Қорек көзі
Қорек көзі пәніне кіріспе
Сабақтың
мақсаты:
Қорек көзі
пәнінің негізгі
ұғымдарын,
мақсатын,
мәселелерін
оқып-үйрену
- Көптеген электронды құрылғылардың жұмыс істеуі үшін қорек көздері болуы қажет.
- Барлық қорек көздерін 2 топқа бөлуге болады:
Бірінші
ретті қорек көздері
Екінші ретті қорек көздері
- Бірінші ретті қорек көздері:
-
Химиялық қорек көздері (галваникалық элементтер, батарея және аккумуляторлар);
-
Термобатареялар;
-
Термоэлектронды түрлендіргіштер;
-
Фотоэлектрлік түрлендіргіштер;
-
Отынды элементтер;
-
Биохимиялық қорек көздері;
-
Атомды элементтер;
-
Электромашиналы генераторлар.
- Химиялық қорек көздері - автономды қоректі талап ететін, аз қуатты құрылғылар мен аппаратураларды топпен қоректендіру үшін кеңінен қолданылады. Батареялар мен аккумуляторлар санымен қатар қосымша және резервті қорек көзі ретінде пайдаланылады. Мұндай қорек көздерінің шығыс керенуінің айнымалы құраушысы жоқ десе де болады.
- Термобатареялар – бұл тізбектегі қосылған термопаралар. Термобатареялар аз қуатты қорек көзі ретінде пайдаланылады. Мысалы: радиоқабылдағыштар.
- Термоэлектронды түрлендіргіштер - қатты қызатын катоды бар вакуумды немесе газды аспаптар. Жылу энергиясын электр энергиясына айналдыру бұл құрылғыларда термоэлектронды эмиссия құбылысының арқасында жүзеге асады.
- Фотоэлектрлік түрлендіргіш – жылу және күн энергиясын электр энергиясына түрлендіреді. Фотоэлектронды түрлендіргіштер аз қуатты қажет ететін радиоэлектрлік, спутниктегі техникаларда қолданылады.
- Отындыэлементтер – химиялық реакцияның энергиясын электрлік энергияға түрлендіреді. Жұмыс істеу принципі заттың тотықтануына негізделген.
- Биохимиялық ток көздері отындық қорек көздері сияқты химиялық реакция энергиясын электр энергиясына түрлендіреді.
- Атомды элементтер аз қуатты қажет ететін радиоэлетронды аппаратураларды қоректендіру үшін қажет. Жұмыс істеу принципі атомды элемент 2 электродтан тұрады. Екі электродтын арасында диэлектрик немесе вакуум болады. Электродтың біреуіне радиоактивті стронций орнатылады. Стронций β сәулесін шығарады. Осының арқасында 2 электродтың арасында кернеулер айырымы пайда болады.
- Электромашиналы генераторлар механикалық энергияны электрлік энергияға түрлендіреді. Олар тұрақты және айнымалы ток генераторлары болып екіге бөлінеді.
- Екіншілік қорек көздерінің төмендегі параметрлеріне сәйкес ажыратуға болады:
- Қоректендіретін тізбектің түрлеріне байланысты
-
Бір фазалы айнымалы ток желісінің электр энергиясын пайдаланатын қорек көздері;
-
Үш фазалы айнымалы ток желісін электр энергиясын пайдаланатын қорек көздері;
-
Автономды тұрақты ток көзінің энергиясын пайдаланатын қорек көздері;
-
Жүктемеге түсетін кернеуге байланысты:
-
Төмен кернеулі қорек көздері 100 В – қа дейін;
-
Орташа кернеулі қорек көздері 100 В – 1000 В дейін;
-
Жоғары кернеулі қорек көздері 1000 В – тан жоғары;
-
Жүктеменің қуатына байланысты:
-
Аз қуатты қорек көздері 100 В – қа дейін;
-
Орташа қуатты қорек көздері 100 В – 1000 В дейін;
-
Жоғары қуатты қорек көздері 1000 В – тан жоғары;
-
Жүктеменің тогының түріне байланысты:
-
Шығысындағы тогы айнымалы қорек көздері;
-
Шығысындағы тогы тұрақты қорек көздері;
-
Шығысындағы тогы тұрақты айнымалы қорек көздері;
-
Шығысының санына байланысты:
-
Бір шығысы бар;
-
Көп каналды шығысы бар;
-
Жүктемедегі кернеудің тұрақтылығына байланысты:
-
Тұрақтандырылған қорек көздері;
-
Тұрақтындырылмаған қорек көздері;
Үй тапсырмасы:
- Лекцияны оқу
2.Қорек көздері
түрлеріне
мысал келтіру