Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Октября 2011 в 11:22, реферат
Білімді меңгерту қандай жолдармен немесе тәсілдермен іске асса да, оқыту әдістерін таңдау негізінен, білім берудің мазмұны сияқты, оқытудың жалпы мақсаттары және міндеттеріне сәйкес анықталады.
Оқу процесінде білім берудің көздеріне қарай қолданылатын әдістер: Сөздік әдістер: түсіндіру, әңгіме, әңгімелесу, лекция, кітаппен жұмыс. Көрнекі әдістер: иллюстрация және демонстрация.
Заттар мен құбылыстарды, кейбір жағдайда қажеттігіне сай табиғи ортада көрсетуге болады (Мысалы, табиғат, оның құбылыстары, жан-жануарлар, өсімдіктер, ауылшаруашылығы техникалары, өндіріс құралдары т.б.).
Иллюстрация - демонстрация әдісімен тығыз байланыста болады. Бұл әдісті иллюстративті құралдарды (плакаттар, картиналар, суреттер, чертеждер, портреттер, картограммалар, модельдер) көрсетуде қолданады.
Иллюстрация әдісінің нәтижелі болуы, негізінен оның қолдану тәсілдерін мұғалімнің қаншалықты меңгергеніне байланысты болып келеді. Соның негізінде оқушылар мен мұғалімге оқу материалын табысты меңгеруге айтарлықтай көмек бере отыра, ғылыми ұғымдарды жеңіл меңгеруге септігін тигізеді.
Мектеп
тәжірибесі көрсеткендей сабақта иллюстрациялы
материалдарын көптеп қолдану, оқушылардың
назарын нақтылы оқу
Бұл әдістердің ішінде ең басты рөл атқаратыны - бақылау әдісі. Ол барлық оқу пәндерін оқытуда кеңінен қолданылады.
Бақылау әдісі сабақта нақты заттар мен көрнекі және техника құралдарын көрсету кезінде, экскурсияда, лабораториялық жұмыстарда, еңбек операцияларын орындау барысында ерекше орын алады. Бақылау мұғалімнің басшылығымен сабақ үстінде және сабақтан тыс уақытта мұғалімнің тапсырмасына байланысты немесе оқушылардың өздерінің қалауы бойынша кеңінен іске асырылады. Дұрыс қолданған бақылау әдісі оқушылардың байқағыштық, логикалық ойлау қабілеттерін дамытады.
Бақылау әдістерін қолданудың тиімділігі мынандай тәсілдерді қолдана білуге байланысты:
- байқаудың мақсатын анықтау;
-
қабылдайтын нәрселердің
- оларды топтастырып, қортындылар мен тұжырымдар жасау.
Байқайтын нәрселердің, бейнелердің ерекшеліктеріне байланысты бақылау әдісінің негізгі түрлері:
демонстрациялық бақылау;
экскурсиялық бақылау;
лабораториялық бақылау;
техникалық бақылау;
оқушылардың өздігінен дербес бақылауы.
Оқушылардың
ойлау қабілетін дамытудың күшті құралы
- бақылау. К. Д. Ушинский ''Бақылау-логикалық
ойлаудың негізі'',- деп жай айтпаған. Ұлы
педагог логикалық ойлауға үйрену үшін,
ең алдымен, балаларды жан-жақты бақылауға
үйрету керектігін де ескертеді. Бақылау
өткізудің негізгі әдістемелік талаптары:
1. Мұғалім оқушыларды белгілі нәрсені
жан-жақты бақылауға, оның неғұрлым көп
және әртүрлі қасиеттерін, ерекшеліктерін,
мүмкіндігінше, көру, есту, дәм, иіс т.б.
сезім мүшелерін қатыстыру арқылы зерттеуге
бағыт беруінің маңызы зор. Бақылау тек
көру т. б. сезім мүшелерінің жұмысымен
ғана емес, ол адамның ойлау әрекетімен
тығыз байланысты болуы керек.
2. Мұғалім
бақылауда оқушыға анализ бен синтез арқылы
заттардың негізгі қасиеттерін
ажырату, топтастыру, қорытындылау сияқты
ойлау процестерін қолдануға басшылық
етуі қажет.
3. Мұғалім
оқушылардың бақылауын ұйымдастыру үшін,
ең алдымен, бақылаудың мақсатын,
байқайтын нәрселердің мөлшерін немесе
көлемін анықтап, жоспарын жасап беруі
керек.
Тәжірибелік әдістер. Оқушылардың сабақта алған теориялық білімдерін, біліктілік пен дағдыларын тереңдету және жетілдіре түсу мақсатында олардың практикалық жұмыстарының маңызы ерекше.
Оқытудың негізгі дәстүрлі әдістерімен қатар мұғалім оқушылармен бірігіп сабақта, оқу-тәжірибе участогінде оқу приборлары және техника құралдары көмегіне сүйеніп оқу тәжірибелерін жүргізеді.
Оқытудың
зертханалық тәсілі негізінен биология,
химия, физика пәндерінде жиі қолданылады.
Аталған пәндердің мазмұны
Зертханалық жұмыстар жаппай түрде немесе оқушының жеке-дара орындауы арқылы жүреді. Жаппай түрде жүргізгенде сыныптағы оқушылардың бәрі бірыңғай тәжірибе жасайды, ал жеке оқушылар орындағанда әрқайсысының жасайтын тәжірибесі әр түрлі болады да, кейін ол жинақталады.
Оқушылардың зертханалық жұмыстары мектеп жанындағы оқу-тәжірибе учаскесінде жүргізілетін тәжірибелермен де тығыз байланысты. Олар дайындау, өткізу, қорыту кезеңі болып бөлінеді.
Дайындау кезеңінде оның мақсаты белгіленеді, жоспары жасалады және оқушыларды қажетті аспаптармен, реактивтермен, басқа да оқу құралдарымен, жұмыс істеу принциптерімен таныстырады.
өткізу барысында мұғалім әр оқушының қойған тәжірибесін мұқият бақылайды және қажет болған жағдайда оларға көмектеседі.
Қорыту кезеңін бірнеше тәсілмен өткізуге болады. Біріншіден, әр оқушы өзінің орындаған жұмысын хабарлайды, екіншіден, ұжымдық түрде орындалған жұмыстың нәтижесі туралы әңгіме өткізіледі, үүшіншіден, зертханалық жұмыстардың нақтылы қорытындыларын мұғалімнің өзі жинақтап, оқушылар орындаған жұмыстардың нәтижесін қорытып баяндайды
Графикалық жұмыстар барлық пәннен орындалады. Бұған кестелер жасау, диаграммалар құру, сызбалар сызу секілді оқушылар әрекеттері жатады. Графикалық жұмыстар география мен тарих, сурет сабақтарында кеңінен пайдаланылады.
Тәжірибелік әдістердің ішінде ең көп қолданылатыны - жаттығу әдісі. Бұл әдіс оқушыларда біліктер мен дағдыларды қалыптастырады. Оқу барысында теориялық ережелер мен қағидаларды қайта пысықтап, тиянақты меңгеру жаттығу арқылы орындалады. Сондықтан, бұл әдіс барлық пәндерді оқытуда кеңінен қолданылады.
Жаттығу
жұмыстары негізінен тіл мен
математика, сонымен бірге, шет тілдерін
оқу пәндерінде көбірек жүргізіледі.
Оқушылар осы пәндердің мазмұнына
қатысты теориялық білімдерін пысықтау
барысында практикалық
Жаттығу
оқушылардың оқу жұмысын
Ауызша жаттығу оқушының оқу материалын ауызекі баяндауға дағдылану мақсатын көздейді. Бұны негізінен үш түрге бөлуге болады. Біріншісі - ғылыми пәндердің ережелері мен қағидаларын жатқа айта білу. Екіншісі - оқу материалының мазмұнын ауызекі баяндау. Үшіншісі -көркем әдебиеттерден жатқа үзінділер оқу, баяндамалар жасау немесе өздерінің жазған шығармаларын ауызша айтып беру.
Оқыту әдістері - оқыту процесінің барлық кезең-дерінде оқытудың түрлі мақсат-міндеттерін орындау барысында оқушылардың таным әрекетін арттыруға бағытталуы тиіс. Сондықтан, оқыту процесінде оқушылардың таным әрекетінің белсенділігін арттыруға септігін тигізетін әдістерге айрықша назар аудару қажет.