Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Января 2012 в 18:31, реферат
Отынды үнемдеу, жоғалымдарды қысқарту және оны қуат пен электр энергиясын қазуға арналған күш беретін агрегаттарда пайдалану тиімділігін арттыру көкейкесті міндет болып табылады, оны шешу өндіріске энергияны сақтаушы және қалдықсыз технологияның әртүрлі формалары мен түрлерін ендірумен мүмкін болады.
Шалғай жатқан аудандарда бұрғылау барысында, сондай-ақ жағалау шельфтерінде және ашық теңіздерде платформаларда бұрғылауда энергия жетектерінің негізгі түрі іштен жану поршень қозғалтқыштары және газтурбинді қондырғылар, яғни энергоқондырғылардың автономды типтері болып табылады.
Мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылаудың ерекшеліктері бұрғылау қондырғыларының энергия жетегіне қойылатын айрықша талаптарын анықтайды: сипаттама икемділігі (өзгеріп отыратын жүктемелерге қолайлылығы), сенімділігі мен үнемділігі. Соңғы көрсеткіш маңызды мәнге ие; себебі бұрғылау ұңғымаларының елді мекендерден және транспорт магистралінен қашықта болуы жеткізу орнына жанар-жағармай материалдарын жеткізуді едейір қиындатады, сондай-ақ үстеме шығындардың өсуі нәтижесінде оның бағасы қымбаттайды.
Негізінен, саланы энегриямен қамтамасыз етудің автономды көздері ретінде қолданылатын дизель қозғалтқыштарының сыртқы жылу балансы келесі отынның жану жылуын бөлуден тұрады [1]:
qT= qe+qохл + qr+ qнс+qост