Құрылыс материалдарын сынау және оның қауіпсіздігі

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Апреля 2013 в 14:24, курсовая работа

Описание работы

Практикалық оқу мен оқу-технологиялық тәжірибесі теориялық білімді бекіту және тереңдету мақсатында қызмет етеді. Жалпы тәжірибе студенттің білім алуына, үйренетін тәртіп-қабілетіне үлкен әсерін тигізеді. Студент базалық кәсіпорында тәжірибе өткенімен, ол жаңа оқу ережелерімен және міндеттерімен танысады. Студенттің жеке тәжірибе жетекшісі белгіленеді. Алдымен олар тәжірибе өту бағдарламасы, барысы және міндеттерімен танысады. Жалпы оқу-технологиялық тәжірибесін өту 16 қаңтар мен 10 наурыз аралығында белгіленген. Менің тәжірибе өтетін базалық кәсіпорын ТОО’’Дифест’’құрылыс материалдарын сынау лабараториясы.

Содержание

Кіріспе…………………………………………………….........3
Кәсіпорынның мінездемесі……………………...................4
Құрылыс материалдарының өнеркәсібі…………........................6
Құрылыс материалдарының сертификациясы.................. 6
Ғылыми зерттеу жұмысы...…….......................................7
Сыналатын құрылыс материалдарының түрлері .....................9
Сыналатын материал көрсеткіштері…....................................12
Материалдардың ішіндегі өкіл материалдарды іріктеу....25
Құрылыс материалдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар………………………….......................................27
Құрылыс материалдары айналымының шарттары………..........28
Қауіпсіздіктің маңзды талаптары..................................................28
Қорытынды……………………………………………….........30
Пайдаланылған әдебиеттер…………………………….........31

Работа содержит 1 файл

Мазмұны.docx

— 250.99 Кб (Скачать)

 

3.1 Құрылыс материалдары айналымының шарттары

 

Егер iздестiрушi, жобалаушы, дайындаушы (берушi, сатушы) немесе уәкiлеттi өкiл, құрылыс объектiсiнiң  меншiк иелерi және тәуелсiз сарапшылар, авторлық және (немесе) техникалық қадағалауды  жүзеге асыратын ұйымдар, мемлекеттiк  бақылау мен қадағалауды iске  асыруға уәкiлеттi мемлекеттiк органдар тарапынан өнiмнiң техникалық сапасын бақылауы тиiс. Құрылыс материалдары, бұйымдары (оның iшiнде импортталатындары) мүмкiндiктi зиян келтiру тәуекелiн бағалау және тиiстi қауiпсiздiк шараларын қабылдау үшiн тұтынушыға арналған iлеспе құжаттамаларымен (пайдалану бойынша нұсқау, сапа паспорты, сәйкестiк сертификаты, сәйкестiгi туралы декларация, техникалық немесе нормативтiк құжаттамалар және тағы басқалары) қамтамасыз етiлуi тиiс.

 

3.2 Қауіпсіздіктің маңызды талаптары

 

Құрылыс объектiсiнiң салынуы құрылыс объектiсiнiң  бүкiл өмiрлiк циклi кезiнде (кейiннен кәдеге жарату кезеңiн қоспағанда) қауiпсiздiкке  қойылатын мынадай маңызды талаптардың  орындалуы қамтамасыз етiлетiндей етiп  ұйымдастырылуы (құрылыс өнiмiн пайдалана  отырып жобалануы және салынуы) тиiс:

1.механикалық берiктiгi және орнықтылығы;

2.өрт қауiпсiздiгi;

3. денсаулыққа (адамдар мен жануарлардың) және қоршаған ортаға қауiпсiздiгi;

4.пайдалану (қолдану) процесiндегi қауiпсiздiк;

5.шудан қорғау;

6.қуатты үнемдеу және жылуды сақтау.

Құрылыс өнiмдерi, олар пайдаланылуы тиiс құрылыс  объектiлерiн тиiсiнше жобалау  мен салу шартымен жоғарыда көрсетiлген талаптарды қанағаттандыратын сипаттамаларға ие болуы тиiс.Құрылыс объектiсi механикалық  берiктiк пен орнықтылық талаптарының орындалуын қамтамасыз ету үшiн оның салынуы мен пайдаланылуы кезеңiнде  құрылыс объектiсiне қосылған жүктемелер мынадай салдарға: 
1. құрылыс объектiсiнiң немесе оның бiр бөлiгiнiң қирауына; 
2. шектi рұқсат етiлетiн шамадан асатын құрылыс объектiсiнiң немесе оның бөлiгiнiң деформациясының пайда болуына; 
3. құрылыс объектiсiнiң салмақ салатын конструкцияларының елеулi деформациялануы нәтижесiнде құрылыс объектiсiн салуда пайдаланылған құрылыс өнiмiнiң зақымдануына;

4. әсер ету  дәрежесi бойынша зақымдану көзi  болған бастапқы жүктемеден аспайтын  жүктеме нәтижесiндегi зақымдануға  алып келмейтiндей етiп жобалануы  және салынуы тиiс.

Өрт қауiпсiздiгi талаптарының сақталуын қамтамасыз ету үшiн құрылыс объектiсi өрт  кезiнде:

1.құрылыс  нормаларымен (қағидалар жиынтығы) белгiленген уақыт бойына құрылыс  конструкцияларының көтерушi қабiлетi сақталатындай; 
2. өрттiң тiгiнен және көлденеңнен таралу жолдарын бөгеу мақсатында құрылыс кезiнде және ғимараттар мен құрылыстарды әрлеуде материалдардың жанғыштығын ескере отырып қолдану, өрт сөндiрудiң тұрақты жүйелерiн, лифт шахталарын және коммуникация жолдарын бұғаттау, өртке қарсы есiктердi пайдалану және өзге де шараларды қолдану жолымен құрылыс объектiсiндегi жану және от пен түтiннiң таралуы шектелетiндей; 
3. өрттiң көршi құрылыс объектiлерiне таралуы, соның iшiнде өртке қарсы ажырауларды қамтамасыз ету арқылы шектелетiндей.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Қорыта келетін болсақ құрылыс материалдарын сынау жұмыстары жұмыс бабында өте маңызды болып есептеледі. Әр бір құрылыс материалдарын сынау барысында олардың қауіпсіздік шарттарын есте сақтау керек. Құрылыс материалдары – үйлерді, ғимараттарды салу мен жөндеуде пайдаланылатын табиғи және жасанды материалдар мен бұйымдар. Құрылыс материалдар өнеркәсібінің өнімі республиканың өнеркәсіп өндірісінің жалпы көлемінің 4 % құрайды. Бұл сала кәсіпорындарында цемент, шифер, асбестоцементтік құбырлар, жұмсақ жабындық материалдары, линолеум, санитарлы-құрылыстық жанан, полға арналған және ғимаратты өрнектеуге арналған керамикалық плиткалар, панелдер және басқа  конструкциялар, қағаз өндірісіне арналған каолин, радиаторлар, конвекторлар және құрылыс материалдары мен конструкциялардың басқа да түрлері шығарылады.

Сертификация жасайтын орган құрылыс  материалдардың міндетті және ерікті сертификациясын өткізеді.Сертификация жасайтын органда төрт эксперт-аудитор, алты эксперт-аудитор кандидаттардан тұрады. Олар Қазақстан Республикасының мемлекеттік сертификациялау жүйеде, құрылыс материалдардың сертификациялау жұмыстарды өткізуге құқығы бар акредителінген мамандар болып табылады. Құрылыс материалдары, бұйымдары (оның iшiнде импортталатындары) мүмкiндiктi зиян келтiру тәуекелiн бағалау және тиiстi қауiпсiздiк шараларын қабылдау үшiн тұтынушыға арналған iлеспе құжаттамаларымен (пайдалану бойынша нұсқау, сапа паспорты, сәйкестiк сертификаты, сәйкестiгi туралы декларация, техникалық немесе нормативтiк құжаттамалар және тағы басқалары) қамтамасыз етiлуi тиiс.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

  1. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Машинажасау - Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007.
  2. Рахимбекова З.М. Материалдар механикасы терминдерінің ағылшынша-орысша-қазақша түсіндірме сөздігі.
  3. Попов К.Н, Каддо М.В, Кулькоа О.В << Оценка качества строительных материалов >>--М: Высшая школа,2004
  4. Намазашивли И.Х <<Строительные материалы,изделия и конструкций>> справочник М:1990
  5. Интернет
  6. Под редакций М.И Лещенского<<Справочник работника строительной лабараторий зоводов ЖБИ>>--Киев,1980

 


Информация о работе Құрылыс материалдарын сынау және оның қауіпсіздігі