Өндірістік ортаның жағымсыз факторлары және олардың адамға тигізетін әсері

Автор: Пользователь скрыл имя, 08 Февраля 2013 в 17:40, реферат

Описание работы

Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігі мәселесі бірініші қатарлардың бірінде тұр. Жоғарғы индустриалдық қоғам пайда болғалы бері адамзаттың табиғат тіршілігіне қауіпті араласқаны кенеттен күшейіп кетті, бұл араласудың көлемі де ұлғайды, ол әралуанды болды және қазір адамзат үшін ғаламдық қауіп ретінде төніп тұр. Қазіргі таңда қоршаған ортаны аса көп ластайтын көзі өнеркәсіп өндірісі екені баршаға мәлім. Атмосфераны өндіріс объектілерімен ластау «қышқыл жаңбырлардың» пайда болуына әкелуі мүмкін, ал оның өзі су мен топырақ жағдайына әсер етуі мүмкін.

Содержание

КІРІСПЕ
1 ӨНДІРІС САЛАСЫНДА ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Өндірістік қызметтің зиянды әсерінен қоршаған ортаны қорғау заңнамасының даму кезеңдері мен тенденциялары.
1.2 Өндірістік қызметтің зиянды әсерінен қоршаған ортаны құқықтық қорғау түсінігі мен қағидалары.
1.3 Өндірістік қызметтің зиянды әсерінен қоршаған ортаны қорғау нормаларының қазіргі экологиялық құқық жүйедегі орны
2 ТҰРАҚТЫ ДАМУҒА КӨШУ БАРЫСЫНДА ӨНДІРІС САЛАСЫНДА ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУДЫ ЖЕТІЛДІРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
2.1 Тұрақты дамуға көшу барысында өндіріс қызметінің зиянды әсерінен
қоршаған ортаны қорғаудың негізгі бағыттары.
2.2 Өндіріс объектілерін жобалау, орналастыру, салу, пайдалануға енгізу кезіндегі қоршаған ортаны құқықтық қорғау.
2.3 Өндіріс объектілерін пайдалану кезіндегі қоршаған ортаны құқықтық қорғау.
2.4 Өндіріс саласында қоршаған ортаны қорғау тәсілі ретінде заңды жауапкершілік тиімділігін жетілдіру мәселелері.
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Работа содержит 1 файл

МАЗМҰНЫ.doc

— 82.00 Кб (Скачать)

       Жоғарыда аталғандардың барлығы осы диссертацияның зерттеу тақырыбын таңдауға негіз болды. Және оның қазіргі таңдағы өзектілігі мен маңыздылығын көрсетіп отыр. 

       Экологиялық – құқықтық мәселелерді қарастыру кезінде Д.Л.Байдельдинов, С.Д.Бекишева, С.Т.Культелеев, А.С.Стамкулов, (экология құқық теориясының жалпы теориясы шеңберінде); Б.Ж.Абдраимов, А.Е.Бектұрғанов, А.Е.Еренов, Л.К.Еркінбаева, Ж.Х.Қосанов, А.Х.Хаджиев (жерлердің құқықтық қорғау); НБ.Мухитдинов, С.П.Мороз, Г.Б.Ахмеджанова (жер қойнауын құқықтық қорғау);Митрофанская Ю.В.  (қалалардағы қоршаған ортаны құқықтық қорғау); С.Б.Байсалов, К.Д.Куандыков, А.А.Мукашева, С.Ж.Сулейменов, А.Ж.Тукеев, С.Ж.Сулейменова (суларды құқықтық қорғау); Г.А.Стамкулова, Г.Ж.Тілешова (өсімдік дүниесін құқықтық қорғау); С.С.Константиниди, А.Д.Тундикбаев (жануар әлемін құқықтық қорғау); К.Рахимберлин, Медетбекова (атмосфералық ауаны құқықтық қорғау) ; Карабулова Р.К., Куставлетов С.М, Борчашвили (экологиялық құқықтық жауапкершілік). 

       Қазақстан Республикасындағы арнайы көлемді зерттеулер осы тақырып бойынша қарастырылмаған.  

       Таяу шетел мемлекеттерінде бұл тақырып бірнеше рет зерттелген. 1986 жылы авторлардың ұжымы (В.И.Андрейцев, М.М.Бринчук, В.В.Круглов, Н.Д.Красилич, С.Н.Кравченко, В.А.Максимков, Н.А.Малышева) Ю.С.Шемшученконың басшылығымен «Правовая охрана окружающей среды в области промышленного производства» атты өнеркәсіп саласындағы монография жарыққа шықты. 

       1989 жылы В.В.Кругловтың «Организацонно-правовые вопросы охраны окружающей среды в промышленности» атты монографиясы жарыққа шықты. 

Мұнда перестройка жағдайында өнеркәсіп саласындағы қоршаған ортаны қорғаудың заңды жауапкершілігі, жобалау, басқару, моральдық және материалдық ынталандыру саласындағы құқықтық мәселелер талдау жасалынған. 1999 жылы В.В.Кругловтың «Организационно-правовые проблемы охраны окружающей среды в промышленности в современный период» атты докторлық диссертациясы қорғалды. 

       Көріп отырғанымыздай, тұрақты дамуға көшу жағдайында қарастырылған салада қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша оның маңыздылығына қарамай арнайы монографиялық зерттеулер жүргізілмеген. Ол өз алдына оның өзектілігін алдына ала белгілеуге және диссертациялық зерттеу тақырыбын таңдауға мүмкіндік берді. 

       Зерттеу объектісі өндіріс саласындағы қоршаған ортаны қорғау қатынастары болып табылады.  

       Зерттеу пәні өнеркәсіп өндіріс саласындағы қоршаған ортаны қорғаудың құқықтық қатынастары болып табылады, соның ішінде құқықтық экологиялық талаптар және олардың жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін келесі шаралар:

- шаруашылық  қызметті реттейтін заңнамалық  және басқа да нормативтік құқықтық актілер жүйесі, олардың ішіндегі заңнаманың басқа салаларының экологияландырылған нормалары және өнеркәсіптегі қоршаған ортаны қорғау салсындағы құқықтық қатынастар және олардың жүзеге асыру тәжірибесі;

- атқарушы  билік және жергілікті басқару органдары, өндіріс саласындағы қоршаған ортаны қорғау кәсіпорындарының әкімшілік қызметі;  

      - қарастырылған саладағы заң жобалық жұмыстар тәжірибесі;

- ұйымдастыру-құқықтық, экономикалық, философиялық және  өндіріс саласындағы қоршаған  ортаны қорғау  мен басқа да аспектілер және мәселенің тарихы бойынша материалдар мен шетелдік тәжірибе пәні болып табылатын ғылыми зерттеулер.

Диссертациялық  зерттеу мақсаты өнеркәсіп өндіріс  саласында қоршаған ортаны тиімді қорғаудың  негізгі мәселелерін кешенді зерттеу болып табылады.

Аталған мақсатқа келесі мәселелерді шешу арқылы қол жеткізіледі:

- мемлекеттің  тұрақты дамуға көшу кезеңінде  өндіріс саласындағы қоршаған  ортаны құқықтық қорғау ерекшеліктерін  табу;

- өндірістегі  қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнама мен басқарудың жағдайын бағалау және оны құқықтық реттеудегі кемшіліктер мен ақаулықтарды табу;

- осы  саладағы экологиялық заңнамамен  және Қазақстан Республикасы  заңнамасының басқа салалардағы  нормаларының ролі мен маңызын  анықтау; 

      - құқықтық реттеудің тиіміділігін және жоғарылату үшін ғылыми ұсыныстарды, соның ішінде, заңнаманы ұйымдастырушылық-құқықтық  және экономикалық механизмдері мен заңды жаупкершілік нормаларын жетілдіру. 

      Зерттеудің әдістемелік негізі болып динамикалық және тарихи материализм, қоғам мен табиғаттың өзара ықпалы туралы қазіргі таңдағы көзқарастар, (экономика және қоршаған орта); өндірістегі қоршаған ортаны қорғау бойынша мемлекет және құқық туралы, экологиялық қызметтің жалпы танылған халықаралық қағидалары мен конституциялық ережелері. 

      Диссертацияда сонымен қатар салыстырмалы-құқықтық, жүйелік, логикалық және тарихи әдістер қолданған. 

      Теоретикалық негізді мемлекет және құқықтың жалпы теорясы мәселелері бойынша С.С.Алексеева, В.С.Нерсесянц, Булгакова Д.А. Баймаханов сияқты ғылым-заңгерлер ғылыми еңбектері құрады.  

       Тақырыпты зерттеу кезінде диссертациядағы талдаулармен байланысты экологиялық мәселелерді зерттейтін философ, эколог, экономист, тарихшылар, білімнің басқа саласының өкілдерінің жұмыстары пайдаланылды. 

       Зерттеудің нормативік негізін болып Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының экологиялық кодексі, өндіріс саласындағы  қоршаған ортаны қорғау  қатынастарын реттейтін заңнамалық және басқа да нормативтік актілер құрады. 

       Диссертациялық зертеудің ғылыми жаңашылдығы мен маңыздылығы маңызды құқықтық, эколог-экономикалық және әлеуметтік-саяси маңыздылыққа ие ғылыми мәселенің шешуі ретіндегі тұрақты дамуға көшу жағдайында өндіріс саласындағы қоршаған ортаны қорғаудың ұйымдастыру-құқықтық механизмінің теоретикалық тұжырымдамасын тұжырымдау мен негіздеу болып табылады. Өнеркәсіптік өндіріс саласында қоршаған ортаны қорғаудың құқықтық мәселелері зерттелген қазақстандық заң әдебиетіндегі  бірінші монографиялық жұмыс болып табылады. Оның негізгі қорытындылары экономиканың басқа салаларында (құрылыс, транспорт, байланыс, ауылшаруашылық) экологиялық-құқықтық мәселелерді зерттеу үшін және  табиғат пайдалануды тұтастай зерттеу кезінде пайдаланылуы мүмкін. 

       Диссертацияда өндіріс саласында  қоршаған ортаны құқықтық қорғау қатынастарын құқықтық реттеу қызметі мен мақсатының бірі қоршаған ортаны қорғау болып табылатын қоғамдық өндіріс қызметінің экологиялық-экономикалық негізінен бастау алу керектігі, ал табиғатты қорғау қызметі оның аса маңызды жағдайы мен құрылымдық бөлігі екені негізделеді. 

       Осыған орай өндіріс саласындағы қоршаған ортаны қорғау туралы заңнама, басқа экологиялық, әкімшілік, шаруашылық, азаматтық, еңбек және заңнаманың басқа салаларындағы актілдердің ара қатынасын құрайтын жүйесі талданады.  

       Салыстырмалы-құқықтық зерттеу негізінде заңнамалық даму деңгейімен оның даму тенденциясы анықталған. 

        Экологиялық және бүкіл қазақстандық заңнама жүйесіндегі өндіріс саласында қоршаған ортаны қорғау бойынша заңдар мен басқа да нормативтік актілердің жиынтығының орны анықталған, сонымен қатар оның жағдайы, дамуы, жетілуі мақсаты мен мазмұны анықталған. 

       Келесі шаруашылық қызметінің жеке сатыларына қатысты өндіріс саласындағы экологиялық-құқықтық талаптардың жүйесі мен мазмұны талданған. Кәсіпорындарды жайғастыру, жобалау, салу және қайта құру, пайдалануға кірістіру және оларды пайдалану.  

       Жүзеге асырылатын жобаларды қоршаған ортаға әсерін бағалау мен экологиялық сараптаманың, экологиялық нормалау, лицензиялау, сертификаттау, аудиттеу, экологиялық бақылауды қамтитын ұйымдастырушылық-экологиялық талаптарды жүзеге асыру механизмі зерттелген және оны жетілдіру бойынша ұсыныстар дәйектелген.   

 Осы саладағы  экономикалық механизмнің құқықтық негіздері зерттелген, соның ішінде жобалау мен қаржыландыру, кәсіпорындардың шарттық қатынастары, табиғи ресурстарды пайдалану және қоршаған ортаны ластаудың ақылығы, экономикалық ынталандыру және оларды жетілдіру бойынша ұсыныстар берілген. Заңды жауапкершілік шараларына талдау жасалынған, ең алдымен экологиялық құқық бұзушылық үшін әкімшілік жауапкершілікке, осы салада заңнаманы жетілдіру керектігі дәйектелген. 

        Қазақстан Республикасы заңнамасындағы қайшылықтар мен ақаулықтарды жою үшін қарастырылған тұжырымдамада  теоретикалық және тәжірибелік маңызға ие.    

        Автордың пікірі бойынша өндіріс саласында қоршаған ортаны қорғау бойынша заңнаманы және басқаруды жетілдіру  бойынша ұсыныстар оның экономиканың басқа салаларында құқықтық реттелуіне, қоғамдық өндірістің  басқа экологиялық мәселелерін зерттеуде қолдануға болады.  

   Қорғауға шығарылатын негізгі қорытындылар мен ережелер:

Қорғауға шығарылатын  негізгі ережелер:

1. Өндіріс саласында  қоршаған ортаны құқықтық қорғау  – бұл қоршаған ортаға өнеркәсіптік қызметтің зиянды әсерін алдына алуға және  және оның бұзылған жағдайын қалпына келтіруге бағытталған өнеркәсіп кәсіпорындарымен және арнайы құзіретті мемлекеттік органдарымен жүзеге асырылатын құқық нормаларында бекітілген шаралар жүйесі.

2. Өндіріс саласында  қоршаған ортаны қорғаудың негізгі  қағидалары әртүрлі иерархиялық  деңгейдегі және салалық бағыттағы  бөлек нормативтік құқықтық актілерде  бекітілген. Осы қағидалар қолданыстағы  заңнамада бекітілуі тиіс, яғни 03.04.2002 жылғы «Қауіпті өндіріс объектілеріндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында.

3. Өндірістік қызметтің  зиянды әсерінен қоршаған ортаны  қорғау нормалары өнеркәсіптік  қызметтің қоршаған ортаға теріс  әсерін алдын алуға және оның  бұзылуын қалпына келтіруге бағытталағн өнеркәсіптік кәсіпорындарымен және арнайы құзырлы мемлекеттік органдармен жүзеге асырылатын қызметті реттейтін нормалардың жиынтығы болып табылатын өнеркәсіптегі қоршаған ортаны қорғау атты құқықтық институттың құрамдас бөлігі болып табылады. 

Өнеркәсіптегі қоршаған ортаны қорғау нормалары даму үшін айқын келешегі, жасақталып жатқан нормативтік базасы бар, яғни  өмір сүруге құқығы бар дербес құқықтық институт болып табылады.

4.Экологиялық және  өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз  ету қазіргі кезеңнің екітұсты мақсаты болып тұр. Сондықтан болашақта өндіріс саласында қоршаған ортаны қорғаудың мақсаттары, міндеттері, қағидалары, 

қоршаған ортаны қорғау саласында кәсіпорындардың  құқықтық мәртебесі, олардың мақсаттары, құқықтары мен міндеттері, шаруашылық қызметтің кезеңдеріне қойылатын экологиялық талаптар, экологиялық қызмет, оның құрылымы, мақсаты мен қызметі, экономикалық механизм мен заңды жауапкершілік бекітілген «Өнеркәсіптегі қоршаған ортаны қорғау туралы» ҚР Заңын қабылдау керек. 

5. Өндірістік кәсіпорындардың  құқықтық мәртебесін бекітетін  нормативтік құқықтық актілерде  (19 маусым 1995 жылғы «Мемлекеттік  кәсіпорын туралы», 5 қазан 1995 жылғы  «Өндірістік кооператив туралы», 22 сәуір 1998 жылғы «Жауапкершілігі  шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы», 13 маусым 2003 жылғы «Акционерлік қоғамдар туралы», 2 маусым 1995 жылғы «Шаруашылық серіктестіктер туралы» ҚР Заңдарында) кәсіпорынның шаруашылық қызметіне қойылатын экологиялық талаптар жоқ болғандықтан, оларды заңды тұлғалардың экологиялық-құқықтық мәртебесін, кәсіпорын жұмыскерлерінің экологиялық құқықтары мен міндеттерін белгілейтін, кәсіпорынның экологиялық қызметін құру тәртібі  мен оның функцияларын  бекітетін (кәсіпорындағы қоршаған ортаны қорғау департаменті, кәсіпорындағы қоршаған ортаны қорғау бойынша маман) жаңа нормалармен толықтыру қажет. 

6. 9 қаңтар 2007 жылғы  ҚР Экологиялық кодексінде атмосфералық  ауаны қорғауға бойынша экологиялық  талаптар туралы нормалардың  жоқ және ол Қазақстан Республикасының  экологиялық заңнамасының кемшілігі болып табылады. 

Шаруашылық қызметтің  кезеңдеріне байланысты: атмосфералық ауаға әсер ететін кәсіпорындарды, құрылыстарды және басқа да объектілерді орналастыру, жобалау, салу, пайдалануға  енгізу бойынша атмосфералық ауаны  қорғау туралы нормалары қамтылған 9 қаңтар 2007 жылғы ҚР Экологиялық кодексін  «Атмосфералық ауаны қорғау бойынша экологиялық талаптар» атты дербес Тараумен толықтыруды ұсынамыз. 

ҚР Экологиялық  кодексін осылай өзгерту  жаңа нормаларды тәжрибеде дұрыс қолдану арқылы  атмосфералық ауаның ластану мәселесін әрі қарай шешуге мүмкіндік береді. 

 


Информация о работе Өндірістік ортаның жағымсыз факторлары және олардың адамға тигізетін әсері