Қазіргі заманғы Қазақстандағы көпартиялықтың жағдайы мен даму перспиктивалары

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Марта 2012 в 18:59, реферат

Описание работы

Тарихқа белгілі алғашқы саяси партиялар Ежелгі Грецияда пайда болды. Олардың мүшелері аз, тұрақтылығы шамалы, жөнді ұйымдаспаған шағын топтар болатын. Олар негізінен, құл иеленушілердің әр түрлі ағымдарының мүдделерін қорғады. Мұндай партиялар феодалдық қоғамда да болды. Бірақ шексіз әкімшілік билеген дәуірде олардың айтарлылқтай маңызы болмады. Еңбекші топтар болса экономикалық бытыраңқылық пен рухани езгі астында еді. Сондықтан олардың саяси партиялар құруға мүмкіндіктері жоқ болатын. Олардың мүддесін ара-тұра билеуші алдыңғы мүшелері қорғады.

Содержание

Жоспар

І Кіріспе

ІІ Қазіргі заманғы Қазақстандағы көпартиялықтың жағдайы мен даму перспиктивалары

2.1.Саяси партиялардың пайда болуы, мәні және қызметтері

2.2.Саяси партиялардың жіктелуі

2.3.Қазақстандағы көппартиялықтың қалыптасуы

ІІІ Қоротыны бөлім

ІV Пайдаланған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

политология реферат.doc

— 103.00 Кб (Скачать)

4.      Қауымдастық партиясы. Ол адамдарды белгілі бір саяси жолды ұстанғандығына қарай емес, ортақ көзқарас, ұқсас мүдделеріне орай өзара қатынасып, маңызды мәселелерді талқылау үшін біріктіреді.

Саяси идеологиясына қарай партияларды 5 түрге жүйелеп жүр.

1.      Коммунистік  партиялар мен солшыл радикалдық бағыттағы партиялар. Олар К.Маркстің ілімін басшылыққа алады. Жекеменшіксіз, тапсыз қоғам құруға тырысады. Басқа партиялар коммунистік партияның басқарушы ролін мойындауы керек. Мысалы, Қытай, Солтүстік Корея, Куба, бұрынғы КСРО. Батыста мұндай партиялардың айтарлықтай салмағы жоқ.

2.      Социал-демократиялық (немесе социалистік, лейбористік) партиялар. Олар қазіргі капиталистік қоғамды еңбекші халықтың мүддесіне сай ұдайы реформалап, өзгертіп отыруға тырысады. Олардың басты құндылықтары: бостандық, әділеттілік, ынтымақтастық, теңдік. Оған жататындар: Австрияның, Германияның, Швецияның социал-демократиялық партиялары, Ұлыбританияның лейбористік партиясы және  т.б.

Қазіргі кезде адамзатты айнала қоршаған орта күннен-күнге нашарлап, азып-тозып бара жатқаны бәріне аян. Сондықтан Еуропада социал-демократтардың әлеуметтік және экологиялық жағынан жаңарған индустриялық мәдениеттілік орнатпақ та ойлары бар.

3.      Буржуазиялық-демократиялық партиялық. Олар ХІХ ғасырда Еуропа мен Солтүстік Америкада бір кезде пайда болды. мынандай принциптерді басшылыққа алады: қоғамда билік үшін әрқашан ашық күрес жүргізілуі керек, өкіметке жалпыға бірдей сайлау арқылы жету, парламентте көпшілік дауыс алған партия немесе  партиялық бірлестік өкіметті билейді, басқарушы партияға (партияларға) қарсы үздіксіз ашық оппозиция жұмыс істейді. Заң алдында бәрінің тең болғанын, сөз, баспасөз, жиналыстар бостандығын қалайды. Мысалы, Германияның еркін демократиялық партиясы, Ұлыбританияның социал-либералдық партиясы және т.б.

4.      Консервативтік партиялар. Негізінен ірі буржуазияның мүддесін қорғайды. әлеуметтік теңсіздікті сақтағысы келеді, адамдық және азаматтық ар-намыс, плюрализм, ынтымақтастықты жақтайды. Мысалы, АҚШ-тың республикалық партиясы, Германияның Христиандық-әлеуметтік одағы мен Христиандық-демократиалық одағының блогы, Ұлыбританияның консервативтік партиясы, т.т.

5.      Фашистік партиялар. Олар жеке мүддеден мемлекеттік мүддеден мемлекеттік мүдденің басым болғанын, басқаруда қатаң орталықтандырылуды, адамның құқықтары мен бостандықтарын шектеуді қалайды. Ұлтшылдықты уағыздайды. Бұл тоталитарлық немесе авторитарлық жүйеге жол ашады. Фашистік партияялар кезінде Германия мен Италияда болған. Бірақ сол елдерде және т.б. жаңарған неофашистік ұйымдардың пайда болуы сақтандырады.

 

 

 

 

2.3.Қазақстандағы көппартиялықтың қалыптасуы

ХХ ғасырдың басында Қазақстанның экономикалық, саяси және әлеуметтік жағдайы ауырлап кетті. Ресейдің отаршылдық езгісі күшейе берді, одан қоныс аударған қоныс аударушылар қазақтың шұрайлы жерлерін тартып алуын көбейтті, халықтың жағдайы төмендей түсті. Сондықтан қазақтың зиялылары тығырықтан шығудың жолын іздеді. Алғашында олар үміттерін Ресейдің кадет партиясына артты. 1905 жылдың желтоқсанында  Орал қаласында  А. Бөкейхановтың бастауымен  Қазақстанның 5 обылысының  «делегаттар съезі» шақырылды. Онда кадет партиясының бөлімі (филиалы) құрылып, сол партияның бағдарламасын қабылдады. Бірақ кадеттер болсын, Уақытша үкімет болсын 1917 жылдың ақпан революциясынан кейін де біздің өңіріміздегі ұлттық, аграрлық және т.б. мәселелерді шешуге тырыспады. Ал қазақтардың өзін-өзі билеуі немесе автономиясы туралы да сөз қозғалмады. Осының бәрі А. Бөкейхановты кадет партиясынан шығып, жаңа «Алаш» партиясын құруға мәжбүр етті. Ол туралы «Қазақ» газетінің 1917 жылғы 256- санында арнайы мақала шықты.

Бірінші бүкілқазақтық съезд Орынборда 1917 ж. шілденің 21-26 арасында өтті. Күн тәртібінде 14 мәселе қаралды. Бірақ делегаттар басты назарды ұлттық автономия, жер, Құрылтай жиналысын дайындау және қазақтың саяси партиясын құру мәселелеріне аударды.

1917 жылы  21 қазанда «Қазақ» газетінде «Алаш» партиясы бағдарламасының жобасы басылып шықты. Оның ең маңызды баптарына  мыналар жатады: Ресей демократиялық федеративтік республика, ал оған кіретін мемлекеттер тәуелсіз болуы керек; Ресей республикасында дініне, шыққан тегіне жынысына қарамай бәрі де тең; онда теңдік, жеке адамның дербес құқылығы, сөз, баспасөз, одақтар еркіндігі қолданылады; дін мемлекеттен бөлінеді, барлық діндер тең, қазақтардың өзінің муфтияты болуы керек; билік пен сот әр халықтың ерекшелігіне сай құрылуы, би мен қазы жергілікті халықтың тілін білуі тиіс, барлық оқу орындарында ақысыз білім және ол барлық адамдардың игілігі болуы керек және басқалар.

1917 жылы желтоқсан айының бас кезінде Орынборда екінші жалпықазақтың съезі шақырылды. Онда Алашорда үкіметі құрылды. Басшы болып  А. Бөкейханов сайланды. Бірақ ол үкіметтің өмірі қысқа болды да, мақсатына жете алмады. 1918 жылы қарашада Алашорда үкіметі кеңестік әскерлерінің күшімен талқандалды, «Алаш» партиясының басшылары мен мүшелері репрессияға ұшырады.

«Алаш» партиясы жөнінде ғалымдар арасында екі түрлі көзқарас бар. Біреулері (В. Григорьев, П. Пахмурный, А. Сармузин) бұрынғы комунистік идеологияның тұрғысынан оны «буржуазиялық-ұлтшыл» партия ретінде қарайды. Екіншілері (М. Қозыбаев, М. Қойгелдиев) оны ұлттық-демократиялық партия деп санайды. Шынында да, алаштықтар капитализмді құру немесе тек таза ұлттық мемлекетті  орнатуды өздеріне бағдарламалық мұрат етіп қойған жоқ. Олар саяси еркіндікті аңсады, өркениетті адамгершілікті қоғам құрғылары келді. Бұл буржуазиялық–ұлтшылдық емес, демократиялық мақсатқа жатады.

«Алаш» теориясы сияқты 1917 жылдың күзінде Қазақстанда «Үш жүз» партия құрылды. Оның басшысы К. Тоғысов деген болатын. Ол большевиктерге бағдар ұстап, «Алаш» партиясының басты оппоненті болды.

1918 жылы  1 қаңтарда Семейде большевиктердің партия ұйымы құрылды. Ал Кеңес үкіметі кезінде,көпшілікке белгілі, жалғыз басқарушы партия СОКП болды.

Қазақстан тарихында шұғыл бетбұрыс болып, өшпес із қалдырған  Алматыдағы 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы. Ол жалғыз біздің ғана емес, бұрынғы Кеңес Одағына кірген елдердің барлығын дүр сілкіндірді. Қазақ жастары бірінші болып «отарлықтың» отаршыл саясаты мен әкімшіл-әміршіл жүйесіне ашық қарсылық білдіріп, тайсалмастан, батыл шеруге шықты. Бұл көтеріліс азаттық жолындағы күреске, жаңа саяси ұйымдар мен қозғалыстардың пайда болуына түткі болды. 1987 жылы шілдеде СОКП Орталық Комитетінің қазақ халқын ұлтшыл деп кінәләған қаулысы жағдайды одан әрі асқындатып жіберді. Қазақтың ұлттық санасын дамыту, өзінің шыққан тегіне бет бұру, тілін, дінін, ұлттық мәденйетін дамыту керектігін дәлелдеп, алға тартып бастамашы топтар пайда бола бастады. Осы мәселелерді бірінші болып көтерген «Желтоқсан» қозғалысы дүниеге келді, кейін (1990 ж. мамырда) соның негізінде осы аттас партия құрылды.

Республиканың саяси өмірінде «Қазақ ССР-індегі қоғамдық бірлестіктер туралы» заң айтарлықтай рөл атқарды. Ол азаматтарға қоғамдық ұйымдар құру еркіндігіне кепілдік берді. Бейресми саяси партиялар бірлестіктер заңды жұмыс істеуіне мәртебе алды.олар тіркеуден өткеннен кейін халық депутаттығына талапкерлерді ұсынуға құқылы.

Республикадағы алғашқы қоғамдық-саяси құрылымдар Коммунисттік партияға оппазиция ретінде пайда болды. Кейінірек, тәуелсіздікті алып, жаңа конституцияға дайындыққа байланысты саяси күрестің басты мәселелері болып азаматтық, мемлекеттік тіл,жердің жеке меншікке сатылуы және т.б. қойылды.

Егер Республика аумағында белді рөл атқарған (көбі әлі де атқарып жүрген) бірнеше партиялардың бағыт-бағдарламаларына, іс-әрекеттеріне тоқталсақ, олар мыналар.

Ұлттық-демократиялық «Желтоқсан» партиясы. Жоғарыда айтылғандай, бұл қозғалыстың тууына түрткі болған 1986 жылғы желтоқсан оқиғалары болды. ұйымдасуы жағынан бұл қозғалыс 1989 жылдың көктемінде ккалыптасты. 1990 ж. мамырда «Әділет», «Азамат», «Жерұйық», «Кәусар бұлақ», «Форум» сияқты қоғамдық ұйымдардың бамстамасы мен құрылтай съезі шақырылды. Сонда «Желтоқсан» қоғамдық комитетінің негізінде осы аттас партияның құрылғаны туралы деклорация қабылданды.

Партияның бағдарламасында Республиканың саяси және экономикалық егемендігі үшін, мемлекеттік тіл қазақ тілі болуын, 1986 жылғы Желтоқсан оқиғалары құрбандарын орынсыз тағылған кінәдан толық ақтау, оларға саяси құрбандар мәртебесін беру, Қазақстаннан тыс жерлерде тұтатын отандықтармен тығыз байланыс ұйымдастыру, ислам дінінің қайта өркендеуі жолында күрес жүргізу көрсетілген.

Қазақстанның республикалық «Азат» партиясы. Ол өзінің тарихын 1990 ж. шілдеде болған Қазақстандық азаматтық «Азат» қозғалысның құрылтай конференцияснан бастайды. 1991 ж. 4 қыркүйекте «Азат» қозғалысының құрылтай конференциясында парламент тұрпатындағы Қазақстанның республикалық «Азат» партиясының пайда болғаны туралы шешім қабылданды. Ол бағдарламасын Қазақстанның шын мәніндегі егемдігін қамтамасыз етуді, аумақтық тұтастығын сақтауды, елдің қоғамдық тұрмысын демократияландыруды, қазақ тілін, ұлттық дәстүрді дамытуды және т.б. мақсат етіп қояды.

Жалпы алғанда ұлттық-демократиялық «Желтоқсан» партияы, Қазақстанның республикалық «Азат» партиясы, «Алаш» ұлт-бостандық партиялары ұлттық және ұлттық-демократиялық түрде қалыптасып, негізінен Кеңес Одағы кезінде қысымшылықты көп көрген қазақ халқына басымдықтар беріп, тілін, дінін, мәдениетін дамытуға жағдай жасауға үлкен мән берді. Ол кезде бұрынғы әдетке салып сепаратистік пиғылдағы ұйымдар бас көтеріп тұратын. Бұл партиялардың ондай іс-әрекеттеріне қаймықпай қарсы тұрып, тойтарыс беріп тұрғанын айтқан жөн.

Қазақстанның социал-демократиялық партиясы. 1990 ж. 26-27 мамырында құрылды. Бағдарламасында батыс елдеріндегі осы аттас партиялардай бостандық, ынтымақтастық, әділеттілік идеяларын ту етеді. Бұл партия тұрмыс сапасын жақсарту, саяси, экономикалық, әлеуметтік рефорамаларды жүзеге асыру және т.б. мақсаттарды көздейді.

Қазақстанның социалистік партиясы. 1991 ж. 7 қыркүйекте құрылды. Онда Қазақстан Коммунистік партиясының кезектен тыс съезі өтіп, оның мүшелері өзін-өзі әшкерелеген идеологиядан бас тартып, соның негізінде Қазақстанның социалистік партиясының пайда болғанын жариялады. Бағдарламасында мынадай стратегиялық мақсаттарды қояды: саяси салада шынайы демократияны, құқықтық мемлекетті, биліктің бөлінуін, саяси алуан түрлілікті, ұлттардың теңдігін және дінге сенім бостандығын жақтайды, экономика саласында – қатаң қаржы саясатын, салық реформасын, меншікті мемлекетсіздендіру және жекешелендіру, еркін бағаны енгізу, әлеуметтік салада – халықтың осал жігін – аналар мен балаларды әлеуметтік қорғау, жұмыссыздықты болдырмау. Сонымен қатар бұл партия ТМД елдерінің аясында неғұрлым тығыз интеграция жасауға, ұлттық шеңберден тыс құрылымдар құруға қарсы еместігін білдіреді. өздерін коммунистік партияның мирасқорымыз деп санайды.

«Қазақстанның Халық конгресі» партиясы. 1991 ж. 5 қазанда өткен құрылтай съезінде құрылды. өзін центристік либералдық-демократиялық партиямын деп санайды. Ол азаматтық, құқықтық қоғам орнатуды қалайды. Қазақстан жағдайына сәйкес келетін мемлекеттік биліктің түрі деп Президенттік республиканы және 2 Палаталық Парламентті түсінеді. Экономикалық салада әлеуметтік бағытталған мемлекет реттейтін  нарықтық экономиканы құруды дұрыс көреді. Біздің мемлекетіміздің экономикалық және мәдени гүлденуінің негізгі шарты азаматтық келісім деп біліп, ұлтаралық түсінушілікті қамтамасыз етуге басты көңіл бөледі. Ол шығармашылық зиялы қауым мен кәсіпкерлік топтарға бағыт ұстайды.

  «Қазақстанның Халық бірлігі» одағы 1993 ж. 6 ақпанында өткен құрылтай конференциясында дүниеге келді. Оған көптеген шенеуніктер кірді. Сондықтан бұл партияны қарсыластары «Номенклатуралық партия», «Үкімет партиясы» деп атады. Бұл партия Президент Н.Ә.Назарбаевтың көзқарасын жақтайды. Ол өзін әлеуметтік бағдар ұстаған, нарықтық экономикаға сүйенген демократиялық қоғам қалыптастыруды қолдайтын саяси ұйым деп жариялады. Ол көппартиялық жүйе жасауды, әлеуметтік серіктестік пен азаматтық келісімді, саяси және ұлтаралық тұрақтылықты, Қазақстанның әлемде саяси салмағының күшеюін, оның гүлденуін қалайды. 1995 жылдың қаңтарында болған съезінде одақты партия деп атауға шешім қабылданған. 1999 жылы наурыз айында бұл партия «Отан» партиясының құрамына кірді.

Бұдан басқа «Қазақстанның Дәуірлеу партиясы», «Халықтық-кооперативік партия» , «Қазақстанның Қайтаөркендеу партиясы », «Азаматтық партия», «Қазақстанның Республикалық Халықтық партиясы», «Азамат», «Отан» және т.б. партиялар бар..

Қазіргі кездегі негізгі мәселе – республикамызда тәуелсіз әлеуметтік бағыт алған, демократиялық, құқықтық мемлекет құру. Оған еліміздегі ешқандай партиямыздың дауы, қарсылығы жоқ, бәрі де мойындайды. әңгіме тек оны қалай жүзеге асыру керек, ол жолда қандай тәсілдер мен құралдарды пайдаланған жөн: батыл, түбегейлі түрде ме әлде ақырын, бірте-бірте ме немесе тағы басқа ма?

Сонымен қатар, республикадағы барлық партиялар өздерінің бағдарламаларында  демократиялық құқықтарды жақтайтындығын, нарықтық экономикаға тырысатындығын білдіріп, Қақзақстанда азаматтық келісім мен тұрақтылық болғанын қалайды.

Республикадағы партиялар саны үнемі өсуде. Бірақ көппартиялықтың қалыптасу процесі ақырын және күрделі өтуде. Күрделілігі сол – көптеген партиялардың мүше саны аз, олар саяси процеске шын мәнінде араласппайды, қоғаммен дамыған байланыс жүйесі жоқ. Партиялар арасында әдеттегідей өркениетті қатынастар мен байланыстар әлі орнамаған. Олар халыққа онша таныс емес, көбіне формальды түрде есептеледі. Демократиялық елдерде сайлау барысында көпшілік партиядан немесе саяси партиялар коалициясынан үкімет билігін алуға тырысады. Бізде әлі ешқандай партия сайлау арқылы билікті қолына алу, үкімет аппаратының ісіне бақылау жасау мақсатын қоймайды. Сондықтан Қазақстанда қалыптасқан көппартиялық туралы айту әлі ерте сияқты.

Оның себептері қандай? Ең алдымен, республикада пікір алуандығының тарихи дәстүрінің болмауы, саяси мәдениеттің төмендігі, құқықтық негіздің әлсіздігі. Оның үстіне, кейбір партиялар пікірлестердің бірлестігі ретінде қалыптаспады, «жоғарғы» жақтың ұйғарымымен жасалады. Оларды болашақ сайлауда өз кандидатурасын ұсыну үшін құрады. Сондықтан жергілікті жерде халықтың біразы ондай партиялардың барын да білмейді. Көптеген партиялардың өз мақсат, бағдарламаларын насихаттап, үгіт жүргізерлік мүмкіндіктері аз. Олардың баспалары, радио, теледидарларда каналдары не мерзімді уақыты жоқ.

Информация о работе Қазіргі заманғы Қазақстандағы көпартиялықтың жағдайы мен даму перспиктивалары