтануына, шенеуніктердің бюрократталуына жібермейді. Тура демократияға референдум, плебисциттер жатады. Референдумға маңызды заң шығару немесе ішкі және сыртқы мәселені шешу үшін сайлаушылардың көңілін білдіруі жатады. 
 

●Халықтың еркін  таңдау жасау мүмкіндігі.Осы мүмкіндік  арқылы халық саясаттан шеттетілмейді.Өз мүдделерін толық орындай алатын тұлғаны сайлай алады.

●Көпшілік пікірін ескеру.Бұл да халықтың саясатқа тікелей қатыса алуының бір көрінісі.Халық пікірлерін бір жерге жинақтап,ортақ мәмілеге келу жақсы саясаткердің бір артықшылығы.

●Билікке монополияның жоқтығы.Бұл билік ортақ,билік  жекешелендірілмейді деп түсіндіріледі.мемлекет орақ,билік ортақ,ал билеушілер халықтың қолдауыменшыққан тұлғалар.

●Ой-пікірлердің  бәсекелесуі,осы бәсекелесудің арқасында  ортақ пікір туындайды,дұрыс шешім қабылданады

.●Азаматтардың құқықтарын ескеру,қорғау,олардың бостандықтарын,және басқа құндылықтарын аяқ асты етілмеуіне жағдай жасау.

      Демократияның кемшіліктері:

1. Халықаралық  қатынастардың ұғымдары және  белгiлері.

Олар мемлекеттердiң  өзара әрекеттесуiне халықаралық қатынастардың барлық алуантүрлiктерін сөзсiз апарады.Сондықтан бұл кемшілігі болып табылады.

2. Халықаралық  қатынастардың қатысушыларының  құралдары және стратегиялары.Сонда  да халықаралық қатынастардың  қатысушыларының қазіргі уақытқа  дейін шешуші құралдары әскери күш болып келді.Сондықтан дипломатиялық стратегияның негізгі бағыттары коалиция мен одақтардың құрастырылуы болды.

3.Аристотель:”Демократия тиранияға айналып кету қаупі бар және ол басқару жүйесінің ең төменгісі”.

4.Платон:”Демократия-тираниядан кейінгі нң коррупцияланған басқару жүйесі”.

5.Парламентаризмнің  уақыттық және кеңістік шектеулері  болады.Осы себептен демократия  көптеген мәселелерді толығымен  шеше алмайды.

 6.Көпшілік тиранияның басып кету қаупі бар.Халықтың өзі таңдаған басшысы диктатурамен айналысып кетуі мүмкін.

7.Саяси бәсекелестіктің  саяси конфронтацияға айналып  кету қаупі бар.Саяси партиялар  мен саяси бірлестіктер арасында  әрдайымбейбіт бәсеке жүріп отырады,және  ол жүріп отыруы тиіс.Саяси  бәсекенің арқасында ғана партиялар халықтың көңілін таба алады,халыққа тиімділерін саралап бере алады.Ал сол бәсекеге талпыну оларды бәсекенің шегінен шығып кетуіне себеп боладығ,әрине,мұндай қарсыластарда саяси тұлғалар халықты мүлдем ұмытып кетеді,өз құзыретін ойлауға әкеліп соқтырады. 

8.Шешім қабылдау  процесінің баяулығы.Белгілі бір  шешім қабылдау үшін бірнеше  талқылау,сараптамалар жүргізіледі.Ал  бұл кейбір мәселелердің тездетіп шешім табуының қажеттілігіне нұқсан келтіреді.Тіпті ұзақ қабылданған шешім халық сенімсіздігін туғызады.

9.Халықтың мемлекет  басшысын дұрыс таңдай алмауы.Яғни  көпшілік дауысымен сайланған  саясаткердің сауатсыз болып  келуі.Сауатсыз дегенде,кәсіпқойлық  қабілеті төмен адам.Халық көбінесе  бос уәделерге,жарнамаларға,агитацияларға  сеніп қалады.Мұндай адамның өзі халықты тығырыққа тіреуі ықтимал.Яғни биліктегі адамды толық білмей сайлауы,оның сауатсыз саясаткер болуы,барлық халықтың әл-ауқатына әсер етуі әбден мүмкін.

       Қорытындылай келе,кейбір кемшіліктеріне қарамастан демократиядан асқан ештеңе жоқ,ол басқарудың ең күштісі және ең адамгершілікті жүйесі болып табылады. У.Черчиль бір сөзінде:”Егер басқаларын есептемесең,онда демократия-басқарудың масқара түріне айналады”. 
 
 

Қолданылған әдебиеттер: 

1. К.С. Гаджиев "Недостатки и достоинства демократии"

2.www.vuzlib.net “Политология”

3. Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007.  
 
 
 

Информация о работе Демократия