Паскаль заны

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Октября 2011 в 19:55, реферат

Описание работы

паскаль заны

Работа содержит 1 файл

паскаль.doc

— 43.50 Кб (Скачать)

Тақырыбы: Сұйыққа немесе газға  түсірілген  қысым. Паскаль заңы 

Білімділік: Паскаль заңын  тұжырымдау және оқушылардың  қысым жөніндегі  түсінігін кеңейту. Қатты, сұйық және газ тәрізді денелердегі қысымын салыстыру. 

Дамытушылық: Оқушылардың пәнге  деген қызығушылығын арттру 

Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа  тәрбиелеу. 

Сабақ типі: Жаңа сабақты  игеру және оны  бекіту.

Сабақ түрі: фронтальдық, топтық, жұптық. 

Керекті құрал-жабдықтар:тест тапсырмалары, плакат, Паскаль шары, колба, түтік,компьютер. 

Сабақтың  барысы: Ұйымдастыру- 1 мин                

  Білімді тексеру- 6 мин                

  Жаңа сабақ түсіндіру- 15 мин                

  Бекіту- 15 мин                 

  Үйге тапсырма  беру- 2 мин                

  Сабақты қорытындылау- 6 мин.

Физика! Қандай кең мағыналы сөз!

Физика- бұл тек қана дыбыс  емес!

Физика- бар ғылымның негізі және тұтқасы! 

2.Сынып  жұмысы. Тесті орындау.  Уақыт 3 мин. Дұрыс  жауабын қараңдар  экраннан

1 нұсқа

2 нұсқа

Мұғалім: Жақсы жауаптарыңды кімде барлық сұрақ  дұрыс болса «5»  деген баға, 1,2 қатесі болса- «4», 2 қатеден көп болса- «3».Өз бағаларыңды күнделікке қойыңдар. Содан кейін қолымды қоямын.

Мұғалім:

    1.      Барлықтарың орындықта отырсыңдар. Оған күш түсіріп отырсыңдар ма ? (ия)

    2.      Стол үстіндегі кітап күш түсіре ме ?(ия)

    3.      Бөлме ішінде газ бар ма? (ия)

    4.      Газдың қабырғаға, еденге, төбеге әсері бар ма? (ия) 

Мұғалім:

    Тәжірибе (Ауа қалпағының астындағы  шар)

    3. Жаңа тақырыпты  игеру

    Тақырып: Қысым Паскаль  заңы. Дәптерлеріңе жазыңдар.

    Паскаль деген ат сендерге таныс па?

    Блез Паскаль- XVII-ғасырда өмір сүрген француз математигі және физигі. Паскаль 12 жасынан бастап ғылыммен шұғылданды. Әкесі Этьен математик және астроном болған. Әкесі баласын ғылым үйірмесіне қатыстырған. Сол кезде зерек бала сол кездегі ғалымдармен бірдей ғылым туралы пікірлескен. 16 жасында паскаль «Қима туралы» еңбегін жазады. Ол газбен сұйықтардың қасиетін көп зертттеп, заңдылығын тағайындаған және атмосфералық қысымның бар екендігін өз тәжірибесімен дәлелдеп берген.Оның атымен қысым бірлігі және информатикада программалау тілі аталған. Ол программалау тілін 300 жыл бұрын ашқан, оны біз қазір оқып жүрміз.

    Мұғалім; Балалар ғалым- оқымыстылар  өздерінің ғылыми болжамдарын ұсынады, (гипотеза)эксперименттерін жасап, оны қорытындылайды. Бізде оқымыстылар сияқты тәжірибе жасап, оны қорытындылап дәптерге жазайық.

    Мұғалім: Суды төгіп алайық. Столға біраз су төгейік.Су төгіледі.

    Мұғалім:

    Егер  оны үрлесек?

    Мұғалім: Бұлай неге болады? Қатты денеге қарағанда  сұйықтың молекулалары жылдам қозғалғандықтан  су төгіледі, үрлегенде стакандағы су жылдам қозғалады.

    Мұғалім: Сұйық және газ  молекулаларының  қозғалғыштығы мыныдан  оларға түсірілген қысым  күштің әсерінен ғана емес, барлық бағытына байланысты. Қатты  денелердің молекулалары тепе- теңдікте болғандықтан олар сұйыққа қарағанда аз қозғалады. Енді кесте толтырайық.

Зат күйі Молекулаларының қозғалысы Қысымның  бағытқа қатысты  берілуі
Қатты денелер Молекулалары  тепе- теңдікте тек  қана тербеліп тұрады Куштің  әсерінен бір бағытта  беріледі
Сұйық және газдар Молекулалары  жылдам қозғалады Барлық  бағытта бірдей беріледі

    Тәжірибе: Ауа қалпағының ішіндегі шар (Поршеньді төмен  түсірсек, ішіндегі газ молекуласы неге ұшырайды, көлемін  кішірейтсек ше, поршенді төмен басып?

Мұғалім:

Қысым қалай өзгереді? ( қысым артады)

Мұғалім:

Қысым газдың барлық бөлшектеріне бірдей беріледі. Егер поршендегі газдың қысымын 1 Па- ға арттырса, онда газдың барлық нүктелеріде қысым артады.

Паскаль шарымен тәжірибе

Мұғалім: Не байқадыңдар? Қандай қорытынды жасауға  болады?

Қорытынды: Сұйыққа  немесе газға түсірілген қысым, оның әр нүктесіне бірдей беріледі.(Плакат)

Мұғалім:Бұл  қағида Паскаль заңы деп аталады.Осы  ережені тауып  алып, кітаптан дәптерге жазыңдар.

Мұғалім:

Мен сендерге тағы бір  тәжірибе көрсетемін. Целофанға толтырып су құямын.

Мұғалім:

Егер  целофанды бассақ, ол басқан жерде емес, басқа жақтан жарылады нег? Бір жағына түсірілген қысым, басқа жақтарына да өзгеріссіз беріледі.

Мұғалім:

Жыртылады пакет, жұқа жерінде

Жаңа  сабақты бекіту.

Оқушылар  өздері істейтін тәжірибелер.

5 тәжірибе

Мұғалім:

Мен сендерге тапсырмалары бар карточкалар және құралдар беремін.Сендер осы тапсырманы орындап, қорытындылайсыңдар. Әр топтан бір оқушы шығып, тәжірибені жасап көрсетеді

1 тапсырма

Суреттен  сұйық қатты, ұнтақ  заттардағы қысымның берілуін түсіндір. Стрелкамен қысымның берілуін түсіндір.

2 тапсырма

Паскаль заңына сүйеніп, бұл  құбылысты түсіндір. Егер  суы бар целофанды қатты қыссақ.

3 тапсырма

Ыдысқа  екі түтік кигізіледі. Егер а түтіктен ауызбен  үрлесек, су б түтікке  төгіледі. Егер б  түтіктен үрлесек  су а түтікке төгіле ме? Түсіндір (жоқ)

Сығылған  газ техникада  көп қолданылады. Пневматикалық машиналар  және құралдар, ұратын балға, пневматикалық  тормоз, домкрат, гидравликалық  пресс. Сығылған ауамен поездың вагондарының есігін, троллейбус, автобус есіктерін  ашамыз 

Топтардың есебі

Үйге 43, 44 тақырып

VIII Қорытындылау

Сабақты қорытындылау

    -       сабақта не өтілді?

    -       Сұйыққа немесе газға қысым қалай беріледі?

    -       Молекула жайлы тереңдете отырып, неге газбен сұйықтар, қысымды бірдей барлық бағытта береді?

    -       Паскаль заңы қалай оқылады?

    -       Сендерге не ұнады?

Информация о работе Паскаль заны