Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Сентября 2013 в 07:57, реферат
Айнымалы ток түзеткіші (Выпрямитель переменного тока) — айнымалы электр тоғын тұрақты токқа түрлендіретін құрылғы. Электрондық техникада, көбіне шалаөткізгіш диодтардан тұратын айнымалы ток түзеткіші бар қуаты аз қоректену коздері пайдаланылады. Әдетте, токты түзету токты тек біржақты өткізетін вентиль арқылы іске асырылады. Қолданылатын вентильдің түрлеріне қарай: вакуумдық, газразрядты, шалаөткізгіштік және электртүйіспелік айнымалы ток түзеткіші деп бөлінеді. Жүктемедегі кернеуді реттеу және тұрақтандыру мүмкіндігіне байланысты айнымалы ток түзеткіші реттелмейтін және реттелетін болуы мүмкін.