Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 14:04, реферат
Қазақстандықтардың жұмысқа тартылуы.
Үкімет пен әкімдер 2012 жылдан бастап жұмыспен қамтамасыз ету бағдарламасын кең ауқымда жүзеге асырады.
Қолжетімді баспана.
Үкіметке осы жылдың 1 шілдесінен кешіктірмей «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасында анық көрсету керек. Елімізде жыл сайын 6 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілуде.Алайда біз жарты миллионнан астам жас отбасын жеке баспанамен қамтамасыз етуге тиіспіз.
Қазақстан Республикасының Президенті –
Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы
ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҢҒЫРТУ - ҚАЗАҚСТАН ДАМУЫНЫҢ БАСТЫ БАҒЫТЫ
2012 жыл 27 қаңтар
Үкімет пен әкімдер 2012 жылдан бастап жұмыспен қамтамасыз ету бағдарламасын кең ауқымда жүзеге асырады.
Үкіметке осы жылдың 1 шілдесінен кешіктірмей «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасында анық көрсету керек. Елімізде жыл сайын 6 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілуде.Алайда біз жарты миллионнан астам жас отбасын жеке баспанамен қамтамасыз етуге тиіспіз. Бұл үшін жалға берілетін тұрғын үй алаңын 1 миллион шаршы метрге жеткізу қажет.Жалға алғаны үшін жасалатын төлем әл-ауқаты орташа отбасы мүмкіндігіне сай болуы тиіс.
Үкіметке бір салалы шағын қалаларды дамыту туралы арнайы бағдарлама әзірлейді.2012жылдың
1 шілдеге дейін Үкімет
Бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру мен азаматтардың мемлекеттік органдардың қызметіне сенімін арттырудың маңызды қыры. 2012 жылдың аяғына дейін әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік қызметтердің 60 пайызы, соның ішінде лицензиялардың барлық түрлері, тек қана электронды үлгіде ұсынылады.
Үкіметке, Президент Әкімшілігіне 2012 жылдың алғашқы жартыжылдығының соңына дейін Президенттік кадр жасағына кандидатуралар жөнінде ұсыныстар дайындайды.
Жоғарғы Соттан бастап, бүкіл сот жүйесіне өздерінің жауапкершілігі мен біліктілігін арттыру, сөйтіп өз жұмысын жетілдіруді өздері бастау талабы қойылады. Маңызды мәселе – құқық қорғау және арнаулы органдарды сапалы кадрлық жаңарту. Жаңғыртудың ең маңызды мәселелерінің бірі – сыбайлас жемқорлықпен кесімді күрес. Үкіметке 3 айдың ішінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы кешенді бағдарлама дайындап, ұсынады.
Білім беру жүйесін жаңғырту жұмыстары жалғасады. Білім беру үдерісіне қазіргі заманғы әдістемелер мен технологияларды енгізіледі.Өңірлерде педагогтардың біліктілігін жоғарылатудың ықпалдасқан орталықтары жұмыс істейтін болады. Біліктілікті бекітудің тәуелсіз орталықтары жұмыс жасайды.
Мемлекет-жеке меншік әріптестігі, ауылдық жерлерден және аз қамтамасыз етілген отбасылардан шыққан жастардың жол жүруі мен өмір сүруін субсидиялау, жатақханалар желісін дамыту тетіктері арқылы білім берудің қолжетімділігін кеңейтеді. Оқушыларының функциялық сауаттылығын дамыту жөнінде бесжылдық Ұлттық іс-қимылдар жоспары жасақталады. 2020 жылға қарай мемлекеттік тілді меңгергендердің қатары 95 пайызға дейін жететін болады. Екі ай мерзім ішінде Қазақстанда Онкологиялық жәрдемді дамыту бағдарламасы әзірленеді. Үкімет 2012 жылдың 1 шілдесіне дейін азаматтардың өз денсаулығының сау болуына ниетті жауапкершілігі тетіктерін еңгізуді ескере отырып, денсаулық сақтау жүйесін дамыту жөнінде ұсыныстар енгізеді.Әкімдер халықтың дене шынықтырумен және спортпен жаппай айналысуы үшін спорттық инфрақұрылымдардың қолжетімділігін кеңейту туралы мәселелерді шешеді.
Қазақстан посткеңестік кеңістікте бірінші болып жинақтау жүйесін табысты енгізді. Салымшылар саны
8 миллион адамды құрайды. Жиналымдар көлемі 17 миллиард доллардан асады.Үкімет Ұлттық банкпен бірлесіп бірінші жартыжылдықтың соңына дейін зейнетақы жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлейді.
2011жылы 970 миллиард теңгеден асатын 288 жоба пайдалануға берілді. Соның нәтижесінде 30 мыңнан астам тұрақты сапалы жұмыс орындары ашылды. Үкіметке бұрын еңгізілген инновациялық кластерлердің инфрақұрылымын дамытуға қажетті қаржыны қарастырады. Оңтүстік өңірлердегі энергия тапшылығы проблемасын шешу үшін Үкіметке 2012 жылы қуаты 1320 мегаватт, құны 2,3 миллиард доллар тұратын Балқаш ЖЭС-інің бірінші модулінің құрылысын бастауды қамтамасыз етеді 2012жылы «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автомобиль жолының құрылысы аяқталады. 2012жылы 1200 шақырымға созылатын Жезқазған – Бейнеу және Арқалық – Шұбаркөл екі темір жол желілері құрылысы басталады.
Бұл жобалар Жезқазған-Арқалық өңірінің дамуына қуатты серпін береді. Үкімет Жамбыл облысында құны шамамен 2 миллиард доллар тұратын кешенді минералды тыңайтқыштар өндірісін құру жөніндегі жобаны жалғастырады .Үкімет Бурабай курортты аймағын дамытудың жүйелі жоспарын жасайды.
2012 жылы Қазақстанның БСҰ-ға өтуі туралы келіссөздер аяқталады.
Аграрлық өндірісте жеке инвестицияның тәуекелін төмендету үшін заемдарды кепілдендіру мен сақтандырудың мемлекеттік жүйесі еңгізіледі. Үкімет бөлшек сауданы делдалдарсыз жүргізуді мемлекеттік қолдаудың тетіктерін жасап, енгізеді.Мемлекетке астық саласын ұйымдастырып, құрылымдап, біртұтас астық холдингін құрады.Үкімет мал шаруашылығының басқа салаларын, оның ішінде қой шаруашылығы, жемазық өндірісі мен шалғайдағы жайылымдық мал шаруашылығын дамыту бағдарламаларын әзірлейді.
.
«Игілік басы – ынтымақ»