4-модуль. IP-телефония, əәлеуметтік желілер

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Апреля 2013 в 09:44, реферат

Описание работы

Қазіргі уақытта кез келген адамнан «əәлеуметтік желі» сөз тіркесін
естуге болады. «ƏӘлеуметтік желі» терминін Манчестер мектебінің
əәлеуметтанушысы Джеймс Барнс енгізді. XX ғасырдың екінші жартысында
бұл терминді Батыста əәлеуметтік байланыстар мен адамдар арасындағы
қарым-қатынастарды зерттеулерде белсенді түрде пайдалана бастады, ал
термин ағылшын тілінде көпшілік қолданысқа ие болды.

Работа содержит 1 файл

айдана.pdf

— 4.28 Мб (Скачать)
Page 1
4-модуль. IP-телефония, əәлеуметтік желілер
ƏӘлеуметтік желілермен жұмыс жасау Чаттар, форумдар, ICQ. IP-
телефония, интернет арқылы видеобайланыс орнату бағдарламасы - Skype.
ƏӘлеуметтік желілердің даму тарихы жəәне оларды жіктеу
Қазіргі уақытта кез келген адамнан «əәлеуметтік желі» сөз тіркесін
естуге болады. «ƏӘлеуметтік желі» терминін Манчестер мектебінің
əәлеуметтанушысы Джеймс Барнс енгізді. XX ғасырдың екінші жартысында
бұл терминді Батыста əәлеуметтік байланыстар мен адамдар арасындағы
қарым-қатынастарды зерттеулерде белсенді түрде пайдалана бастады, ал
термин ағылшын тілінде көпшілік қолданысқа ие болды.
Бұл термин қазір Интернер желісі қолданушылары арасында кең
қолданылады. Интернеттегі əәлеуметтік желіге сипаттама берейік: бұл -
қолданушыларының арасында, сонымен қатар қолданушылар мен жаһандық
желінің сайттарында орналасқан оларды қызықтыратын ақпараттық
ресурстар арасында байланыс орнататын сервистермен қамтамасыз ету
құралы болып саналатын виртуалды желі. Ал қысқаша айтатын болсақ, бұлар
– сізге өзіңіз туралы ақпарат (мектебіңізді, жоғарғы оқу орныңызды, туған
күніңізді жəәне т.б.) орналастыруға, ал өзге қолданушыларға сол ақпарат
бойынша сізді табуға мүмкіндік беретін веб-сайттар. ƏӘлеуметтік желілер
Интернетте
мүдделері
немесе
қызметтері
ұқсас
адамдардың
қауымдастықтарын құруға бағытталған. Байланыс ішкі пошталық сервис
немесе лездік хат алмасу арқылы жүзеге асырылады.
Интернет (Веб 2.0-ден бастап) технологиясының дамуы нəәтижесінде
əәлеуметтік желілер порталдар мен веб-сервистер айтарлықтай негізге ие
болды. Сондай сайттардың бірінде өзіңізге мүлдем таныс емес адамды табу
арқылы сізді ол адаммен байланыстыратын аралық таныстықтардың тізбегін
көруге болады.
Интернеттегі алғашқы əәлеуметтік желі Classmates.com порталы. Ол
1995 жылы құрылды. Жобаның табысты болып шыққаны сонша, кейінгі
бірнеше жылда ондаған ұқсас сервистердің туындауына себепші болды.
Бірақ əәлеуметтік желілер дүрлікпесінің ресми басы деп LinkedIn, MySpace
жəәне Facebook іске қосылған 2003 – 2004 жылдарды атауға болады.
LinkedIn іскерлік қатынастар орнату жəәне сол қатынастарды сақтау
мақсатында құрылған болса, MySpace пен Facebook иелері, ең алдымен,
адамдардың өзін көрсетудегі мұқтаждықтарын қанағаттандыруға жұмыс
жасады. Өйткені Маслоу пирамидасы бойынша адамның ең жоғарғы

Page 2

мұқтаждығы – өзін көрсету болып табылады. ƏӘлеуметтік желілер əәркім
өзінің виртуалды «Менін» құру үшін техникалық жəәне əәлеуметтік негіз таба
алатын Интернет-баспанаға айналды. Оған қоса əәрбір адам қатынасу жəәне өз
туындысын жасау мүмкіндігінен өзге өз шығармашылығының жемісін
қандай да бір əәлеуметтік желінің көпмиллионды аудиториясымен бөлісу
мүмкіндігіне ие болды.
Сонымен қатар əәлеуметтік желілер мүдделес адамдарды іздеу үшін
ғана емес, бұл мүдделердің объектілерін іздеуге арналып та құрылады,
мысалы веб-сайттар, музыка, суреттер жəәне тағы да басқаларын іздеу үшін.
ƏӘдетте желі сайтында басқа қолданушыларға сіздің аккаунтыңызды
табуға мүмкіндік беретін ақпаратты (туған күн, ЖОО, сүйікті ісі жəәне т.б.)
көрсетуге болады. Желілер ашық жəәне жабық болып жіктеледі. ƏӘлеуметтік
желілердің əәдеттегі ерекшеліктерінің бірі — «достар» жəәне «топтар» жүйесі.
Жоғарыда аталған əәлеуметтік желілерден басқа дамыған Интернеттік
технологиялар негізінде құрылған келесідей ресурстар бар:
ƏӘлеуметтік белгілер (social bookmarking). Кейбір
веб-сайттар
қолданушыларына басқалардың қолданысына белгілердің немесе танымал
веб-сайттардың тізімін беруге мүмкіндік береді. Мысалы: Delicious.
ƏӘлеуметтік каталогтар (social cataloging). ƏӘлеуметтік белгілерге ұқсас,
бірақ қолданушыларға ғылыми мақалалардан алынған дəәйексөздер
дерекқорымен жұмыс жасауға мүмкіндік беру мақсатында, академиялық
салада қолданылады. Мысалы: Academic Search Premier, LexisNexis Academic
University, CiteULike, Connotea.
ƏӘлеуметтік кітапханалар. Қолданушыларға өздерінің өзгелерге
қолжетімді коллекцияларына, кітаптарына, аудиожазбаларына жəәне т.б.
сілтеме қалдыру үшін пайдаланылады. Ұсыныстар қалдыру, рейтингтер
меншіктеу жəәне тағы басқаларды қолдау жүйесі қарастырылған. Мысалдары:
discogs.com, IMDb.com.
Көпқолданушылық желілік ойындар. (Massively Multiplayer Online
Games) ұпайлар санау, деңгейлер анықтау, жарыстар өткізу, жеңімпаздар мен
жеңілгендерді анықтайтын түрлі жүйелері бар виртуалды əәлемнің баламасы
болып табылады. Мысалы: World of Warcraft.
Геоəәлеуметтік желілер. Қолданушының физикалық орналасқан жері
бойынша əәлеуметтік байланыстар орнатуға мүмкіндік береді. Бұл үшін
қолданушының қазіргі орналасуын көрсетуге, сонымен қатар ол баратын
орындардың профайлын құру мүмкіндігін беретін GPS сияқты геолокация
аспаптары қолданылады.
Кəәсіптік əәлеуметтік желілер. Кəәсіпкерлік тақырыптарға əәңгімелесуге,
ақпарат жəәне тəәжірибе алмасуға, жұмыс іздеу жəәне ұсыну, іскерлік

Page 3

қатынастар орнату мақсаттарында қолданылады. Мысалдары: LinkedIn,
Профессионалы.ру.
Жас шамасына байланысты жəәне Гендерлік əәлеуметтік желілер
қолданушылардың бір жас шамасына немесе гендерлік ерекшеліктеріне
байланысты қатынасуы үшін құрылады. Мысалы, балаларға, жас
өспірімдерге, қыздарға арналған əәлеуметтік желілер.
Сервистік əәлеуметтік желілер онлайн тəәртібінде қолданушыларға ортақ
қызығушылықтары, əәустіктері маңында немесе басқа түрлі себептер
бойынша жиналуға мүмкіндік береді. Мысалы кейбір сайттар көпшілікке
қолжетімді түрде, серіктес іздеуге қажетті, жеке ақпарат қоюға мүмкіндік
беретін сервистер ұсынады. Мысалдары: LinkedIn, В Контакте.
Коммерциялық əәлеуметтік желілер бизнес-транзакцияларды жүргізу
жəәне адамдардың брендтерге сенімін қалыстастыруға бағытталған. Бұл
əәрекеттер олардың өнім туралы, өнімді жақсарту туралы пікірлерін есепке
алу арқылы оларды өнімді дамыту үрдісіне қатыстыру негізінде жүргізіледі.
ƏӘйгілі əәлеуметтік желілердің сипаттамалары
Соңғы кезде əәлеуметтік желілілер қарқынды түрде дамуда, порталдар
саны өсіп келеді. Ең танымал сервистерді қарастырайық.
ƏӘлемдік, жалпыға ортақ əәлеуметтік желілер
Facebook
(ƏӘлеуметтік
желілердің
көшбасшылары
бөлімінде
қарастыратын боламыз).
44-сурет
MySpace – əәлемдегі ең танымал əәлеуметтік желілердің бірі. Аса
шапшаң жылдамдықпен АҚШ-ты жаулап алған. Кезінде əәлеуметтік
желілердің даму бағытын анықтайтын ең мықты əәлеуметтік желі болған. Бұл
сайтта қолданушылардың қызығушылықтары бойынша қауымдастықтар
құруға, жеке профильдер ашуға, блогтар жүргізуге, сурет жəәне видеоконтент

Page 4

оқуға, танымал орындаушылардың аудиотректерін тыңдауға болады. Штаб-
пəәтері Беверли-Хиллзда орналасқан (Калифорния, США).
45-сурет
Hi5 – Калифорниядағы Сан-Францискода негізі қаланған əәлеуметтік
желі. 2008 жылы hi5 ай сайынғы кірушілерінің саны бойынша əәлемдегі
үшінші танымал əәлеуметтік желі деп танылды.
Тақырыптық əәлеуметтік желілер
MommyBuzz – аналар интернет арқылы басқа аналармен ой-пікірлерін,
идеяларын, бөлісе алу үшін құрылған сайт. Аналарға аналған сайт.
Flickr – əәлемдегі ең танымал фотосервистердің бірі. Миллиондаған
адамдар ол жерде өз суреттерін
сақтап, оларды тегтермен белгілеп,
фотоальбомдар құрып, талқылау үшін топтарға бірігеді. Фотосүйер қауымға
арналады.
46-сурет

Page 5

MuslimSpace – аты айтып тұрғандай MySpace-тің мұсылмандарға
арналған баламасы. 2011 жылғы дерек бойынша он жеті мыңнан астам
қолданушылары бар жəәне оның мақсаты MySpace-ке қарағанда таза жəәне
қорғалған сайт болу. Мұсылмандар қауымына арналады.
Imbee – Жасөспірімдерге арналған сайттар өте көп, ал балалар ше?
Imbee-дің мақсаты – балаларға арналған қауіпсіз жəәне сенімді əәлеуметтік
желімен қамтамасыз ету. Балаларға арналған.
Fuzzster – бұл сіздің мысықтарыңызға, иттеріңізге жəәне басқа да сүйікті
жануарларыңызға арналған сайт. Бұл жерде олардың суреттерін
орналастырып, олар туралы қызықты оқиғалар жазып, бағып-қағу əәдістері
туралы басқалармен пікір алмасуға болады. 2004 жылдың басында іске
қосылған сайт қазір өсіп, жануар сүйер қауымның ең үлкен қауымдастығына
айналды. Жануарлар мен олардың иелеріне арналады.
BookCrossing – нақты дүниеде bookcrossing (кітаптар алмасу) келесідей
жүзеге асырылады: адамдар қолданып болған кітаптарын басқалар алып
оқысын жəәне басқаларға да берсін деген мақсатпен қоғамдық орындарда
қалдырып кетеді. BookCrossing сайтының мақсаты – дəәл сондай үрдісті
виртуалды əәлемде жүзеге асыру болып табылады. Кітапқұмарларға арналады.
Boompa – автоəәуесқойларға арналған сайт, ал интернетте олар əәлбетте
көп. Желінің мақсаты – сіздің онлайн гаражыңызға айналу. Автоəәуесқойларға
мұнда өз көліктерін айтып мақтануға, оларды жетілдіру бойынша ұсыныстар
табуға, басқа автоəәуесқойлармен танысуға, видео жəәне сурет қарауға жəәне
басқа да көптеген нəәрселер жасауға болады. Автоəәуесқойларға арналады.
Spout – 250000-нан астам фильмдердің аты сақталған мəәліметтер қоры,
Spout – киношылдарға арналған əәлеуметтік желі. Бұл жерде фильмдер туралы
пікірлер мен ұсыныстар табуға, басқа киношылдармен танысуға болады.
Spout – қандай да бір фильмді прокатқа алмас бұрын кіретін орын.
Киношылдарға арналады.
MOG – Силикон жазықтығында дүниеге келген. MOG-тың мақсаты –
мүдделері бірдей меломандарды бірлестіру. Жаңа адамдармен танысудың
өте қызықты жəәне ыңғайлы əәдісі, сонымен қатар мұнда өзіңіз бұрын соңды
естіп көрмеген жаңа музыкалық бағыттар туралы біле аласыз. Меломандарға
арналады.
Gusto – саяхатшыларды олардың өмір сүру стильдерінің (қалаулары
бойынша) негізінде біріктіретін орын. Сонымен қатар бұл жерде саяхаттар
туралы ақпарат, ұсыныстар мен пікірлер таба аласыз.
Yub.com – əәлеуметтік желі мен шоппингті сабақтастырады. Yub.com
сайтының мақсаты – интернеттің көмегімен тиімді шоппинг жасауды
қамтамасыз ету. Бір қолданушының басқа қолданушыға көмектесуін

Page 6

қамтамасыз ететін ‘cash back’ жүйесі қолданылады. Тауар сатып алудың
қызықты əәдісі. Онлайн сауданы ұнататын адамдарға арналады.
LinkedIn – сауалдамалар нəәтижесі бойынша ең танымал бизнес желі,
LinkedIn мақсаты – бизнестегі əәріптестер мен серіктестерді біріктіру,
жаңаларын табуға жəәрдемдесу. 150 миллионнан астам қолданушысы бар.
Жалдамалы қызметкерлер мен кəәсіпкерлерге арналады.
47-сурет
Рунеттің Қазақстан аумағында танымал əәлеуметтік желілері
ВКонтакте. Курстастарыңыз бен достарыңызды іздеуге арналған
əәлеуметтік желі. 2006 жылы Павел Дуров құрған (тіркелу үшін электронды
поштаңыздың адресі мен ұялы телефоныңыздың номерін көрсетуді талап
етеді, бұл сайт туралы «ƏӘлеуметтік желілердің көшбасшылары» бөлімінде
толығырақ айтатын боламыз).
Одноклассники — 2006 жылы құрылған. 135 миллионнан астам
қолданушылары бар. Ескі достарды табуға жəәне олардың не істеп
жүргендігін білуге көмектеседі. Көптен хабарласпай кеткен адамдарыңызға
хаттар жіберуге жəәне олармен кездесулер ұйымдастыруға болады. Бұл желіде
тіркелу бұрын ақылы болған болса, бүгінде тегін.
Мой мир@Mail.ru —www.mail.ru порталындағы əәлеуметтік желі. Бұл
жерде іскерлік таныстықтар торы ( веб-by) өз қолданушыларына өздерінің
таныстыруларын (визиткаларын) жариялауға жəәне іскрлік байланыстар
орнатуға мүмкіндік береді.

Page 7

48-сурет
Қазақстандық əәлеуметтік желілер
PATRIOTS.kz – Қазақстан патриоттары құрған əәлеуметтік желі.
Еліміздің нағыз патриоттарына арналған.
49-сурет
uchi.kz – Қазақстандық студенттерге арналған əәлеуметтік желі. Мұнда
олар Қазақстандағы білім беруге байланысты жаңалықтарды оқи алады.

Page 8

50-сурет
nur.kz
– танысуға, ойын-сауыққа жəәне ескі достарды іздестіруге
арналған əәлеуметтік желі.
51-сурет

Page 9

ƏӘлеуметтік желілердің көшбасшылары
Бірнеше жыл бұрын ең үстем əәлеуметтік желі тəәжін иеленуге MySpace
айтарлықтай күш салған еді. Бірақ бүгіндері əәлеуметтік желілердің нақты
жəәне жалғыз көшбасшысы Facebook болып табылады.
2004 жылы бұл желінің негізін Марк Цукерберг қалады. Басында
Facebook Гарвард студенттеріне арналған əәлеуметтік желі ретінде құрылды,
бірақ көп ұзамай қанатын кеңге жая бастады.
Facebook қолданушыларының саны əәлдеқашан 500 миллионнан асып
кетті, ал трафик құруы бойынша желі Google-ға жетіп қалды (кейбір
мəәліметтер бойынша асып та кетті). 2012 жылдың 4 қарашасында Марк
Цукерберг өз жеке парағында миллионыншы қолданушының пайда болғанын
хабарлады. 2010 жылы шыққан «ƏӘлеуметтік желі» фильмі желінің
көпшілікке əәйгілі болуына қосымша əәсер етті.
52-сурет
Жүйеде профайл, достар, суреттер, видеолар, қажетті əәлеуметтік
мүмкіндіктерді жүзеге асыруға арналған белгілеулер секілді негізгі

Page 10

элементтердің барлығы бар. Жоғары санатты қолданушылар үшін көптеген
қызықты нəәрселер бар. Мысалы, Facebook-тың тағы бір ерекшелігі – ол
керемет маркетингтік жəәне жарнамалық құрал бола алады. Мысалы,
Facebook-та өз профиліңіз үшін мағыналы URL көрсетуге болады, топтар мен
парақтар құруға болады. Блогыңызға немесе микроблогыңызға қойған
жазбаларды жариялай аласыз.
Кеңес дəәуірінен кейінгі кеңістіктегі елдерде əәлеуметтік желілердің
көшбасшысы Вконтакте болып табылады. Көпшіліктің пікірі бойынша,
Вконтакте танымал желі Facebook-тың орыс тілді көшірмесі болып
табылады. Оған негіз де жоқ емес, өйткені жоба авторы Павел Дуровтың өзі
көптеген жаңа нəәрселердің Вконтакте желісінде пайда болғандығын айта
отырып, Facebook-тың кейбір үлгілерін пайдаланғандығын жасырмайды.
Танымал əәлеуметтік желінің ең жақсы жақтарын мұра еткен Вконтакте
өте үлкен «базаға» жəәне функционалға ие. Бірақ ол баяғыда-ақ өз бағыты мен
дамуын жалғастырып кеткен. Бұл
- өте ірі фотохостинг, аудио жəәне
видеоконтенттің, көптеген
веб-қосымшалардың қоймасы. Бір сөзбен
айтқанда, Вконтакте – «Интернеттегі Интернет», мұнда өзінің жеке төлеу
жүйесі де бар.
53-сурет

Page 11

Вконтактені қолдану аймағы 2009 жылы Ресей шекарасынан асып,
батыста да қол жетімді бола бастады. Сондықтан бұл желінің аудиториясы
белсенді түрде өсіп келеді, бұл өз кезегінде Вконтакте желісін əәлемдегі ірі
əәлеуметтік желілердің бірі деп атауға мүмкіндік береді.
Форумдар
Веб-форум

веб-сайт
қонақтарының
пікір
алмасуын
ұйымдастыратын қосымшалар класы.
Форум талқылауға арналған бөлімдер тізімін ұсынады. Форумның
жұмысы қолданушылардың бөлімдерде тақырыптар құрып, ары қарай осы
тақырыптар аясында талқылау жүргізуінен тұрады. ƏӘрбір тақырып, шын
мəәнінде, тақырыптық қонақ кітапшасы болып табылады.
Веб-форумның кең таралған иерархиясы: Бөлімдер → тақырыптар →
хаттар.
Форумдағы хаттар əәдетте келесі ақпараттардан тұрады: «автор —
тақырып — мазмұны — дата/уақыты». Хаттар мен оларға арналған жауаптар
«тармақ» немесе «тақырыпты» құрайды.
Бастапқы тақырыптан ауытқуға (оффтоп, кейде флуд) (англ. Off-topic)
əәдетте форум ережелері тиым салады. Ережелердің сақталуын модераторлар
мен администраторлар бақылап отырады. Олар – нақты бір бөлімде немесе
тақырыпта басқалардың хаттарын өңдеу, орын алмастыру жəәне өшіру
құқықтары бар. Сонымен қатар хаттарды жекелеген қатысушылардың,
тіркелмеген қатысушылар – қонақтардың
көруін бақылай алатын
қатысушылар.
Форумдарда өте икемді хаттарға шектеу қою саясаты қолданылады.
Мысалы, кейбір форумдарда хаттар оқу жəәне жаңа хаттар құру кез келген
кездейсоқ келушілерге яғни қонақтарға қолжетімді, ал енді біреулерінде
алдын ала тіркету керек - форумдардың аталған екі түрі де ашық форумдар
деп аталады. Аралас нұсқасы да қолданылады — мұнда нақты бір
тақырыптар барлық қонақтарға қолжетімді болса,
өзгелері тіркелген
қатысуларға ғана ашық. Сонымен қатар жабық форумдар да болады, олардың
қолжетімділігін форум администраторы əәрбір қатысушы үшін жеке
белгілейді. Тəәжірибеде сонымен қатар форумның кейбір бөлімдері
көпшілікке, басқа бөлігі қатысулардың аз қауымына ғана ашық нұсқалары да
кездеседі.

Page 12

Форум қатысушылары тіркелген кезде өздері туралы ақпарат
орналасқан парақ болып табылатын өз профильдерін құра алады. Өз
профилінде қатысушы қалауына қарай өзі туралы ақпарат қоя алады,
аватарын немесе хаттарына автоматты түрде қосылатын қолтаңбаны күйге
келтіре алады. Қолтаңба тұрақты немесе сурет қосылған мəәтін болуы мүмкін.
Форумдардың көпшілігінде тіркелген қатысушылар өзара жеке түрде
араласуға мүмкіндік беретін электрондық пошта сияқты жеке хаттар жүйесі
бар.
ƏӘрбір форумның, аумағында көп бағытты талқылау жүргізуге
мүмкіндік беретін, айтарлықтай ауқымды тақырыбы бар. Көбінесе, бірнеше
форумдарды біріктіріп те бір форум деп атайды.
Тақырыптар жиынын құру əәдісі бойынша форумдар тақырыптарының
тізімі динамикалық немесе тұрақты болып жіктеледі. Тақырыптарының тізімі
динамикалық форумдарда қатысушылар форум тақырыбы аясында жаңа
тақырып құра алады.
ƏӘдетте форумдарда өзінің хаттарының қоры бойынша іздеу жүргізе
алады.
Форум чаттан талқыланатын тақырыптарды бөлу жəәне пікір алмасудың
нақты уақыт тəәртібінде жүргізілмеуі арқылы ерекшеленеді. Жауап
берушілерге ойлануға көбірек уақыт берілетін болғандықтан, форумдар
көбінесе
маңызды
талқылауларда
қолданылады.
Форумдар
түрлі
консультациялар үшін, техникалық қолдау қызметтерінің жұмыстарында,
сонымен қатар, веб-форумдарда «Форумдық Рөлдік Ойындар» деп аталатын
рөлдік ойындар жүргізеді.
Чаттар
Чат немесе чаттер (ағылшынша chatter — мылжыңдау) — компьютер
желісі арқылы нақты уақыт тəәртібінде хат алмасу құралы, сонымен қатар
сондай хат алмасуды ұйымдастыруға мүмкіндік беретін бағдарламалық
жабдық. Форумдардан жəәне «баяу» құралдардан ажырататын өзіне тəән
ерекшелігі нақты уақыт тəәртібінде байланысу болып табылады.
Чат сөзін əәдетте топтық хат алмасу деп түсінеді, бірақ оларға XMPP,
ICQ немесе тіптен SMS сияқты лездік хат алмасу бағдарламалары арқылы
«бірге бір» жүргізілетін мəәтін алмасуды да жатқызуға болады.
Чаттың түрлері
Қатысушылардың санына қарай чаттар келесідей түрлерге бөлінеді:

Page 13

all2all — топтық (мысалы IRC, Jabber, Yahoo! Chat, AVACS Live Chat,
Mychat);
p2p — жеке (мысалы ICQ, Jabber, Skype, Yahoo! Messenger, AOL Instant
Messenger, Hamachi) — жеке хат.
Веб-чаттар
Желілік чат туралы айтқан кезде ХХ ғасырдың 90-шы жылдары кең
тараған жəәне қазір де айтарлықтай əәйгілі веб-чаттар, яғни мəәтіндік чаттар
туралы айтпай кету мүмкін емес. ƏӘдетте чат деп осы веб-чатты түсінеді, бұл
əәрине дұрыс емес. Веб-чаттар Бүкілəәлемдік тордың HTTP жəәне HTML
технологияларына негізделген. Алғашында
олар əәңгімелесу мазмұны
орналасқан, енгізілген мəәтінді серверге жіберетін формасы бар парақтар
болып табылды. Сервер мəәтіндік аймаққа жаңа хаттар қосып, ескілерін
өшіріп жəәне файлды жаңалап отырды.
Видео-чаттар
Уақыт өте келе қарапайым чаттарға қоса видео, сонымен қатар,
дыбыстық чаттар пайда болды. Видеочаттар — бұл мəәтіндік хаттар алмасуға
қоса Веб-камерадағы кескінді жөнелту.
Дыбыстық чаттар хаттар алмасу идеясының дамуы болып табылды.
Қазіргі уақытта компьютерлік ойындарда ойыннан қол үзбей команда
мүшелері арасында дауыспен сөйлесуді қамтамасыз ететін TeamSpeak жүйесі
кеңінен қолданылады. Ал Skype арқылы сөйлесу чатқа қарағанда телефонмен
сөйлесуге көбірек ұқсайды, əәйтсе де онда да мəәтіндік хат алмасу мүмкіндігі
бар.
Лездік хат алмасу жүйелері
Лезде хат алмасу бағдарламалары (ағылшынша messenger, IM) лездік
хаттар қызметтері (Instant Messaging Service, IMS) арқылы нақты уақыт
тəәртібінде Интернет арқылы хат алмасу үшін қолданылады. Мəәтіндік хаттар,
дыбыстық сигналдар, кескіндер, видео жіберуге болады жəәне бірге сурет
салу, ойын ойнау жəәне сол сияқты əәрекеттер орындауға болады.
Телечаттар
MTV, RU.TV, Bridge-TV, HIT TV телеарналарында қолданылады. Хат
ұялы телефоннан SMS жіберу арқылы жүреді. ƏӘдетте бұл танысулар туралы
жарнамалар немесе құттықтаулар. Сонымен қатар кейбір каналдарда əәңгіме
Ди-джеймен немесе жүргізушімен жүргізіледі. Бірақ көбінесе хат жіберу —
ақылы.

Page 14

ICQ
ICQ (ағылшынша I seek You — «мен сені іздеймін») — Интернет
желісінің орталықтандырылған лездік хат алмасу қызметі.
ICQ лездік хат алмасулардың орталықтандырылған қызметі болып
табылады. Қызметті тұтынушы Интернет желісіне қосылған құрылғыда іске
қосылған бағдарлама-клиентпен жұмыс жасайды. Мессенджер серверге
қосылады. Сервер арқылы басқа клиенттермен арадағы байланыс ізделініп,
анықталады, қолданушылар арасындағы қызметтік мəәлімет, хат алмасу
сервер арқылы немесе оның қатысуынсыз жүзеге асырыла береді.
Қызмет коммерциялық болып табылады, бірақ тегін қолданылады.
Қызметті ICQ Inc басқарады. Құрылған кезінде қызмет өзін шығарушы
Mirabilis компаниясына тиісті болды, ал 2010 жылдың қыркүйегінен бастап
Mail.Ru Group құрамына кіреді. ICQ Inc. қызметтің жұмыс жасауын
қамтамасыз еткеннен басқа, клиенттік бағдарламалар шығарады жəәне
қосалқы Веб-портал жүргізеді.
Кейбір компаниялар ресми сайттардағы байланыстар тізімінде UIN
нөмірлерін көрсетеді. ICQ-ді көбінесе техникалық қолдау қызметтері жедел
көмек көрсету үшін пайдаланады.
Қызметті қолдану үшін тіркелу жазбасын тіркеу керек, мұны клиент
интерфейсі
немесе
интернет-портал
арқылы
орындауға
болады.
Қолданушыларды анықтау үшін қызмет UIN (Universal Identification Number)
— əәрбір тіркелушіге арналған 5-9 саннан тұратын бірегей нөмір қолданады.
Бұл нөмір қолданушы жүйеге бірінші рет тіркелген кезде меншіктеледі, одан
кейін құпиясөзбен бірге жүйеде аутентификациядан өту үшін қолданылады.
ƏӘрбір тіркелген қолданушы үшін жүйе келесі мəәліметтерді сақтайды:

никнейм — қолданушының көрініп тұратын аты, UIN-дай емес,
оны өзгертуге болады жəәне бірегей болып табылмайды, яғни түрлі
аккаунттар бірдей никнейм қолдана алады;

құпиясөзді ұмытып қалған кезде оны қалпына келтіруге
мүмкіндік беретін жəәне есте сақталуы қиын UIN нөмірдің орнына қолдануға
болатын электрондық адрес;

қолданушы
енгізген
жария
ақпарат,
оның
құрамында
қолданушының аты-жөні, əәуестіктерінің тізімі, географиялық орны, тілдерді
білуі, мəәтіндік спаттама жəәне т.б. болуы мүмкін;

BMP, JPEG немесе GIF форматындағы бір аватар;

Байланыстар тізімі — қолданушының өзі құратын басқа UIN-
нөмірдердің тізімі, ол нөмірлер арқылы басқа қолданушылармен

Page 15

əәңгімелесуге жəәне клиенттік бағдарламада олардың белсенділік статусын
көруге болады;

Белсенділік статусы;

Қосымша ақпараттық статус.
Хаттар тарихы серверлерде сақталмайды, олар тек қана қолданушы
құрылғысындағы локалды бағдарлама-клиентте сақтала алады жəәне оған
клиент интерфейсі арқылы ғана қол жеткізуге болады.
Басқа қолданушымен əәңгіме бастау немесе оны байланыстар тізіміне
қосу үшін оның UIN нөмірін білу керек. Сонымен қатар жүйеде клиенттің
интерфейсі арқылы қолжетімді қолдануларды іздеуге арналған функция бар.
Ол арқылы іздеу сұрауында енгізілген никнейм немесе қолданушылар
енгізген басқа да ақпараттар бойынша шаттар қою арқылы қолданушылар
тізімін алуға болады.
Хат алмасу
Байланыстағы əәрбір адаммен жеке хат алмасуға болады. Егер
қолданушы өшіріп тастамаған болса, клиенттің түріне байланысты хат
алушыға өзіне хат жазылып жатқандығы туралы ақпарат беріледі.
Жіберілетін хаттың ұзындығы шектеулі.
Егер хат жіберілген кезде алушы орнында болмаса, қызмет ол хаттарды
сақтайды да адресатқа ол жүйеге кірген бойда жіберіледі. Қызмет жіберілетін
хат мəәтіні бөліктерінің қарпін өзгертуге, хаттарға смайлдар қосуға мүмкіндік
береді.
Файлдар жіберу
В ICQ-де Peer-to-peer технологиясы бойынша, яғни екі компьютерде
тікелей Интернетке қосылып тұрған кезде сервердің қатысуынсыз файлдар
жіберу жүзеге асырылған. Файлдарды алушының белсенділік статусы
«Желіде» болып тұрған кезде ғана жөнелтуге болады. Бірақ аталған əәдістің
кемшілігі — файл жіберуші алушының IP-адресін біліп алып, оған зиянды
бағдарламалар жіберу мүмкіндігі табылады. ICQ 5-тен бастап файлдарды
ICQ сервері арқылы жіберу мүмкіндігі пайда болды. Жіберудің бұл түрі ICQ
клиент P2P байланыс орнату мүмкін емес екенін анықтаған жағдайда керек.
IP-телефония
IP-телефония – Интернетті немесе басқа
IP-желіні нақты уақыт
тəәртібінде халықаралық телефондық байланыс орнату жəәне жүргізу, факс
жіберу құралы ретінде пайдалануға мүмкіндік беретін технология.

Page 16

Интернет-телефония – IP-телефонияның, телефондық трафикті
жөнелту желісінің орнына Интернет желісінің каналдарын қолданатын жеке
жағдайы.
IP-телефония қалай жұмыс жасайды?
Сөйлесу кезінде біздің дыбыстық сигналдарымыз (біз айтқан сөздер)
мəәліметтердің архивтелген пакеттеріне түрлендіріледі. Бұдан соң бұл
пакеттер Интернет арқылы екінші жаққа жөнелтіледі. Мəәліметтер пакеті
адресатқа жеткен кезде дыбыстық сигналдардың алғашқы түріне келтіріледі.
Интернет-телефония сұрауларының екі негізгі түрі бар:
1.
Компьютерден компьютерге;
2.
Компьютерден телефонға.
Интернет-телефонияның кəәдімгі телефониядан ерекшелігі неде?
Кəәдімгі телефондық қоңырау шалу кезінде екі абонент арасындағы
байланыс телефондық станция арқылы əәңгімелесу мақсатында ғана
орнатылады. Дыбыстық сигналдар — арнайы бөлінген телефондық желілер
арқылы жөнелтіледі.
Интернет арқылы сұраулар жіберген кезде, архивтелген мəәліметтер
пакеті Интернет желісіне қабылдаушы адресімен келіп түседі. Мəәліметтердің
əәрбір пакеті адресатқа жеткенге дейін түрлі бағыттар бойынша өз жолын
жүріп өтеді. Ал қабылдаушы жағында мəәліметтер пакеттері топтастыралып,
алғашқы дыбыстық сигналдар қалпына келтіріледі.
Интернет-телефония неге арзан тұрады?
Қарапайым телефондық желілер үшін бекітілген телефондық желілер
арқылы байланысқан телефон станцияларының тармақталған желілері,
талшықты-оптикалық кабельдер жүргізу жəәне байланыс жерсеріктіктері
керек. Телефондық компаниялардың үлкен шығындары қалааралық
байланыстардың қымбаттығының негізгі себебі болып табылады. Жəәне
өнімділігі жоғары желілер бір байланысқа бекітілу нəәтижесінде бос тұрып
қалуы мүмкін.
Интернет-телефония, ішінара, бекітілген телефондық желілердің
желісіне негізделеді. Бірақ ең бастысы ол біздің дыбыстық сигналдарымызды
сығымдаудың ең озық технологияларын қолданады жəәне телефондық
желілердің сыйымдылығын толығымен пайдаланады. Сондықтан түрлі
сұраулардың мəәліметтер пакеті жəәне олардың түрлі типтері бір уақытта бір
желі бойынша жылжи алады.

Page 17

Жұмыс жасау принципі
IP-телефонияның телефондық серверлері жұмысының жалпы қағидасы
мынандай: бір жағынан, сервер телефондық желімен байланысқан жəәне
əәлемдегі кез келген телефонмен байланыса алады. Екінші жағынан, сервер
Интернетпен байланысқан жəәне əәлемдегі кез келген компьютермен
байланыса алады. Сервер стандартты телефондық сигналды қабылдайды,
оны сандық түрге аударады, айтарлықтай сығады, пакеттерге бөледі жəәне
Интернет протоколын (ТСР/ІР) пайдалану арқылы қабылдаушыға жөнелтеді.
Желіден телефондық серверге келген жəәне телефондық желіге бара жатқан
пакеттер
үшін
операция
кері
тəәртіпте
орындалады.
Құрамдас
операциялардың екеуі де бір мезгілде орындалады, бұл өз кезегінде толық
дуплекациондық сөйлесуді қамтамасыз етеді. Осы негізгі операциялар
негізінде неше түрлі конфигурациялар құруға болады. Айталық, телефон-
компьютер немесе компьютер-телефон арасындағы қоңырауды бір
телефондық сервер қамтамасыз ете алады (54-сурет). Телефон (факс)-
телефон (факс) түріндегі байланысын орнату үшін екі сервер керек (55-
сурет).
54-сурет. Компьютер-телефон қосылуы
шлюз  
шлюз
 
Телефон  
қосылған  
компьютер  
Интернет  
(Интранет)  желісі  
       
IP
-­‐
шл
юз
 
Кәдімгі  телефон  желісі  
Диспетчер  

Page 18

55- сурет
телефон-факс
56-сурет. IP құралдарын қолданып, телефон арқылы қоңырау шалу
жəәне факстар жіберу жүйесі.
Қалааралық (халықаралық) байланыс телефондық серверлердің
көмегімен жүзеге асырылады. Қызмет көрсететін ұйымдардың немесе
операторлардың қоңырау шалу жəәне қабылдау жоспарланған жерлерде
серверлері болуы керек. Ондай байланыстың құны қарапайым телефон
желілері арқылы жүзеге асырылатын қоңыраулардың құнынан айтарлықтай
төмен. Бұл айырмашылық əәсіресе халықаралық қоңыраулар үшін
айтарлықтай үлкен.
IP-телефонияның сапасы
Телефондық желі үлкен жүктеме жағдайларының өзінде байланыстың
жоғары деңгейін қамтамасыз ететіндей етіп құрылған, ал IP-телефония,
керісінше, байланыс сапасына кепілдік бермейді, үлкен жүктеме жағдайында
оның сапасы айтарлықтай төмендейді.
Байланыс сапасын келесі негізгі сипаттамалар бойынша бағалауға
болады:
1.
Дауыстың бұрмалану деңгейі;
2.
Дыбыстық пакеттердің «жоғалу» жиілігі;
3.
Бөгелу уақыты (бірінші абоненттің сөзді айтқан жəәне екінші
абонент оны естіген уақыт аралығы).
Алғашқы екі сипаттама бойынша қазіргі IP-телефониялық өнімдердің
сапасы дауыстың бұрмалануы мен жоғалуына жол беретін алғашқы

Page 19

өнімдерге қарағанда айтарлықтай жақсарды. Бөгелулердің əәңгіме қарқынына
əәсер ететіндігі түсінікті. Сонымен қатар адам үшін 250 милисекундқа дейінгі
бөгелудің байқалмайтындығы да белгілі. Қазіргі IP-телефониялық өнімдер
бұл шектен асып кетеді, сондықтан əәңгіме жерсеріктік желі
арқылы
қарапайым телефонмен байланыс орнатуға ұқсас деңгейде өтеді. Ал
жерсеріктік желі жағдайындағы байланысты қолданушылар үйренісіп кеткен
соң бөгелулер байқалмайтын қанағаттандырарлық деңгейдегі байланыс деп
бағалайды. Айта кететін жайт, байланыстың мұндай түрінің өзінде IP-
телефония шешімдері көптеген қосымшаларға үйлесе береді.
Интернет телефониядағы бөгелістер келесі үш фактордың арқасында
азайтуға болады:
1.
Біріншіден, телефондық серверлер жетіліп келеді (оларды
құрушылар бөгелістермен күресу мақсатында жұмыс алгоритмдерін
жақсартуда).
2.
Екіншіден, жеке желілер дамуда (олардың иелері өткізу
жолағының кеңдігін демек бөгелу мөлшерін басқара алады).
3.
Үшіншіден, Интернет желісінің өзі дамып келеді – заманауи
Интернет нақты уақыт тəәртібінде байланыс орнатуға есептелмеген болатын.
SKYPE
Skype – Интернет-телефонияның ең ірі операторы. Бұл қолданушылар
арасында компьютерді қолданып қатынасудың өте ыңғайлы құралы болып
табылады. Скайп дыбыстық жəәне видео байланыс орнатуға мүмкіндік береді
жəәне əәлемде оның миллионға жуық тұтынушылары бар. Қарапайым жəәне
видео қоңырау шалу тегін жүзеге асырылады, ол үшін бар болғаны Скайп
жүйесінде тіркеліп, Skype бағдарламасын компьютеріңізге орнатып, өзіңізге
керек контактілерді табу жеткілікті.
Ең жоғары емес Интернетке қосылу жылдамдығы жағдайында Жер
шарының басқа түпкіріндегі абонентпен байланысудың өзінде байланыс
сапасы өте жоғары. Телефондық байланыс орнатудан басқа қарапайым
мəәтіндік хаттармен алмасып, файлдар жіберуге болады.
Бағдарлама сонымен қатар конференциялық сұхбаттар жүргізуге (25
дыбыстық абонентке дейін), видео қоңыраулар шалуға (оның ішінде
абонентке дейінгі видеоконференциялар) болады. Егер əәңгімелесушіге бір
нəәрсе түсіндіру керек болса, веб-камерадағы кескіннің орнына мониттордың
экранынадағы кескінді беруге болады.

Page 20

Skype клиентттік бағдарламалары Windows, Mac OS X, Linux, iOS,
Windows Mobile, Google Android, PSP, Symbian басқару жүйелері үшін
шығарылған.
Компьютерден компьютерге ғана емес, ұялы жəәне стационарлы
телефондарға да қоңырау шалуға болады, бірақ бұл ақылы. Бірақ қоңырау
шет елде роумингте жүрген адамға шалынатын болса, көп жағдайларда
қоңырау шалу құны айтарлықтай арзан. Түрлі елдерге қоңырау шалу құнын
Скайптың ресми сайтынан қарауға болады. Қарапайым телефондардан
Скайпқа қоңырау шалуға да болады.
Егер бағдарламаның интерфейсінде де күрделі ештеңе жоқ. Бірнеше
тілдерді қолдайды жəәне басқару элементтерінің барлығы қарапайым.
57- сурет
Технологиясы
Басқа
IP-телефония
бағдарламаларымен
салыстырғанда
Skype
мəәліметтер
жіберу
үшін
P2P-архитектурасын
қолданады.
Skype
қолданушыларының
каталогы
Skype
желісіндегі
қолданушылар
компьютерлеріне жүктелген, бұл өз кезегінде өте қымбат тұратын
орталықтандырылған серверлерді пайдаланбай-ақ желіні өте үлкен (бүгінде
100 миллионнан астам қолданушы бар, олардың 15-25 миллионнан астамы
онлайн) көлемге дейін кеңейтуге мүмкіндік береді.
Одан
өзге,
Skype
қоңырауларды
басқа
қолданушылардың
компьютерлері арқылы бағыттай алады. Skype үшін жалғыз орталық элемент
қолданушылар тізімі мен сол тізімдердің резервтік көшірмелері сақталған
идентификация сервері болып табылады. Орталық сервер байланыс орнату

Page 21

үшін ғана керек. Байланыс орнатылған соң компьютерлер бір-біріне
дыбыстық мəәліметтерді тікелей (егер олардың арасында тікелей байланыс
болса) немесе Skype-дəәнекер (супертүйін – сыртқы IP-адресі бар жəәне Skype
үшін TCP-порты ашық компьютер) арқылы жібереді. Мысалы, егер бір
жергілікті желі ішінде орналасқан екі компьютер өзара Skype-байланыс
орнатса, Интернетпен байланысты үзуге болады, бірақ əәңгіме қолданушылар
оны тоқтатқанға дейін немесе желі ішінде қандай да бір басқа үзіліс орын
алғанға дейін жалғасады.
Интернет-байланыстың жеткілікті жылдамдығы (30-60 кбит/с)
жағдайында көп жағдайларда дауыстың сапасы қарапайым телефондық
байланыс сапасына пара-пар. Тұрақты видеобайланыс орнату үшін
интернетке қосылу жылдамдығы 200 кбит/с жəәне процессордың тактілік
жылдамдығы ГГц болуы керек.
Жеке компьютерлер байланыс орнатылған жағдайда мəәліметтер арнайы
RSA алгоритмдері бойынша шифрланады.
Skype иелерінің ресми мəәліметтері бойынша Skype арқылы
тасымалданған мəәліметтің шифрын ашу немесе оның жолда ұсталуы
жағдайлары болмаған жəәне бұл жағдай бойынша арнайы қызметтердің
көпшілігі өз наразылықтырын жасырмайды.
Чат
58- сурет
Skype қолданушыларына дауыстың көмегімен ғана емес, Интернет
арқылы қатынасудың дəәстүрлі əәдісі – мəәтіндік хаттар арқылы да сөйлесуге
мүмкіндік береді. Skype-чатта топтық чаттар орнатуға, смайлдар жіберуге,
əәңгіме тарихын сақтауға болады. IM-чаттарда қолданушы профилі, күй

Page 22

индикаторы (статус) жəәне тағы басқа мүмкіндіктер қарастырылған. Сонымен
қатар, Skype, көлеміне қарамастан файлдар тасымалдауға мүмкіндік береді.
Трафик
Скайп қолданатын трафиктің мөлшері Интернет желісіне қосылу
жылдамдығы, əәңгіменің толықтығы секілді кейбір факторларға байланысты
өзгеріп отырады.
Қызметтері
SkypeOut (телефондарға қоңырау шалу) – əәлемнің көптеген елдеріндегі
стационарлық жəәне ұялы телефондарға қоңырау шалуға мүмкіндік береді.
Байланыс ақысы минут бойынша есептеледі. Тегін номерлерге (АҚШ-тағы
+1 800 нөмірі сияқты) қоңырау шалу тегін жəәне оны SkypeOut қызметі үшін
төлемеген тұтынушылар қолдана алады. SkypeOut
арқылы Skype Lite
қосымшасы орнатылған ұялы телефондарға қоңырау шалуға болады.
SkypeIn (онлайндық нөмір) – дəәстүрлі телефондық желілер
қоланушыларынан қоңырау қабылдауға мүмкіндік береді. Ол үшін қатысушы
келесі тізімдегі елдердің бірінде телефон нөмірін алады: Австралия,
Бразилия, Германия, Дания, Польша, Швеция, Швейцария, Финляндия,
Эстония, Франция, Ұлыбритания, АҚШ, Жапония жəәне Гонконг (Қытай).
Сіздің нөмеріңізге шалынған қоңыраулардың барлығы Skype-тағы адресіңізге
келеді, ал егер шотыңызда қаражатыңыз болса қоңырауды кез-келген басқа
нөмірге бағыттауға болады. Телефондық нөмірге бонус ретінде Skype
компаниясы нөмірді қолданудың барлық уақытына автожауапбергіш береді.
Skype Voicemail (дыбыстық пошта) - 2005 жылдың 10 наурызында іске
қосылған қызмет. Қолданушы желіде болмаған кезде келген хаттарды жазуға
мүмкіндік береді жəәне автожауапбергіш сияқты жұмыс жасайды.
Skype To Go нөмірі – басқа нөмірмен тиімді тариф бойынша байланысу
үшін кез келген телефоннан қоңырау шалуға болатын арнайы қатынасу
нөмері, бұл жағдайда қаражат Skype есепшотынан алынады.
SMS жіберу - Skype бағдарламасынан ұялы телефондарға SMS хаттар
жіберу мүмкіндігі.
 

Информация о работе 4-модуль. IP-телефония, əәлеуметтік желілер