Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Декабря 2011 в 22:47, реферат
Кеңес одағы ыдырап, посткеңестік мемлекеттер өз тәуелсіздігіне ие болған тұста өз егемендігін жариялаған Қазақстан Республикасы халықаралық қоғамдастықтың толыққанды мүшесі ретінде мемлекет құрудың жаңа кезеңіне қадам басты. Демократиялық дамудың жолына түскен жас мемлекеттің алдында үлкен міндет тұрды. Ол – мемлекеттің саяси жүйесін уақыт пен қоғам талабына сай және демократиялық құндылықтар негізінде құру.
Уақыт шындығы көрсетіп отырғандай, бірде-бір мемлекет, бірде-бір ұлт басқалардан оқшау, жеке дара өмір сүре алмайды. Жан-жақты интеграция, өзара ынтымақтастық қана бүкіл әлем алдында тұрған ауқымды проблемаларды, оның ішінде әсіресе, экономикалық, экологиялық, саяси және т.б. шешуге мүмкіндік беретіні сөзсіз ақиқатқа айналып отыр. Бүкіл адамзаттың одан әрі өмір сүруі мен дамуы әлем халықтарының арасындағы, және сондай-ақ жеке мемлекет ішіндегі саяси келісімге, тұрақтылыққа, бейбітшілікке тығыз байланысты.
Қазіргі жұрттың
санасындағы демократия деген ұғым
– халықтың әділетті қоғам жөніндегі
арманынан пайда болып, Батыс
елдерінде дәстүрлі саяси мәдениетке
айналған құбылыс. Әрине, демократия –
барлық мемлекеттер талпыныс жасап жетуді
армандайтын үлкен жол. Осы тұрғыда саяси
мәдениетті талапқа сай дамыту демократиялық
мемлекет орнату жолындағы табысты қадам
болып табылады. Қазақстанда демократия
институттары толық қалыптасып жұмыс
істеуі үшін дүние жүзі мемлекеттерінің
арасында, әсіресе, ықпалды мемлекеттердің
арасында шынайы әділеттілік пен тең құқылы
қағидалар орнауы керек. Ал бүгін дүние
жүзі тұрақсыздық пен турбуленттіліктің
аясына енуде. Сондықтан бізге қазақ халқының
Тәуелсіздік тұғырын асқақтататын мұраттардан
биік мұрат жоқ.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Алмонд Г.
Азаматтық мәдениет // Әлемдік саясаттану
антологиясы. Т.7. - Алматы: «Қазақстан»
баспа үйі, 2007.
2. Панарин А.С.
Политология.- М.: «Проспект», 1999.
3. Қуандық Е.
Саясаттану негіздері.- Астана: «Елорда»,
2000.
4. Назарбаев
Н. Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық
өрлеу -Қазақстанның жаңа
5. Назарбаев
Н. Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан. - Алматы,
2007.
ӘЛ- ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Биология
және биотехнология
факультеті
СӨЖ
Тақырыбы:
« Қазақстандағы саяси
мәдениет»
Орындаған: группа БТ-202 Қалиолданова Т.Б.
Тексерген:
оқытушы Садибеков Е.
Алматы 2011