Бөлменің жылулық микроклиматы, адамның жылуды сезінуі бойынша бағалау критерий

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2013 в 23:27, реферат

Описание работы

Өндірістік бөлмелердің микроклиматы қоршаған ортаның маңызды физикалық факторы болып келеді де, жұмысшылардың денсаулық жағдайы мен іскерлігі көбінесе оған байланысты болады. Өнеркәсіптің көптеген салаларында жұмысшылардың еңбегі микроклиматы жағымсыз келетін бөлмелерде өтеді. Осыған байланысты жұмысшылардың денсаулық жағдайы мен іскерлігін болжаудыңбазалық негізі ретінде микроклиматты құраушы негізгі заңдылықтарын, организмнің термо бейімделуін, профилактика жолдарын гигиеналық бағалау міндеттері әрқашанда өзекті болып келеді.

Содержание

Кіріспе
Негізгі терминдер, түсініктер мен анықтамалар
Өндірістік микроклиматтың негізгі параметрлері
Адам организміндегі жылу реттелуі
Патологиялыќ күйлер
Жұмыс орындарындаѓы микроклиматты бағалау және нормалау
Өндірістік микроклиматты зерттеу және бағалау әдістері
Өндірістік микроклиматты нормалаудаѓы негізгі түсініктердің анықтамалары мен терминдері
Жұмысшыларға микроклиматтың әсерін бағалау және зерттеу әдістері
Профилактикалық шаралар

Работа содержит 1 файл

5апта реферат.docx

— 32.16 Кб (Скачать)

Еңбек гигиенасы бойынша санитарлық дәрігер ескертпелі және ағымды санитарлық қадағалау ретінде «Өндірістік  бөлмелердің микроклиматының санитарлық нормалары» №1.02.006-94 және «Машиналық және қазандық бөлмелерінде және басқа өнеркәсіп  бөлмелерінде, кемелерде жабдықтар  мен қоршаулардың бетінің ысуынан  инфрақызыл сәулелерінің қарқындылығының  гигиеналық нормалары» №1.02.027-94 нормативтік  құжаттарына сәйкес микроклимат  параметрлеріне бағалау жүргізеді. Бұл құжаттарда орындайтын жұмыстың ауырлығын және жыл мерзімдерін  және олардың өлшеу мен бағалау  әдістерін ескеріп, бөлмелердің  микроклиматтың оңтайлы және рұқсатталатын  параметрлері берілген.

 

ӨНДІРІСТІК МИКРОКЛИМАТТЫ  НОРМАЛАУ ТЕРМИНДЕРІ МЕН НЕГІЗГІ  ТҮСІНІКТЕРІНІҢ АНЫҚТАМАЛАРЫ

  1. Өндірістік бөлмелерді микроклиматы – адамның организміне ауаның температурасының, ылғалдылығының, қозғалыс жылдамдығының және жылулық сәулесінің қосарласып әсер етуші осы бөлмелердің ішкі ортасыынң микроклиматтық жағдайлары.
  2. Оңтайлы микроклиматтық жағдайы – адамға ұзақ және жүйелі әсер етуінде термореттеу механизміне күш түсірмей организмнің қалыпты жағдайын сақтаушы микроклимат параметрлерінің үйлесімі.
  3. рұқсатталатын микроклиматтық жағдайы – ұзақ және жүйелі әсер етуінде адамның термореттеу механизміне оның бейімделуілік мүмкіншілігінің шегінен аспайтындай күш түсуімен жүретін, организмнің жылулық жағдайында тез етуші және тез қалпына келуші өзгерістерді тудыратын микроклимат параметрлерінің үйлесімі. Мұндай жағдайда адамның денсаулығында  өзгерістер болмайды, бірақ дискомфорттық жылу сезуі және іскерлігінің төмендеуі байқалады.
  4. Жылдың жылы кезеңі – сыртқы ауаның орташа тәуліктік температурасы +100С жоғары температурамен сипатталатын жыл кезеңі.
  5. Жылдың суық кезеңі – сыртқы ауаның орташа тәуліктік температурасы +100С тең және одан төмен температурамен сипатталатын жыл кезеңі.
  6. Жұмыстардың категориясы – организмнің жалпы энергошығынының негізінде жұмыстарды ауырлғы боынша бөлу.
  7. Жеңіл дене жұмысы – (Іа категория) – энергошығыны 120 ккал/сағ дейінгі – отырып орындайтын, денеге күш түсірмейтін жұмыстар.

7.1. Жеңіл дене жұмысы  – (1 б категория) – энергошығыны 120 дан 150 дейін ккал/сағ – отырып, тұрып атқаратын немесе жүруімен байланысты денеге аздаған күш түсумен орындалатын жұмыстар.

  1. Ауырлығы орташа дене жұмысы (ІІ а категория) – энергошығыны 150 ден 200 ккал/сағ дейінгі –жүруімен байланысты, отырып немесе тұрып ұсақ бұйымды (1 кг дейін) тасымалдаумен, денеге белгілі күш түсумен орындалатын жұмыстар.

8.1. ауырлығы орташа дене  жұмысы – (ІІ б категория) – энергошығыны 200ден 250 ккал/сағ дейінгі – тұрып орындалатын, жүрумен, салмақтарды тасумен (10 кг дейін) байланысты, денеге айтарлықтай күш түсумен атқарылатын жұмыстар.в

  1. Ауыр дене жұмысы – (ІІІ категория) – энерго шығыны 250 кка/сағ жоғары – жиі қозғалумен, жүрумен және ауыр салмақтарды тасумен (10 кг жоғары) байланысты, денеге көп күш түсумен орындалатын жұмыстар.

 

МИРКОЛИМАТТЫҚ ЖҰМЫСШЫҒА  ТИГІЗЕТІН ӘСЕРІН ЗЕРТТЕУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ  ӘДІСТЕРІ

Бұл топқа көптеген әдістері кіреді. Неғұрлым жиі қолданылатындары мыналар:

    1. Дене температурасын өлшеу
    2. Тері температурасын өлшеу
    3. Жүрек-тамыр жүйесінің жағдайына бақылау
    4. Тыныс алу жүйесінің жағдайына бақылау
    5. ОНЖ жағдайын зерттеу

 

  1. Дене температурасын өлшеу - Әдетте дененің температурасын қолтықтың астында немесе тілдің астында медициналық термометрмен немесе электротермомғетрмен өлшейді.

Дененің қалыпты температурасы 36,1-36,80С шамасында. Тіпті дене температурасының аздаған көтерілуі, организмнің термореттеу механизміне күш түсуін көрсетуші маңызды физиологиялық көрсеткіші болып келеді.

  1. Тері температурасын өлшеу – электротермометрді көмегімен жүргізіледі. Тері температурасын өлшеу, оның динамикасын бағалау үшін, қатаң белгіленген нүктелерде жүргізілу керек: маңдайда (қастың үстіндегі иіннің (доға) арасында, олардың жоғарғы қырынан 0,5 смбиік); Кеудеде (төстің жоғарғы шетінде); қолдың басында (қолдың сырт жағында абс бармақ пен сұқ бармақтың бірінші фалангаларының арасында). Комфорттық жылулық жағдайда маңдай терісінің температурасы 32-330С деңгейінде, ал қол терісінің tо – 30-310С шамасында болады.

Қолайсыз микроклиматтық жағдайларда, мысалы, жоғары температурада, тернің температурасы 35-35,50С дейін өзгеруі мүмкін, ал төмен температурада, керісінше 10 және одан көп градусқа төмендейді (дискомфорттық жылу сезу).

  1. Жылуға рефлекторлық реакциялардың жасырын уақытын анықтау орталық нерв жүйесінің функционалдық жағдайының көрсеткіштеріні бірі болып кледі. Өлшеу үшін универсалды хронорефлексометр қолданылады.

Өндіріс жағдайында жылу әсерінен реакцияның жасырын уақыты қысқарады, ал төмен  температуралардың әсерінен – ол ұзарады.

  1. Жүрек-тамыр жүйесінің – жоғары температуралардың әсерінен үлкен күш түседі, қанның құрамы да өзгереді. Мұнда қан тамырының соғу жиілігі өсіп, қанның Ақ төмендейді, бірақ кейдеол жоғарылауы мүмкін.
  2. Су тұдың және витаминдердің алмасуы - жоғары температураның әсерінен тер бөлуі ұлғаяды – дененің салмағы 3-4 кг кемиді, натрий хлоридтері және суда еруші витаминдер шығындалады.

 

ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ  ШАРАЛАРЫ

Қажетті микроклиматтық параметрлерін  жасау және ауаның тазалығын  ұстау  ең бірінші кезекте технологиялық  жабдықтарды герметизациялау мен  жылуды қшаулау арқылы жетіледі.

Жылу бөлуші жабдықтарды экрандау (футеровка, ватержакетті пештер, су бүркелері).

Вентиляция  - жұмыс бөлмелерінде ауа ортасының қажетті жағдайын қамтамасыз етуші шаралар мен қондырғылар жиынтығы.

Ауа душы қарқынды инфрақызыл сәулелерінің әсер ету жағдайында жылу беруді жақсарту үшін тағайындалған.

Ауа оазисі - қысқа уақыттық демалу үшін бөлменің шектеулі алаңында микроклиматтық жағдайларды жақсарту мақсатымен қолданылады.

Жеке сақтану  құралдары

Гидропроцедуралар

 

 

Әдебиеттер

1. С.В.Алексеев, В.Р.Усенко. Гигиена  труда, 1988 г.

2. Руководство  к  лабораторным  занятиям по гигиене труда.

Под ред. З.И.Израэльсона, Н.Ю.Тарасенко. М., 1981.

3. Санитарные правила и нормы  по гигиене труда в промышленности  в

3-х частях. Под редакцией Козловского В.А. Омск. 1995.

4. Измеров Н.Ф, Ткачев В.В, Войминский А.С, /Гигиена труда.-1990.- N1.- с.1-7.

5. Санитарно-гигиеническая аттестация  рабочих мест и ее значе-

ние в сохранении здоровья  рабочих /Разбаш  Ф.Л,  Борисенкова

Р.В, Догле Н.В. и др. //ГТ и ПЗ - 1990.-N9. - с. 46-47.

6. Измеров Н.Ф. Актуальные проблемы медицины труда и промышленной экологии. - Медицина труда и промышленная экология. -

1996. - N1. - 1-4.

7. Карнаух П.Г, Алферов В.П. Гигиенические рекомендации

по нормализации микроклимата в  глубоких железорудных шахтах: Методические рекомендации. - Кривой Рог - 1975.

8. Методические рекомендации " Оценка теплового состояния  человека с целью обоснования  гигиенических требований к

микроклимату рабочих мест и  мерам профилактики охлаждения и

перегревания.- М.- 1990.

9. Тарасова Л.А., Комлева  Л.Н., Думкин В.Н. и др. Особенности формирования периферических нейрососудистых нарушений

у проходчиков   в   условиях охлаждающего микроклимата.//Мед.тр. и промыш. экол.- 1994.- N12.- С.14


Информация о работе Бөлменің жылулық микроклиматы, адамның жылуды сезінуі бойынша бағалау критерий