Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Ноября 2012 в 18:59, доклад
Кіріс тізбегі – антеннаны бірінші каскадпен байланыстыратын радиоқабылдағыштың бөлігі. Кіріс тізбек антенна қабылдаған сигналдарды өзінің таңдайшылық (іріктеушілік) қасиеті арқылы пайдалы сигналды анықтайды, бөгеулер әсерін азайтады, пайдалы сигналды күшейтуге (әлсіретуге) мүмкіндік береді.
Қабылдағыштар белгіленген жиілік диапазонында жұмыс істейді. Бұл жағдайда антенна ешқандай таратушыға бағытталып орнатылмайды. Бұндай антеннаның шығыс кедергісі комплексті болады: немесе активті-сыйымдылықты, активті-индуктивті. Бұл антенна орнатылмаған деп аталады.
Профессионалды қабылдағыштарда антенна таратушының жиілігіне бағытталып орнатыладыоның шығыс кедергісі активті болады. Бұл антенна орнатылған деп аталады.
Орнатылмаған антеннамен жұмыс істегенде кіріс тізбектің негізгі көрсеткіші болып берілу коэффициенті, айналық және тікелей арнаны іріктеуі табылады.
Бұл жерде күшті сигналдарды детектрлегенде Кд=cosθ кіріс және шығыс кернеудің мәніне емес, тек детектордың параметрлерінің схемасына байланысты екенін көреміз. Әлсіз сигналдарды детектрлегенде детектрлік сипаттамасы сызықты емес және берілу коэффициенті Кд кіріс кернеудің амплитудасына тура пропорционал:
мұнда: k – пропорционалдық коэффициенті.
Детектордың кіріс кедергісі – детектордың кірісіндегі жоғарғы жиілікті кернеу амплитудасының бірінші гормоникадағы түзетілген токқа қатынасы:
мұнда: Imax1 – түзетілген токтың 1-ші гормоникасының амплитудасы.
Детектрлеу теориясы бойынша күшті сигналдар детекторының кіріс кедергісі:
мұнда: Rж – жүктеме кедергісі.
Әлсіз сигналдар детекторы үшін кіріс кедергі:
мұнда: - диод крутизнасы (сипаттаманың дифференциялдық тіктігі).
Күшті сигнал детекторының кіріс кедергісінің мәні әлсіз сигнал детекторының кіріс кедергісіне қарағанда әлдеқайда көп және резонанс қисығының кеңеюіне қатысты соңғы каскадқа аз әсер етеді.
Амплитудалық детектордағы бұрмалану детектор сипаттамасының сызықтылық деңгейіне және детектор жүктемесінің инерциясына байланысты болады (RжCж).
Күшті сигналдар детекторында детектор сипаттамасы сызықты болады және шығыс сигналдардың сызықты емес бұрмалануы модуляция коэффициентіне, детектор жүктемесінің уақыт тұрақтысының артықтығына және детектор жүктеме кедергісінің тұрақты және айнымалы ток айырмашылығына байланысты. Осы факторларды ескере отырып, сызықты емес бұрмалануды азайту үшін жүктеменің уақыт тұрақтысын RжCж мына теңдеуден алады:
мұнда: Ωm – модуляцияның айналмалы жиілігі;
т – модуляция коэффициенті.
Әлсіз сигналдарды детектрлегенде бұрмалану детектор сипаттамасының сызықты емес болуынан пайда болады. Бұл бұрмаланулар бұрмалану коэффициентімен бағаланады. Ол жоғарғы гармониканың шығыс кернеуінің, пайдалы сигналдың негізгі гармоникасының кернеуіне қатынасымен анықталады:
100% модуляцияда 25% Кб болады.
Жиіліктік детектор. Жиіліктік детектор жиілікті модуляцияланған сигналды қабылдағыштарда қолданылады. Жиіліктік детектор деп тербелістің жиілігінің өзгеру заңын қайталайтын ток пен кернеуді алуға арналған құрылғыны айтамыз. Жиіліктік детекторлар сигнал амплитудасы өзгермеген жағдайда ғана хабарды қабылдай алады.
Импульстік сигналдар детекторы. Импульстік сигналдарды детектрлеудің екі түрі бар:
Берілу коэффициенті:
Детектордың екі түрі де амплитудалық модуляцияланған диодтық детектор принципі бойынша жұмыс істейді.
Біржолақты сигналдар детекторы. Біржолақты детектор тербеліс болмаған жағдайда біржолақты сигналдарды қабылдайтын қабылдағыштарда жұмыс істейді. Бұл детектордың мақсаты қабылданған сигнал мәні мен тасушы мәні жиіліктерінің арасындағы айырмашылықты алу. Біржолақты детектор синхронды детектор принципі бойынша жұмыс істейді, яғни оның кірісіне жиіліктері әр түрлі екі кернеу беріледі: қабылданған сигнал жиілігі және қалпына келтірілген тасымалдаушы жиілігі. Нәтижесінде сызықтық емес элементтің шығысында берілетін хабардың өзгеріс заңын қайталайтын жиілік айырмашылығы алынады.