Қазақстанның Шанхай ынтымақтастық ұйымындағы және Біріккен Ұлттар ұйымынағы орны

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Октября 2013 в 00:23, реферат

Описание работы

Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ)- субаймақтық халықаралық өзара қорғаныс ұйымы. Оның 2001 жылы Қытай, Ресей,Қазақстан, Тәжікстан, Қырғызстан және Өзбекстан көшбасшыларымен негізі қаланған. Өзбекстаннан басқа, қалған мемлекеттер 1996—1997 ж.ж. Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Ресей мен Тәжікстан арасында жасалған әскери саладағы сенімді күшейту және шекаралар аймағындағы қарулы күштерді қысқарту туралы келісім негізінде құрылған Шанхай бестігі ұйымының мүшелері болды. 2001 жылы Өзбекстанның қосылуымен ұйымның атауы өзгертілді.

Содержание

I. Шанхай Ынтымақтастық ұйымындағы Қазақстанның мүшелігі
a) Шанхай Ынтымақтастық ұйымы
b) ШЫҰ-ның құрылуының алғышарттары
c) ШЫҰ-ның құрылымы
d) Ынтымақтастығының бағыттары
e) Қазақстанның ШЫҰ-дағы төрағалығы
II. Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымындағы орны мен рөлі

Работа содержит 1 файл

Казахстан_в_составе_ШОС.docx

— 79.36 Кб (Скачать)

Қазақстан үшін маңызды көптеген мәселелер  сондай-ақ БҰҰ-ның назары мен жұмысының  нысаны болып табылады. Қазақстан  тәуелсіздік алмастан көп бұрын, 1978 жылы өткен БДҰ және ЮНИСЕФ-тің  бастапқы медициналық-санитарлық жәрдем көрсету жөніндегі Алматы конференциясы  бүкіл әлемді бастапқы медициналық  жәрдемге қол жеткізуді қамтамасыз ету бойынша жұмыстың бастамасы  болды.

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін  көп кешікпей, 1992 жылы қазанда Қазақстанда  тәуелсіз және плюралистік БАҚ-қа жәрдемдесу жөнінде ЮНЕСКО-ның халықаралық  конференциясы өтті. 2003 жылы тамызда Қазақстанда теңізге шыға алмайтын дамушы елдердің проблемалары жөнңнде бірінші Халықаралық министрлік конференциясы өткізілді, соның нәтижесінде Алматы декларациясы және Іс-қимыл бағдарламасы әзірленді, бұл теңізге шыға алмайтын дамушы елдердің проблемалары бойынша халықаралық қоғамдастық үшін айқындаушы құжаттар болып табылады. 2007 жылы мамырда Алматы қаласындағы Азия және Тынық мұхитқа арналған экономикалық және әлеуметтік комиссияның (ЭСКАТО) 63-ші мерейтойлық сессиясы өтті, онда негізгі назар Мыңжылдықтың Даму Мақсаттарына (МДМ) аударылды. Аталған бастама Қазақстанның өңірде көшбасшы болып табылатындығын және халықаралық дипломатияда бітістіруші ретінде әрекет ете ататындығын тағы да дәлелдеп отыр.

2000 жылы мыңжылдықтың Саммитінде  Президент Назарбаев мыңжылдықтың  Декларациясына қол қойды, сол  арқылы Қазақстан Мыңжылдықтың  Даму Мақсаттарына жету жөнінде  өзіне міндеттеме алды. Іс жүзінде  Қазақстан Мыңжылдықтың даму  мақсаттарының мәртебесі туралы  есепті 2002 жылы өңірде бірінші  болып жариялаған ел болып  табылады.

Қазақстанның өз әлеуеті бойынша  әлемде төртінші орын алатын ядролық  арсеналдан өз еркімен бас тартуы, және ядролық сынақ полигонын  жабуы баға жетпейтін аса маңызды  факт болып табылады. Бұл ядролық  қару қауіпті қатер болып қалып  отырған бүгінгі таңда ерекше құнды.

Қазақстан БҰҰ-ға мүше болған жылдарда «Қазақстан 2030» ұзақ мерзімді Стратегиясының бірінші ұзақ мерзімді басымдығында белгіленген принциптерге негізделген  белсенді сыртқы саяси ұстанымды  иеленетіндігін көрсетті. Атап айтқанда, басқа елдермен көп жақты қатынастарды белсенді жақтаушы ретінде әрекет етеді. Осы басымдықтың 3-ші құрамбөлігінде халықаралық ұйымдардың рөлі туралы, және бірінші кезекте, БҰҰ рөлі жөнінде  айтылады. Қазақстан БҰҰ-ны бейбітшілік  пен қауіпсіздік үшін бірден-бір  және ең маңызды халықаралық орган деп біледі. Қазақстан Республикасының Президенті былай деп атап көрсетті: «Қазақстан БҰҰ-дан соғыс және бейбітшілік мәселелеріне тиімділікпен ықпал етуге қабілетті бірден-бір халықаралық органды көре отырып, оның рөлі мен беделін көтеруге әзір мемлекеттермен ынтымақтастықта болады» (Президент Назарбаевтың БҰҰ Бас Ассамблеясының 62-ші сессиясында сөйлеген сөзі, 25 қыркүйек 2007 жыл).

Экономикалық әл-ауқат пен бүкіл  әлемде бейбітшілік пен қауіпсіздікті  қолдауға жауап беретін ұйым ретінде  БҰҰ-ға мүдделілік өсіп отырған жағдайда Қазақстан соңғы жылдары Біріккен Ұлттар Ұйымын нығайту үшін бірқатар шараларды қабылдады. Мысалы, Қазақстан  БҰҰ-ның қорлары мен бағдарламаларының  жұмысына штаб-пәтер деңгейінде де, сондай-ақ елдің деңгейінде де белсенді қатысуды бастады. Қазақстан төтенше  жағдайларға көмектесетін орталық  қоры үшін донор болып табылады, ол дүлей апаттардан кейін адамдарды  бірден құтқару үшін өмірлік қажетті ресурстармен қамтамасыз етеді. Ондай көмектің ауқымы әзірге соншалықты үлкен болмаса да, әсіресе елдің көлемінде алғанда, а) аталған үрдіс жалғасатын болады, және б) ондай көмектің ауқымы көбейеді деп сеніммен айтуға болады. Ең бастысы, Қазақстан өз елінен тыс жердегі, мысалы,Ауғанстандағы және Орталық-Азиялық республикалардағы, әлеуметтік және экономикалық дамуға қолдау көрсеттін жаңа донор болуға деген ниетін мәлімдеді. Қазақстан БҰҰ-ға алға қойылған міндеттерді орындау үшін мәселе қоя алады.

Қазақстанның 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалығының  бекітілуін, оның Азиядағы өзара ықпалдастық  пен сенім шаралары жөніндегі  кеңестің (АӨСШК) ағымдағы төрағалығын, сондай-ақ Қазақстанның Шанхай Ынтымақтастық  ұйымындағы (ШЫҰ), Еуразиялық Экономикалық Қоғамдастықтағы және өзге де өңірлік  ұйымдардағы маңызды рөлін, сондай-ақ Қазақстан Перзидентінің БҰҰ-ға арнап ұсынылған бірқатар маңызды бастамаларын назарға алатын болсақ, Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымын, сондай-ақ БҰҰ-дағы өзінің рөлін нығайтуды жалғастыра беретіні анық. ҚР Президенті 2007 жылдың қыркүйек айында өткен БҰҰ Бас Ассамблеясының 62-ші сессиясында өзінің сөйлеген сөзінде былай деп атап көрсеткен болатын:

«...Дүниеде өзара сенім мен ынтымақтастық негізінде, жауластыққа үйлесімді, төзімділік пен руханилықты қарсы қоятын болсақ, шешуге болмайтын проблемалар жоқ екеніне сенімдімін. Мұндай ұғыну үміт ұялатып, болашаққа сенімді нығайтады. Осы үмітті нығайтуда Біріккен Ұлттар Ұйымы айрықша рөл атқарады... Қазақстан БҰҰ-дан соғыс және бейбітшілік мәселелеріне тиімділікпен ықпал етуге қабілетті бірден-бір халықаралық органда көре отырып, оның рөлі мен беделін көтеруге әзір мемлекеттермен ынтымақтастықта болады».  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер:

    1. Фельтхем «Настольная книга дипломата»
    2. Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының ресми сайты
    3. Қазақстан Республикасының Сыртқы Істер министрлігінің ресми сайты (www.mfa.kz)
    4. Біріккен Ұлттар Ұйымының ресми сайты
    5. Дипломатия жаршысы журналы, 4(14) 2007 ж.




Информация о работе Қазақстанның Шанхай ынтымақтастық ұйымындағы және Біріккен Ұлттар ұйымынағы орны