Оқушылардың физикадан шығармашылық қабілетін дамыту жолдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Апреля 2012 в 19:57, реферат

Описание работы

Оқушылардың шығармашылық дербестігін қалыптастыру жұмыстарының мазмұны дегеніміз – жеке тұлға қалыптастырудағы адамның шығармашылық іс-әрекет тәсілдерін меңгеру мен жүйелі білім алуы, іскерлік пен дағдыны игеру, ақыл-ой мен сезімін дамыту, интелектуалдық ой-өрісін кеңейту. Нағыз білімді адам деп өзінің ақыл ойы жетілген, қабілетті, ізденімпаз, өз пікірін дәлелдей алатын, шығармашылықпен іс-әрекет жасайтын дербес, білімді жеке тұлғаны айтамыз.

Содержание

1. Шығармашылық жұмыстардың мазмұны.
2. Шығармашылық дербестікті қалыптастыру принциптері.
3. Шығармашылық сабақтың түрлері.
4. Шығармашылық сабақтың ерекшеліктері.
5. Оқушылардың физикадан білімін тексеру әдістері.

Работа содержит 1 файл

Мақала шығармашылық.doc

— 73.00 Кб (Скачать)

  Оқушылардың физикадан  шығармашылық қабілетін дамыту жолдары. 

  1. Шығармашылық  жұмыстардың мазмұны.
  2. Шығармашылық дербестікті қалыптастыру принциптері.
  3. Шығармашылық сабақтың түрлері.
  4. Шығармашылық  сабақтың ерекшеліктері.
  5. Оқушылардың физикадан білімін тексеру әдістері.
 

   Оқушылардың шығармашылық дербестігін қалыптастыру жұмыстарының мазмұны дегеніміз  – жеке тұлға қалыптастырудағы адамның  шығармашылық іс-әрекет тәсілдерін меңгеру  мен жүйелі білім алуы, іскерлік пен дағдыны игеру, ақыл-ой мен  сезімін дамыту, интелектуалдық ой-өрісін кеңейту. Нағыз білімді адам деп өзінің ақыл ойы жетілген, қабілетті, ізденімпаз, өз пікірін дәлелдей алатын, шығармашылықпен іс-әрекет жасайтын дербес, білімді жеке тұлғаны айтамыз.

   Жеке  тұлғаның жан-жақты дамуын қалыптастыру И.Я.Лернер мен М.Н.Скаткин білім білім беру мазмұнын теориялық тұрғыда білім, іскерлік, дағды жүйесін түсіндіруде, шығармашылық іс-әрекет пен ерікті сезім тәжірибесін меңгеруді ұсынады.

   Қазіргі кезде әлемдік білім деңгейіне  жетуге талпыныстар, ауыл мектебінің дамуына көңіл бөлу т.б. жаңа талаптарға сай міндеттердің күрделенуіне байлынысты білім мазмұны да өзгеруде. Оқушының жеке тұлғалық дамуындағы шығармашылық іс-әрекеттің мәні мен мазмұнына көп көңіл бөлініп отыр. Қоғамның әлеуметтік тапсырысы білімді, саналы, кез-келген іс-әрекетті шығармашылықпен шешетін азамат тәрбиелеу болып отыр.

   Оқушылардың шығармашылық дербестігін қалыптастыру мазмұны, қажеттілігі, маңыздылық бағыты мен жеке тұлғаның қызығушылығына, ізденімпаздығына байланысты болу керек.

   Оқушылардың шығармашылық дербестігін қалыптастыру әдістемесі жеке тұлғаның ерікті-құндылық, интелектуалдық жағынан жетілген азамат қалыптастыруға негізгі құрал болып табылады.

   Шығармашылық  ізденушілік әрекет қағамда пайда  болған жаңа проблемаларды шешуде іске асады. Бұрыннан белгілі іс-әрекеттерді қалыптастырудың жаңа әдістері алған білімін-іскерлігін қазіргі жағдайда іс-әректтің жаңа тәсілдерін өздігінен іске асыруды талап етеді. Бұл тәжірибе ұрпақтың қабілеттің дамуын және әрі қарай мәдениеттің дамуына да өз әсерін тигізді. Әрбір адамның қалыптасуының көрсеткіші ретінде белсенділігі және өзіндік даму жас кезінен шығармашылықпен жұмыс істеу барысында қалыптасады, бірақ білім беру мазмұнында оны бағдарламаға енгізу керек.

   Жоғары  сынып оқушылардың шығармашылық дербестігін қалыптастыруды мазмұндық жағынан қамтамасыздандыру мынадай принциптерге сүйенеді:

  • шығармашылық дербестік мазмұнының элементтері мен барлық құрастыру деңгейлерінде қазіргі ғылым, өндірістің даму дәрежесі мен гуманистік демократиялық қоғамның негізгі талаптарына сәйкес келу принципі;
  • оқу материалының мазмұнын құрастыруда оқытудың мазмұндық және шығармашылық іс-әрекетін есепке алу принципі. Бұл принципті жүзеге асыру барлық іс-әрекет түрлерінің өзара байланысы оқу жоспарына енген барлық оқу пәндерінде көрініс табуын көздейді;
  • білім мазмұнының, біліктерінің қалыптасу деңгейінде құрылымдық жағынан бірлігі принципі. Ол шығармашылық іс-әрекет компоненттерінің өзара қалыпты, тепе-теңдікті және үйлесімді болуын көздейді.

     А.В.Хуторский, В.А.Сластенин еңбектерінде талдау жасай отырып, айтылған тұжырымдар негізінде ауыл мектептерінде оқушылардың шығармашылық дербестігін қалыптастыруға ықпал ететін шығармашылық сабақ түрлерін 4-ке бөліп қарастырамыз: 1) Танымдық. 2) Эвристикалық. 3)Әдіснамалық. 4) Коммуникативтік. 

    Танымдық;

  • обьектіні зерттеу сабағы
  • философиялық қорыту сабағы;
  • түпнұсқамен жұмыс сабағы;
  • практикалық сабақ;
  • зертханалық сабақ;
  • сындарлы түсінік сабағы (ереже, заңдылық, болжау);
  • кіріктіру сабағы;
  • проблемалық сабақ т.б.

    Эвристикалық;

  • диалог сабақ
  • өнертапқыш сабақ;
  • қиял сабақ;
  • эвристикалық ситуация сабағы;
  • жаңалық ашу сабағы;
  • болашаққа бағдар сабағы;
  • олимпиада сабағы;
  • шығармашылық жалпылау сабағы;

    Әдіснамалық;

  • жеке бағдарламалық сабақ;
  • ізденістер сабағы;
  • топтық сабақ;
  • жобалау сабағы;
  • пікір алысу сабағы;
  • бағалау сабағы;
  • сынақ сабағы;
  • рефлексиялық сабақ;
  • жалпы қорыту сабағы т.б.

    Коммуникативтік;

  • бипарлық сабақ;
  • пікірлеу сабағы;
  • көрме-сабақ;
  • аукцион-сабақ;
  • конференция сабақ;
  • сайыс сабақ;
  • КВН – сабақ;
  • «дөңгелек стол»  сабақ;
  • Шығармашылқ есеп сабағы т.б.
 

   Шығармашылық  сабақты жоспарлау әдістемесі. Жоғары сынып оқушыларының шығармашылық дербестігін ескере ортырып сабақ жоспарын құру ерекшеліктері мен кезеңдерін қарастырайық.

  1. Шығармашылық сабақ жоспары – мұғалімнің өзінің білім беру бағдарламасын жүзеге асыру құралы. Сондықтан сабақты жоспарлау тақырыпты (бөлім, тарау) жоспарлаудан басталады. Мұғалім өзара байланысты бірнеше сабақты: мақсаты, тақырыбы, іс-әрекет түрі, мүмкін болатын нәтижелерін ойластырады. Пән бойынша жалпы бағдарлама негізінде және оқылып отырған тарау бойынша оқушының мүмкін болатын жетістіктерін болжап, негізгі білімдік нәтижелерді белгілейді.
  2. Оқушылардың шығармашылық әлеуетін ескеру. Мұғалім сабақ өтетін сынып оқушыларының ерекшеліктерін еске түсіреді. Өткен сабақтың мазмұны мен құралдарын реттейді.
  3. Тақырып мәселесіне мұғалімнің жеке қатынасын көрсету. Осы мақсатта сабақ тақырыбы бойынша мұғалім түрлі кітаптармен танысады, өзіне қызықты проблемаларды іздеп табады (мұндайда оқушыны да қызықтыра алары сөзсіз). Бұл мәселе төңірегінде айтылған пікірлерді немесе кем дегенде бір-біріне қарама-қайшы 2 ғылым пікірін табу қажет. Пікірлерді оқушы назарына ұсына отырып, қай ғылымның дұрыстығын анықтауға ұсынады. Мұндай іс-әрекет оқушыдан талдау, ой қорытындысын жасау сияқты қасиеттерін дамытып, дербес шығармашылық ой-өрісін қалыптастыруға негіз болады.
  4. Сабақтың мәнін анықтау. Пәндік мақсаттар мен сабақ мәнінің арақатынасын анықтау. Сабақ мәні және оқылып отырған тақырып мазмұны әр кітапта түрліше болуын ескеру қажет. Бұл жағдайда оқушының жеке ерекшелігі мен қызығушылығын, жеке білім алу бағдарламасы бағыттарын білу пайдалы.
  5. Сабақ түріне және мүмкін болатын шығармашылық нәтижелерге негізделген сабақ идеясы жасалады. Оқушының қабілеттерін, жеке ерекшеліктерін көрсетуге мүмкіндік беретін сабақтардың бірнеше түрі ойластырылады.
  6. Оқушының жеке өзінің білім мазмұны «пайда ететін» (дүниеге әкелетін) материал, құралдар, әдістер мен тәсілдер таңдалынады.
  7. Оқушының шығармашылық нәтижелерінің білім беру стандарттарымен сәйкес келу. Жоспарланған шығармашылық нәтижеге оқушы алдын-ала мәдени-тарихи түпнұсқаларды саралайды. Мысалы, тапсырмаларды орындауда оқушы әр ғасырда өмір сүрген ұлы ғалымдар еңбегімен танысады.
  8. Оқытудың түрлі субъектісіне қатынасы бойынша мысал келтірсек: «Өзінің жеке материалдық заңдылықтары бойынша теориялық материалды тәжірибеде қолдану» (пәндік мақсат); «физикалық заңдылықтар» ұғымын түсіндір (пәнаралық мақсат); «Өз жұмыс мақсатында, әдіс-тәсілдер мен кездесетін қиындықтарды тап, графикалық рефлексия тәсілін игер» (әдіснамалық мақсат).
  9. Сабақ құрылымының бірнеше варианттарын ойлап табу. Сабақтағы оқушы әрекеті алуан түрлі болып ауысып отыруы қажет.
 
   
  1. Сабақ жоспарын жасау. Оның түрлі ретіндегі құрылымын көрсетеміз:
    • Сабақ тақырыбы, сыныбы, уақыты;
    • Сабақ түрі;
    • Сабақ мақсаттары;
    • Сабақтың құрал жабдықтары;
    • Оқушының жоспарланып отырған іс-әрекетіне бағытталған іргелі білім беру объектілері;
    • Сабақтың негізгі мәселесі (бір немесе бірнеше проблема жазылады);
    • Оқушы іс-әрекет түрі мен кезеңдерін минуттық жіктеп жазу;
    • Сабақтың әр кездеріндегі оқушы тапсырмасын құрастыру шығармашылық сабақ тапсырмаларының орындалуы түрліше болуы үшін, мысалы «Өз жан-дүниеңнің әлемін бейнеле» деген сияқты орындалу варианттары бір-біріне ұқсамайтындай тапсырма дайындалынуы қажет;
    • Тапсырманы орындаудағы мүмкін болатын нәтижелері (нәтиженің 2-3 вариантын көрсету керек);
    • Қарастырылып отырған мәселенің тарихи-мәдени нұсқаулары;
    • Суреттер, тапсырмалар, кесте, сызбалар;
    • Оқушы іс-әрекеттеріндегі  рефлексия бойынша тапсырмалары;
    • Бақылау түрі және сабақты бағалау;
    • Үйге тапсырма (әр түрлі варианттағы өзіндік жұмыс);
    • Оқушыларға ұсынылатын материалдар (оқулықтар, интернет жүйесіндегі сайт т.б.);
    • Мұғалімнің сабаққа дайындалу кезінде пайдаланған әдебиеттер тізімі, түрлі дерек көздері;
    • өткізілген сабақты талдау формасы, сабаққа қатысқан мұғалімдер мен оқушылардың пікірлері бойынша қорытынды.

     Жоғары  сынып оқушыларының шығармашылық дербестігін  қалыптастыруда шығармашылық сабақтардың  мәні үлкен. Дәстүрлі сабақ пен біз ұстанып отырған шығармашылық сабақ әдістемесінің маңызы өте зор. Оны салыстырмалы түрде талдап, ерекшеліктері мен артықшылықтарын мына кестеден көруге болады. 

    Шығармашылық  сабақтың ерекшеліктері 

Дәстүрлі  сабақ Шығармашылық  сабақ
Сабақтың мақсаты:

а) мұғалім  үшін: жаңа материалды беру;

ә) оқушы  үшін: жаңа білімді меңгеру.

Сабақтың мақсаты:

а) мұғалім  үшін: оқушылардың жаңа нәтижеге бағытталған  іс-әрекетін ұйымдастыру;

ә) оқушы  үшін: шығармашылық «өнім» ойлап табу.

Сабақтағы іс-әрекет түрі: Сабақтағы іс-әрекет түрі:
а) мұғалім  үшін: жаңа тақырыпты түсіндіру;

ә) оқушы  үшін: жаңа материалды тыңдау, еске сақтау.

а) мұғалім үшін: оқушының шығармашылық іс-әрекетін ұйымдастыру;

ә) оқушы  үшін: жаңа объектіні зерттеу, құбылысты  талдау.

Сабақ құрылымы – жоспар бойынша өтілуге міндетті. Сабақ құрылымы – жағдайға байланысты жоспардан  ауытқиды, өзгермелі.
Сабақ тақырыбына көзқарас – кітапта баяндалған идеяға негізделген бір көзқарас. Сабақ тақырыбына көзқарас – проблемаға мамандардың  түрлі көзқарасы.

 

     Физиканың табиғат заңдарын терең түсіндіруінің  арқасында, ол ғылым ретінде қоршаған ортаны жіті танып, жан-жақты көзқарастар  қалыптастырған адам баласының тыныс-тіршілігінің басқа да көптеген салаларына әсер етуде. ТМД және шет елдер тәжірибесінде  физика ғылымының орта мектепте пән ретінде орны мен маңызын ғылыми-техникалық прогрестің келер онжылдықтағы жетістіктеріне байланысты бағалау қабылданған. Мәселен, бұл жөнінде халықаралық сарапшылардың болжамы мынандай: адам қызметінің барлық сферасына компьютерлер енеді; миллиондаған мамандықтар лазерлер мен роботтармен байланыста болады; адам қызмет сферасының кеңеюі (денсаулық сақтау, гигиена, өндіріс, ауыр және жеңіл өнеркәсіп, күрделі индустриялық әскери жабдықтар және т.б.) жаңа технологияларды енгізілуімен байланысты болады.

     Психологиялық-педагогикалық  теорияларда қызығушылықты жіктеудің  бірнеше түрі бар: дүниеге деген  қарым-қатынасының сипаты, мазмұны  мен кеңдігі, күші (белсенді, немқұрайды), тұрақтылығының дәрежесі (тұрақты, тиянақсыз), пайымдауы мен тереңдігінің дәрежесі бойынша және т.б.

     Психолог  ғалымдардың (В.В.Давыдов, Б.М.Теплов, П.М.Якобсон  және басқалары) еңбектерін салыстыра  жүргізілген талдауға сүйене отырып, зерттеу жұмысымызда қызығушылықтың психологиялық табиғатын, оқушының оқыту үдерісі барысында өсіп келе жатқанын байқауға көмектесетін механизмдерін қарастырдық. Төменде оқушының физикаға қызығушылығының артуында шығармашылық есептердің алатын орны көрсетілген (1-сурет). 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     
 
 
 
 
 
 

     
 

    1-сурет. Оқушының физикаға қызығушылығының артуында шығармашылық есептердің алатын орны 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


Информация о работе Оқушылардың физикадан шығармашылық қабілетін дамыту жолдары