Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2013 в 11:29, реферат
Жөндеудің үш түрі қарастырылады. Олар: қалпына келтіру, ағымдағы жөндеулер және күрделі немесе толық жөндеулер.
Қалпына келтіру жөндеулері – бұл әртүрлі жағдайларға: табиғи апаттарға (топан су, өрт, жер сілкінісі және т.б.), әскери қиратуларға, негізгі құралдардың ұзақ уақыт бойы қызмет істемей тұруына байланысты болатын жөндеулердің ерекше түрі. Қалпына келтіру жөндеулері мемлекеттің арнайы қаражаттары есебінен жүргізіледі.
Өнім – оны қолдану үшін және болашақта пайдалану үшін жасалынады. Өнімнің ортақ өміршендік тізбегінің циклында өндіруші «бірінші жақ» болып табылады және де ол тұтынушының қажеттілігін қанағаттандыратын өнім шығарады деп ойлайды.
«Екінші жақ» болып осы тізбекте, тұтынушы сапалы өнімді тұтынуды қажет ететін тұтынушы болып табылады. Өнімің болашағы тұтынушының баға беруіне байланысты.
«Үшінші жақ» болып, яғни атрибуты – тұтынушыға және өндірушіге мүлдем қатысы жоқ, орган немесе үшінші жақ болып табылады. Шетелдік тәжірибеде үшінші жақпен жүргізілген зерттеудің нәтижесі анағұрлым дәлірек болып келеді.
Қазақстан Республикасының «Сертификаттау туралы» заңына сәйкес «сертификаттау» термині тұтынушы мен өндірушіге мүлдем қатысы жоқ, себебі, өнімнің, қызметтің, жұмыстың нормативтік құжаттарымен бекітілген талаптарға сәйкестігін жазбаша түрде растауын білдіреді.
Өнімді, жұмысты, қызметті сертификаттау – бұл осылардың нормативтік құжатпен бекітілген талаптарға сәйкестігін растау мақсатымен өткізілетін кешендік шара.
Өнім қауіпсіздігі, адам өмірін, денсаулығын, мүлігін және қоршаған ортаны қорғау туралы сұрақтар бірінші жағынан үкімет сапасыз өнім шығарушылардың жауапкершілігін арттырады, ал екінші жағынан өндірілетін өнімге қатысты талаптарды сақтауға міндеттілікті орнатады.
Сертификаттау объектілері – өнім, қызмет, үрдіс, жұмыс және сапа жүйесі болып табылады.
Сертификаттауға жататын өнім, қызмет, үрдіс Қазақстан Республикасының өкіметімен бекітілді.
Сәйкестікті растау – бұл нәтижесі өнімнің қойылған талаптарға сәйкестігін құжат түрінде куәландыратын (сәйкестік сертификаты немесе сәйкестік туралы декларация түрінде) процедура.
Сәйкестікті растаудың ұйымдық-әдістемелік негізін барлық сертификаттау түріне таратылатын және берілген процедураларды ұйымдастыру мен өткізілу тәртібін регламенттейтін талаптар кіреді.
Өнімді сертификаттау не үшін қажет?
Қазақстан Республикасының өнім экспорты және импорты ауқымы бойынша әлемнің көптеген елдерінің сыртқы сауда қызметтерінде өзіндік орны бар.
Қазақстан Республикасының заңы бойынша елімізге әкелінетін шетелдік өндірушілердің өнімдері сапа стандарттарына сай болуы тиіс және сол себепті сертификаттауға жатқызылады.
50 Өндірісті
ғылыми-техникалық дайындаудың
Өндірісті ғылыми-техникалық
тұрғыдан дайындауды ұйымдастыруды
жетілдіру
1. Өндірісті ғылыми-техникалық тұрғыдан
дайындаудың мазмұны мен мәні
2. Өндірісті ұйымдастырудың ағындық нысандары
Өндірісті техникалық дайындау – өндірісті
ұйымдастыру, жаңа және пайдаланған техника
мен технологияны әзірлеу мен жетілдіру,
шығарылған өнім түрлерін модернизациялау,
сондай-ақ жаңа өнімнің ассортиментін
жобалау мен өзара байланыс шараларының
кешені.
Өндірісті дайындау кезеңдері:
1) ғылыми-зерттеулік (өндірістің даму
перспективалараын зерттеу);
2) жоба-конструкторлық (жаңа өнімді жобалау,
оның қасиеттері мен үнемділігін анықтау);
3) тәжірибе жұмыстарын өткізу (эксперимент
– машиналар мен құрал-жабдықтардың жаңа
түрлерін сынау);
4) технологиялық (жаңа технологиялық үрдістерді
енгізу).
51 Өндірісті
ұйымдастырушылық дайындаудың
Өндірісті технологиялық тұрғыдан дайындау, міндеттері, мазмұны және
оны жүргізу тәртібі. Өндірісті технологиялық дайындаудың бірыңғай жүйесі.
Өндірістің әр түрлі бойынша технологиялық дайындауды жүргізу
ерекшеліктері. Технологиялық дайындауды басқару. Технологиялық
шешімдерді оптимизациялау және таңдау. Өнімді дайындаудың кескіні мен
технологиясының өзара байланысы.
Ұйымдастыру – экономикалық дайындық , оның мазмұны, міндеттері
мен жүргізу тәртібі. Өндірісті техникалық дайындау мерзімін қысқарту әдістері мен резервтері, факторлары. Өндірісті техникалық дайындаудың мерзімін қысқарту. Жобалау мерзімін қысқарту. Жаңа өнім өндірісін есептеудің негізінде дайындау мерзімдері және шығындарын қысқарту, қосымша күрделі қаржының тиімділік коэффициенті немесе шығындардың өтелу мерзімі.
Өндірістік үрдістің жіктелуі де кәсіпорынның өндірістік құрылымын
көрсетеді. Өндірісті ұтымды ұйымдастыру және ыңғайлы басқару қағидасы
бойынша кәсіпорынның өзара байланысты бөлімшелерінің жекелену жүйесі де оның құрылымын анықтайды. Осыған орай өндірістегі мынадай бөлімшелерді атап өтуге болады: кәсіпорын, өндірістік бірліктер, цехтар, ағындық жүйелер, секциялар (бөлімшелер), жұмыс орындары.
Ағындық жүйе - өндірісті ұйымдастырудың негізгі объектісі. Ағындық жүйе
бірнеше секцияларға бөлінеді. Секция еңбек заттарына әсер етудің жалпы
сипаты бар
бірнеше операцияларды
секция бірқатар жұмыс орындарынан құралады. Жұмыс орындарында арнайы жұмыс орындалып, өнімнің жаңа құны пайда болады.
52 Инновациялар,
өнертабыс, рационализаторлық
Инновация – жаңа практикалық әдісті тарату және қолдануды құрудың комлекстік үрдісі немесе ғылыми-техникалық шешімнің, адамдардың, ұсыныстапдың, жаңа идеялардың тәжірибеге енуі, іске асырылуы және де соңында қолданылуы. Инновация туралы осындай көптеген түсініктемелер беруге болады. Жаңалық мынадай түрлерде рәсімделеді: жаңалық ашу; патенттер; тауар белгісі ; рационализаторлық ұсыныстар; жаңа немесе өндіріс процесі құжаттары; ұйымдастыру, өндіріс немесе басқа құрылымдар; ноу-хау; ұғымдар; ғылыми тұрғыдағы принциптер; құжаттар (стандарттар, ұсыныстар, әдістемелер, нұсқаулар және т.б.); маркетингтік зерттеулердің нәтижелері және т.б. жаңалықты жасаудағы инвестиция – жұмыстың жартысы. Ең бастысы - жаңалықты енгізу, жаңалықты инновация формасына айналдыру, яғни инновациялық диффузияны жалғастыруға болады. Кез-келген саясаттың негізі жаңалығы, яғни инновацияны ендіру болып табылады. Ұсыныстар бойынша орындалған жұмыс негізінде ұйымның инновация және жаңалық портфелі қалыптасады. Инновация портфелі ұйымда енгізуге жататын (кіргізуге) жеке еңбектер мен сатып алынатын өзінше кешенін жаңалық тізімін көрсетеді. Осылайша, стратегиялық маркетинг ісінің әдістері мен ғылыми тұрғыда келу негізінде тауарлардың бәсекеге қабілеттілігі, нормативтері ұйымдардың жаңалық және инновация портфелінде жасалған.
53 Кәсіпорын қызметін жоспарлаудың мақсаты мен міндеттері
Жоспарлау (болжау) қаржыны басқарудың
жүйесінде маңызды орын алады. Кәсіпорынның
қаржылық жоспарлардың нақты міндеттері
қаржы саясатымен анықталады. Бұл - жоспарлы
тапсырмаларды орындауға қажетті ақша
қаражаттарының мөлшерін және оның көздерін
анықтау; орталықтандырылған және орталықтандырылмаған
қорлар арасында, халық шаруашылығының
салалары мен әкімшілік-аумақтық бөліністері
арасында қаражаттарды бөлудің оңтайлы
арақатынасын (пропорциясын) белгілеу;
ресурстарды пайдаланудың нақты бағыттарын
анықтау және т.б.
Кәсіпорынның қаржылық жоспарлау - бұл
белгілі бір кезеңге арналған қаржы ресурстарының
және тиісті қаржы қатынастарының қозғалысын
негіздеудің ғылыми процесі.
Қаржыны жоспарлаудың міндеті — жұмылдырылатын
және пайдаланылатын қаржы ресурстарының
ұдайы өндірістің материалдық-заттай
элементтеріне оңтайлы сәйкестігі негізінде
шаруашылық жүргізуші субъектілердің,
жүйелердің дамуының пропорционалдығы
мен теңдестірілуіне жету.
Экономикалық жоспарлау жүйесінде қаржылық
жоспарлау белсенді рөль атқарады, өйткені
ол, бір жағынан - қаржы ресурстарын басқарудың
құралы, басқа жағынан - қоғамдық өндіріс
процесіне ықпал етудің маңызды тұтқасы.
54 Кәсіпорын қызметін жоспарлау түрлері
Жоспарлаудың үш түрі бар:
Жоспарлау, экономикада – нақты нысанның (мемлекеттің, кәсіпорынның, ұжымның, т.б.) экономикалық және әлеуметтік дамуының белгілі бір мерзімге арналған жоспарын, сондай-ақ оны жүзеге асыруға бағытталған нақтылы іс-шаралар кешенін талдап жасау.
Кәсіпорын қызметін Жоспарлау – кәсіпорынның (фирманың) маркетингілік қызметінің барлық бағыттар бойынша егжей-тегжейлі жоспарларын әзірлеу. Мұндай маркетинг-жоспарлардың құрылымында мыналар қамтылады: негізгі көрсеткіштердің тізбесі; рыноктардың, олардың негізгі буындарының, тұтынушылардың (сатып алушылардың), бәсекелестердің сипаттамасы; бәсеке салдарынан болатын негізгі қиындықтарға жасалған талдау; фирма қол жеткізуге тиіс жоспарлы кезең мақсаттарының тұжырымдамасы; маркетинг стратегиясын әзірлеу; жоспардың орындалу барысына бақылау белгілеу. Фирма өнімнің бірнеше түрлерін, топтарын өндіретін, түрлі рыноктарда жұмыс істейтін жағдайда әрбір сала бойынша жеке маркетинг-жоспар жасалады; қысқаша Маркетинг.
55 Жоспарлаудың негізін салушы принциптер
Өндірісті жоспарлау механизмінің негізгі құрамдас бөліктері: экономикалық өсімнің түрақты қарқыны; оның сапалық сипаттары; шығарған өнімнің отандық және элемдік нарықта бәсекеге қабілеттілігін көтеру және сапасын жақсарту; халықтың материалдық жағдайын көтеру; жаңа технологияларды меңгеру, ғылыми және инновациялық жұмысының әсерін күшейту, адам капиталын нэтижелі пайдалану.
Жұмыскердің еңбек белсенділігін ынталандыру үшін уәждемелер мен ынталандырудың жаңа жүйесін жасау қажет, оның теориялық әдістемелік принциптеріне мыналар жатады:
- өндірісте материалды ынталандырудан, түлғаның өзін-өзі жетілдіру уәждемесіне бағдарлануы, интеллектуалды элеуеттілікті өсіру;
- еңбек жэне түрмыс сапасының жоғары деңгейге көтерілуі;
- материалды ынталандырудың өрісі мен үрдістерін кеңейту;
- материалды, моральді, шығармашылық т.б. ынталандыруды жалпыландыру.
56 Жоспарлау кезеңдері
Жоспарлаудың кезеңдері: Жоспарлау үрдісі үш кезеңнен тұрады:
Бірінші кезеңде кәсіпорын жұмыс істейтін нарық талданады. Талдау екі жақты болады:
Кәсіпорын нарықта өз
орнын табу кезінде әр түрлі кездейсоқ
проблемаларды кездестіруі
Екінші кезеңде кәсіпорынның күшті және әлсіз жақтары жөнінде каталог жасалынады. Бұл каталогқа нарықтық орта жөніндегі өзгерістер енгізіледі. Осы каталогтың көмегімен қол жеткізуге болатын мақсаттар анықталынады.
Үшінші кезеңде жасалынған каталогтың негізінде кәсіпорынның дамуының барлық материалдық және ұйымдастырушылық құралдары анықталынып, сөйтіп үш негізгі көрсеткіш талданады:
3) өндірістік бағдарламаның
ассортименттік құрылымы.
Бүл кезең ең күрделі кезеңге жатады.
Себебі алдыңғы екі кезеңнің ақпараттары
негізінде талдау жасалынып, кәсіпорынның
дамуының ұтымды варианты анықталады.
57 Жоспарлардың
құраушылары (мақсаттары; бағдарламалары;
ережелері; процедуралары;
Кәсіпорынның (фирманың) ішкі жұмыстарын жоспарлаудың негізгі элементтеріне мыналар жатады:
Болжау. Болжаудың құралына жеке салалардағы экономиканы, жеке аймақтардың даму перспективасын оқып үйрену жатады. Соның негізінде компаниялар мен жеке бөлімшелер өзінің міндеттері мен мақсаттарын анықтайды. Болжау - фирманың нарықтық стратегиясы мен маркетинг жұмыстарына тығыз байланысты болады.
Міндеттерді қоя білу. Болжау жасаудың негізінде жалпы міндеттер анықталады. Олардың жуық уақыттары белгіленеді. Ресурстармен қамтамасыз ету мүмкіншіліктері анықталады.
Жоспарды түзету. Жоспардың бағдарламасы жасалу кезінде оның орындалу мерзімдеріне түзетулер енгізіледі, бағдарламаның жеке сатылары бойынша шикізат пен материалдармен жабдықтаушылардың, өндірістік және өнім өткізу операцияларының арасындағы байланыс анықталады.
Бюджетті құрау. Бюджет дегеніміз - ақшамен есептелінген жоспар, кірістер мен шығыстар балансы және натуралдық шамадағы кәсіпорынның дүние-мүлкі жатады. Бюджеттің негізгі түрлеріне мыналар жатады: кірістер мен шығыстар сметасы, материал шығындарының сметасы, күрделі қаржы сметасы, кассалық бюджет және тағы басқалар. Сонымен бірге әрбір операцияға жауапты адамдардың функциялары анықталады.
Жоспарға түзету енгізу және оны нақтылау. Жоспарға түзетулер енгізу және жоспарды нақтылау жүргізілгеннен кейін жоспарды жүзеге асыру басталады. Түзетулер кәсіпорында болатын отын, энергия, шикізат пен материалдардың уақтылы келіп түсуіне байланысты енгізіледі. Түзетулер енгізуді негізінен әкімшілік жүргізеді. Түзетулер мен жоспарды нақтылау табыстың мөлшеріне де байланысты болады.
58 Жоспарлау тәсілдері кәсіпорандары
Жоспарлау әдістері - кәсіпорынның (фирманың, компанияның), оның бөлімшелерінің, басқарудың басқа деңгейлеріндегі болжамдары мен жоспарларын әзірлеу тәсілдері. Неғұрлым әмбебап және басқарудың барлық деңгейінде таралған түрі — жоспарлаудың теңгерімдік әдісі. Оның мәнісі ресурстардың бары-жоғынан немесе олардың құралу көздерінен және тиісті қажеттіліктерден құралатын өзара теңгерімді кестелер нысанындағы теңгерім жасауда. Теңгерім заттай тұлғада, олардың кейбіреулері, мыс., өндірістің көлемін қаржымен байланыстыру кезінде немесе кіріс пен шығыс теңгерімі — ақшалай тұлғада әзірленеді. Болжауда (жоспарлауда) нормативтік әдіс т е қолданылады. Оның мәнісі бірқатар жоспарлық (болжамдык) есептердің ғылыми негізделген нормалар мен нормативтерді шикізат пен материалдардың, отын мен энергияның, еңбек және қаржы ресурстарының бір енім өлшеміне шаққандағы нормаларын, салықтар мен алымдардың, бюджетке төленетін төлемдердің мөлшерлемелерін, тозымпұл (амортизация) нормаларын, т. б. қолдана отырып орындалатынында.
59 Стратегиялы
жоспарлаудың негізгі