Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 15:33, биография
КОПЕРНИК Николай (19.2. 1473, Польша, Торунь — 24.5.1543, Фромборк) — дүниенің гелиоцентрлік жүйесін жасаушы поляк астрономы. Ол 1491 — 95 ж. Краков университетінде оқып, 24 жасында каноник (діни қызмет) болып сайланады. Коперник біраз уақыт Италияда болып, Болонья, Падуя, Феррара университеттерінде астрономия, философия, заң, медицина, т.б. ғылым салалары бойынша білім алады. 1504 ж. отанына қай
КОПЕРНИК Николай (19.2. 1473, Польша, Торунь — 24.5.1543, Фромборк) — дүниенің гелиоцентрлік жүйесін жасаушы поляк астрономы. Ол 1491 — 95 ж. Краков университетінде оқып, 24 жасында каноник (діни қызмет) болып сайланады. Коперник біраз уақыт Италияда болып, Болонья, Падуя, Феррара университеттерінде астрономия, философия, заң, медицина, т.б. ғылым салалары бойынша білім алады. 1504 ж. отанына қайтып оралып, ғылым және саяси жұмыстарға белсене араласады. Оның ғылыми кызметі сан алуан саланы қамтиды. Дегенмен ғылым тарихында оның астрономия еңбектерінің маңызы ерекше болды. К. Италияда, кейін өз елінде жүргізген ұзақ зерттеулері мен бақылаулары негізінде бір жарым мың жыл бойы ғылымда үстемдік етіп келген әлем жөніндегі Птолемей іліміне (геоцентрлік жүйе) сын көзімен қарап, оған қарсы пайымдаулар мен қорытындыларға келді. Птолемейдің жүйесі бойынша, өлемнің кіндігі ретінде қозғалмайтын Жер қабылданса, Коперниктің жүйесінде Күн алынады. Коперник бұл жаңалықтарын өзінің "Аспан сфераларының айналуы" атты (өлер шағынан аз ғана бұрын жарық көрген) кітабында баяндайды. Коперниктің бұл еңбегі ғылымдағы үлкен төңкеріс болды. Мұнда сол замандағы сфералық және теориялық астрономия толық баяндалған, қажетті математикалық теориялар жетілдірілген (тригонометрия, кестелер жасау, т.б.). Бұл кітаптағы кейбір кемшіліктер кейін И.Кеплердің және А.Ньютонның еңбектерінде түзетіліп, толықтырылды. Дүниенің гелиоцентрлік жүйе бойынша Жердің "беделі тү-сіп", Жер қатардағы планеталардың бірі екендігі көрсетілді. Бұл діншілдердің аспан, Жер жайлы қате қағидаларына қатты соққы болып тиді. Сондықтан да 1616 ж. инквизиция үкімі бойынша Коперниктің кітабы "қара тізімге" алы-нып, оны пайдалануға қатаң тыйым салынды. Бұл тыйым тек 1822 ж. ғана күшін жойды;
қ. Дүние жүйелері.
Әдеб.: Николай Коперник. Сб. статей и материалов. К 410-летию со дня смерти (1543 — 1953), М., 1955.