Билік-саяси финомент ретінде

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Октября 2012 в 14:48, реферат

Описание работы

Ғалымдардың арасында «билік» ұғымдары жөнінде көптеген түсініктемелер бар. Кейбір ғалымдар билік дегеніміз өмір сүруші жүйе элементтері бірінің өзінің мүдделерін осы жүйе шеңберінде іске асырудағы нақты қабілеті және осы мағынада билік жүйе ішінде болып жататын процестерге ықпалдың іске асуы болып табылады деп санайды. Басқа ғалымдар билік – деп, кейбір мақсатты бағытталған ықпалдың нәтижелерін, өнімдерін санайды. Үшінші біреулері билік – деп, адамдар мен топ адамдар арасындағы мәні ықпалды әсерде болатын, яғни тепе-теңдікке жетуге ұмтылыс жолындағы өзара қатынастар деп түсінеді.

Работа содержит 1 файл

4.doc

— 72.50 Кб (Скачать)

                            Биліктің анықтамасы. Саяси биліктің негізгі белгілері.

   Ғалымдардың арасында «билік»  ұғымдары жөнінде көптеген түсініктемелер  бар. Кейбір ғалымдар билік  дегеніміз өмір сүруші жүйе  элементтері бірінің өзінің мүдделерін  осы жүйе шеңберінде іске асырудағы нақты қабілеті және осы мағынада билік жүйе ішінде болып жататын процестерге ықпалдың іске асуы болып табылады деп санайды. Басқа ғалымдар билік – деп, кейбір мақсатты бағытталған ықпалдың нәтижелерін, өнімдерін санайды. Үшінші біреулері билік – деп, адамдар мен топ адамдар арасындағы мәні ықпалды әсерде болатын, яғни тепе-теңдікке жетуге ұмтылыс жолындағы өзара қатынастар деп түсінеді.

Билікті кейде оның қаруы – мемлекетпен, қоғамның саяси ұйымымен ұқсастырады. Билік жөнінде ең көп таралған түсініктердің бірі – оны басқару құралы деп қарау.

Билік – басқару элементі, басқару  күшінің көзі. Басқару – биліктің мақсатты бағытталған әсерін, мүмкіндік  жағдайынан шындық жағдайына айналдырылған  құрал.

Билік – жалпы мағынада бұл –  ерік, бедел, құқық, күштеу сияқты қандай да құралдардың көмегімен адамдардың қызметі мен тәртібіне белгілі бір әсер етудегі қабілет пен мүмкіндік.

Билікті саяси үстемдік және мемлекеттік  органдардың жүйесі ретінде қарауға  болады. Саяси үстемдік – қоғамдағы  әмір ету мен бағыныштылық, қатынастарды құру, қоғамдағы басқарушылық, еңбек бөлінісі фактісін ұйымдық және заңдықтүрде қалыптастыру. Саяси үстемдік қашан билік жүйеленіп, тұрақты қатынастарға айналса, қашан ұйымда шешімдерді қабылдауға, бұйрық беруге, рұқсат ету мен тыйым салуға мүмкіндік беретін позицияларға ие болып, оларды орнатса, сол уақытта пайда болады. Саяси билік бәрінен бұрын қоғамдық тәртіпті сақтау қажеттілігінен туындайды да өзінің қызмет етуі процесінде осы тәртіпке сүйенеді. Тәртіп – ол қоғамдық, жасампаздықтың негізі, оның жалпы мәнді нәтижелерін бекітудің, саяси билікті нығайтудың өте маңызды шарты.

Саяси биліктің беделін мойындау, оған ерікті түрде бағынуға келісім  беру халықтың басым бөлігінің құндылықтарына, дәстүрлеріне, артықшылықтары мен талпыныстарына сүйенген жағдайда ғана мүмкін болады.

Саяси билік – белгілі бір  әлеуметтік субъектілердің-индивидтердің, әлеуметтік топтар мен қауымдастықтардың  мемлекеттік-құқықтық және де басқа  құралдардың көмегімен өзінің еркі басқа әлеуметтік субъектілердің қызметін бағындыру жолындағы қабілетімен сипатталатын әлеуметтік қатынастардың формасы. Саяси билік – қоғамдық күштердің ең әуелі өздерінің қажеттері мен мүдделеріне сәйкес дегендерін саясатта және құқықтық ережелерде жүргізу жолындағы нақтылы қабілеті мен мүмкіндігі.

Саяси билік мына төмендегідей ерекше өзгешеліктерімен сипатталады:

  1. Үстемдік, саяси билік шешімдерінің бүкіл қоғам үшін және тиісінше биліктің басқа да түрлеріне де міндеттілігі, кез-келген қоғамдық процестер ішіне ену қабілеттілігі.
  2. Жалпылық, яғни көпшілік. Бұл – саяси билік құқық негізінде бүкіл қоғам атынан әрекет ете алады деген сөз.
  3. Мемлекет көлемінде билік жүргізудің күші мен басқа да құралдарын қолданудағы ашықтық.
  4. Бір орталықтың, яғни шешімдер қабылдауда жалпы-мемлекеттік орталықтың болуы.
  5. Билікті жеңіп алу, ұстап тұру және жүзеге асыру үшін қолданылатын құралдардың, көздердің кең жиынтығы.

Саяси биліктің негізгі белгілері:

  • суверенитеттік;
  • ерік;
  • бедел;
  • зорлау, мәжбүр ету.

Суверенитеттік – бұл белгілі  бір әлеуметтік субъектінің қандай да

болмасын басқа күштерге, жағдайлар  мен адамдарға тәуелсіздігі жағынан  жоғарлығы. Саяси биліктің суверенитеттігі  – тек қана тәуелсіздікке жетудің, бөлінбеудің және ішкі-сыртқы дұшпандардан қорғану құқығы емес, сонымен бірге  басқару мен бұйыруға деген құқығы, саяси шешімдер қабылдауға, жоғары өкіметтің барлық міндеттерін іске асыруға деген бостандығы.

Ерік - әлеуметтік субъектіні жете түсінілген саяси мақсаттың және оны дәйекті  түрде іске асыру жолындағы қабілеттің, дайындық пен бостандықтың болуы. Ерік ұғымы өзінің құрылымы бойынша шешімді қабылдау және оны іске асыру сатыларына бөлінеді.

Бедел – бүкіл елде де және оның сыртында да саяси билік субъектісінің  жалпының мойындаған ықпалы. Бедел  – бағынушылардың басшы бойынан  табатын, жоғары бағаланатын және олардың жүгінушілігін айттырмай-ақ және жазалаумен қорқытпай-ақ анықтайтын сапалар.

Зорлау, мәжбүр ету – билік жүргізуші  субъектінің өз өктемдігін күш қолдану  мүмкіндігін пайдалана отырып іске асыруы.

Сонымен, егер жоғарыдағы көрсетілген  негізгі белгілерінің бәрі біріккен жағдайда ғана қоғамда саяси биліктің орнайтынын айтуға болады.

 

Саяси биліктің механизмі, көздері  мен ресурстары.

Саяси биліктің затталған белгілері  – мекемелердің, ұйымдардың, ауызша және жазба дүниелердің (құжаттардың, заңдардың, ережелердің, бұйрықтардың, нұсқаулардың) әр түрлі формадағы жиынтығы оның механизмін құрайды.

Саяси биліктің дамыған  механизмі өте күрделі де көп  мағыналы құрылым екені анық. Оның негізінде тұтас алғанда қоғам  тұрады, ал негізге жақын жерде  үстемдік етуші саяси күштер мен олардың ұйымдары, ең жоғарыда – биліктің парламент, үкімет, мемлекет басшысы, басқа да дәрежедегі басшылар, соттар, бақылау органдары сияқты өзіне тән құрылымдары тұрады.

Басшылық – басқарушы  топ тарапынан қоғам үшін түбірлі, маңызды шешімдерді жасақтап, қабылдаудан, оның мақсаттарын, міндеттері мен болашағын анықтаудан тұрады.

Басқару – басқарушы  топтың іс жүзінде қызмет ету қабілетінің  өмірлік тәжірибедегі көрінісі. Басқару  – қабылданған саяси шешімдердің  іске асырылу жолындағы тікелей іс жүзіндегі қызметі.

Саяси биліктің көздері: дене күштері, байлық, білім, лауазым жағдайы, ұйым, т.б.

Дене күштері биліктің бастапқы негізі болып табылады. Биліктің бұл көзі талап етілген тәртіпке жету жолындағы күш ретіндегі қорқытып-үркіту тәсіліне сүйенеді.

Байлық – билік көзінің бірі. Мұның басты себебі, байлық иелерінің басқа адамдардың тіршілік етуі үшін керек заттарды тауып бере алатындығында жатыр.

Білім мен тәжірибе қызметі – саяси биліктің тағы бір көзі ретінде білім мен іс жүзіндегі тәжірибенің маңызы, әсіресе, қазіргі дамыған өркениет жағдайында артуда.

Лауазымды қызмет – келесі саяси биліктің көзі болып саналады. Дәстүрлі қоғамдарда артықшылық жағдайдағы топтың қатарында жүру билікке жету жолындағы міндетті шарт болып табылады.

Қазіргі жағдайда әлеуметтік-саяси ұғым саяси биліктің ең қуатты басты көздерінің бірі болып табылады. Әлеуметтік-саяси ұйым ерте кезден бастап-ақ адамдарды және мүліктік мүмкіндіктерді ұйымдастыруға, жұмылдыруға ғана қызмет етіп қойған жоқ, сонымен бірге қабылданатын билік басындағылар шешімін де өмірде іске асыруына қызмет етеді.

Саяси биліктің ресурстары -  олардың үстінен бағынушыларға ықпал жасау мен биліктік ерікті іске асыруға бағытталған әдістер мен құралдардың жиынтығы. Саяси биліктің ресурстары:

  • экономикалық;
  • күшке ие (зорлаушылық);
  • әлеуметтік;
  • мәдени-ақпараттық;
  • демографиялық т.б.

 

Экономикалық ресурстарға жататындар: қоғамдық және өзіндік өндіріс

пен тұтыну үшін қажетті керек-жарақ  құндылықтары, бұлардың жалпыға ортақ  маңызы бірдей белгісі ретіндегі ақша, техника, құнарлы жерлер, пайдалы қазбалар, т.б.

Күш қолдану ресурстарына күш көрсету  арқылы көндіру қондырымдары және бұл  үшін арнайы дайындаған адамдары жатады. Бұлардың бәрі елдің қорғанысын, ішкі тәртіпті сақтауды қамтамасыз етеді. әрбір  мемлекетте күшке ие ресурстардың түйінін әскер, полиция, қауіпсіздікті сақтау ісіндегі түрлі қызмет орындары және сот пен прокуратура, бұлардың ғимараттары, қару-жарағы, техникасы, абақтылары, т.б. құрайды.

Әлеуметтік ресурстар - әлеуметтік мәртебені, не болмаса дәрежені, мекен-жайды әлеуметтік стратификацияда (жікке бөлінушілікте) көтерудің, не болмаса төмендетудің қабілеті. Әлеуметтік ресурстар қызмет орнын, дәрежені, білім беру, дәрігерлік қызмет, әлеуметтік тұрғыдан қамтамасыз ету, т.б. сияқты көрсеткіштерді қамтиды.

Мәдени-ақпараттық ресурстарға білім  мен ақпарат, сондай-ақ оларды қабылдау мен таратудың құралдары: ғылым  мен білім мекемелері, бұқаралық  ақпарат құралдары, т.б.

Саяси биліктің өзіндік ерекше ресурсына  адамның өзі – демографиялық  ресурстар жатады. Адам - әмбебап, көп міндетті және басқа ресурстарды өндіретін мүмкіндік көзі. Адам – керек-жарақ игілік жасаушы, білім мен ақпаратқа ие және оны таратушы.

 

 

Биліктердің бөлінуі  – саясаттың теориясы мен принципі (негізі) ретінде.

Биліктің тікелей бөлінуі – биліктің әр түрлі деңгейдегі мемлекеттік басқару субъектілері арасындағы бәрінен бұрын, жалпы ұлттық (орталық) және жергілікті басқару деңгейлері арасындағы бөліну.

Биліктің тарамдары: заң шығарушы, атқарушы, сот билігі.

  1. Заң шығарушы билік тарамы Конституцияға өзгертулер енгізеді, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негіздерін белгілейді, мемлекеттік бюджетті бекітеді, барлық атқарушы органдар мен азаматтар үшін міндетті заңдар қабылдап, бұлардың орындалуын бақылайды. Демократиялық мемлекеттерде заң шығарушы биліктің алып жүрушісі екі немесе бір палатадан тұратын парламент болып табылады.

ҚР Конституциясы бойынша да заң шығарушы орган Сенат және

Мәжіліс деп аталатын 2 палатадан  тұратын парламент болып есептеледі. Сенат әр облыстан, республикалық маңызы бар қалалардан, мемлекет астанасынан екі адамнан сайланатын депутаттардан құралады. Сенаттың 7 депутатын Республика Президенті тағайындайды. Ал мәжіліс палатасы кәсіби негізде жұмыс жасайтын 67 депутаттан тұрады.

  1. Атқарушы билік тарамы (үкімет) өзінің қимылшандығымен, қоғамдық өмірге деген көтеріңкі зеректігімен үкімет арқылы жұмыс жасауы керек.

Атқарушы – басқарушылық қызмет заңға сүйеніп, заң шеңберінде орындалуы  тиіс. Бұл тарамның заңға қайшы  келетін іс-әрекеттерді азаматтардың орындауын талап етуіне, сөйтіп өзіне заңсыз өкілеттіктерді иемденуіне құқығы жоқ.

ҚР-ның Конституциясында тыйым  салу мен қарсы қоюдың жүйесі негізделген.

  1. Сот билігі – мемлекеттің сот органдарының құқық пен заңдар ережелеріне негізделген әділеттілікті жүзеге асыруға деген нақтылы қабілет. Сот билігінің халі, оған қоғамдағы көзқарас, оның даму бағыты қоғам өмірінің – экономикалық, мәдени, саяси, адам мәртебесі, оның құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету мен қорғау сияқты жақтарына елеулі ықпал жасайды.

 

Саяси биліктің легитимділігі (заңдылығы) және оның түрлері.

«Легитимділік» термині алғашында XIX ғасырдың басында Францияда пайда  болды. Ал «биліктің легитимділігі» (заңдылығы) туралы ұғымды ғылымда лағаш  рет неміс әлеуметтанушы әрі  саясаттанушысы Макс Вебер енгізді.

Легитимділік ұғымы және бұдан  туындайтын легитимация (заңды деп  тану) деген сөз өзінің бастамасын латынның (заңды және заңдылығы негіздеу) деген сөзінен алынған.

Саяси биліктің заңдылығын тануды екі  тұрғыда:

біріншіден, заңдылық принциптеріне  саяси жүйенің өзгеру процесі ретінде де;

екіншіден, осы саяси жүйенің  заңдылығын әр түрлі құралдар көмегімен  негіздеу ретінде де қарастыруға  болады.

Саяси билік заңдылығының объектілері: мемлекет, оның органдары, қоғамдық құбылыс, саяси тәртіптер, саясат бағыты т.б.

Саяси биліктің заңдылығын тану үшін конституция үлкен маңызға ие. Ол мемлекетке басшылық беру ережелерін белгілеп, қоғам тұжырымдамасын белгілеп анықтайды. Ал, бұл тұжырымдаманы  мемлекет қамтамасыз етуге тиісті.

Саяси биліктің заңдық құлдырауының белгілері:

  1. күштеу, зорлық істеу дәрежесінің өсуі;
  2. құқық пен бостандықты шектеу;
  3. саяси партиялар мен тәуелсіз баспасөзге тыйым салу;
  4. биліктің барлық мекемелерінің парақорлық-жемқорлықтарының өсуі, олардың қылмыстық құрылымдармен қосылып кетуі;
  5. биліктің төмен экономикалық тиімділігі.

Саяси билік заңдылығы – ел ішінде, оның азаматтары орындауы тиісті

шешімдер қабылдау құқығына ие деген  халық сенімі мен қолдауын қамтамасыз етудегі биліктің қабілеті.

Саяси биліктің заңдылығының түрлері:

  1. Дәстүрлі заңдылықтық. Бұл түр билікке жүгінудің әдеттері, дәстүрлері, дағдылары арқасында ертеден келе жатқан тәртіптердің мызғымайтындығына және қажеттілігіне деген сенімнің арқасында пайда болады. Қазіргі кезде саяси билік заңдылығының дәстүрлі түрі монархиялық тәртіптегі елдерде (Непал, Сауд Арабиясы, Иордания, т.б.) және артта қалған қоғамдарда сақталған.
  2. Харизматикалық (шапағаттылық) заңдылық. Бұл – басшының беделіне сүйенген заңдылық және оған ерекше қасиеттер мен ғажайып қабілет танылады, яғни тіпті кейде басшыға табынып, оның жеке басын көкке көтереді. «Харизм» деген атау грек тілінен аударғанда «Құдай берген сый» дегенді білдіреді.
  3. Тиімділік-құқықтық заңдылық. Мұның шығу көзі көпшілік таныған ережелер, яғни демократиялық тәртіптер негізінде қалыптасқан үкімет шешімдеріне адамдардың бағынуына түрткі болатын тиімді түрде түсінілген мүдде болып табылады. Тиімділік-құқықтық заңдылық саяси билікті қалыптастыратын: ерікті сайлаулар, заңының жоғарлығы, билік пен азаматтардың заң алдындағы бірдей жауапкершілігі, т.б.  сияқты сырт көріністі ережелердің дұрыстығына деген сенімге негізделеді. Заңдылықтың бұл түрі демократиялық мемлекеттерге тән. Бұл түрдің неғұрлым дамыған формасы конституциялық мемлекет болып табылады.

Информация о работе Билік-саяси финомент ретінде