Дайын өнімнің есебі

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Июня 2013 в 10:51, реферат

Описание работы

Дайын өнім — өндірістік үрдістің соңғы нәтижесі. Ұйым сатып алушылар мен тапсырыс берушілермен жасалған келісім шарттардағы өнімнің сапасы, көлемі, түрлері жайлы шарттарға байланысты өнім дайындап, шығаруды ұйымдастырады. Ол өнімнің стандартқа сәйкес және техникалық шарттарға сәйкестігі техникалық бақылау қызметінен өткендігі паспорт, сертивикаты және тағы басқа құжаттарымен куәләндірылған қоймаға қабылдап алғаны және басқа жәйлары міндетті түрде АКТ пен рәсімделедіДайын өнімді есептеу үшін 1320 «Дайын өнім» деп аталатын активті инвентарлы шот пайдаланылады. Дайын өнім Кәсіпорынның айналым қаражат құрамына кіреді. Және қаржылық есеп беруде нақты өзіндік құны бойынша кіреді. Дайын өнімнің нақты өзіндік құны есептік кезең аяқталғанан кейін ғана анықталады.

Работа содержит 1 файл

Сурак - жауап Каржылык есеп.docx

— 28.11 Кб (Скачать)

1.   Дайын өнімнің есебі

Дайын өнім — өндірістік үрдістің соңғы нәтижесі. Ұйым  сатып алушылар мен тапсырыс берушілермен жасалған келісім шарттардағы өнімнің сапасы, көлемі, түрлері жайлы шарттарға байланысты өнім дайындап, шығаруды ұйымдастырады. Ол өнімнің  стандартқа сәйкес және техникалық шарттарға сәйкестігі техникалық бақылау қызметінен өткендігі паспорт, сертивикаты және тағы басқа құжаттарымен  куәләндірылған  қоймаға қабылдап алғаны  және басқа жәйлары міндетті түрде АКТ пен рәсімделедіДайын өнімді есептеу үшін 1320 «Дайын өнім» деп аталатын активті инвентарлы шот пайдаланылады. Дайын өнім Кәсіпорынның  айналым қаражат құрамына кіреді. Және қаржылық есеп беруде нақты өзіндік құны бойынша кіреді.  Дайын өнімнің нақты өзіндік құны есептік кезең аяқталғанан кейін ғана анықталады. Есепті кезең соңында ауытқудың пайызынан сомасын есептеу  жолымен  шығарылып оның есептік баңасын нақты өзіндік құнына дейін жеткізеді. Дайын өнім өндіруді ұйым бухгалтериясы тұрақты түрде бақылап отыруға тиіс. Дайын өнім шығару туралы құжаттар бухгалтерияға күнделікті келіп тұрады, сол жерде өнімнің түрлері, көлемі жайлы натуралды түрде есеп жүргізіледі. Ай аяқталғаннан кейін шығарылған барлық өнімнің көлемі жоспарлау, сату бағасымен және нақты өзіндік құнымен бағаланады (өндірістің аналитикалық есебі бойынша).  Есеп жүргізудің журнал-ордерлік формасына сай, шығарылған өнімнің нақты өзіндік құнының сомасы № 10 журнал-ордердің 1320 «Дайын өнім» деп аталатын счеттар тобының дебитінде  және 8110 «негізгі өндіріс» деп аталатын счеттың кредиті бойынша көрсетіледі.

 

      7. Бухгалтерлік баланс және оның құрылымы

Бухгалтерлік баланс есептік  кезеңге құрылған кәсіпорынның шаруашылық құралдарын құрамы және орналасуы бойынша  және оларды құрылу көздері бойынша  жағдайын ақшалай бейнеде көрсететін ақпараттар көзі.Баланс өзінің құрылуы  бойынша актив пен пасивтен тұратын  екі жақты кесте болып табылады. Баланстың актив бөлімі-ұзақ мерзімді активтер және ағымдағы активтерден  тұрады. Ұзақ мерзімді активтер кәсіпорынның материалды емес активтері, негізгі  құралдары, ұзақ мерзімді қаржы салығы, ұзақ мерзімді деветорлық борыштың жиынтығы. Ал ағымдағы активтердің таралуында ұйымның материалды құндылығы дайын  өнімдері аяқталмаған өндірісі, қысқы  мерзімді қаржы салығы , алдағы кезең  шығындары жатады. Бухгалтерлік баланстың  пасив бөлімі 3тараудан тұрады.

  1. Меншікті капитал, онда кәсіпорынның жарғылық қоры, резервтік қоры,бөлінбеген пайызы, жабылмаған зияны көрсетіледі.
  2. Ұзақ мерзімді міндеттемелер, кәсіпорынның ұзақ уақытқа алған несиелері мен қаржы жиынтығы.
  3. Қысқа мерзімді міндеттемелер, ұйымның алдағы кезеңдегі табыстары , бюжетке қарызы,бюджеттен басқа мекемелерге қарызы,зинетақы қорына қарызы және т.б. кридеторлық қарыздары көрсетіледі.

 

 

              9. Негізгі құралдардың есебі

Негізгі құралдарға ұйымның қозғалмайтын мүлік, жер учаскелері, үйлер мен ғимараттар, өткізгіш тетіктер,  машиналар мен жабдықтар, өлшеуіш және реттеуіш аспаптары, есептеуіш машиналар мен техникалары және олардың бағдарламалық құралдары, көлік тасымалдау құралдары, аспаптар, өндірістік және шаруашылық құрал-саймандары, өнім және жұмыс малдары, көп жылдық көшеттер, шаруашылықтың ішкі жолы тағы да басқаларын жатқызамыз.

Көлемінің үлкен-кішілігіне, бағасының азды-көптілігіне (арзанды-қымбаттылығына) қарамастан пайдалану мерзімі бір жылдан аспайтын өндіріс құралдары негізгі құралдардың қатарына жатпайды. Сонымен қатар негізгі құралдардың құрамына ұйымның қоймаларындағы дайын бұйымдар (тауарлар) болып саналатын жабдықтар мен машиналар, күрделі құрылыс құрамында есептелетін монтаждауды (құрастыруды, орнатуды) қажет ететін жабдықтар, жасалып, салынып біткен бірақ әлі пайдаланылуға берілмей тұрған машиналар мен жабдықтар сондай-ақ құрылыс-монтаж жұмысының өзіндік құнының құрамында қаралған қосымша шығындардың есебінен салынған титулдық тізімге кірмеген ғимараттар мен тетіктер , сонымен бірге жас малдар, яғни мал төлдері де жатпайды.  Негізгі құралдар бухгалтерлік есептің объектісі ретінде қаралатын ең негізгі көрсеткіштердің біріне жатқызылады. Сондықтан да бухгалтерлік есептегі оның мәні мен ерекшелігі өте зор.

 

10.Негізгі құралдардың тозуы және амортизациялық аударымдар

Тозудың екі түрі болады: табиғи және сапалық (моральдық) (заман  талабына сай келмеуі).Негізгі қорлардың  табиғи тозуы олардың өндіріс  процесіне қатысу нәтижесінен және негізгі құралдардың пайдалануға  тікелей қатыспай-ақ, түрлі сыртқы факторлардың әсерінен:  ылғалдан, атмосфералық құбылыстар нәтижесінен, металдардың  тот басуынан, ескіруінен (тозудың  табиғи нысаны) пайда болады.Негізгі  құралдардың сапалық (моральдық) тозуы  техникалық процеске, өндіріс әдістерін  жетілдіруге және жаңартуға байланысты болып келеді. Техника мен технологияны жетілдіру жұмыс істеп тұрған негізгі   құралдардың ұқсас  өнімдерінің арзандауына ықпал  етеді. Моральдық тозудың әсері  нәтижесінде табиға тозу мерзімі  келгенге дейін негізгі құрал-жабдықтар  объектілері жаңасына, әрі неғұрлым пайдалы (үнемді) түріне ауыстырылады. Моральдық тозуды болдырмау мақсатында негізгі құрал-жабдықтар объектілерін қайта құрып, жаңарту жұмыстарын жүргізеді. Амортизация (латынның «өтеу» деген сөзінен) – тозудың құндық көрінісін білдіреді.№16 «Негізгі құралдардың  есебі» бухгалтерлік есеп стандартына (ХҚЕС) сәйкес, амортизация – активтің қызмет еткен  мерзімі бойына амортизацияланған  құнды тарату процесі.

Баланстық құн – кез  келген жинақталған амортизация  және құнсызданудан жинақталған  залал шегерілгеннен кейін актив  танылатын сомаАмортизацияланатын құн – жойылу құны шегерілген, активтің бастапқы құны немесе бастапқы құнының  орнына көрсетілген басқа сома. Амортизация  – активтің амортизацияланатын құнын  оның пайдалы қызмет мерзімінің ішінде жүйелі түрде бөлу. Амортизацияланған  құн бастапқы құны мен жою құнының  арасындағы айырма. Амортизациялық аударым  әрбір есептік кезеңнің шығысы ретінде  танылады.

Жаңадан пайдалануға берілген негізгі құралдар бойынша  амортизация  есептеу келіп түскен айдан кейінгі  айдың бірінші күнінен басталады, ал шығып кеткен негізгі құралдар бойынша  -  шыққан айдан кейінгі  айдың бірінші күнінен бастап тоқтатылады.Толығымен амортизацияланған  негізгі құралдар бойынша  амортизацияны  есептеу қорлардың құны өнімнің (жұмыстың, қызметтің) құнына толықтай ауысқан айдан кейін туатын айдың  бірінші күні тоқтатылады.

Тоқтап тұрған негізгі  құралдар бойынша техникалық тұрғыдан қайта жарақтандыру барысында, консервацияға  ауыстырылған кезінде амортизация  есептелінбейді.

                     

 

  11.Негізгі құралдарды түгендеу

        Түгендеу  басталмас бұрын техникалық құжаттардың  бар-жоғын тексеру керек, құжаттар  жоқ болса, оларды алу немесе  рәсімдеу қажет. Субъект құрған  коммисия міндетті түрде объектіге  байқап қарайды және «Негізгі  құралдарды түгендеу тізімдемесіне»  олардың толық атауын, белгіленген  міндетін, мүліктік нөмерін және  негізгі техникалық және пайдалынылатын  көрсеткіштерін жазады. Есепке алынған  объектілер табылғанда, сондай-ақ  бухгалтерлік есеп регистрін  оларды сипаттайтын мәліметтер  жоқ болса, дұрыс көрсетілмесе, коммисия  түгендеу тізімдемесіне  және   мүліктік карточкаларына  жетіспейтін, сонымен қатар сол  объектілер бойынша дұрыс мәліметтермен  техникалық көрсеткіштерді енгізуге  тиісті.   Түгендеу басталмас бұрын техникалық құжаттардың бар-жоғын тексеру керек, құжаттар жоқ болса, оларды алу немесе рәсімдеу қажет. Субъект құрған коммисия міндетті түрде объектіге байқап қарайды және «Негізгі құралдарды түгендеу тізімдемесіне» олардың толық атауын, белгіленген міндетін, мүліктік нөмерін және негізгі техникалық және пайдалынылатын көрсеткіштерін жазады. Есепке алынған объектілер табылғанда, сондай-ақ бухгалтерлік есеп регистрін оларды сипаттайтын мәліметтер жоқ болса, дұрыс көрсетілмесе, коммисия  түгендеу тізімдемесіне және   мүліктік карточкаларына жетіспейтін, сонымен қатар сол объектілер бойынша дұрыс мәліметтермен техникалық көрсеткіштерді енгізуге тиісті. істен шыққанша түгенделеді. Пайдалануға жарамсыз  және қалпына келтірілмейтін негізгі құралдар түгендеу тізіміне кіргізілмейді.Меншікті құралдарды түгендеумен бір уақытта жалға алынған және жауапты сақталуда тұрған негізгі құралдар да тексеріледі. Бұл объектілер бойынша жекелей түгендеу тізімдемелері жасалады, оларда бұл объектілерді жалға алу немесе жауапты сақталуға қабылданғандығын растайтын құжаттарға сілтемеберіледі. Оларда белгіленген мәліметтерден басқа кәсіпорынның атауы, жал немесе сақтау мерзімі көрсетіледі. Түгендеу тізімдемесінің бір данасы осы кәсіпорында болады   Түгендеу нәтижелерін айқындау үшін бухгалтерияда есеп мәліметтерінен ауытқу табылған объектілерді де қоса жазған «Негізгі құралдарды түгендеу нәтижелерін с алыстыру тізімдемесі» жасалады.

 

12.Негізгі құралдардың жөндеу есебі

Кәсіпорындар өздерінің  негізгі құралдарын пайдалану мерзімі  уақытынан бұрын жоғарыда айтылғандай  тозып, істен шығып қалмау үшін белгілі  бір уақыт аралығында жөндеп отырады. Негізгі құралдарға жүргізілетін жөндеу жұмыстары өзінің ұйымдастырылуына қарай жай немесе оны ағымдағы деп те атайды, және күрделі деп  те аталатын екі түрге бөлінеді. Жай жөндеу дегеніміз - негізгі құралдардың тозып, істен шыққан бөлшегін жұмыс үдерісі барысында ауыстыру немесе оны қалпына келтіру болып табылады. Бұл жөндеуге майлау, сырлау тағы да басқа жөндеу жұмыстары жатады.Ал негізгі құралдарға жүргізілетін күрделі жөндеу дегеніміз алдын ала жоспарланып, сапалық және табиғи тозған негізгі құралдардың бөлшектерін толығымен ауыстырып, оларды түгелдей жаңартуды айтады. Бұндай жөндеуге жұмсалынған шығындар тек объектінің жағдайын, қызмет атқару мерзімін өндірістік қуатын, тағы да басқа көрсеткіштерін арттырғанда ғана оның яғни негізгі құралдың бастапқы құнын өсіреді. Яғни, күрделі жөнеу үшін шығарылған шығындар сомасы негізгі құралдардың бастапқы құнына қосылып активтің болашақта табыс әкелуіне көзделеді. Ал ағымдағы жөндеуге жұмсаалған шығындар мен негізгі құралдардың бастапқы құнына қосылмайтын күрделі жөндеу үшін шыққан щығындар сомасы ұйымның ағымдағы шығыны болып есептеледі.

Егер негізгі құралдарды ұйым өз күшімен жөндейтін болса  бұл шаруашылық тәсілімен жүргізілген  жөндеу болып табылады.Ал кәсіпорындар өзінің негізгі құралдарын жөндеуге арнайы жабдықталған, яғни осяндай  мақсатқа арналған ұйымдарды қарастыратын болса бұл жөндеудің мердігерлік  әдісі болып есептеледі. Басқа  ұймдарға өзінің негізгі құралдарын жөндету барысында кәсіпорындар мердігерлік ұйыммен келісімшарт  жасасады. Ол шартта жөндеу үшін керекті  материалдар мен қай ұйымның  қамтамасыз ететіндігі, жөндеу жүргізі  мерзімі жөндеу жұмысының құны, есеп айырысу тәртібі және тағы да басқа  жағдайлар көрсетіледі.

Жөндеу жүргізілген негізгі  құралдарды кәсіпорындағы тағайындалған  комиссия мүшелерінің шешімімен  қаьылдап алады. Ондай негізгі құралдарды қабылдау барысында үлгілі түрі негізгі  құралдар-2-ші Жөнделген, қайта құрылған және жаңартылған объектілерді қабылдау-тапсыру  актісі толтырылады. Күрделі жөндеуде екі түрлі тәсілмен жасауы мүмкні. Біріншіден, шаруашылықтың өзінде жөндеу материалдары және білікті мамандары  жеткілікті болған жағдайда және жөндеу жұмыстарын жүргізуге толық жағдай жасалған болса жөндеу жұмыстары  шаруащылықтың өз күшімен орындалады. Мұны шаруашылықтың тәсіл деп атаймыз.

Екіншіден, білікті мамандар мен жөндеу материалдары тапшы болса  және жөндеу жұмыстарын жүргізетін орын жағдайы нашар, немесе жоқ болса, онда күрделі жөндеуді мамандандырылған мекемелер орындайды. Мұны мердігерлік  тәсіл деп атаймыз.

 

 

13.Тауарлы материалдық  құндылықтардың есебі

Тауарлы материалды құндылықтар дегеніміз – бұл тауарлы материалдық өнім өндіру барысында өзінің өзіндік құнын бірден өндірілетін өнімге беретін немесе өзіндік құнын бірден жоятын кәсіпорынның мүлкін айтамыз. 
Өндіріс прцесіне еңбек құралдарымен қатар өндірістік босалқы қорлары еңбек заттары ретінде қатысады. Еңбек құралдарынан айырмашылығы еңбек заттары өндіріс процесіне бір-ақ рет қатысады және олардың құны өндірілетін өнімнің материалдық негізін құрай отырып, өнімнің өзіндік құнын құрайды.Материалдық құндылықтарды есепке алудың алдында мынадай негізгі міндеттер тұрады: босалқыларды кіріске дер кезінде және толық есепке алу, сақтау орындарындағы жағдайын қадағалау; босалқылардың қозғалысы бойынша барлық операцияларды толық және дер кезінде құжаттау; көліктік-дайындау шығындары (кдш) мен дайындалған құндылықтардың өзіндік құнын уақытында және толық анықтау; кдш-ны өндірістің шығындарына жазудың біркелкі және дұрыс болуын бақылау; ішкі ресурстарды жұмылдыру мақсатында субъектіге қажет емес материалдық босалқыларды сату, сақталатын орындардағы құндылықтардың қалдықтары мен қозғалысы туралы дәл мәліметтерді алу. Материалдық құндылықтардың есебі Қазақстан Республикасы бухгалтерлік есебінің № 7 стандартына сәйкес жүргізіледі.

 

 

 

       21.Касса операцияларының есебі

Ақша қаражаттарын сақтау, қабылдау мен беру үшін әрбір шаруашылық жүргізуші субъектінің кассасы  болады.Кассир — материалдық жауапты  адам. Ол касса операцияларын жүргізу  тәртібімен таныс болуға тиіс. Осыдан кейін ғана оның материалдық толық  жеке дара жауапкершілігі туралы онымен шарт жасалынады. Егер еңбек ақы  мен басқа да төлемдерді беру үшін субъекті басшысының жазбаша бұйрығы  бойынша басқа адамдар тартылатын болса, онда бұлардың материалдық толық  жеке дара жауапкершілігі туралы олармен  де шарттар жасалынады.Кассадағы  операциялар есебі 1010 — «Кассадағы ақша қаражаттары» активті жинақтаушы шоттарында жүргізіледі.Кассадан акша беру кассалық шығыс ордерлерімен немесе басшы мен бас бухгалтер қол  қойған тиісінше рәсімделген төлем  тізімдемелерімен ақша беруге жазылған өтінішпен, шоттармен және басқа  да құжаттармен рәсімделеді. Егер касса  шығыс ордеріне қоса тіркелген құжаттарда субъект басшысының рұқсат берілген қолы болса, ордерге оның кол қоюы міндетті емес. Жекелеген адамға кассаның шығыс ордері бойынша ақша берген кезде кассир, ақша алушының телқұжатын немесе жеке басының куәлігін көрсетуді  талап етеді. Оның атауы мен нөмірін, оны кімнің және қашан бергенін ордерде  көрсетеді. Алушы касса ордеріне қол қояды және алған сомасын: теңгені — жазумен, тиынды — сандармен  көрсетеді. Кіріс және шығыс касса  ордерлерінен оның орнына жүретін құжаттарды бухгалтерия дәл әрі айқын  етіп сиямен  немесе түтікше қаламмен жазып береді. Жазылған касса ордерлері немесе олардың орнына жүретін құжаттар кіріс және шығыс касса құжаттарын тіркеу журналында тіркеледі, ол кіріс және шығыс касса құжаттарына жеке-жеке ашылады. Онда мыналар керсетіледі: кіріс және шығыс ордерінің толтырылған күні мен нөмірі, кассаға түскен және жұмсалған ақшалардың (жалақы, сыйлықтар, стипендиялар, іссапарға төленген және баска да шығыстар) нысаналы мақсаты көрсетіледі. Егер ақша қаражаттарының нысаналы мақсаты туралы деректерді машинограмма түрінде алатын болса, кіріс жөне шығыс касса ордерлері толтырылады Касса операцияларының есебін кассир Касса кітабында (ү. № КО-4) жүргізеді, ол нөмірленуге, тігілуге және оған сүргі салынуға тиіс; ондағы парақтар санын басшы мен бас бухгалтер қол қойып куәландырады. Касса операциялары шағын болса, онда касса есебі 3-5 күнде бір рет жасалуы мүмкін. Кассирдің есебінде корреспонденцияланған шоттарға белгі жасалады, содан соң оның деректері 1010 — «Кассадағы ақша қаражаты» шотының дебеті мен кредиті бойынша машинограммаға немесе есеп регистрлеріне көшіріледі

Информация о работе Дайын өнімнің есебі