Әлемдік қаржы нарығының дамуы мен қалыптасуы

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Декабря 2011 в 19:44, реферат

Описание работы

1. Әлемдік қаржы нарығының қалыптасуы.
2. Евронарық және шетелдік валюта нарығы.
3. Әлемдік ақша орталығы

Работа содержит 1 файл

Әлемдік қаржы нарығы.docx

— 22.81 Кб (Скачать)

      Экспорттық  несие берудің өзіндік ерекшеліктері  бар. Мемлекет тарапынан берілетін  экспорттық несие жағдайында сауда-саттық саласында тауарлар, машина, құрал-жабдықтар  сатылатын нарықта басымдылық алу  мақсаты көзделеді. Сондықтан, мемлекеттер  экспорттық несие жөнінде өзара  қақтығыстарға жол бермеу, несие  беру, несие алу ісін түсіністікпен, экономикалық өзара тиімділікпен жүргізу  үшін келісім-шарт жасау әдісін қолданады. Осы шартта несие алу –беру  ісін дұрыс ұйымдастыру, пайыздық ставка мөлшерін жарты жыл өткен сайын  төмендету, несиені қайтарудың мерзімін дәл анықтау, несиеге қатысты  жеңілдіктер беру мәселелері нақты  көрсетіледі. Экспорттық несиенің осындай  ерекшеліктеріне қарай несие  алушы елдер үш топқа бөлінген. Ол елдер өзінің кірісі деңгейіне  қарай – кірісі төмен, кірісі –  орташа, кірісі – жоғары деп аталады. Осыған сәйкес ұлттық кірісі төмен  елдерге несие төмен пайыздық ставкамен, ал кірісі жоғары елдерге-жоғары пайыздық ставкамен беріледі. Экспорттық несие алушы елдер осы белгіленген  тәртіпті берік ұстауға басты  назар аударып отырады.

      Экспорттық  несиенің жалпы көлемі мемлекттердің  инвестициялық мүмкіндіктеріне  байланысты анықталады. Әлемде 1981 жылы экспорттық несиенің көлемі 17,2 млрд/АҚШ/  доллар болды. Әсіресе, мұнай сататын  елдерде басы артық қаржы көп  болды. Сондықтан, олар экспорттық несие  көлемін ұлғайтуға елеулі үлес қоса алды.

      Бірақ 80-жылдардың ортасында мұнайдың бағасы халықаралық саудада арзандап, оны сатудан алынатын қаржы мөлшері  де азайды. Осының салдарынан Батыс  елдерінде қарыз капиталына сұраныс  арта түсті. Әсіресе банктер беретін  несие көлемі күрт кеміді. Бірақ  қаржыға деген сұраныс кеміген  жоқ. Көптеген дамушы елдер несие  жөнінде қарызды өтей алмау дағдарысына  ұшырады. Осындай дағдарыстан шығу үшін, Латын Америкасы елдерінде 90-жылдары инвестицияны тікелей  алу, бағалы қағаздар нарқын күшейту  шарасы жүргізілді, . Экспорттық несие  алушы елдер қарызын қайтарудың түрліше мүмкіндіктерін пайдалану  негізінде дағдарыстан шыға бастады, өйткені ол елдер халықаралық  банктерден жеңілделілген несие  алу, өз өнімдерін сыртқы саудаға  көбірек шығару сияқты мүмкіндіктерді пайдаланады. Мұнда ең бастысы әр ел өзінің экономикасын жақсы өркендетудің ішкі өндірістік резервтерін толық  пайдалануға күш салды. Осы негізде  сыртқы қарыздан құтылудың экономикалық шаралары жүзеге асырыла бастады. 
 
 
 
 
 

Информация о работе Әлемдік қаржы нарығының дамуы мен қалыптасуы