Исаак Ньютон

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Ноября 2011 в 17:12, биография

Описание работы

Исаак Ньютон 1642 жылы 25 желтоқсанда дүниеге келді.Басқа деректерге сүйенсек ол 1643 жылы 4 қаңтарда туды.Исаак Ньютон-ағылшын физигі,математигі,астрономы және классикалық физиканы ойлап тапқандардың бірі.Ол “Табиғи философияның математикалық бастаулары” атты еңбек жазды.Онда бүкіләлемдік тартылыс заңың түсіндіре қоймай,классикалық физиканың бастаулары болған негізгі үш механика заңдарың тұжырымдады.Ол дифференциалдық және интегралдық есептеулерді,түс териясын және тағы басқа да математикалық және физикалық теорияларды ойлап тапты.

Работа содержит 1 файл

Исаак Ньютон конференция.doc

— 793.50 Кб (Скачать)

                    

Исаак Ньютон 1642 жылы 25 желтоқсанда  дүниеге келді.Басқа деректерге сүйенсек ол 1643 жылы 4 қаңтарда туды.Исаак  Ньютон-ағылшын физигі,математигі,астрономы  және классикалық физиканы ойлап  тапқандардың бірі.Ол “Табиғи философияның математикалық бастаулары” атты еңбек жазды.Онда бүкіләлемдік тартылыс заңың түсіндіре қоймай,классикалық физиканың бастаулары болған негізгі үш механика заңдарың тұжырымдады.Ол дифференциалдық және интегралдық есептеулерді,түс териясын және тағы басқа да математикалық және физикалық теорияларды ойлап тапты.

Бала  шағы

Исаак Ньютон ауыл шаруасының отбасысында дүниеге  келді.Ол туған жылдары ұлт-азаттық  соғыс жүріп жатқан еді.Туған  жері- Вулсторп атты ауыл.Оның әкесі Исаак тумай жатып дүние салды.Исаак Ньютонның денсаулығы туғаннан бері нашар болды.Сол себепті оны ұзақ уақыт шоқындырмады.Ақырында Жаңа жыл келісімен,оны шоқындырды.Ол өзін ерекше “адам” деп санады.Себебі ол Жаңа жыл қарсаныңда туды.Өзінің нашар денсаулығына қарамастан,ол 84 жыл өмір сүрді.Бірнеше уақыт өткен соң Ньютонның анасы қайтадан үйленді.Жаңа күйеуінен үш бала туды.Кейін Исаакқа назар аз аудара бастады.Исаактың жалғыз қараушысы болған адам,оның нағашысы- Уильям Эйскоу.Мектептегі балалардың айтуы бойынша:Исаак ешкіммен араласпайтын,әрқашан жалғыз жүретін бала болған.Бос уақытында кітап оқығанымен бірге,әртүрлі техникалық заттарды жасауды жақсы көрген.Мысалы,күн немесе су сағаттарын ермек қылған.1653 жылы Исаактың өгей әкесі қайтыс болады.Одан қалған мұра Исаактың анасына тиеді.Бірақ анасы ол ақшаны Исаакқа береді.Исаак мектепте өзінің тамаша да,қайталанбас қасиеттерін көрсете бастады.Сол арқылы мұғалімнің көзіне түседі.1661 жылы Исаак мектепті бітіріп,Кембридж университетіне түседі. 

 

Тринити-колледж (1661-1664жж.)

Университетке түсер алдында арнайы емтихан болды.Исаак одан сүрінбей өтті.Кейін оған Кембридждегі Тринити-колледжге түскені жайлы хабарлады.Осы жермен оның 30 жыл өмірі байланысты.Исаак сайзер-студент болды.Яғни ол төлем-ақысыз оқыды.Ол өзінің білімін университетте тереңдете бастады.Әсіресе оптика,математика,астрономия,фонетика салаларын жақсартты.Ол оқу үстінде болғанда оны ешкім тоқтата алмады.Тамақ ішудің өзін ұмытып кетті.Осыдан бастап ол өзінің жеке,дара өмірін бастады.Бірнеше айдан соң университетке жаңадан оқытушы келді.Оның есімі Исаак Барроу еді.Ол келген соң,Исаактың математика саласындағы жетістіктері күрт өсіп кетті.Ол атақты физиктерді: Галилейді,Декартті,Кеплерді үлгі тұтып,солардың жазған еңбектерін біріктірді.1664 жылдың желтоқсанында Англияға қиын кездер жетті.Барлық Англияның облыстарында қатерлі іңдет басталды.Ол өте тез тарап,ақырында 1665 жылдың жазында Тринити-колледжге де жетті.Білім басқармасы барлық оқушыларды үйлеріне таратты.Исаак та өз Отанына оралды.Сол жылдар Англия үшін өте ауыр кезең болды.Оның басты себебі: таяу шетте Голландиямен соғыс болып жатқан еді.Бірақ сол жылдар Исаак үшін тиімді болды.Сол кезеңде Исаак дифференциалдық және интегралдық есептеулерді жаңа сатыға шығарды.Көптеген тәжіребиелер жасай отырып,Исаак ақ түстің  басқа түстерден құралғанын дәлелдеді.

Ғылыми  танымалдылықтың  басталуы (1667-1684 жж.)

1666 жылы Исаак Кембриджке оралды.Кейбір оқушылар іңдет кезінде университеттен кетпеген екен.Олардың денсаулығына зиян тигізілмепті.Бірақ бірнеше күннен соң іңдет оралды.Исаак қайта үйіне кетті.Ақырында 1667 жылыдың көктемінде іңдет бітіп,Исаак қайтадан Кембриджке келді.Ал келесі жылы Исаак магистр дәрежесіне ие болды.Жеңілдік ретінде оған жеке бөлме мен мұғалімдік атақ берді.Осыны қолданып,Исаак Лондонға сапар шекті.Ол жерде “Лондонның корольдік ұйымы” ашылған болатын.Сол жылы Исаактың мұғаліміне,яғни Исаак Барроуға корольден шақыру хаты келеді.Сол себептен Исаак тағы да жалғыз қалады.Бірақ ұстазынан оған лаборатория қалған болатын.Лабораторияны жетек қолдана отырып,ол жаңа заттардың жоспары мен үлісін жасай бастады.Сол кезден бастап, ол алхимияны зерделей бастады.Жаңадан қосылыстар жасап, солардың нәтижелерін салыстырды.Бірақ оптиканы дамытуды тоқтатпады.Ол телескоп жасамақ болды.Алғашқы телескоп жобаларын Джеймс Грегори жасаған еді.Бірақ оның ойы тұйықталмаған еді.Ал Исаак болса телескоп-рефлектор жасағысы келді.Алғашқы жобасы іске аспады,бірақ келесісі жақсы болып шықты.Оның жасаған телескопы 40 есе үлкейте алатын еді.Осы жаңалық тез арада тарап үлгерді.Кейін Исаакті король шақыртып алды.Ал содан соң оны “Лондонның корольдік ұйымы”-на алды.1671-1672 жылдар аралығында жаңа телескоптың демонстрациясы болды.Исаактың осы жаңалығы арқылы Уран планетасы және де басқа аспан денелері ашылды.Аспан денелері арқылы теңізде адаспай қозғалуға болады.1672 жылы Исаактың дәрежесі өсе бастады,бірақ оның тәжірибиелеріне қарсы Гук шықты.Исаак өзіне тағылған айыбының жауабын жарты жылдан соң тапты.Бірақ тым кеш болды.Гук қатарына ғалымдардың көбі қосылды.Содан Исаак одақтан шығып,университетке қайтты.Сол жылы екі қуанышты жайып болды.Біріншісі-Исаактың ескі досы және бас ұстазы Исаак Барроу оралды.Ал екіншісі-сол кездегі атақты ғалымдардың бірі Лейбниц Исаактың жұмысына назарын аударды.1679 жылы қайғылы жайыптар орын ала бастады.Бұрынғы одақтың секретары қайтыс болды.Дәл сол жылы Исаактың анасын қатты дерт алды.Ол көп ауырып,ақырында дүние салды.Осыдан кейін Исаак математика мен физикаға көңіл бөле бастады.Үш томнан тұратын”Физиканың математикалық бастамасы” атты еңбегін Лондонның корольдік одағына берді.Олар 4 жылдық тираж шығарып,Исаактың еңбектері тез арада сатылып үлгерді.Басқа ғалымдардың кітаптарына қарағанда,Исаактың кітабы ерекше қасиетке тән.Ол тілге жеңіл және де қиын теоремалары жоқ,шағын түрде жазылған.

1687-1703 жж.

Бұл жылдар Исаактың өрлеу жылдары болды.Басты жаңалық оны депутат ретінде парламентке қосты.Парламент құрамында жарты жыл болып,содан соң қайта Кембриджке оралды.Онда 18 жасар жас өспірімді кездестірді.Ол алхимияны ермек етеді екен.Исаак ол баланың мінезіне қатты әсерін тигізді.1696 жылы  дәл сол бала Англияның қаржы министрі болып сайланды.Оның есімі-Монтегию.Монтегию сол дәрежені алған соң Исаакті “Монеталық ауланың” иесі қылды.1703 жылы “Лондонның корольдік ұйымының” басшысы қайтыс болды.Оның орнына Исаак Ньютон келді.Ол ұйымды 20 жыл бойы басқарды.Басқа басшыларға қарағанда,Ньютон барлық жиналысқа қатысты.

Ньютон  және Флемстид

Джон Флемстид-атақты астроном.Ол Исаакпен Кембриджде кездескен болатын.Екеуі тез арада достасып кетті.Сол жылдары Исаак астрономияны терең зерттеп жатқан еді.Әсіресе Айдың және оның айналасындағы метеорларға көп көңіл бөлген еді.Екеуі бірлесіп жұмыс жасай бастады.Исаак өзінің деректері мен дәптеріне жазған ойларын Флемстидке жіберіп отырды.Арада бірнеше ай өткен соң Исаак Флемстидтен күдіктене бастады.Оның басты себебі Исаактың жеберген деректерінде қателіктер көбінен шыға бастады.Сол себепті олардың арасында түсініспеушілік пайда болды.Исаак Флемстидтен жаңа деректерді талап етті.Егер де ол деректерді беретін болса,Исаак оның басылымына көмектесер еді.Бірақ Флемстид жағынан да күмәндіктер пайда болды.Сол себепті ол деректерді жасауға асықпады.Бірақ ештеңеге қарамастан басылым шықты.Екеуінің арасындағы сенімсіздік жалғаса берді.Ал басылым саны азайды.Флемстидтің басылымға деген қаржысы қалта көтермеді.Сол себепті ол “Лондонның корольдік ұйымынан” қарызға ақша алды.Керек уақытында қарызды өтемеген үшін оны одақтан шығарып жібереді.Қатты қиындықтарға шыдай алмаған Флемстид Ньютонның ойна келіседі.Ақырында Исаак қойған мақсатыа жетеді.Дәл сол жылы оның еңбегі басылым беттеріне шығады.Флемстидтің деректерін қолдана отырып,ол өзінің “Бастаулар” атты кітабын жаңа ойлармен толықтырды.Бірақ алдынғы деректерді түгелімен өзгертті.Ол жерден ”Флемстид” деген сөздің бәрін жойды.Ал Флемстид болса, бұрынғы еңбектерінің бәрін отқа лақтырды.Келешекте ешкім оның еңбектерін ұрламау үшін солай істеген болатын.Осы еңбектен соң,Исаак физика саласына көшті.Бірден әлем бұрын соңды көрмеген жаңалықтар ашты.Физика саласын жаңа дәрежеге шығарды.Классикалық физика негіздері жайлы ойлай бастады.Ерте заманғы физиктер мен математиктердің еңбектерін,оқып оларды бір ортақ жүйеге біріктірді.Механиканың алғышарттарына жол бастады.Оның алғашқы ойлары басқа ғалымдардың ойларына толықтай қайшы келді.Ерте кезде Галилей қозғалысты зерттеген еді.Оның зерттеулерін толықтырай отыра, Ньютон өзінің бірінші  заңын ашты.Бұрынғы кезде ғалымдар жер мен басқа аспан денелері жеке қозғалатынына сенген.Ньютон болса барлық аспан денелері бір күшке байланысты екенін дәлелдеді.Ол алғаш рет “масса” ұғымын ғылымға енгізді.Сол ашулары арқылы барша әлемге танымал болыды.

Соңғы жылдары

1704 жылы Исаактың “Оптика” атты еңбегі жарық көрді.Бұл кітап оның соңғы нақты пәндер бойынша еңбегі еді.Ол арқылы Еуропа ғалымдары кейіннен көп жаңалықтар ашты.Сол жылдары Исаак әлі де “Монеталық ауланың” басшысы болды.Жұмасына бір рет жиналысқа барып отырды.Әр ай сайын оған табыс келіп отырды.Бірақ бірде Исаак “Оңтүстік теңіз” компаниясымен келісімге келіп, ақырында дағдарысқа ұшырады.”Лондонның корольдік ұйымына” қарыз болып қалды.Оны өтеу үшін өз қалтасынан ақша шығарды.1725 жылы ол өзінің қырық жыл бойы жазып келген еңбегін аяқтады.Содан соң Лондон маңындағы Кенсингтон атты елді мекенге көшіп кетті.Сол жерде 1725 жылы 31 наурызда немесе басқа деректерге сүйенсек 20 наурызда дүние салды.Өзінің дүниесін жақын келген туыстарына бөліп берді.

Информация о работе Исаак Ньютон