Мектепке дейінгі ересек бүлдіршіндердің зерттеушілік, жобалаушылық дағдыларын дамыту

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Сентября 2013 в 18:46, реферат

Описание работы

Мектепке дейінгі жастағы балалардың дамуына қарапайым зерттеу іс-әркеті ерекше әсер етеді.Біздің мектепке дейінгі ересек бүлдіршіндердің зерттеушілік,жобалаушылық дағдыларын дамыту ортасына баса назар аударамыз .Бұл ортада балалардың әлем туралы жаңа мәліметтерді білуге деген қызығушылығын арттырып,қоршаған ортаға деген талпынысына,бақылау жасауға өздігінен ізденіп,әркет етуіне жағдай жасалынып жүр.

Работа содержит 1 файл

осыыы.doc

— 41.00 Кб (Скачать)

     Ы.Алтынсарин  атындағы жалпы білім беретін  орта мектебі

 

 

 

 

 

     

 

     Мектепке дейінгі ересек бүлдіршіндердің зерттеушілік,

                       жобалаушылық дағдыларын дамыту

 

                                            

 

                                         Төленова З.С

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мектепке дейінгі  жастағы балалардың дамуына қарапайым  зерттеу іс-әркеті ерекше әсер етеді.Біздің мектепке дейінгі ересек бүлдіршіндердің зерттеушілік,жобалаушылық дағдыларын дамыту  ортасына баса назар аударамыз .Бұл ортада балалардың әлем туралы жаңа мәліметтерді білуге деген қызығушылығын арттырып,қоршаған ортаға деген талпынысына,бақылау жасауға өздігінен ізденіп,әркет етуіне жағдай жасалынып жүр. Әрбір дені сау бала туылғаннан әр нәрсені «зерттеп» білуге ұмтылып,зерттеушілік белсенділігі басым болады.Баланың ішкі сезімі әлемді түсінуді,қоршаған ортаны танып білуді қалайды.Осындай ішкі ынта-ықылас зертеу жасауға түрткі болып баланың психикалық және өзіндік дербес дамуына жағдай туғызады.Балалардың өздігінен зерттеу жасай отырып,алған білімдері репродуктивти турғыда алған білімдеріне қарағанда берік болады.Сонымен бірге осындай ортаның құрылуы біздің тәрбиешілер үшін,білім беру барсында балаларды танымдық процеске қатыстырып ғана қоймай,өзін-өзі тануға,шығармашылық және қатынастық қабілеттерін,икем дағдысын,білімпаздығын дамытуда  маңызы зор.Зерттеу іс-әркетіне келгенде балалық шақтың ең әуес нәрсесі-ойын.Балалардың қызығушылығын,ой-өрісін кеңейту,белсенділігін арттыру үшін танымдық ойындар,дамыту жаттығуларын жүргізудің маңызы зор.Ал осы психикалық процестермен бірлесіп келетін сананың ерекше сипаты-зейін.Балалардың зейінін ұйымдастыру педагогикалық үрдістің нәтижелі болуына жетелейді.Көптеген дамыту ойындар жүргізілгенен соң баланың  зейініне арналған диагностика жүргізу арқылы деңгейін анықтауға болады.Аталған ортадағы маңызды мәселелердің бірі,баланың эмоционалдық көңіл-күйі.Сондықтан мектепке дейінгі ересек бүлдіршіндердің зерттеушілік,жобалаушылық дағдыларын дамыту ортасына сай болуы тиіс.Баланың тілін дамытуда,ой-өрісін,сыни ойлауына шығармашылық дамуына әр түрлі мәселелерді шешуде белсенді болуға үйретеді.Балалар жеке жұмыс істей алатынын естен шығармау қажет.Шығармашылық,психологиялық тұрғыдан жұппен және үш адамдық топпен жұмыс жасауда өте пайдалы.Бұл жағдайдың өзіндік қиындықтары бар,бірақ біз тәрбиелеудің басқа қосымша мүмкіндіктеріне жол аша аламыз.Мектеп жасына дейінгі баланың тәжірибесі-ол айналамен танысудың тағы бір жолы.Оны оқытудың жай ғана бір түрі деп қарастырмай,оқытудың барынша жақын негізгі жолы деп қарастыруымыз керек.Жоғарыда айтылған ұжымдық жұмыстар балалардың тәжірибе алуына мумкіндік жасайды.Бұл сабақтарда баланың зерттеу белсенділігіне шек қоюға болмайды.Сондықтан біз зерттеу іс-әркетімен айналысудың бірқатар әдістеріне тоқталамыз. Фантастикалық,эмпирикалық,теориялық тақырыптар болып бөлінеді.Тақырыпты таңдау ережесі.Зерттеу тақырыбын таңдаудың бірнеше жалпы ескертпелерін мысалға келтірейік.Тақырып балаға қызықты,оны еліктіріп әкететіндей әсерлі болуы тиіс.Зерттеу жұмысы,басқа шығармашылық сияқты ерікті негізінде жүргізілсе ғана нәтиже береді.Зерттеу объектісі бірдеңені өзіне тартқанда және қызықты болған кезде ғана туындайды.Егер тақырыпты балаға өз көңілінен тыс берсе,ол қызықты болып тұрса да баладан ешқандай нәтиже болмайды.Тақырыпты таңдаудан бұрын баланың бейімділігін анықтап алу керек.Ести білу,түсіну,сезіну-курделі,бірақ шешуге болатын педагогикалық тапсырма.Зерттеуге қатысушыларға тақырып нәтиже  беретіндей болу керек.Баланы осы ойға әкелу арқылы өзін зерттеуші сияқты барынша жұмысқа енгізу,өзін-өзі ортаға көрсете білу,жаңа пайдалы білім,іскерліктер және дағдылар алуы-күрделі жұмыс.Негізінде қазір әр бала үшін ол-нәтиже.Зерттеу іс –әркетін ұйымдастыруда жыл бойына жүргізілетін жұмыстардың тақырыбына сәйкес күнтізбелік жоспар жасап,оны арнайы сабақ ретінде және бос уақытында өткізуге көңіл бөлдік.Жабдықталған дамытушылық ортада қарапайым  зерттеу іс-әркетін ұйымдастыруда «Судың қасиеттері»,  «Ауа», «Өсімдікке не керек?», «Ғажайып құм», «Ылғалды және құрғақ  топырақ», «Қайық» т.б.тақырыптар қамтылды.Мысал  ретінде «Судың қасиеттері»деген тақырыпта тәжірибе жасағанымызда балаларға жұмбақтар жасырылды, дербес ойлану тәсілін қолданып су туралы не білетіндерін сұрадық,су айналымының сызбасы көрсетіліп су қайдан пайда болатыны туралы түсіндірілді. «Бу судың бір түрі тақырыбындағы тәжірибиеде бу суға қалай айналатынын зерттеді.Балалар ыстық судың буға айналатынын білді.Судың пішіні болмайтынын әр түрлі ыдыстарға су құю арқылы зерттеді.Нәтижесінде су құйылған заттың пішініне келетіні туралы қорытынды шығарды.Судың түссіз,дәмсіз екенін білді.Балалар су туралы мақал-мәтелдер,тыйым сөздер айтып сабақты қорытындыладық.Әсіресе осы тәжірибе балаларға қатты ұнады.Зертеу іс-әрекетінде әр балаға жеке көңіл бөлген жөн.Сонда балалар өз ойларын айтып,болжамдарын жеткізе алады.Зерттеу іс-әркетін ұйымдастыруда дамытушылық ортаны жабдықтаудың маңызы зор.Ол ортаның сипаттамасына тоқталатын болсақ;зерттеу іс-әркетінемен шұғылдануға арналған құрал-жабдықтарды баланың тиімді пайдалануына ыңғайлы етіп орналастыру қажет;табиғи материалдар,өндіріске қажетсіз заттар,қағаздар,желім,қылқалам т.б белгісі бар су құятын ыдыстар,қолғаптар т.бТәжірибелер баланың алғашқы шынайы ғылыми түсінігін,байқағыштығын, білуге құштарлығын,белсенділігін қалыптастырады.Баланың ойлау қабілетін,логикасын,шығармашылығын дамытып,балаға «Не,неге,қалай?»-деген сұрақтарға жауап табуына мүмкіндік береді.Зерттеу іс-әркеті арқылы балалардың салыстыру қабілеттері дамып,нәтиже шығарып,өз ойларын айта бастады.Қызықты тәжірибелер,тірі және өлі табиғатты бақылау арқылы  балаларды талдау жасай білуге сұрақтарды дұрыс қойып өзінің ойын дәлелдей білуге үйретілді.Қоршаған орта туралы білімдерін тереңдетте түсті.

]


Информация о работе Мектепке дейінгі ересек бүлдіршіндердің зерттеушілік, жобалаушылық дағдыларын дамыту